РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберiнде кредиттер бойынша кепiлдiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Кәсіпкерлік қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № А-5/226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4270 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 22 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Н.Нұрмолдинға жүктелсін.
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі С.Кулагин
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/274 қаулысымен
бекітілді
«Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөршерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөршерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) отырысының хаттамасынан үзінді көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер сыйақы мөршерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттардың қабылдауын, олардың тіркелуін жүргізеді – 15 минут. Нәтижесі – басшылыққа өтінішті жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабарлармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, ӨҮК отырысына қарау үшін құжаттардың толық пакетімен қоса көрсетілетін қызметті алушы бағдарламасының жобасын қарауға енгізеді – 19 жұмыс күн. Нәтижесі – ӨҮК отырысына көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын жіберу немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлеу;
4) ӨҮК көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарайды, субсидия беру мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы шешiм қабылдайды. Нәтижесі - ӨҮК отырысының хаттамасы – 3 жұмыс күні.
5) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіні әзірлейді. Нәтижесі - ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді - 30 минут.
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндісіне қол қояды – 15 минут. Нәтижесі - ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіге қол қою;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 минут.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы;
4) ӨҮК.
7. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттардың қабылдауын жүргізеді және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қою үшін жібереді – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қойып, жауапты орындаушыға жібереді – 15 минут;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, материалдармен бірге құжаттарды ӨҮК қарауына тапсырады – 19 жұмыс күн;
4) ӨҮК көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарап, жауапты орындаушыға ӨҮК отырысының хаттамасын тапсырады – 3 жұмыс күні;
5) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіні дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады – 30 минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіге қол қояды – 15 минут;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды – 20 минут.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет етудің тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Бизнестiң жол картасы - 2020»
бағдарламасы шеңберiнде кредиттер
бойынша сыйақы мөршерлемесіне
субсидия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
ҚФБ – құрылымдық функционалдық бірілігі: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің);
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/274 қаулысымен
бекітілді
«Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде кредиттер бойынша кепiлдiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде кредиттер бойынша кепiлдiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) отырысының хаттамасынан үзінді көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде кредиттер бойынша кепiлдiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүргізеді – 15 минут. Нәтижесі – өтініші басшылыққа жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, ӨҮК отырысына қарау үшін құжаттардың толық пакетімен қоса көрсетілетін қызметті алушы бағдарламасының жобасын қарауға енгізеді – 11 жұмыс күні. Нәтижесі – ӨҮК отырысына көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын жіберу;
4) ӨҮК көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарайды, кредиттер бойынша кепiлдiктер беру мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы шешiм қабылдайды. Нәтижесі - ӨҮК отырысының хаттамасы – 3 жұмыс күні.
5) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіні әзірлейді. Нәтижесі - ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді - 30 минут.
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ӨҮК отырысының хататмасынан үзіндіге қол қояды – 15 минут. Нәтижесі - ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіге қол қою;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 минут.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті беруші бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы;
4) ӨҮК.
7. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттардың қабылдауын жүргізеді және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қою үшін жібереді – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қойып, жауапты орындаушыға жібереді – 15 минут;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, материалдармен бірге құжаттарды қарауға тапсырады – 11 жұмыс күні;
4) ӨҮК көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарап, жауапты орындаушыға ӨҮК отырысының хаттамасын тапсырады – 3 жұмыс күні;
5) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіні дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады – 30 минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіге қол қояды – 15 минут;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды – 20 минут.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет етудің тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Бизнестiң жол картасы - 2020»
бағдарламасы шеңберiнде кредиттер
бойынша кепiлдiктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
ҚФБ – құрылымдық функционалдық бірілігі: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің);
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/274 қаулысымен
бекітілді
«Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Грантты беру туралы шарт (бұдан әрі - шарт) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттардың қабылдауын, олардың тіркелуін жүргізеді – 15 минут. Нәтижесі – басшылыққа өтінішті жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - ӨҮК) отырысына қарау үшін құжаттардың толық пакетімен қоса көрсетілетін қызметті алушы бағдарламасының жобасын қарауға енгізеді – 39 жұмыс күні. Нәтижесі – ӨҮК отырысына көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын жіберу;
4) ӨҮК көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарайды, гранттар беру мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы шешiм қабылдайды. Нәтижесі - ӨҮК отырысының хаттамасы – 3 жұмыс күні.
5) жауапты орындаушы шарт дайындайды. Нәтижесі - шарт - 30 минут.
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі - шартқа қол қою;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі шартты көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 минут.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті беруші бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы;
4) ӨҮК.
7. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттардың қабылдауын жүргізеді және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қою үшін жібереді – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қойып, жауапты орындаушыға жібереді – 15 минут;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, материалдармен бірге құжаттарды ӨҮК қарауына тапсырады – 40 жұмыс күн;
4) ӨҮК көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарап, жауапты орындаушыға ӨҮК отырысының хаттамасын тапсырады – 3 жұмыс күн;
5) жауапты орындаушы шартты дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады – 30 минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шартқа қол қояды – 15 минут;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі шартты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды – 20 минут.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет етудің тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Бизнестiң жол картасы - 2020»
бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік
гранттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
ҚФБ – құрылымдық функционалдық бірілігі: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің);
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/274 қаулысымен
бекітілді
«Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) отырысының хаттамасынан үзінді көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны-қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттардың қабылдауын, олардың тіркелуін жүргізеді – 15 минут. Нәтижесі – басшылыққа өтінішті жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, ӨҮК отырысына қарау үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың толық пакетімен қоса бағдарлама жобасын қарауға енгізеді – 11 жұмыс күні. Нәтижесі – ӨҮК отырысына көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын жіберу;
4) ӨҮК көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарайды, өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешiм қабылдайды. Нәтижесі - ӨҮК отырысының хаттамасы – 3 жұмыс күн.
5) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіні әзірлейді. Нәтижесі - ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді - 30 минут.
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндісіне қол қояды – 15 минут. Нәтижесі - ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіге қол қою;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 минут.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті беруші бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы;
4) ӨҮК.
7. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттардың қабылдауын жүргізеді және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қою үшін жібереді – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қойып, жауапты орындаушыға жібереді – 15 минут;
3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді, материалдармен бірге құжаттарды ӨҮК қарауына тапсырады – 11 жұмыс күні;
4) ӨҮК көрсетілетін қызметті алушының бағдарлама жобасын қарап, жауапты орындаушыға ӨҮК отырысының хаттамасын тапсырады – 3 жұмыс күні;
5) жауапты орындаушы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіні дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады – 30 минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіге қол қояды – 15 минут;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ӨҮК отырысының хаттамасынан үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды – 20 минут.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет етудің тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Бизнестiң жол картасы - 2020»
бағдарламасы шеңберiнде өндiрiстiк
(индустриялық) инфрақұрылымды
дамыту бойынша қолдау көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет