Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 102-2341 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 997 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз!

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416, «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрықтарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Құрманғалиев Әсет Қабиұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Әлиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Ә. Жақсыбеков

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 102-2341 қаулысымен  
бекітілген        

«Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі аттестаттау туралы куәлік болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығымен бекітілген «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының тапсыруы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) 1-рәсім: көрсетілетін қызметті алушымен өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы беріледі, тіркеу нөмірін берумен және күнімен тіркеледі, бұдан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін (құжаттарын) тіркеу;
      2) 2-рәсім: көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының өтінішін бөлім басшысына береді. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – орындау үшін көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары;
      3) 3-рәсім: көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін бөлімнің жауапты маманына тапсырады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты орындаушысын анықтау;
      4) 4-рәсім: – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы ұсынылған құжаттарды қарастырады және Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау бойынша аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жолдайды.
Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 3 (үш) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын толықтығын қарастыру және әрі қарай Комиссияға жолдау;
      Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттаудан өткізу үшiн Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес Әкімдіктің, оның ішінде «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы», «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемелерінің өкiлдерiнен тұратын Комиссия құрылады.
      5) 5-рәсім: Комиссия көрсетілетін көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманынан аттестаттауға (қайта аттестаттауға) өтініш түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарастырады және барлық құжаттар толық болған жағдайда, өтініш берушіні аттестаттау өткізу күні және орны туралы хабардар етеді. Комиссия ұсынылған құжаттарды қарастырып және әңгімелесу жүргізіп, көпшілік дауыспен көрсетілетін қызметті алушының апробатор дәрежесіне сай болуы немесе сай болмауы туралы шешім қабылдайды. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 10 (он) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен рәсімделген Комиссияның шешімі;
      6) 6-рәсім: көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі Комиссияның оң нәтижелі қорытындысын алғандарға апробатор дәрежесін тағайындайды және аттестаттау туралы куәлікті береді. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 1 (бір) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлікті беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы және (немесе) оның орынбасары;
      3) бөлім басшысы;
      4) бөлімнің жауапты маманы;
      5) Комиссия.
      6. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ҚФБ арасында рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-сызбамен сүйемелденеді.
      Осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      7. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшада көрсетілген.
      Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы қадамдық әрекеттері мен шешімдері (мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 1 диаграммасы) осы Регламентке 4-қосымшада келтірілген:
      1) көрсетілетін қызметті алушы компьютердің интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (порталға тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының компьютердің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекітуі, көрсетілетін қызметті алушының паролін порталға енгізу процесі (авторландыру процесі);
      3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН/БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, қызмет алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды бекіту;
      6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметке ақы төлеу, бұдан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» мемлекетттік деректер базасының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) келіп түседі;
      7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті көрсету үшін төлеу дерегін тексеру;
      8) 5-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының тіркелген ЭЦҚ куәлігін таңдауы;
      10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін порталда тексеру;
      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8-процесс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      13) 9-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық құжатты тіркеу (қызмет алушының сұранысы) және «Е-лицензиялау» мемлекетттік деректер базасының ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ АЖО) сұранысты өңдеу;
      14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің куәлік беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелерге сәйкестігін тексеру;
      15) 10-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ АЖО -да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының МДБ АЖ АЖО -да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

«Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
регламентіне          
1-қосымша           

Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде әрбір рәсімнің
(іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып ҚФБ арасында рәсімдер
(іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (орынбасары)

Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы

Аттестаттау комиссиясы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы

Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдау және тіркеу

Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастыру

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманын анықтау

Ұсынылған құжаттардың толықтығына бастапқы тексеру жүргізу

Құжаттарды қарастыру, барлық құжаттар толық болған жағдайда - көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау өткізу күні және орны туралы хабардар ету. Комиссия ұсынылған құжаттарды қарастырып және әңгімелесу жүргізіп, көпшілік дауыспен көрсетілетін қызметті алушы апробатор дәрежесіне сай болуы немесе сай болмауы туралы шешім қабылдайды

Комиссияның оң нәтижелі қорытындысын алғандар көрсетілетін қызметті алушыларға апробатор дәрежесін тағайындайдау және аттестаттау туралы куәлікті беру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, Ұйымдастырушылық өкімдік шешім)

Тіркеу нөмірі және күні

Кейіннен көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысына беру үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне қарары

Кейіннен көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманына беру үшін қарары

Ұсынылған құжаттардың толықтығына бастапқы тексеру жүргізу, өтініш материалдарын қадағалау парағына жазу жазу. Құжаттардың толық еместігі және біліктілік талаптарына сәйкес еместігі анықталғанда, әрі қарай қарастырудан дәлелді бас тарту жөнінде жауап

Хаттамамен рәсімделген Комиссия шешімі 

Аттестаттау туралы куәлік

Орындау мерзімдері

15 (он бес) минут ішінде

15 (он бес) минут ішінде

15 (он бес) минут ішінде

3 (үш) жұмыс күні

10 (он) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

«Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
регламентіне          
2-қосымша           

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-үдерістерінің
анықтамасы

«Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
регламентіне          
3-қосымша           

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі
көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті
алушының өтініш беру тәртібі және рәсімдер (іс-қимылдар)
реттілігінің сипаттамасы

«Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
регламентіне          
4-қосымша           

№ 1 диаграмма. Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы
қадамдық әрекеттері мен шешімдері (мемлекеттік қызметті көрсету
кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесуі)

№ 2 диаграмма. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы
қадамдық әрекеттер мен шешімдер (мемлекеттік қызметті көрсету
кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесуі)

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 102-2341 қаулысымен  
бекітілген       

«Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші
көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында аттестаттау туралы куәлікті беру немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығымен бекітілген «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар тізімі қоса берілген өтінішті тапсыруы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіз болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1-рәсім: көрсетілетін қызметті алушы өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы береді, тіркеу нөмірін берумен және күнімен тіркеледі, бұдан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін (құжаттарын) тіркеу;
      2-рәсім: көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына береді. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен тіркелген құжаттар орындауға жіберіледі;
      3-рәсім: көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін бөлімнің маманына тапсырады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты орындаушысын анықтау;
      1-шарт – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының аттестаттау туралы куәлік алу туралы өтінішін әрі қарай қарастырудан бас тарту жөнінде жазбаша жауап береді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының аттестаттау туралы куәлік алуға ұсынылған құжаттардың толықтығын қарастыру;
      4-рәсім: көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардың бірегей тұқымдарды өндірушілерге, элиталық-тұқымдық шаруашылықтарға, тұқымдық шаруашылықтарға, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау бойынша сараптау комиссиясының (бұдан әрі – Сараптау комиссиясы) қарауына жолдайды. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 2 (екі) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Сараптау комиссиясының алуы;
      Сараптау комиссиясы өткізу үшiн Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес Әкімдіктің, оның ішінде «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы», «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемелерінің өкiлдерiнен тұратын комиссия құрылады.
      5-рәсім: Сараптау комиссиясы көрсетілетін қызметті алушыдан аттестаттауға өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады, қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актісі жасалады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 10 (он) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Сараптау комиссияның мүшелерімен көрсетілетін қызметті алушының аттестаттау туралы куәлік алу үшін керекті құжаттарын орынға шыға отырып қарастыруы;
      6-рәсім: Сараптау комиссиясы көпшілік дауыспен көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сәйкестілігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 3 (үш) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сәйкестілігі немесе дәлелденген түрде бас тарту туралы Сараптау комиссиясының шешімі мен барлық Сараптау комиссиясы мүшелерінің қолы қойылған хаттама;
      7-рәсім: көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы куәлікті беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді түрде бас тартады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 1 (бір) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлікті беру немесе бас тарту жөніндегі дәлелді жауап.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
      3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы;
      5) Сараптау комиссиясы.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып ҚФБ арасында рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      Осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      7. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы мен шешімдері осы Регламентке 3-қосымшада және мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық арақатынастар 12-диаграммаларда келтірілген:
      1) көрсетілетін қызметті алушы компьютердің интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (порталға тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының компьютердің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекітуі, көрсетілетін қызметті алушының паролін порталға енгізу процесі (авторландыру процесі);
      3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН/БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, қызмет алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды бекіту;
      6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметке ақы төлеу, бұдан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» мемлекетттік деректер базасының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) келіп түседі;
      7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ- да қызметті көрсету үшін төлеу дерегін тексеру;
      8) 5-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының тіркелген ЭЦҚ куәлігін таңдауы;
      10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін порталда тексеру;
      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8-процесс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      13) 9-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық құжатты тіркеу (қызмет алушының сұранысы) және «Е-лицензиялау» мемлекетттік деректер базасының ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі- «Е-лицензиялау» МДБ АЖ АЖО) сұранысты өңдеу;
      14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің куәлік беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелерге сәйкестігін тексеру;
      15) 10-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ АЖО -да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының МДБ АЖ АЖО -да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға қажетті құжаттарды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
      1) 1-процесс – ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдайды;
      2) 2-процесс – ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқаларын жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады;
      3) 3-процесс – ХҚО қызметкері өтінішті тіркейді.
      10. Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері сипаттамасы мынадай түрде жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және парольді порталға енгізу процессі (авторизациялау процессі);
      3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      5) 3-процесс – Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды (деректерді енгізу) толтыру, сұраным нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттар көшірмелерінің бекітілуі, сондай-ақ сұранымды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алу;
      6) 2-шарт – порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайта алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұранымда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты сұратып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 3-шарт – көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатын (көрсетілетін қызметті алушының сұранымын) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің сұранымды өңдеу үшін автоматтандырылған жұмыс орнына жолдау, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі;
      9) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы қоса берген Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздеріне сәйкестігін тексеруі;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

«Бірегей және элиталық тұқымдар,
бірінші, екінші және үшінші  
көбейтілген тұқым өндірушілерді,
тұқым өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет регламентіне     
1-қосымша          

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып
ҚФБ арасында рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

Құрылымдық бөлімшенің аты

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (орынбасары)

Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы

Сараптау комиссиясы

Сараптау комиссиясы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдау және тіркеу

Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастыру

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманын анықтау

Көрсетілетін қызметті беруші ұсынған құжаттарды Сараптау комиссиясына қарастыруға жолдау

Ұсынылған құжаттарды қарастыру және көрсетілетін қызметті алушылардың қойылатын талаптарға сәйкестігін объекті орнына шыға отырып тексеру

Көрсетілетін қызметті алушылардың қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдау

Көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы куәлікті рәсімдеу және беру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық өкімдік шешім)

Тіркеу нөмірі және күні

Кейіннен көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысына беру үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне қарары

Кейіннен көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманына беру үшін қарары

Аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүргізу

Тексеру актісі

Сараптау комиссиясының шешімі

Аттестаттау туралы куәлікті беру туралы арнайы журналға белгі қою

Орындау мерзімдері

30 (отыз) минуттан аспайды

30 (отыз) минуттан аспайды

30 (отыз) минуттан аспайды

2 (екі) жұмыс күні

10 (он) жұмыс күні

3 (үш) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

«Бірегей және элиталық тұқымдар,
бірінші, екінші және үшінші  
көбейтілген тұқым өндірушілерді,
тұқым өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет регламентіне      
2-қосымша         

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-үдерістерінің
анықтамасы

«Бірегей және элиталық тұқымдар,
бірінші, екінші және үшінші  
көбейтілген тұқым өндірушілерді,
тұқым өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет регламентіне      
3-қосымша         

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қызмет
беруші мен қызмет алушының өтініш беру тәртібінің және
рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы

№ 1 диаграмма.  Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы
қадамдық әрекеттері мен шешімдері (мемлекеттік қызметті
көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесуі)

№ 2 диаграмма. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы
қадамдық әрекеттер мен шешімдер (қызметті көрсету кезіндегі
функционалдық өзара әрекеттесуі)

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 102-2341 қаулысымен  
бекітілген        

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығымен бекітілген «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес нысан бойынша құжаттар тізілімі қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтінімі мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастаудың негізі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1-рәсім: көрсетілетін қызметті алушы өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырады, тіркеу күні мен нөмірі жазылған тіркеуден өтеді, бұдан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін (құжаттарын) тіркеу;
      2-рәсім: көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының өтінішін бөлім басшысына береді. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары орындау үшін жіберіледі;
      3-рәсім: көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін бөлімнің жауапты маманына тапсырады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты орындаушысын анықтау;
      4-рәсім: көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидияларды анықтау және бөлу бойынша ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі – ВАК) қарауына енгiзедi. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға пысықтауға қайтарылады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 1 (бір) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидия алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарын қарастыру және ВАК жолдау;
      Субсидиялар алуға арналған тiзiмiн айқындау үшiн Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес Әкімдіктің, оның ішінде «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы», «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы», «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемелерінің, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын ВАК құрылады.
      5-рәсім: ВАК тапсырылған құжаттарды қарастырады, субсидия алуға көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін жасайды және Астана қаласының әкiмiне (бұдан әрі – әкім) бекiтуге ұсынады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 2 (екі) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өскен көшеттердің болуын тексеру және егiстiктi қабылдау актісін жасау;
      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының қызмет алуға өтінішін одан әрі қараудан жазбаша дәлелденген түрде бас тартады – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      6-рәсім: Әкiм көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекiтеді. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыт – 1 (бір) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекiту;
      7-рәсім: субсидия төлеуге арналған ведомості қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлiмшесіне төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсынады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 1 (бір) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тізілімді аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жолдау.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы және (немесе) оның орынбасары;
      3) бөлім басшысы;
      4) бөлімнің жауапты маманы;
      5) ВАК;
      6) Астана қаласының әкімі.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-сызбамен сүйемелденеді.
      8. осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау
тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі қарастырылмаған.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді.
      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Стандарттың 8-тармағында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша    

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері
(қызметкерлері) арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың)
реттілігін сипаттау блок-сызбасы

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша    

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-үдерістерінің
анықтамасы