"Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/277 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 шілдеде № 4881 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары  лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
      3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/277 қаулысымен 
бекітілді       

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Ақмола облысының білім басқармасымен, аудандық, Көкшетау және Степногорск қалалық білім бөлімдерімен көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. «Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі беру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш сомасында сыйақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
      1) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кеңсесі жыл сайын 1 сәуірге дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут. Нәтижесі – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою.
      Конкурстың бірінші кезеңі жыл сайын сәуірде өткізіледі. Аудандық, қалалық комиссия конкурс жеңімпаздарын анықтайды және екінші (облыстық) кезеңге қатысу үшін ұсынымдама береді;
      2) Ақмола облысы білім басқармасының кеңсесі жыл сайын 1 мамырға дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут. Нәтижесі – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою.
      Конкурстың екінші кезеңі жыл сайын мамырда өткізіледі. Облыстық комиссия конкурс жеңімпаздарын анықтайды және үшінші (республикалық) кезеңге қатысу үшін ұсынымдама береді;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесі 30 тамызға дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут. Нәтижесі – «Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі беру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш сомасында сыйақы төлеу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кеңсесі;
      2) Ақмола облысы білім басқармасының кеңсесі;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесі.
      7. Әрбір рәсімнің ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау:
      1) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кеңсесі жыл сайын 1 сәуірге дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;
      2) Ақмола облысының білім басқармасының кеңсесі жыл сайын 1 мамырға дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесі 30 тамызға дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимылдарының), құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) кезеңділігін толық сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау»  
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
регламентіне қосымша       

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ А-6/277 қаулысымен 
бекітілді       

«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының білім басқармасымен, аудандық, Көкшетау және Степногорск қалалық білім бөлімдерімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Конкурс қатысушысының мемлекеттік орта білім беру мекемесі басшысының лауазымына орналасу үшін бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі туралы конкурстық комиссияның шешімі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут. Нәтижесі – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою және құжаттарды басшылыққа жолдау;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар топтамасымен танысады – 1 күнтізбелік күн. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) жауапты орындаушы конкурстық комиссия құру туралы бұйрықтың жобасын дайындайды – 5 күнтізбелік күн. Нәтижесі – конкурстық комиссияны құру;
      4) конкурстық комиссия біліктілік талаптарына сәйкестігіне дауыс беру арқылы отырыс өткізеді - 10 күнтізбелік күн ішінде. Нәтижесі – біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлердің тізімін бекіту және/немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      5) конкурстық комиссия біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурс қатысушыларына олардың кандидат ретінде тіркелгендігі туралы хабарлайды - 5 күнтізбелік күн ішінде. Нәтижесі – әңгімелесудің күні, уақыты және өтетін жері;
      6) конкурстық комиссия әңгімелесуді өткізеді - 7 күнтізбелік күн ішінде. Нәтижесі – конкурс қатысушысының орта білім беру мемлекеттік мекемесі басшысының лауазымына орналасу үшін бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі туралы конкурстық комиссияның шешімі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) жауапты орындаушы;
      4) конкурстық комиссия
      7. Әрбір рәсімнің ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар топтамасымен танысады – 1 күнтізбелік күн;
      3) жауапты орындаушы конкурстық комиссияны құру туралы бұйрықтың жобасын дайындайды – 5 күнтізбелік күн;
      4) конкурстық комиссия біліктілік талаптарына сәйкестігіне дауыс беру арқылы отырыс өткізеді - 10 күнтізбелік күн ішінде;
      5) конкурстық комиссия біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурс қатысушыларына олардың кандидат ретінде тіркелгендігі туралы хабарлайды - 5 күнтізбелік күн ішінде.
      6) конкурстық комиссия әңгімелесуді өткізеді - 7 күнтізбелік күн ішінде.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимылдарының), құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) кезеңділігін толық сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Мемлекеттік орта білім беру   
мекемелерінің басшылары лауазымдарына
орналасу конкурсына қатысу үшін  
құжаттарды қабылдау» мемлекеттік 
көрсетілетін қызметтің      
регламентіне қосымша       

«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің);