РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген:
1) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/96 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4132 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жарияланған);
2) «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/96 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Ақмола облысының әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № А-7/334 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген, 2014 жылы 16 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық - құқықтық жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін, бірақ «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығын қолданысқа енгізуден бұрын емес, қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі С.Кулагин
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 маусымда № А-7/293
қаулысымен бекітілген
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.eliсense.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады (бұдан әрі – куәлік).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша өкілі) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесін ұсынады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің мазмұны (әрекеттiң), оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мәдени құндылықтар ретінде қаралатын құжаттар мен заттарды қабылдауды, оларды шешімдер мен хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеуді іске асырады (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) және басшылыққа жолдайды - 10 минут. Нәтижесі – басшылыққа өтінішті жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны анықтайды - 15 минут. Нәтижесі - жауапты орындаушыны анықтау;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда, өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты немесе сараптама комиссиясына жолдау үшін құжаттар мен заттарды дайындайды – 2 жұмыс күні. Нәтижесі - материалдарды сараптама комиссиясының отырысына дайындау;
4) Сараптама комиссиясы ұсынылған заттарды жан-жақты талдап, қорытынды мен заттарды жауапты орындаушыға тапсырады - 6 жұмыс күні. Нәтижесі - мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына берілетін куәлікті әзірлеу;
5) жауапты орындаушы куәлікті «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы дайындайды және басшыға қол қоюға жолдайды - 15 минут. Нәтижесі - куәлікті дайындау;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы куәлікке электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қояды - 15 минут. Нәтижесі - куәлікке қол қою немесе уәжделген бас тарту;
7) жауапты орындаушы куәлікті елтаңбасы бар мөрмен куәландырады және беру кітабында куәлік пен заттарды немесе уәжделген бас тартуды тіркейді - 5 минут. Нәтижесі - материалды кеңсеге тапсыру;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті және мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттарды немесе уәжделген бас тартуды береді - 5 минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
4) сараптама комиссиясы.
7. Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер кезеңділігінің (әрекеттердің) сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар мен мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттардың қабылдауын, оларды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ тіркеуді жүзеге асырады - 10 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды және құжаттар мен заттарды жауапты орындаушыға жібереді - 15 минут;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда, өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты немесе сараптама комиссиясына жолдау үшін құжаттар мен заттарды дайындайды – 2 жұмыс күні;
4) сараптама комиссиясы ұсынылған заттарды жан-жақты талдайды және сараптама қорытындысы бойынша қорытындыны ресімдейді және қорытынды мен заттарды жауапты орындаушыға тапсырады - 6 жұмыс күні;
5) жауапты орындаушы куәлікті «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы дайындайды және материалдармен құжаттарды басшыға қол қоюға жолдайды - 15 минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжатқа ЭЦҚ қояды - 15 минут;
7) жауапты орындаушы куәлікті елтаңбасы бар мөрмен куәландырады және беру кітабында куәлік пен заттарды тіркейді не уәжделген бас тарту - 5 минут;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті және мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттарды береді - 5 минут.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы (іс-әрекеттері) рәсімі кезеңділігінің және өтініш білдіру тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен Порталда парольды (авторландыру процесі) енгізу процесі;
3) 1-шарт – Жеке сәйкестендіру нөмірі және бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН/БСН) логині және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын Порталда тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты, авторизациялаудан бас тарту жөніндегі мәліметті Порталмен құрастыру;
2-процесс – Порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтармен байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сауал нысанына қажетті құжаттар көшірмелерін электрондық түрде қоса беруі;
6) 2-шарт - Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылғандар) тіркеу куәліктерінің жоқтығын, сондай-ақ, (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) деректердің сәйкестігін тексеру;
7) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты, сұраныс салынған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
8) 5-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеуі үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) автоматтандырылған жұмыс орнында «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі (бұдан әрі - АЖО ЭҮӨШ) арқылы жолдау;
9) 3-шарты – Стандартта көрсетілген көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген құжаттардың сәйкес келуін және көрсетілетін қызметі үшін негіздердің сәйкес келуін көрсетілетін қызметті берушімен тексеру;
10) 6-процесс – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-дағы көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты сауал салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
11) 7 - процесс - көрсетілетін қызметті алушының Порталда қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен құрастырылады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібі (іс-әрекеттері) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестер анықтамалығында осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес берілген.
