"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекiту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/594 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 қаңтарда № 5236 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабандағы 3 тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
      3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ А-12/594 қаулысымен  
бекітілді        

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «Ақмола облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы (бұдан әрi – ХҚҚО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған) жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік немесе дәлелді бас тарту.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін берудің нысаны: электрондық және қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы құжаттардың қабылдауын, тіркелуін жүзеге асырады – 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды – 15 минут;
      3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын алған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді – 15 минут.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс–қимылдың) нәтижесі:
      1) құжаттарды тіркеу және басшыға бұрыштама қоюға жіберу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын, жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге рұқсаттың бар болуын тексеру. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда – өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау;
      4) куәлікке немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе дәлелді бас тартуды беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы құжаттардың қабылдауын, тіркелуін жүзеге асырады – 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды – 15 минут;
      3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын алған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді – 15 минут.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ХҚҚО сипаттау

      9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9–тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ХҚҚО ұсынады.
      Мемлекетік электрондық ақпараттық ресурсы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметін ХҚҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық деректер нысанында алады.
      1-процесс – ХҚҚО қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді;
      1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9–тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚҚО қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартады;
      2-процесс – осы регламенттің 5–тармағында көзделген көрсетілетін қызметті берушінің рәсімі (іс–қимылы);
      3-процесс – ХҚҚО қызметкерi қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде, мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді;
      Халыққа қызмет көрсету ХҚҚО жүгінген кезде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      Құжаттар пакетін тапсыру үшін берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      Қызмет көрсету үшін берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) ХҚҚО өзара әрекет етуінің тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процессінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін тиянақты сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес–процестерінің анықтамалығында көрсетілді.

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,
өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының
кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік    
көрсетілетін қызмет            
регламентіне қосымша            

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес-процестерінің анықтамалығы