«Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдары тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін бұйрықты мерзімді баспа басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі И. Тасмағамбетов
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 10 ақпандағы
№ 71 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция
органдарының арнайы көлік құралдары тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 03.07.2015 № 377 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с |
Көлік құралының типі |
Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары |
Орнатылған арнайы жабдық |
Қолдану саласы |
1. Әскери автомобиль полициясының арнайы автомобильдері |
||||
1.1. Ілесіп жүретін автомобиль |
||||
1 |
Жеңіл |
Қозғалтқыш – көлемі кемінде 3000 текше сантиметр (бұдан әрі – текше см.); |
Бейнетіркегіш, радиостанция, жарық және дыбыс дабылдамасы, арнайы түсті графикалық сұлбалар бойынша боялуы |
Арнайы мақсаттағы көлік құралдарына ілесіп жүру |
2 |
Жол талғамайтын |
Қозғалтқыш – көлемі кемінде 4000 текше см; |
||
3 |
Жеңіл |
Қозғалтқыш – көлемі кемінде 1600 текше см; |
Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының лектеріне ілесіп жүру |
|
4 |
Жол талғамайтын |
Қозғалтқыш – көлемі кемінде 2300 текше см; |
||
5 |
Жүк |
Қозғалтқыш – дизельдік; |
Әскери көлік құралдарының лектеріне ілесіп жүру |
|
1.2. Жылжымалы техникалық қарап-тексеру пункті |
||||
6 |
Шағын автобус |
Қозғалтқыш – көлемі кемінде 2000 текше см; |
Бақылау – диагностикалау жабдығы, радиостанция, жарық және дыбыс дабылдамасы, бейнетіркегіш, арнайы түсті графикалық сұлбалар бойынша боялуы |
Міндетті техникалық қарап-тексеруді өткізу кезінде көлік құралдарының техникалық жай-күйін диагностикалау |
2. Патрульдік-бекеттік қызметтің арнайы автомобильдері |
||||
2.1. Арнайы контингентті тасымалдауға арналған автомобиль |
||||
7 |
Шағын автобус |
Қозғалтқыш – көлемі кемінде 2000 текше см; |
Автозак, бейнебақылау жүйесі, радиостанция, жарық және дыбыс дабылдамасы, бейнетіркегіш, арнайы түсті графикалық сұлбалар бойынша боялуы |
Арнайы контингентті тасымалдау |
2.2. Патрульдік қызметті өткеруге арналған автомобиль |
||||
8 |
Жол талғамайтын |
Қозғалтқыш – көлемі кемінде 2300 текше см; |
Бейнетіркегіш, радиостанция, жарық және дыбыс дабылдамасы, арнайы түсті графикалық сұлбалар бойынша боялуы |
Патрульдік топтарды тасымалдау, патрульдеу |
9 |
Жол талғамайтын |
Қозғалтқыш – көлемі кемінде 2300 текше см; |
Иттерді тасымалдауға арналған контейнер, бейнетіркегіш, радиостанция, жарық және дыбыс дабылдамасы, арнайы түсті графикалық сұлбалар бойынша боялуы |
Қызметтік иттерді тасымалдау |
10 |
Шағын автобус |
Қозғалтқыш – көлемі кемінде 2000 текше см; |
Бейнетіркегіш, радиостанция, жарық және дыбыс дабылдамасы, арнайы түсті графикалық сұлбалар бойынша боялуы |
Патрульдік топтарды тасымалдау |
3. Жедел ден қою бөлімшелерінің арнайы автомобильдері |
||||
11 |
Броньды автомобиль |
Қозғалтқыш – дизельдік; |
Бейнетіркегіш, радиостанция, жарық және дыбыс дабылдамасы, арнайы құралдар мен қару-жарақты реттеп салатын (орнататын) орындар. |
Арнайы бөлімшелерді тасымалдау, оларды атыс қаруынан және жарылғыш зақымдау заттардың факторларынан қорғау |
12 |
Жүк |
Қозғалтқыш – дизельдік; |
Бейнетіркегіш, радиостанция, жарық және дыбыс дабылдамасы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық тәртібін сақтауға арналған арнайы жабдық |
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық тәртібін сақтау |