«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрікеттесуінің диаграммасы
«
Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
регламентіне 2-қосымша
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестер анықтамалығы.
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 маусымда № А-7/293
қаулысымен бекітілген
«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.
3. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге келісім хат беру мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттiң) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді іске асырады - 15 минут. Нәтижесі - көрсетілген қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша өкілге) тіркеу туралы белгімен өтініш көшірмесін беру және құжаттарды басшылыққа жолдайды;
2) көрсетілген қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады - 15 минут. Нәтижесі - жауапты орындаушыны анықтау;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда, өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты немесе Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне (бұдан әрі-орталық) жолдау үшін құжаттарды дайындайды - 2 жұмыс күні. Нәтижесі - қарау үшін материалдарды немесе өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы уәжделген жауапты дайындайды;
4) Орталық құжаттарды қарап, оларды жауапты орындаушыға тапсырады - 11 жұмыс күні. Нәтижесі - келісім хатты дайындау;
5) жауапты орындаушы алынған құжаттарды басшылыққа тапсырады – 15 минут. Нәтижесі – келісім хатпен танысу;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады - 15 минут. Нәтижесі – келісім хатқа немесе уәжделген бас тартуға қол қою;
7) жауапты орындаушы келісім хатты елтаңбасы бар мөрмен куәландырады және беру кітабында тіркейді - 5 минут. Нәтижесі - материалды кеңсеге тапсыру;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға келісім хатты немесе уәжделген бас тартуды береді - 5 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
4) Орталық.
7. Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер кезеңділігінің (әрекеттердің) сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды басшылыққа бұрыштама қою үшін жолдайды - 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді - 15 минут;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда, өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты немесе орталыққа жолдау үшін құжаттарды дайындайды - 2 жұмыс күні;
4) орталық құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға келісім хатты береді - 11 жұмыс күні;
5) жауапты орындаушы келісім хатты басшылыққа береді – 15 минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжатқа қол қояды - 15 минут;
7) жауапты орындаушы келісім хатты елтаңбасы бар мөрмен куәландырады және беру кітабында тіркейді - 5 минут;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға қабылдау және тапсыру журналында белгі қоюмен келісім хатты немесе уәжделген бас тартуды береді - 5 минут.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы (іс-әрекеттері) рәсімі кезеңділігінің және өтініш білдіру тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен Порталда парольды (авторландыру процесі) енгізу процесі;
3) 1-шарт – Жеке сәйкестендіру нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН/БСН) логині және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын Порталда тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты, авторизациялаудан бас тарту жөніндегі мәліметті Порталмен құрастыру;
2-процесс – Порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтармен байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сауал нысанына қажетті құжаттар көшірмелерін электрондық түрде қоса беруі;
6) 2-шарт - Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылғандар) тіркеу куәліктерінің жоқтығын, сондай-ақ, (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) деректердің сәйкестігін тексеру;
7) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты, сұраныс салынған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
8) 5-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеуі үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) автоматтандырылған жұмыс орнында «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі (бұдан әрі - АЖО ЭҮӨШ) арқылы жолдау;
9) 3-шарты – Стандартта көрсетілген көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген құжаттардың сәйкес келуін және көрсетілетін қызметі үшін негіздердің сәйкес келуін көрсетілетін қызметті берушімен тексеру;
10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
11) 7 - процесс - көрсетілетін қызметті алушының Порталда қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен құрастырылады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібі (іс-әрекеттері) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестер анықтамалығында осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес берілген.
«Жергілікті маңызы бар тарих
және мәдениет ескерткіштеріне
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын
жүргізуге келісім беру» электрондық
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қолданылған ақпаратық жүйелердің функционалдық өзара әрікеттесуінің диаграммасы
«Жергілікті маңызы бар тарих
және мәдениет ескерткіштеріне
ғылыми-қайта жаңарту жұмыстарын
жүргізуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша