Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 102-2131 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 985 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармақшасына және «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Құрманғалиев Әсет Қабиұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Әлиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Ә. Жақсыбеков

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 102-2131 қаулысымен  
бекітілген       

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушыдан немесе оның өкілінен (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, белгіленген нысандағы өтінішін мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1-процесс: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 10 (он) минут.
      2-процесс: көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтаманы рәсімдейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары қол қояды – 20 (жиырма) минут.
      3-процесс: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы қол қойылған анықтаманы береді – 10 (он) минут.
      6. келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі.
      1-процестің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді.
      2-процестің нәтижесі – құжаттарды дайындау және жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтамаға қол қою;
      3-процестің нәтижесі – жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтаманы береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық
бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті
берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) бөлімінің жауапты маманы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы және (немесе) оның орынбасары.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркейді – 10 (он) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады, жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтамаға қол қояды – 20 (жиырма) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы қол қойылған анықтаманы береді – 10 (он) минут.
      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемада көрсетілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға қажетті құжаттарды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
      1) 1-процесс – ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдайды;
      2) 2-процесс – ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқаларын жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады;
      3) 3-процесс – ХҚО қызметкері өтінішті тіркейді және жиырма минут ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін береді.
      ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      10. Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері сипаттамасы мынадай түрде жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және парольді порталға енгізу процессі (авторизациялау процессі);
      3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      5) 3-процесс – Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды (деректерді енгізу) толтыру, сұраным нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттар көшірмелерінің бекітілуі, сондай-ақ сұранымды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алу;
      6) 2-шарт – порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайта алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұранымда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты сұратып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 3-шарт – көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатын (көрсетілетін қызметті алушының сұранымын) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің сұранымды өңдеу үшін автоматтандырылған жұмыс орнына жолдау, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі;
      9) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы қоса берген Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздеріне сәйкестігін тексеруі;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдаланылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 3 қосымшасында көрсетілген.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың 
бар екендігі туралы анықтама
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне    
1-қосымша         

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының блок-сызбасы

«Жеке қосалқы шаруашылықтың 
бар екендігі туралы анықтама
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне    
2-қосымша         

ХҚО-мен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібінің сондай-ақ, мемлекеттік қызметті
көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің
сипаттамасы

«Жеке қосалқы шаруашылықтың 
бар екендігі туралы анықтама
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне    
3-қосымша         

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қатысатын
ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 102-2131 қаулысымен 
бекітілген       

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы
өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін Астана қаласы бойынша жиынтық акт болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен тегін көрсетiледi.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді қабылдап алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1-рәсім: көрсетілетін қызметті алушы өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырады, тіркеу нөмірін және күнін берумен тіркеледі, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не болмаса оның орынбасарына жіберіледі. Осы рәсімді іске асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      2-рәсім: көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының өтінімін бөлім басшысына тапсырады. Осы рәсімді іске асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      3-рәсім: көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінімін бөлімнің жауапты маманына тапсырады. Осы рәсімді іске асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      4-рәсім: көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы құжаттар мен өтінімдерді қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды толықтығына тексереді және ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне бөлінетін субсидияны бөлуді анықтау үшін Ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына енгізеді. Көрсетілетін қызметті алушының тапсырған құжаттары толық болмаған жағдайда, өтінім мен құжаттар толықтыруға кері қайтарылады. Осы рәсімді іске асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 12 (он екі) жұмыс күні.
      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының қызмет алуға өтінішін одан әрі қараудан жазбаша дәлелденген түрде бас тартады – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      5-рәсім: ВАК ұсынылған құжаттарды қарастырып, субсидия алуға көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін қалыптастырады және тізімді Астана қаласы әкімінің бекітуіне жібереді. Осы рәсімді іске асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 7 (жеті) жұмыс күні.
      6-рәсім: субсидия алушылар тізімін қалыптастырады және қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлеуге есеп шоттар тізілімін ұсынады. Осы рәсімді іске асыру үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 2 (екі) жұмыс күні.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі.
      1-рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (құжаттарын) тіркеу;
      2-рәсімнің нәтижесі – тіркелген құжаттары көрсетілетін қызметті берушінің бұрыштамасын қойып орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына береді;
      3-рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты орындаушысын анықтау;
      4-рәсімнің нәтижесі – субсидия алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастыру;
      5-рәсімнің нәтижесі – субсидия алу үшін көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін қалыптастырады және бекітеді;
      6-рәсімнің нәтижесі – қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне тізілімді жіберу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер
(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
      3) бөлімнің басшысы;
      4) бөлімнің жауапты маманы;
      5) ВАК;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемада көрсетілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің,
сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі қарастырылмаған.
      10. Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері сипаттамасы мынадай түрде жүзеге асырылады:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және парольді порталға енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      5) 3-процесс – Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды (деректерді енгізу) толтыру, сұраным нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттар көшірмелерінің бекітілуі, сондай-ақ сұранымды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алу;
      6) 2-шарт – порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайта алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұранымда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты сұратып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 3-шарт – көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатын (көрсетілетін қызметті алушының сұранымын) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің сұранымды өңдеу үшін автоматтандырылған жұмыс орнына жолдау, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі;
      9) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы қоса берген Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздеріне сәйкестігін тексеруі;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдаланылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығы  
өнімінің өнімділігін және  
сапасын арттыруды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне     
1-қосымша          

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау