Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № А-6/250 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 шілдеде № 4870 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № А-5/257 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4300 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылдың 7 тамызында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ А-6/250 қаулысымен  
бекітілді        

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысы аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының, кенттерінің, ауылдарының, ауылдық округтерінің жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті беруші: «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО), «электронды үкімет» www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру болып табылады, мектепке дейінгі ұйымда орын болмаған жағдайда кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің нәтижесін ұсыну нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
      1) жауапты маман құжаттарды қабылдайды, құжатардың толықтығын тексереді, сондай-ақ оны тіркеуді жүзеге асырады, жолдама жобасын дайындайды – 10 минут. Нәтижесі – құжаттарды тіркеу;
      2) Көрсетілетін қызмет берушінің басшылығы жолдамамен танысады және қол қояды – 5 минут. Нәтижесі - мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру.
      3) мектепке дейінгі ұйымда орын болмаған жағдайда жауапты маман құжаттарды қабылдайды, құжаттардың толықтығын тексереді, сондай-ақ оны тіркеуді жүзеге асырады, хабарлама дайындайды – 15 минут. Нәтижесі - кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.
      7. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметшілердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау:
      1) жауапты маман құжаттарды қабылдайды, құжаттардың толықтығын тексереді, сондай-ақ тіркеуді жүзеге асырады, жолдама жобасын дайындайды – 10 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы жолдамамен танысады және қол қояды – 5 минут;
      3) мектепке дейінгі ұйымда орын болмаған жағдайда, жауапты маман құжаттарды қабылдайды, құжаттардың толықтығын тексереді, сондай-ақ оны тіркеуді жүзеге асырады, хабарлама дайындайды – 15 минут.

4. ХҚКО-мен және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      8. ХҚКО-на өтініш білдіру тәртібін, көрсетілетін қызмет берушінің сұрау салуын өңдеудің ұзақтығын сипаттау:
      1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-на өтініш білдіреді.
      2) ХҚКО-ның қызметкері өтініштердің жұрыс толтырылғанын және құжаттар пакетінің толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті қолхат береді – 5 минут;
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда ХҚКО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
      3) ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасы заңдарында басқаша қарастырылмаса, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады – 5 минут;
      4) ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырады, көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпаратты және берілген құжаттар тізімін енгізеді -10 минут;
      5) ХҚКО-ның қызметкері құжаттар пакетін қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру нәтижесін береді – 10 минут.
      9. Өтініш білдіру тәртібін және қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудегі рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық сандық қолтаңба (бұдан әрі - ЭСҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭСҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушымен құпия сөзді енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);
      3) 1 - шарт – логин, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) және құпия сөз арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің Порталда дұрыстығын тексеру;
      4) 2 - процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны Порталмен құрастыру;
      5) 3 - процесс – көрсетілетін қызмет алушы осы Регламентте көрсетілген көрсетілетін қызметті таңдауы, көрсетілетін қызметті беруге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызмет алушының нысанын (деректерді енгізу) оның құрылымы мен форматы талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде бекітумен толтыру;
      6) 2-шарт – порталда ЭСҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестікті тексеру (сұрау салуда көрсетілген ЖСН арасында және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН);
      7) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ дұрыстығының расталмауымен байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5 - процесс – көрсетілетін қызмет берушінің сұрау салуын өңдеу үшін «электронды үкімет» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ АЖО) арқылы көрсетілетін қызмет алушының ЭСҚ (қолы қойылған) куәландырған (қызмет алушының сұрауын) электронды құжатты жолдау;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызмет алушының Стандартта көрсетілген және қызметтерді көрсету үшін негізделіп қоса берілген құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің тексеруі;
      10) 6 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама дайындау;
      11) 7 – процесс – көрсетілетін қызмет алушы Порталмен қалыптастырылған (электронды құжат түрінде хабарлама) қызметтің нәтижесін алуы. Электронды құжат көрсетілетін қызмет берушінің өкілетті тұлғасының ЭСҚ пайдаланумен қалыптасады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру кезіндегі іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет ету диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің толық сипаттамасы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына
жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы
(7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің  
регламентіне 1-қосымша         

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру барысындағы функционалдық өзара әрекет етудің диаграммасы

Қысқартылған сөздері толық жазылуы:
Порталдың ақпараттық жүйе – Портал АЖ;
«Электрондық үкіметтің» шлюзі – ЭҮШ;
Автоматтандырылған жұмыс орны «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі – АЖО ЭҮӨШ.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына
жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы
(7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің  
регламентіне 2-қосымша        

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығы

*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара әрекет етуі;

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ А-6/250 қаулысымен 
бекітілді       

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар пакетін қабылдайды және тіркейді – 10 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына құжаттарды қол қою үшін жолдау;
      2) басшы құжаттардың толықтығын тексереді, қол қояды және баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы шешім береді – 20 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы шешім беру;

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) жауапты орындаушы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.
      7. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (әрекеттің) кезеңділігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар пакетін қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 10 минут;
      2) басшы құжаттардың толықтығын тексереді, қол қояды және баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы шешім береді – 20 минут.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру процесінде көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимылдарының), құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) кезеңділігін толық сипаттау, осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және балаларды 
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін 
қызметтің регламентіне қосымша   

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің бизнес-процестерінің анықтамалығы