РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді камтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С.Кулагин
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 мамырдағы № А-5/216
қаулысымен бекітілген
«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомствоға бағынысты ұйымдары бар.
3. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдерді қабылдайды.
8. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, индекс 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, А.С. Пушкин көшесі, 23.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ережесі «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
13. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, басты мақсаттары, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: халықты жұмыспен қамту, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету, халықтың көші-қон салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
15. Мақсаты: халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы салааралық үйлестіру мен мемлекеттік басқаруды іске асыру.
16. Функциялары:
1) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
2) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
3) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
4) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
5) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
6) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
7) жастар практикасын ұйымдастыру жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;
8) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетуге мониторинг жүргізу;
9) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру;
10) Ақмола облысының аумағында мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуды ұйымдастыру;
11) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
12) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий - курорттық емделуiн қамтамасыз ету;
13) оралмандарды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асыру;
14) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдау;
15) оралмандарды уақытша орналастыру орталығының қызметiн ұйымдастыру;
16) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға еңбек ресурстарының қажеттiлiгiн ескере отырып, iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстарды енгiзу;
17) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстарды енгiзу;
18) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
19) оралман куәлігін беру;
20) жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттарды беру, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұру және қайтарып алу;
21) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шетелдік қызметкерлерге халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа орналасуға рұқсаттарды беру, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және қайтарып алу;
22) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
23) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
24) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы субъектілерді құру және олардың қызметін қамтамасыз ету;
25) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
26) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және еңбегіне ақы төлеу жүйесінің параметрлерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қарау және келісу;
27) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
28) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiру;
29) тұрақты күтімді және медициналық қызмет көрсетуді қажет ететін азаматтарға медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау;
30) мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу жұмысын үйлестіру;
31) Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан басқарманың қызметін іске асыру үшін қажетті құжаттарды, сондай-ақ ақпаратты сұрау және алу;
Сараптау кеңесінің табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне бағаларының (тарифтерінің) жобаларын талқылау бойынша отырыстарына, бұқаралық тыңдауларға қатысу;
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, тұрғын үй көмегін, үйде оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмекті, «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша айтулы ақшалай көмекті төлеу мониторингін жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатылады.
19. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
1) «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылық етеді.
2) заңнамаға сәйкес «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларын, ведомствоға бағынышты мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынышты ұйымдардың басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік, басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауапкершілік атқарады.
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік ( ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Ақмола облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге қосымша
Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бұланды ауданы, Макинск қаласы, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбекшілдер ауданы, Макинка ауылы, қарттар мен мүгедектерге арналған Макинка медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Целиноград ауданы, Малотимофеевка ауылы, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Шортанды ауданы, Дамса ауылы, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Көкшетау қаласы, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі;
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Астрахан ауданы, Первомайка ауылы, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бұланды ауданы, Купчановка ауылы, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шортанды ауданы, Жолымбет кентінің психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.