РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы ортабілім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С.Кулагин
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/275 қаулысымен
бекітілді
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті беруші: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, «электронды үкімет» www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды, қағаз түрінде.
3. Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетудің қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электронды, қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру, құжаттарды басшылыққа жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
3) жауапты орындаушы бұйрық жобасын дайындайды – 2 жұмыс күні. Нәтижесі – бұйрықтың жобасын басшылыққа жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұйрық жобасымен танысады – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – бұйрыққа қол қою;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бұйрықтың тіркеуін жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:
1) оқудың күндізгі және кешкі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;
2) бірінші сыныпқа – 1 шілдеден бастап 30 тамыз аралығында.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) жауапты орындаушы.
7. Әрбір рәсімнің ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 1 жұмыс күні;
3) жауапты орындаушы бұйрық жобасын дайындайды – 2 жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұйрық жобасымен танысады – 1 жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бұйрықтың тіркеуін жүзеге асырады – 15 минут.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің сипаттамасы
8. Өтініш білдіру тәртібін және қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудегі рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушымен құпия сөзді енгізу процесі (авторландыру процесі);
3) 1 - шарт – логин, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) және құпия сөз арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің Порталда дұрыстығын тексеру;
4) 2 - процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны Порталмен құрастыру;
5) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті алушы осы Регламентте көрсетілген көрсетілетін қызметті таңдауы, көрсетілетін қызметті беруге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанын (деректерді енгізу) оның құрылымы мен форматы талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде бекітумен толтыру;
6) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауымен байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестікті тексеру (сұрау салуда көрсетілген ЖСН арасында және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН);
8) 5 - процесс – көрсетілетін қызмет берушінің сұрау салуын өңдеу үшін «электронды үкімет» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ АЖО) арқылы көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ (қолы қойылған) куәландырған (қызмет алушының сұрауын) электронды құжатты жолдау;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызмет алушының Стандартта көрсетілген және қызметтерді көрсету үшін негізделіп қоса берілген құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің тексеруі;
10) 6 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама дайындау;
11) 7 – процесс – көрсетілетін қызметті алушы Порталмен қалыптастырылған (электронды құжат түрінде хабарлама) қызметтің нәтижесін алуы. Электронды құжат көрсетілетін қызмет берушінің өкілетті тұлғасының ЭСҚ пайдаланумен қалыптасады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет етуінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет етуінің тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін нақтылы сипаттау осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілді.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары бойынша
оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан
білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің регламентіне
1-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің диаграммасы
Қысқартылған сөздері толық жазылуы:
Порталдың ақпараттық жүйе – Портал АЖ;
«Электрондық үкіметтің» шлюзі – ЭҮШ;
Автоматтандырылған жұмыс орны «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі – АЖО ЭҮӨШ.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары бойынша
оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім
беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің регламентіне
2-қосымша
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің), «электрондық үкімет» веб-порталының өзара әрекет етуі;
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/275 қаулысымен
бекітілді
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы Ақмола облысы аудандарының жергілікті атқару органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру жөніндегі жергілікті атқарушы органның басшысы бұйрығының көшірмесі немесе бұйрықтың нөмірі мен шығарылған күні көрсетілген хат мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – құжаттарды басшылыққа жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
3) жауапты орындаушы бұйрық жобасын дайындауды жүзеге асырады – 10 жұмыс күні. Нәтижесі – бұйрықтың жобасы басшылыққа жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұйрық жобасымен танысады – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – бұйрыққа қол қою;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың көшірмесін береді – 15 минут. Нәтижесі – негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру жөніндегі басшысы бұйрығының көшірмесі немесе бұйрықтың нөмірі мен шығарылған күні көрсетілген хат.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс - қимылдын) кезеңділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 1 жұмыс күні;
3) жауапты орындаушы бұйрық жобасын дайындауды жүзеге асырады – 10 жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұйрық жобасымен танысады – 1 жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың көшірмесін береді – 15 минут.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру процесінде ХҚКО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. ХҚКО-ға өтініш білдіру тәртібін, көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеудің ұзақтығын сипаттау:
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға өтініш білдіреді.
2) ХҚКО-ның қызметкері өтініштердің дұрыс толтырылғанын және құжаттар пакетінің толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті қолхат береді – 5 минут;
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда ХҚКО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
3) ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасы заңдарында басқаша қарастырылмаса, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады – 5 минут;
4) ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырады, көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпаратты және берілген құжаттар тізімін енгізеді - 5 минут;
5) ХҚКО-ның қызметкері құжаттар пакетін қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру нәтижесін береді – 10 минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің толық сипаттамасы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Негізгі орта, жалпы орта білім
беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің регламентіне қосымша
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының өзара әрекет етуі;
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/275 қаулысымен
бекітілді
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы Ақмола облысының негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Негізгі орта білім туралы куәліктің телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетудің қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қолхатты беру, басшылыққа құжаттарды жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
3) жауапты орындаушы телнұсқаны дайындайды – 12 жұмыс күні. Нәтижесі – телнұсқаны басшылыққа жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы телнұсқанымен танысады – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – телнұсқаға қол қою;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметт көрсетілетін алушыға телнұсқаны береді – 15 минут. Нәтижесі – негізгі орта білім туралы куәліктің телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) жауапты орындаушы.
7. Әрбір рәсімнің ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут;
3) жауапты орындаушы телнұсқаны дайындайды – 12 жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы телнұсқанымен танысады – 1 жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға телнұсқаны береді – 15 минут.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде ХҚКО-мен және (немесе) көрсетілетін қызметті беруішінің арасындағы өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. ХҚКО-ға өтініш білдіру тәртібін, көрсетілетін қызмет берушінің сұрау салуын өңдеудің ұзақтығын сипаттау:
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға өтініш білдіреді.
2) ХҚКО-ның қызметкері өтініштердің дұрыс толтырылғанын және құжаттар пакетінің толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті қолхат береді – 5 минут;
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда ХҚКО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
3) ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасы заңдарында басқаша қарастырылмаса, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады – 5 минут;
4) ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырады, көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпаратты және берілген құжаттар тізімін енгізеді - 5 минут;
5) ХҚКО-ның қызметкері құжаттар пакетін қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру нәтижесін береді – 10 минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің толық сипаттамасы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығымен өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Негізгі орта, жалпы орта білім
туралы құжаттардың телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің регламентіне қосымша
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының өзара әрекет етуі;