Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № А-11/530 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 5142 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.Н.Балахонцевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығы қолданысқа енгізілуден бұрын емес, қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ А-11/530 қаулысымен 
бекітілген     

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      2) «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - халықаралық техникалық байқау сертификаты (бұдан әрі – халықаралық сертификат) немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында (бұдан әрі - Стандарт) қарастырылған жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО немесе Портал арқылы жолданған қажетті құжаттарды берген сәттен бастап қабылдауды іске асырады, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тіркеуді жүргізеді және оны бұрыштама қою үшін басшыға жолдайды – 30 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 1 сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, халықаралық сертификатты дайындайды. Стандарттың 10-тармағында қарастырылған жағдайда және негіздер бойынша өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алатын орны және күні көрсетілген хабарлама жібереді.
      Құжаттар басшыға бұрыштама қоюға жолданады – 1 жұмыс күн;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарға қол қояды – 3 сағат;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің бас маманы халықаралық сертификатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 30 минут.
      6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсеті жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) құжаттарды тіркеу және басшыға бұрыштама қоюға жіберу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алатын орны және күні көрсетілген хабарлама дайындау;
      4) халықаралық сертификатты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалану арқылы мемлекеттік қызметтің нәтижесін алатын орны және күні көрсетілген хабарламаға қол қою;
      5) халықаралық сертификатты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметшілердің) арасындағы рәсімдер кезектілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО немесе портал арқылы жолданған қажетті құжаттарды берген сәттен бастап қабылдауды іске асырады, «Е-лицензиялау МДБ АЖ тіркеуді жүргізеді және оны бұрыштама қою үшін басшыға жолдайды – 30 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 1 сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, халықаралық сертификатты дайындайды. Стандарттың 10-тармағында қарастырылған жағдайда және негіздер бойынша өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алатын орны және күні көрсетілген хабарлама жібереді.
      Құжаттар басшыға бұрыштама қоюға жолданады – 1 жұмыс күн;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарға қол қояды – 3 сағат;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы халықаралық сертификатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 30 минут.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ХҚКО және (немесе) басқа көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекет етудің, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚКО өтініш білдіру тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
      1-процесс – ХҚКО инспекторы ұсынған құжаттарды тексереді, қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күнін, уақытын көрсете отырып, құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат береді. 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО инспекторы қабылдаудан бас тартады.
      2-процесс – осы регламенттің 5-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары);
      3-процесс – ХҚКО инспекторы тиісті құжаттарды қабылдағанда берілген қолхатта көрсетілген мерзімде, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін береді.
      ХҚКО өтініш білдірген кезде, құжаттар қабылданған күн көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді.
      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің шекті уақыты – 15 минут;
      Қызмет көрсетудің шекті уақыты – 15 минут.
      10. Портал арқылы өтініш білдіру тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету барысында көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігін сипаттау:
      көрсетілетін қызметті алушы Порталда жеке сәйкестендірілген нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендірілген нөмірі (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролі (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен Порталда тіркеуді іске асырады.
      1-процесс – Порталда көрсетілетін қызметті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушымен ЖСН/БСН және парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі). 1-шарт – Порталда көрсетілетін қызметті алушы ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
      2-процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың орын алуына байланысты, авторизациялаудан бас тарту туралы Порталмен хабарландыруды қалыптастыру;
      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды (мәліметтерді енгізу) толтыру, нысанға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрде құжаттардың қажетті көшірмелерін сұрау салу нысанына бекіту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін тіркеу куәлігін таңдауы. 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестілігін тексеру;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      5-процесс – электрондық үкіметтің төлем шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮТШ) төлем, сонан соң ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ келіп түседі немесе түбіртекті электрондық (сканерленген) түрде бекіту. 3-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қызметті көрсету үшін төлеу фактісін тексеру;
      6-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қызметті көрсету үшін төлемнің жүргізілмеуіне байланысты, сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      7-процесс – көрсетілетін қызметті берушімен сұрау салуды өңдеу үшін ЭҮТШ автоматтандырылған жұмыс орнында «электрондық үкімет» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты жолдау;
      8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламенттің 5-тармағымен көзделген рәсімдері (іс-қимылдары);
      9-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
      11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет етуінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) ХҚКО өзара әрекет етуінің тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін тиянақты сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілді.

«Халықаралық техникалық байқау
сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша         

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      Қысқартылған сөздерді ашып жазу:
      Портал – «электрондық үкімет»: www.egov.kz, www.elicense.kz; веб-порталы;
      ЭҮТШ – электрондық үкіметтің төлем шлюзі;
      «Е-лицензиялау» МДБ АЖ– «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректемелері базасының ақпараттық жүйесі.

«Халықаралық техникалық байқау
сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша         

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ А-11/530 қаулысымен 
бекітілген      

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен
тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      2) «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай–ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру (бұдан әрі – лицензия) немесе Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай–ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) қарастырылған жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО немесе Портал арқылы жолданған қажетті құжаттарды берген сәттен бастап қабылдауды іске асырады, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тіркеуді жүргізеді және оны бұрыштама қою үшін басшыға жолдайды – 30 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 1 сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 2 жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:
      лицензияны берген жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсат берудің қосымшасын бергенше, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді, лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 11 жұмыс күн;
      лицензияның телнұсқасын берген жағдайда – келіп түскен құжаттарды тексереді, лицензия телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 1 жұмыс күн;
      қайта ресімделген лицензияны берген жағдайда – келіп түскен құжаттарды тексереді, қайта ресімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 2 жұмыс күн;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) лицензияға, лицензия телнұсқасына, қайта ресімделген лицензияға немесе дәлелді жауапқа қол қояды. Егер көрсетілетін қызметті алушы лицензияға, лицензия телнұсқасын, лицензияны қайта ресімдеуге өтінішті қағаз жүзінде берсе, құжатқа Портал арқылы ЭЦҚ қол қойылады, басып шығарылады, басшының мөрімен және қолтабасымен бекітіледі – 30 минут;
      6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы ХҚКО қызметкеріне немесе электрондық түрде көрсетілетін қызметті алушыға Портал арқылы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының өкілімен қойылған ЭЦҚ арқылы лицензияны, лицензия телнұсқасын, қайта ресімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 30 минут.
      6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсеті жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) құжаттарды тіркеу және басшыға бұрыштама қоюға жіберу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау;
      4) лицензияны, лицензия телнұсқасын, қайта ресімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау;
      5) лицензияға, лицензия телнұсқасына, қайта ресімделген лицензияға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
      6) лицензияны, лицензия телнұсқасын, қайта ресімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметшілердің) арасындағы рәсімдер кезектілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО немесе портал арқылы жолданған қажетті құжаттарды берген сәттен бастап қабылдауды іске асырады, «Е-лицензиялау» МДБ АЖ тіркеуді жүргізеді және оны бұрыштама қою үшін басшыға жолдайды – 30 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 1 сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 2 жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:
      лицензияны берген жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсат берудің қосымшасын бергенше, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді, лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 11 жұмыс күн;
      лицензияның телнұсқасын берген жағдайда – келіп түскен құжаттарды тексереді, лицензия телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 1 жұмыс күн;
      қайта ресімделген лицензияны берген жағдайда – келіп түскен құжаттарды тексереді, қайта ресімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 2 жұмыс күн;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы ЭЦҚ лицензияға, лицензия телнұсқасына, қайта ресімделген лицензияға немесе дәлелді жауапқа қол қояды. Егер көрсетілетін қызметті алушы лицензияға, лицензия телнұсқасын, лицензияны қайта ресімдеуге өтінішті қағаз жүзінде берсе, құжатқа Портал арқылы ЭЦҚ қол қойылады, басып шығарылады, басшының мөрімен және қолтабасымен бекітіледі – 30 минут;
      6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы ХҚКО қызметкеріне немесе электрондық түрде көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының өкілімен қойылған ЭЦҚ арқылы лицензияны, лицензия телнұсқасын, қайта ресімделген лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 30 минут.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ХҚКО және (немесе) басқа көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекет етудің, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚКО өтініш білдіру тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
      1 - процесс – ХҚКО инспекторы ұсынған құжаттарды тексереді, қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күнін, уақытын көрсете отырып, құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат береді. 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО инспекторы қабылдаудан бас тартады.
      2 - процесс – осы регламенттің 5-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары);
      3 - процесс – ХҚКО инспекторы тиісті құжаттарды қабылдағанда берілген қолхатта көрсетілген мерзімде, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін береді.
      ХҚКО өтініш білдірген кезде, құжаттар қабылданған күн көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді.
      ХҚКО өтінген кезде, құжаттарды қабылдаған күні мемлекеттік қызметтерді көрсету күніне кірмейді.
      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің шекті уақыты – 15 минут;
      қызмет көрсетудің шекті уақыты – 15 минут.
      10. Портал арқылы өтініш білдіру тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету барысында көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда жеке сәйкестендірілген нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендірілген нөмірі (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролі (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен Порталда тіркеуді іске асырады.
      1-процесс – Порталда көрсетілетін қызметті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушымен ЖСН/БСН және парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі). 1-шарт – Порталда көрсетілетін қызметті алушы ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
      2-процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың орын алуына байланысты, авторизациялаудан бас тарту туралы Порталмен хабарландыруды қалыптастыру;
      3-процесс – Көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды (мәліметтерді енгізу) толтыру, нысанға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрде құжаттардың қажетті көшірмелерін сұрау салу нысанына бекіту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін тіркеу куәлігін таңдауы. 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестілігін тексеру;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      5-процесс – электрондық үкіметтің төлем шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮТШ) төлем, сонан соң ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ келіп түседі немесе түбіртекті электрондық (сканерленген) түрде бекіту. 3-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қызметті көрсету үшін төлеу фактісін тексеру;
      6-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қызметті көрсету үшін төлемнің жүргізілмеуіне байланысты, сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      7-процесс – көрсетілетін қызметті берушімен сұрау салуды өңдеу үшін ЭҮТШ автоматтандырылған жұмыс орнында «электрондық үкімет» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты жолдау;
      8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламенттің 5-тармағында көзделген рәсімдері (іс-қимылдары);
      9-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
      11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет етуінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) ХҚКО өзара әрекет етуінің тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін тиянақты сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілді.

«Жолаушыларды облысаралық     
қалааралық, ауданаралық      
(облысішiлiк қалааралық) және   
халықаралық қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес  
тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды 
халықаралық қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты тасымалдау
қызметiмен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін       
қызмет регламентіне         
1-қосымша             

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде қызметке тартылған ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық әрекет етуі

      Қысқартылған сөздерді ашып жазу:
      Портал – «электрондық үкімет»: www.egov.kz, www.elicense.kz; веб-порталы;
      ЭҮТШ – электрондық үкіметтің төлем шлюзі;
      «Е-лицензиялау» МДБ АЖ – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректемелері базасының ақпараттық жүйесі.

«Жолаушыларды облысаралық     
қалааралық, ауданаралық      
(облысішiлiк қалааралық) және   
халықаралық қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес  
тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды 
халықаралық қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты тасымалдау
қызметiмен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін       
қызметін регламентіне         
2-қосымша             

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы