"Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін бұйрықты мерзімді баспа басылымдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қорғаныс министрі | И. Тасмағанбетов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік
құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін (бұдан әрі - көлік құралдары) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) көлік құралдары мемлекеттік тіркеудегі өзгеріс - заңнамада белгіленген құқықтық негіздер болған кезде есепке алу деректеріне және көлік құралын тіркеу туралы куәлікке өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) көлік құралын есептен шығару - көлік құралы иесінің мекенжайының өзгеруіне немесе иелік ету құқығының тоқтатылуына байланысты оны тіркеу орнын өзгертуге бағытталған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының (бұдан әрі - ӘПО) қызметі;
3) көлік құралын мемлекеттік тіркеу - құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексергеннен, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін салыстырып тексергеннен кейін көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бере отырып және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін (бұдан әрі - МТНБ) бере отырып, ӘПО жүзеге асыратын көлік құралының жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру рәсімі;
4) көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - КҚТК) - көлік құралының жол жүрісіне қатысуына рұқсат беруді растайтын құжат;
5) көлік құралының иесі - көлік құралының меншік иесі құқығындағы, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында не кез келген басқа да заңдық негізде иелік ететін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімі (мекемесі);
6) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі - көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін көлік құралын шығарушы берген жүйелі әріптік-цифрлық белгілер түрінде сипатталған көлік құралының жеке сериялық нөмірі;
7) механикалық көлік құралы - мопедтер мен рельсте жүретін көлік құралдарын қоспағанда, қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін, өздігінен жүретін жол көлік құралы. Ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға да қолданылады;
8) МТНБ - мемлекет меншігі болып табылатын және көлік құралына берілетін жеке әріптік-цифрлық белгіден тұратын және ұлттық стандарт талаптарына сәйкес жасалған бұйым. Осы ұғым "Транзит" МТНБ-ға қолданылады;
9) нөмірлік агрегат - көлік құралының қозғалтқышы, шанағы, шассиі, рамасы, кабинасы;
10) тіркеу іс-қимылдары - өз құзыреті шегінде көлік құралдарын тіркеу, оларды есептен шығару, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуге өзгерістер енгізу, агрегаттардың нөмірлерін көлік құралдарын сатып алуды, пайдалануды, иеліктен шығаруды немесе бөлшектеуді растайтын құжаттармен салыстырып тексеру жөніндегі ӘПО іс-қимылдары.
3. Көлік құралдары ӘПО-ға:
1) тіркеу үшін - "Транзит" МТНБ-ның қолданылу мерзімі ішінде немесе көлік құралын алғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде;
2) есептен шығару үшін - көлік құралын иеліктен айырудан (беруден) кейін күнтізбелік бес күн ішінде;
3) КҚТК-ға өзгерістер енгізу үшін - нөмірлік агрегаттарды ауыстырғаннан кейін немесе КҚТК-ға өзгерістер енгізу талап етілетін өзге де жағдайлар туындаған кезде күнтізбелік бес күн ішінде беріледі.
4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзімдерде тек көлік құралына тіркеу жүргізу алдында оны қарап-тексеру үшін ӘПО-ға ұсыну мақсатында, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын қарап-тексеру актісі (бұдан әрі - қарап-тексеру актісі) бар болған кезде көлік құралын қарап-тексеру барысында анықталған ақаулықтарды жою үшін ӘПО-ға дейін жол жүру үшін көлік құралын пайдалануға рұқсат етіледі.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік
құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу тәртібі
5. Тіркеу кезінде көлік құралы ӘПО-ға нөмірлік агрегаттардың есепке алу құжаттарына сәйкестігін салыстырып-тексеру мақсатында қарап-тексеру үшін беріледі.
6. ӘПО көлік құралын сырттай қарап-тексеру үдерісінде:
1) тіркелетін көлік құралы құрылымының қауіпсіздігін;
2) нөмірлік агрегаттар мен МТНБ түпнұсқалығын (жасырын, жалған немесе қандай да бір өзге тәсілдермен өзгертілген нөмірлік агрегаттарды, сондай-ақ МТНБ анықтау) және олардың көлік құралының құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкестігін;
3) түсті-графикалық сызбаларды, таным белгілерін, жазуларды, арнайы жарық және дыбыс белгі берулерін салу талаптарына сәйкес келетін жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарын.
7. Көлік құралын қарап-тексеру нәтижелері қарап-тексеру актісінде көрсетіледі және қарап-тексеруді жүргізген лауазымды адамның тегін және күнін көрсете отырып, оның қолымен расталады. Қарап-тексеру актісінің қолданылу мерзімі күнтізбелік жиырма күнді құрайды.
8. Көлік құралын тіркеу үшін ӘПО-ға қарап-тексеруге беруге кедергі келтіретін жағдайлар бар болған кезде көлік құралының нақты болу орны бойынша жасалған ӘПО қызметкерінің қолы және мөрі қойылған көлік құралын қарап-тексеру актісін ұсынуға жол беріледі. Қарап-тексеру актісінің қолданылу мерзімі күнтізбелік жиырма күнді құрайды.
9. Тіркеу іс-қимылдарын жасау үшін көлік құралдарының иелері ӘПО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көлік құралын тіркеуге, КҚТК-ға өзгерістер енгізуге, көлік құралын есептен алуға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
2) көлік құралына немесе нөмірлік агрегатқа меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттарды (осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша наряд);
3) мөрмен расталған көлік құралын іске қосу, пайдалану тобын айқындау, МТНБ-ны және жүргізушіні бекіту туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығын;
4) қарап-тексеру актісін;
5) көлік құралын есептен шығаруды, ақауға шығаруды және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды;
6) көлік құралын иеліктен шығаруды (беруді) растайтын құжаттарды;
7) көлік құралын қайта жабдықтауды растайтын құжаттарды;
8) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға және қамтамасыз етуге жауапты әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) көлік құралын есепке қоюды растайтын паспортты (формулярды) немесе өзге де құжатты (тіркелгеннен кейін - иесіне қайтарылады);
9) шығарушы зауыттың немесе Қазақстан Республикасының шегінде көлік құралына арнайы (немесе мамандандырылған) жабдықты орнатқан кәсіпорынның сертификатын немесе әкелінген жабдыққа тиісті кеден құжаттарын, сәйкестік сертификатын;
10) КҚТК-ның түпнұсқасын (КҚТК-ға өзгерістер енгізілген немесе көлік құралын есептен шығарған кезде) ұсынады.
10. Көлік құралын тіркеу үшін иелері осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2), 3), 4), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ӘПО-ға ұсынады.
11. Сынақтан өткізілетін көлік құралының тәжірибелік үлгісін тіркеу кезінде "Сынақ" деген белгі қойылған КҚТК беріледі. Көлік құралының тәжірибелік үлгісін тіркеу үшін негіздеме көлік құралының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі және сынаққа жіберу туралы шығарушы кәсіпорынның сараптамалық қорытындысы болып табылады.
Көлік құралының тәжірибелік үлгісіне КҚТК бір жылдан артық емес мерзімге беріледі және сынақ аяқталғаннан кейін оны тіркеген ӘПО-ға беріледі.
12. Ұсынылған құжаттарды, МТНБ-ны қолдан жасау белгілері, зауыттық таңбалауды өзгерту, нөмірлік агрегаттардың ұсынылған құжаттарға немесе тіркеу деректеріне сәйкес келмеуі анықталған кезде, сондай-ақ көлік құралын (нөмірлік агрегаттарды) немесе ұсынылған құжаттарды ӘПО қызметкері іздеуде екені туралы мәліметтер бар болған кезде көлік құралдары ұсталады, ал құжаттары тиісті қылмыстық қудалау органдарына беріледі.
Осындай жағдайларда тіркеу іс-қимылдарын жүргізу процессуалдық шешім қабылданғанға дейін кейінге қалдырылады.
13. Егелген, соғылған және дәнекерленген нөмірлері бар агрегаттар тіркелуге жатпайды.
14. Ақауға шығарылған көлік құралдарының қосалқы бөлшектері мен агрегаттарынан құрастырылған немесе техникалық регламенттерді бұза отырып, қайта жабдықталған көлік құралы тіркеуге қабылданбайды.
15. Тіркелген көлік құралдарына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КҚТК беріледі және тиісті типтердегі МТНБ беріледі.
МТНБ автомобильдерге және автобустарға екеуден, ал мотокөлік құралдарына, тракторларға және тіркемелерге біреуден беріледі.
16. Жаңа тіркеу орнына өз жүрісімен жеткізілген көлік құралдарына ӘПО бір рет пайдалану үшін "Транзит" МТНБ береді.
"Транзит" МТНБ беру кезінде көлік құралының тиесілігін растайтын құжаттарда "Транзит" МТНБ сериясын, нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсете отырып белгілер жасалады.
"Транзит" МТНБ қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап күнтізбелік он күн, олар көлік құралдарын тіркеу орнына жүргізіп әкелу кезінде ғана жарамды.
Көлік құралдарын тіркеу кезінде ӘПО "Транзит" МТНБ-ны алады және бір жыл мерзімі өткеннен кейін жою актісін толтырып жояды (еркін түрдегі).
17. Жоғалтылған немесе жарамсыз болып қалған КҚТК-ға және МТНБ-ға ӘПО телнұсқа береді. Телнұсқаны беруге негіз көлік құралының иесі ӘПО-ға КҚТК-ны және/немесе МТНБ-ны жоғалту немесе оның жарамсыз болып калу фактісі бойынша қызметтік тексеру материалдарының көшірмелерін және бөлім командирі (мекеме бастығы) бұйрығының көшірмесін қоса бере отырып жолдаған КҚТК және МТНБ телнұсқасын беруге өтінім болып табылады.
18. Есептен алынған КҚТК жоғалтылған немесе жарамсыз болып қалған кезде ӘПО осы көлік құралының бұрынғы тіркеу орны бойынша сұрау салулар жолдайды. ӘПО сұрау салуларын орындау мерзімі олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
19. Орнына телнұсқалары берілген жоғалтылған немесе жарамсыз болып қалған КҚТК мен МТНБ жарамсыз деп саналады және олар табылған кезде ӘПО оларды жою актісін толтырып жояды (еркін түрдегі).
20. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға және қамтамасыз етуге жауапты әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) есепте жоқ;
2) дербес жасалған немесе қайта жабдықталған;
3) осы Қағидалардың 12 - 14-тармақтарында көзделген жағдайларда көлік құралдарын тіркеу және тіркеуге өзгеріс енгізу жүргізілмейді.
21. ӘПО бас тарту себептерін көрсете отырып, тіркеу іс-қимылдарын жүргізуден бас тартуды үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде жазбаша түрде ресімдейді.
22. Тіркеу кезінде ӘПО үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде мынадай іс-қимылдарды жасайды:
1) тіркелетін көлік құралдарына қарап-тексеруді жүргізеді;
2) көлік құралдарын тіркейді және КҚТК береді;
3) көлік құралдарын тіркеуге өзгеріс енгізеді;
4) көлік құралдарын есептен алады;
5) "Транзит" МТНБ береді;
6) КҚТК телнұсқасын береді;
7) көлік құралын қарап-тексеру актісін береді;
8) ӘПО-да тіркелген және есептен шығарылуға немесе ауыстырылуға жататын көлік құралдарының алынған агрегаттарына техникалық жай-күй актілерін және өзге де құжаттарды келіседі.
23. Көлік құралдарын тіркеу, КҚТК-ға өзгерістер енгізу, есептен шығару кезінде олар туралы барлық қажетті деректер ӘПО-да тіркелген көлік құралдарын есепке алу кітабына және/немесе электрондық базасына енгізіледі.
24. Жасалған тіркеу іс-қимылдары, көлік құралдарының иелері туралы мәліметтер, сондай-ақ тіркеу іс-қимылдарын жасау үшін негіз болған құжаттар (құжаттардың көшірмелері) жазбаша сұрау салу негізінде олардың өндірісінде қылмыстық, азаматтық істердің, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің болуына байланысты соттарға, прокуратура, тергеу, анықтау органдарына, олардың сот актілерін немесе басқа да органдардың актілерін орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруына байланысты сот орындаушыларына, сондай-ақ салық, кеден және басқа да органдар мен адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлар мен тәртіппен беріледі.
3. Көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу
25. КҚТК-ға өзгерістер енгізу, жоғалтылғандардың немесе жарамсыз болып қалғандардың орнына КҚТК-ның телнұсқаларын беру көлік құралдарын тіркеу орны бойынша жүргізіледі.
26. ӘПО:
1) нөмірлік агрегаттары ауыстырылған;
2) МТНБ ауыстырылған;
3) шанақтың түсі өзгертілген;
4) арнайы жабдық қайта жабдықталған немесе орнатылған және өзге де осындай өзгерістер болған жағдайларда КҚТК-ға өзгерістер енгізуді жүргізеді.
27. КҚТК-ға өзгерістер енгізу үшін көлік құралдарының иелері осы Қағидаларға 9-тармақтың 1), 2), 3), 4), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ӘПО-ға ұсынады.
28. КҚТК-ға өзгерістер енгізу кезінде оны ауыстыру жүргізіледі.
29. Жеңіл автомобильдің немесе автобустың шанағын, жүк автомобилінің шассиін, оның ішінде басқа модельге (модификацияға) ауыстырған жағдайда, КҚТК-ға көлік құралының бұрынғы шығарылған жылы, маркасы, моделі жазылады. КҚТК-ның "Ерекше белгілер" деген бағанына тиісті өзгерістің күні көрсетіліп, "Шанақ ауыстырылды" деп жазылады.
30. КҚТК-ға өзгерістер енгізу кезінде КҚТК-ның "Ерекше белгілер" деген бағанында бұрынғы КҚТК-ның сериясы мен нөмірі, сондай-ақ жүргізілген өзгеріс негіздемесі көрсетіледі.
4. Көлік құралдарын есептен шығару
31. Көлік құралдары:
1) көлік құралын басқа әскери бөлімдерге (мекемелерге) берген;
2) әскери бөлімді (мекемені) таратқан немесе орнын ауыстырған;
3) көлік құралдарын кәдеге жаратқан (ақауға шығарған, есептен шығарған);
4) тіркеу орнын өзгерту үшін өзге де негіздер туындаған жағдайларда ӘПО есебінен алынады.
32. Көлік құралын есептен шығару үшін олардың иелері ӘПО-ға осы Қағидаларға 9-тармақтың 1), 4), 5), 6) 8), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
33. Көлік құралдарын есептен шығаруды ӘПО үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
34. КҚТК-да көлік құралын есептен шығару жағдайларына сәйкес келетін жазбалар жасалады.
35. Әскери бөлімдерді (мекемелерді) таратқан жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын есептен шығару кезінде МТНБ әскери бөлімдерде қалады.
36. Әскери бөлімдер (мекемелер) таратылған жағдайларда көлік құралын есептен шығарған кезде МТНБ ӘПО-ға беріледі.
37. Меншік иесі көлік құралының нақты болу орны бойынша ӘПО берген көлік құралын қарап-тексеру актісін ұсынған жағдайда, тіркеу орны бойынша оларды ұсынбай, көлік құралдарын есептен шығаруға рұқсат етіледі.
38. КҚТК болмаған кезде меншік иесі оларды жоғалту жағдайларын көрсете отырып, қызметтік тексеру материалдарын ұсынады. Көлік құралдары есептен КҚТК телнұсқасы берілмей шығарылады.
39. Меншік иесінен айдап әкетілген және/немесе ұрланған және қайтарылмаған көлік құралын есептен шығару оның өтінімі және көлік құралының іздеуде екені туралы тиісті қылмыстық қудалау органы берген құжат негізінде жүргізіледі. Іздеудегі көлік құралы иесіне қайтарылған жағдайда тіркеу өтінім және көлік құралын қарап-тексеру актісі негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
№ ___ көлік құралын қарап-тексеру актісі 20___ ж. "_____" _____________
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі _________________________________
Сәйкестендіру нөмірі (VIN) __________________________________________
Маркасы, моделі _____________________________________________________
КҚ типі _____________________________________________________________
КҚ түрі ___________________________ КҚ санаты _______________________
Шығарылған жылы ___________________ Шасси (рама) нөмірі _____________
Шанақ нөмірі ________________________________________________________
Қозғалтқыш нөмірі ___________________________________________________
Түсі ________________________________________________________________
Сериясы ___________ № _______________________________________________
(тіркеу құжаты)
Сериясы _____________ № _____________________________________________
(паспорт (формуляр)
Тиесілігі ___________________________________________________________
(әскери бөлім, мекеме)
Көлік құралын қарап-тексеруге берген лауазымды адам _________________
_____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Қарап-тексеруді жүргізген әскери полиция органының уәкілетті
қызметкері __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қарап-тексеруді жүргізген қызметкердің лауазымы, бөлімшесі, әскери
атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Техникалық ақаулық анықталды _______________________________________
Автомобиль құрылымына өзгерістер енгізілді: _________________________
Көлік құралының техникалық жай-күйі туралы қорытынды: _______________
_____________________________________________________________________
(қарап-тексеруді жүргізген қызметкердің қолы)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
________________________ гарнизоны
Әскери полиция бөлімінің бастығына
Әскери бөлімнің
(мекеменің)
бұрыштама мөртаңбасы
Өтінім
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
2015 жылғы "__" ___ №__ бұйрығының талаптарына сәйкес Сізден ________
(көлік құралының иесі)
механикалық көлік құралдарының мемлекеттік тіркеуін (тіркеу туралы куәлігіне өзгерістер енгізуді, тіркеуден алуды) жүргізуді сұраймын.
___________________________________________
___________________________________________
(өтінімді беруге құзырлы адамның лауазымы,
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
20___ ж. "__"___________ дейін жарамды
НАРЯД
Тіркеу № | Құжат № | Құжаттың күні | Іс-шараның негізі (мақсаты) | Басқару органы |
Жүк жіберуші | Жүкті қабылдап алушы | Көлік түрі | Көлік № | Көлік құжатының № |
Р/с № | Материалдық құралдар аталуы | Номенклатура коды | Өлшем бірл. | Санаты | Берілсін | Берілді | Шасси № | Қозғалтқыш № | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
______________________________ _____________________________
______________________________ _____________________________
(қол қоюға құзырлы адамның лауазымы, (қол қоюға құзырлы адамның
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты лауазымы, әскери атағы,
(ол бар болған кезде) тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
М.О.
Берген (тапсырған) __________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Алған (қабылдаған) __________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан