Ақмола облысының Шортанды ауданының Петровка селолық округі әкімінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 06 "Петровка селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Шортанды ауданы Петровка селолық округі әкімінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 14 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 тамызда № 4957 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзе басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес Петровка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының Шортанды ауданының Петровка селолық округі әкімінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 06 «Петровка селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-18-54 тіркелген, 2008 жылдың 3 мамырында аудандық «Вести» және «Өрлеу» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерту енгізілсін:
      кіріспе сөзбасында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       В.Шимков