Орта білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 107-1679 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 3 қарашада № 962 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 «Балаларға қосымша білім беру және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсын өткізу саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы», 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрықтарға сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) 1-қосымшаға сәйкес «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) 2-қосымшаға сәйкес «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) 3-қосымшаға сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) 4-қосымшаға сәйкес «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі                     Ә. Жақсыбеков

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 107-1679 қаулысына  
1-қосымша       

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласының негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырады.
      Осы «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – негізгі орта білім туралы куәліктің телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын беру.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар жиынтағын беру мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1-әрекет – негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беруді ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құжаттарды жоғалтқан, көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарды қабылдауы, қарауы және өтінішті тіркеуі – құжаттарды тапсырған күні 15 (он бес) минут ішінде.
      1-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құжаттарды жоғалтқан, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеуі болып табылады;
      2-әрекет – құжаттардың телнұсқаларын беру жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құжаттарды білім беру ұйымына беруі – 3 (үш) жұмыс күн ішінде.
      2-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі білім беру ұйымдарына құжаттарды тапсыру болып табылады;
      3-әрекет – білім беру ұйымы басшысының орынбасарымен құжаттардың Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкестігін қарауы – 3 (үш) жұмыс күн ішінде.
      3-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі білім беру ұйымы басшысының орынбасары құжаттардың Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкестігін қарауы болып табылады;
      4-әрекет – білім беру ұйымы басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы – 3 (үш) жұмыс күн ішінде.
      4-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі білім беру ұйымы басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы;
      5-әрекет – білім беру ұйымының басшысы «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесін жіберуі – 3 (үш) жұмыс күн ішінде.
      5-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі білім беру ұйымының басшысы Басқармаға мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесін жіберуі болып табылады;
      6-әрекет – құжаттардың телнұсқаларын беру жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жіберуі – 3 (үш) жұмыс күн ішінде.
      6-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі құжаттардың телнұсқаларын беру жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жіберуі болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды тапсыру сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшілер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлға;
      2) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары;
      3) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымының басшысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәзімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беруді ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құжаттарды жоғалтқан, көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарды қабылдауы, қарауы және өтінішті тіркеуі – құжаттарды тапсырған күні 15 (он бес) минут ішінде;
      2) құжаттардың телнұсқаларын беру жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құжаттарды білім беру ұйымына беруі – 3 (үш) жұмыс күн ішінде;
      3) білім беру ұйымы басшысының орынбасарымен құжаттардың Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкестігін қарауы – 3 (үш) жұмыс күн ішінде;
      4) білім беру ұйымы басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы – 3 (үш) жұмыс күн ішінде;
      5) білім беру ұйымының басшысы Басқармаға мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесін жіберуі – 3 (үш) жұмыс күн ішінде;
      6) құжаттардың телнұсқаларын беру жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жіберуі – 3 (үш) жұмыс күн ішінде.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипатамасы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Регламентке 2-қосымшада көрсетілген сызба бойынша ХҚКО-ға жүгінеді және Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды тапсырады.
      9. ХҚКО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үдерісі:
      1) құжаттарды жоғалтқан кәмелеттік жасқа толмаған азамат немесе ата-ана (басқа да заңды өкілі) өтінішпен және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар жиынтығымен ХҚКО-ға жүгінеді;
      2) мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан соң мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуға жүгінеді.

«Негізгі орта, жалпы орта білім
туралы құжаттардың телнұсқаларын
беру» регламентіне      
1-қосымша           

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестер
                     анықтамалығы

      ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылдары;

«Негізгі орта, жалпы орта білім
туралы құжаттардың телнұсқаларын
беру» регламентіне      
2-қосымша           

ХҚКО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін
                      алу сызбасы

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 107-1679 қаулысына  
2-қосымша       

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласының негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетеді.
      Осы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі – негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру жөніндегі жергілікті атқарушы орган басшысы бұйрығының көшірмесі немесе бұйрықтың нөмірі мен шығарылған күні көрсетілген хат болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар жиынтығын беру мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1-әрекет – экстернат жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құжаттарды қабылдауы, қарауы және Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның заңды өкілінің) жазылған өтініштерін тіркеуі – құжаттарды беретін күні кемінде 15 (он бес) минуттан аспайды.
      1-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі экстернат жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның заңды өкілінің) жазылған өтініштерін тіркеуі болып табылады;
      2-әрекет – экстернат жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құжаттарды қарауы – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.
      2-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі экстернат жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құжаттарды қарауы болып табылады;
      3-әрекет – экстернат жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның қабылдау туралы бұйрықты дайындауы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
      3-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі экстернат жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның қабылдау туралы бұйрықты дайындауы болып табылады;
      4-әрекет – білім беру ұйымы басшысының қабылдау туралы бұйрыққа қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      4-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі білім беру ұйымы басшысының қабылдау туралы бұйрыққа қол қоюы болып табылады;
      5-әрекет – білім беру ұйымы басшысының қабылдау туралы бұйрықтың үзіндісін дайындауы, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      5-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі білім беру ұйымы басшысының қабылдау туралы бұйрықтың үзіндісін дайындауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы болып табылады;
      6-әрекет – қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жіберу – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      6-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жіберу болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар жиынтығын тапсыру сәтінен – 15 (он бес) жұмыс күннен кем емес.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшілер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) экстернат жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлға;
      2) білім беру ұйымының басшысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәзімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) экстернат жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құжаттарды қабылдауы, қарауы және Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның заңды өкілінің) жазылған өтініштерін тіркеуі – құжаттарды беретін күні 15 (он бес) минуттан аспайды.
      2) экстернат жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құжаттарды қарауы – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
      3) экстернат жұмысын ұйымдастыруға жауапты тұлғаның қабылдау туралы бұйрықты дайындауы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      4) білім беру ұйымы басшысының қабылдау туралы бұйрыққа қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      5) білім беру ұйымы басшысының қабылдау туралы бұйрықтың үзіндісін дайындауы, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      6) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жіберу – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипатамасы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Регламентке 2-қосымшада көрсетілген сызба бойынша ХҚКО-ға жүгінеді және Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды тапсырады.
      9. ХҚКО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үдерісі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) өтінішпен және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар жиынтығымен ХҚКО-ға жүгінеді – құжаттарды беретін күні кемінде 15 (он бес) минуттан аспайды;
      2) мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан соң мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуға жүгінеді.

«Негізгі орта, жалпы орта білім
беру ұйымдарында экстернат 
нысанында оқуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне        
1-қосымша          

  Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестер
                   анықтамалығы

      ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылдары;

«Негізгі орта, жалпы орта білім
беру ұйымдарында экстернат 
нысанында оқуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне        
2-қосымша          

ХҚКО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін
                     алу сызбасы

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 107-1679 қаулысына  
3-қосымша       

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық/қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына тіркеу не болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы бар өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1-әрекет – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес қабылдауы, қарауы – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.
      1-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкерінің құжаттарды қарауы болып табылады;
      2-әрекет – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға қажетті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беруі – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.
      2-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға қажетті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беруі болып табылады;
      3-әрекет – көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.
      3-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі – білім беру ұйымы басшысының құжаттарды жұмысқа қабылдағаннан кейін олардың толықтығын және келіп түскен құжаттар мен мәліметтердің растығын тексеруі болып табылады;
      4-әрекет – көрсетілетін қызметті беруші басшысының білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрықты рәсімдеуі және қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.
      4-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі – білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрыққа қол қоюы не болмаса қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады;
      5-әрекет – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға білім беру ұйымына қабылдау туралы нәтижесін беруі не болмаса қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.
      5-әрекет бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
      2) «электрондық үкіметтің»: www.edu.gov.kz порталы арқылы (бұдан әрі – портал) өтініш жасаған жағдайда білім беру ұйымына қабылдау туралы хабарлама алу үшін – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлемшілер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері;
      2) білім беру ұйымының басшысы.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипатамасы Регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен рәсімдерінің (әрекеттің) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, электрондық цифрлы қолмен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтінішті және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді;
      2) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы есеп-хабарлама жіберіледі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтініші мен құжаттары қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі (қызметкері) әрекетінің тәртібі Регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;
      4) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылдау туралы хабарлама түседі.

«Бастауыш, негізгі орта,   
жалпы орта білім берудің   
жалпы білім беретін     
бағдарламалары бойынша    
оқыту үшін ведомстволық    
бағыныстылығына қарамастан  
білім беру ұйымдарына    
құжаттарды қабылдау және  
оқуға қабылдау» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша          

Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестер
                   анықтамалағы

      ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылдары;

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 107-1679 қаулысына  
4-қосымша       

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Осы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Балаларға қосымша білім беру және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсын өткізу саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – өтінішті қабылдаған нөмірі, күні және уақыты көрсетілген барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беру болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш пен Стандарттың 9-тармағында қарастырылған қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1-әрекет – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасымен мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауы, тіркеуі – тапсырған күні 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      1-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы мемлекеттік қызметті алушының өтінішін тіркеуі болып табылады;
      2-әрекет – көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысымен тапсырылған құжаттарды тексеруі және өтінішті қарастыруы – тапсырған күні 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      2-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысымен жұмыс жасауға тапсырылған құжаттарды қабылдағаннан кейін тапсырылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен растығын тексеру болып табылады;
      3-әрекет – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы көрсетілетін қызметті алушыдан өтініштің нөмірі, күні және уақыты көрсетілген барлық құжаттарды алуы туралы қолхат беруі – тапсырған күні 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      3-әрекет бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің нөмірі, күні және уақыты көрсетілген барлық құжаттарды алуы туралы қолхат беруі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде құрылымдық бөлімшілер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипатамасы Регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Орта білім беретін үздік ұйым»
грантын тағайындау конкурсына
қатысу үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне        
қосымша           

Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестер
                  анықтамалығы

      ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылдары;