Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) 2-қосымшаға сәйкес «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) 3-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) 4-қосымшаға сәйкес «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) 5-қосымшаға сәйкес «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) 6-қосымшаға сәйкес «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) 7-қосымшаға сәйкес «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) 8-қосымшаға сәйкес «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі Ә. Жақсыбеков
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 107-1565 қаулысына
1-қосымша
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Астана қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО), «Электронды үкімет» www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүргізу негізінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдылық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді бастаудың негізі:
ХҚКО-ға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында қарастырылған қажетті құжаттарды ұсынуымен Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші;
Порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлы қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы және Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарды ұсыну.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, ұзақтығы және оның орындалу жүйелігі:
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қамқоршының (қорғаншының) және қамқоршылықтағы баланың деректерін «Е-қамқоршылық» электрондық базасына енгізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындаға рәсімдер (әрекеттер) реттілігін сипаттау Регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-үдерістерінің анықтамасында көрсетілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
«электрондық үкімет» веб-порталымен, сонымен қатар мемлекеттік
қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібінің сипаттамасы
8. Барлық рәсімді (әрекетті) көрсете отырып Регламентке қосымшаға сәйкес ХҚКО-ға жүгіну тәртібінің сипаттамасы – 20 (жиырма) минут:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО операторына қажетті құжаттарды және өтінішті Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес операциялық залда қызмет көрсету жәрдемімен «электронды кезек» арқылы ұсынады;
2) 1 үдеріс – ХҚКО біріктірілген ақпараттық жүйесінің автоматтық жұмыс орнына (бұдан әрі – БАЖ АЖО) қызмет көрсету үшін ХҚКО операторының пароль мен логинді (авторизациялау үдерісі) енгізуі;
3) 2 үдеріс – ХҚКО операторының қызметті таңдауы, көрсетілетін қызмет үшін өтінім нысанын экранға шығаруы және ХҚКО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушының өкілінің сенімхат бойынша деректерін (сенімхат нотариалды түрде бекітілген жағдайда) енгізуі;
4) 3 үдеріс – «электрондық үкімет» шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮШ) жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЖТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушының деректері, сонымен қатар Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызмет алушының өкілінің сенімхатының деректері туралы сұраныс жолдауы;
5) 1 шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЖТ МДБ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да болуын тексеру;
6) 4 үдеріс – ЖТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің және БНАЖ-да сенімхаттың деректерінің болмауына байланысты деректерді алуға мүмкіндіктің жоқ екендігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
7) 5 үдеріс – ХҚКО операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ЭҮШ арқылы «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЭҮШ АЖО) жолдауы.
9. ХҚКО арқылы әр рәсімнің (әрекеттің) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үдерісінің сипаттамасы:
1) 6 үдеріс – АЭҮШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;
2) 2 шарт – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан түскен құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көрсетілген талапқа сәйкестігін және мемлекеттік қызметті көрсетудің негізін (өңдейді) тексереді;
3) 7 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында қателіктердің болуына байланысты қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 8 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО-ның операторы арқылы ЭҮРШ АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (анықтама немесе бас тарту жөнінде жазбаша дәлелді жауап) алуы.
10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі рәсімдердің (әрекеттердің) жүйелігі және көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің сипаттамасы – 20 (жиырма) минут:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль арқылы порталға тіркеледі;
2) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы порталдан қызмет алу үшін ЖСН және пароль енгізеді (авторизациалау үдерісі);
3) 1 шарт – көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және пароль арқылы порталдағы тіркелген деректердің түпнұсқалығын тексеруі;
4) 2 үдеріс – порталмен көрсетілетін қызметті алушыға деректеріндегі қателіктердің болуынан рұқсаттан бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, көрсетілетін қызмет үшін өтінім нысанын экранға шығаруы және құрылымы мен талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), өтінімнің нысанына Стандарттың 9-тармағында қарастырылған қажетті құжаттар көшірмелерін электронды түрде тіркеуі, сонымен қатар, электронды цифрлық қол (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған тіркелу куәлігін өтінімге қол қою үшін таңдауы;
6) 2 шарт – порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің жарамды мерзімін және қайтарылғандардың тізімінде болмауын, сондай-ақ идентификациялық мәліметтердің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН және ЭСҚ-ның тіркеу куәлігіндегі ЖСН) тексеру;
7) 4 үдеріс – қызмет алушының ЭЦҚ-ы расталмауына байланысты ұсынысты кері қайтару туралы хабарламаны қалыптастыруы;
8) 5 үдеріс – ЭҮШ арқылы ЭҮРШ АЖО-да көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куаландырылған (қол қойылған) электронды құжатын (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) көрсетілетін қызметті берушінің іріктеуіне жіберуі;
9) 3 шарт – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан түскен құжаттардың сәйкестігін және мемлекеттік қызметті көрсетудің негізін қарастырады;
10) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы қателіктердің болуына байланысты қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
11) 7 үдеріс – ЭҮРШ АЖО-да қалыптастырылған көрестілетін қызметті алушы қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанында анықтама) алуы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен бекітілген электрондық құжат түрінде жіберіледі.
Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде
анықтамалар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет Регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 107-1565 қаулысына
2-қосымша
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе
қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бөлімдері (бұдан әрі – ХҚО);
3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі - әкімдік) қаулысы немесе Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша әрекетті бастаудың негізі:
ХҚКО-на жүгінген кезде Стандарттың 9-тармағында қарастырылған қажетті құжаттар топтамасы мен Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру болып табылады;
көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында қарастырылған қажетті құжаттар топтамасына сәйкес толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы және Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарды ұсыну.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдардың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды тапсырған сәттен бастап қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарар жолдауды жүзеге асырады – 30 (отыз) минут, ХҚО-да – 20 (жиырма) минут.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны тағайындайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан түскен құжаттарды қарастырады, жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы қаулының жобасын дайындайды немесе қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту – 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде;
4) әкімдік шешім шығарады және тіркейді, шешімнен үзінді дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы әкімдіктің қаулысынан үзіндіні тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің нәтижесін береді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдердің (әрекеттің) реттілігін сипаттау Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) басқа көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Осы регламентке қосымшаға сәйкес әр рәсімді (әрекетті) көрсете отырып ХҚКО-ға өтініш берудің тәртібін сипаттау – 20 (жиырма) минут:
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды және өтінішті электронды кезек арқылы операциялық залда жүзеге асырылатын ХҚКО операторына тапсырады;
2) 1-үдеріс – ХҚКО операторының автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЖО) ХҚКО-ның интегралды ақпарат жүйесін (бұдан әрі - ИАЖ) логин мен парольді енгізуі (авторлық үрдіс);
3) 2-үдеріс – ХҚКО операторының қызметті таңдауы, экранға көрсетілетін қызмет нысанын шығаруы және ХҚКО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің сенімхат деректерін енгізуі (сенімхат нотариалды куәландырылған жағдайда);
4) 3-үдеріс – электрондық үкіметтің шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮШ) жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер жинағына (бұдан әрі – ЖТ ЭҮШ) сонымен қатар, Бірыңғай нотариалды ақпарат жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушының деректері, – көрсетілетін қызметті алушының өкілінің деректерін туралы өтінішті жолдау;
5) 1-шарт - көрсетілетін қызметті алушының ЖТ ЭҮШ-ғы деректерінің және БНАЖ–ғы сенімхат деректерінің болуын тексеру;
6) 4-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЖТ ЭҮШ-ғы деректерінің және БНАЖ-ғы сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарлама жолдау;
7) 5-үдеріс – ХҚКО операторының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжатты ЭҮШ арқылы аймақтық электрондық үкіметтің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЭҮШ АЖО) жолдау.
9. ХҚКО арқылы әр үдерісті (әрекетті) көрсетіп көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үрдісін сипаттау:
1) дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
2) бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда ХҚО-ның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға жібереді.
10. Портал арқылы әр рәсімді (әрекетті) көрсетіп өтініш беру тәртібін сипаттау – 20 минут:
1) Көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру номер (ЖСН), сондай-ақ пароль арқылы порталда тіркеуді жүзеге асырады;
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталға ЖСН және парольді енгізуі;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
3) 1-шарт – ЖСН және пароль арқылы көрсетілетін қызметті алушының тіркелгендігі жөнінде деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
4) 2-шарт - порталда көрсетілетін қызметті алушының деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін өтінімнің нысанын шығаруы және нысанның құрылымдары мен форматтық талаптарына сәйкес нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), өтінімнің нысанына құжаттардың қажетті көшірмелерін электронды түрде бекітуі, сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушының өтінімга қол қою үшін ЭЦҚ тіркелу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркелу куәлігінің қызмет ету мерзімін және тізімде қайтарылған (күші жойылған) тіркелу куәліктерінің, сонымен қатар, сәйкестендіру деректерін (өтінімде көрсетілген ЖСН және ЭҚК тіркелу куәлігіндегі ЖСН расындағы сәйкестікті) тексеру;
7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дәлдігінің расталмауына байланысты көрсетілетін қызметтітен бас тарту туралы хабарлама жасау;
8) 5-үдеріс – ХҚКО операторының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжатты ЭҮШ арқылы аймақтық электрондық үкіметтің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЭҮШ АЖО) жолдау;
9) 3-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің қоса берілген құжаттардың көрсетілетін қызмет негізіне сәйкестігін тексеру;
10) 6-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болына байланысты көрсетілетін қызметтен бас тарту;
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызмет алушының АЭҮШ АЖО-да жасалған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Жетім балаға (жетім балаларға) және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаға (балаларға) қамқоршылық немесе
қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-үдерісінің
анықтамасы


*ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттесуі:

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 107-1565 қаулысына
3-қосымша
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына
кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке
толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Астана қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) және «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) негізінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта рәсімделеді, қағазға басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен расталады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету үдерісінде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнің)
іс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша әрекетті бастаудың негізі:
ХҚКО-ға жүгінген кезде – Стандартының 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкеснысан бойынша өтініш және Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарды ұсыну;
көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізіміне сәйкес құжаттарының толық болмауына байланысты ХҚКО қызметкері Стандартқа 7 қосымшасына сәйкес өтінішті және қажетті құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөніндегі қолхатты ұсынады.
Порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысын, Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарын ұсыну.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны,ұзақтығы және оның орындалу жүйелігі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ХҚКО-дан түскен көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарын қабылдап, оларды тіркеп, көрсетілетін қызметті алушыдан түскен құжаттарды қарастырып бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра рәсімдеу үшін анықтама дайындайды бұдан әрі көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтаманы қарастырады және қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы анықтаманы журналға тіркейді және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін ХҚКО-ға жібереді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтама, кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін ішкі істер органдарына анықтама, кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін банктерге анықтама.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес бизнес-үдерістерімен сүйемелденеді.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық
жүйелердi пайдалану тәртiбiнің сипаттау
9. Осы регламентке қосымшаға сәйкес әр рәсімді (әрекетті) көрсете отырып ХҚКО-ға өтініш берудің тәртібін сипаттау – 20 (жиырма) минут:
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды және өтінішті электронды кезек арқылы операциялық залда жүзеге асырылатын ХҚКО операторына тапсырады;
2) 1-үдеріс – ХҚКО операторының автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЖО) ХҚКО-ның интегралды ақпарат жүйесін (бұдан әрі - ИАЖ) логин мен парольді енгізуі (авторлық үрдіс);
3) 2-үдеріс – ХҚКО операторының қызметті таңдауы, экранға көрсетілетін қызмет нысанын шығаруы және ХҚКО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің сенімхат деректерін енгізуі (сенімхат нотариалды куәландырылған жағдайда);
4) 3-үдеріс – электрондық үкіметтің шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮШ) жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер жинағына (бұдан әрі – ЖТ ЭҮШ) сонымен қатар, Бірыңғай нотариалды ақпарат жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушының деректері, – көрсетілетін қызметті алушының өкілінің деректерін туралы өтінішті жолдау;
5) 1-шарт - көрсетілетін қызметті алушының ЖТ ЭҮШ-ғы деректерінің және БНАЖ –ғы сенімхат деректерінің болуын тексеру;
6) 4-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЖТ ЭҮШ-ғы деректерінің және БНАЖ –ғы сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарлама жолдау;
7) 5-үдеріс – ХҚКО операторының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжатты ЭҮШ арқылы аймақтық электрондық үкіметтің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЭҮШ АЖО) жолдау.
10. ХҚКО арқылы әр үдерісті (әрекетті) көрсетіп көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үрдісін сипаттау:
Дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда ХҚО-ның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға жібереді.
11. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі рәсімдердің (әрекеттердің) жүйелігі және көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің сипаттамасы – 20 (жиырма) минуттан артық емес:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль арқылы порталға тіркеуді жүзеге асырады;
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы порталдан қызмет алу үшін ЖСН және пароль енгізеді (авторизациялау үдерісі);
3) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЖСН және пароль арқылы тіркелген деректердің түпнұсқалығын порталда тексеруі;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректеріндегі қателіктердің болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, көрсетілетін қызмет үшін өтінім нысанын экранға шығаруы және құрылымы мен талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), өтінімнің нысанына Стандарттың 9-тармағында қарастырылған қажетті құжаттар көшірмелерін электронды түрде тіркеуі, сонымен қатар, электронды цифрлық қол (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған тіркелу куәлігін өтінімге қол қою үшін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және қайтарылған тіркеу куәліктерінің болмауын, сонымен қатар, сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (өтінімде көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркелу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) тексеру;
7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның расталмауына байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау;
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжатын (көрсетілетін қызметті алушының өтінімін) ЭҮШ арқылы өңірлік «электрондық үкіметтің» шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЭҮШ АЖО) көрсетілетін қызметті берушінің өтінімін қарастыру үшін жолдау;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында қарастырылған қажетті құжаттардың сәйкестігін тексеруі және көрсетілетін қызмет үшін негіздер;
10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтардың болуына байланысты көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау;
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының АЭҮШ АЖО-мен жасалған көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық қызмет нысанындағы хабарлама) алуы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына
және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорына, банктерге, ішкі істер органдарына
кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік
ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра
рәсімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-үдерісінің
анықтамасы


* ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттесуі:

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 107-1565 қаулысына
4–қосымша
«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім
балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы
(балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау жөнінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бөлімдері (бұдан әрі – ХҚО);
3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб порталы (бұдан әрі – портал).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау жөніндегі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршыға немесе қорғаншыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешім.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастаудың негізі көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында қарастырылған қажетті құжаттар топтамасы мен Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруі болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінің құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды тапсырған сәттен бастап қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарар жолдауды жүзеге асырады – 20 (жиырма) минут.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны тағайындайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан түскен құжаттарды қарастырады, қамқоршыға немесе қорғаншыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешім жобасын дайындайды немесе қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауабы – 6 (алты) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімнің жобасын қарастырады және қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы шешімді тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің нәтижесін береді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қамқоршыға немесе қорғаншыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешім.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – он жұмыс күні.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдердің (әрекеттің) реттілігін және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін түбегейлі сипаттау Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) басқа көрсетілетін қызмет
берішімен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Осы регламентке қосымшаға сәйкес әр рәсімді (әрекетті) көрсете отырып ХҚКО-ға өтініш берудің тәртібін сипаттау – 20 (жиырма) минут:
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды және өтінішті электронды кезек арқылы операциялық залда жүзеге асырылатын ХҚКО операторына тапсырады;
2) 1-үдеріс – ХҚКО операторының автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЖО) ХҚКО-ның интегралды ақпарат жүйесін (бұдан әрі - ИАЖ) логин мен парольді енгізуі (авторлық үрдіс);
3) 2-үдеріс – ХҚКО операторының қызметті таңдауы, экранға көрсетілетін қызмет нысанын шығаруы және ХҚКО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің сенімхат деректерін енгізуі (сенімхат нотариалды куәландырылған жағдайда);
4) 3-үдеріс – электрондық үкіметтің шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮШ) жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер жинағына (бұдан әрі – ЖТ ЭҮШ) сонымен қатар, Бірыңғай нотариалды ақпарат жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушының деректері, – көрсетілетін қызметті алушының өкілінің деректерін туралы өтінішті жолдау;
5) 1-шарт - көрсетілетін қызметті алушының ЖТ ЭҮШ-ғы деректерінің және БНАЖ–ғы сенімхат деректерінің болуын тексеру;
6) 4-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЖТ ЭҮШ-ғы деректерінің және БНАЖ–ғы сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарлама жолдау;
7) 5-үдеріс – ХҚКО операторының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжатты ЭҮШ арқылы аймақтық электрондық үкіметтің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЭҮШ АЖО) жолдау.
9. ХҚКО арқылы әр үдерісті (әрекетті) көрсетіп көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үрдісін сипаттау:
1) дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
2) бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда ХҚО-ның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға жібереді.
10. Портал арқылы әр рәсімді (әрекетті) көрсетіп өтініш беру тәртібін сипаттау – 20 минут:
1) Көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру номер (ЖСН), сондай-ақ пароль арқылы порталда тіркеуді жүзеге асырады;
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталға ЖСН және парольді енгізуі;
3) 1-шарт – ЖСН және пароль арқылы көрсетілетін қызметті алушының тіркелгендігі жөнінде деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
4) 2-үдеріс - порталда көрсетілетін қызметті алушының деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін өтінімнің нысанын шығаруы және нысанның құрылымдары мен форматтық талаптарына сәйкес нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), өтінімнің нысанына құжаттардың қажетті көшірмелерін электронды түрде бекітуі, сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушының өтінімга қол қою үшін ЭЦҚ тіркелу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркелу куәлігінің қызмет ету мерзімін және тізімде қайтарылған (күші жойылған) тіркелу куәліктерінің, сонымен қатар, сәйкестендіру деректерін (өтінімде көрсетілген ЖСН және ЭҚК тіркелу куәлігіндегі ЖСН расындағы сәйкестікті) тексеру;
7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дәлдігінің расталмауына байланысты көрсетілетін қызметтітен бас тарту туралы хабарлама жасау;
8) 5-үдеріс – ХҚКО операторының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжатты ЭҮШ арқылы аймақтық электрондық үкіметтің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЭҮШ АЖО) жолдау;
9) 3-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің қоса берілген құжаттардың көрсетілетін қызмет негізіне сәйкестігін тексеру;
10) 6-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болына байланысты көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хат;
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызмет алушының АЭҮШ АЖО-да жасалған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға
жетім баланы (жетім балаларды) және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
баланы (балаларды) асырап-бағуға
жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-үдерісінің
анықтамасы


Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 107-1565 қаулысына
5–қосымша
«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт не болмаса Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Қызмет алушының алдын-ала жазылуы және жедел қызмет көрсетуі қарастырылмаған.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастаудың негізі Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес қызмет алушының құжаттар топтамасын беру болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінің құрамына кiретiн әрбір рәсiмнің (iс-қимылдардың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды тапсырған сәттен бастап қабылдауы және тіркеуі – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен құжаттарды басшысының қарауына жіберуі – 1 (бір) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастырады және жауапты орындаушыны тағайындайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан түскен құжаттардың Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талапқа сәйкестігін қарастырады, оған баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың жобасын дайындайды немесе қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту – 26 (жиырма алты) күн ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы шартты журналға тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 30 (отыз) күнтізбелік күн.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiнде құрылымдық
бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті
берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау Регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-үдерістерінің анықтамасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiнде өзара іс-қимыл
тәртібін және ақпараттық жүйелерді пайдалануын сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге көрсетілетін қызметке жүгіну қарастырылмаған.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгіну қарастырылмаған.
«Баланы (балаларды) патронаттық
тәрбиелеуге беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің
анықтамалығы

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 107-1565 қаулысына
6–қосымша
«Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды)
асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешім.
Қызмет алушының алдын-ала жазылуы және жедел қызмет көрсетуі қарастырылмаған.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастаудың негізі Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес қызмет алушының құжаттар топтамасын беру болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінің құрамына кiретiн әрбір рәсiмнің (iс-қимылдардың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды тапсырған сәттен бастап қабылдауы және тіркеуі – 30 (отыз) минуттан артық емес;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен құжаттарды басшысының қарауына жіберуі – 1 (бір) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастырады және жауапты орындаушыны тағайындайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан түскен құжаттардың Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талапқа сәйкестігін қарастырады, оған патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешімнін жобасын дайындайды немесе қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы шешімді журналға тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 5 (бес) жұмыс күн.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiнде құрылымдық
бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті
берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау Регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-үдерістерінің анықтамасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiнде өзара іс-қимыл
тәртібін және ақпараттық жүйелерді пайдалануын сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге көрсетілетін қызметке жүгіну қарастырылмаған.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгіну қарастырылмаған.
«Патронат тәрбиешілерге берілген
баланы (балаларды) асырап-бағуға
ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің
анықтамалығы

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 107-1565 қаулысына
7–қосымша
«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – бала асырап алуға үміткер болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды не болмаса Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Қызмет алушының алдын-ала жазылуы және жедел қызмет көрсетуі қарастырылмаған.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастаудың негізі Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес қызмет алушының құжаттар топтамасын беру болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінің құрамына кiретiн әрбір рәсiмнің (iс-қимылдардың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында қарастырылған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап қабылдауы және тіркеуі – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберуі – 1 (бір) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастырады және жауапты орындаушыны тағайындайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан түскен құжаттардың Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талапқа сәйкестігін қарастырады, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу актісін, оған бала асырап алуға үміткер болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды дайындайды немесе қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту – 12 (он екі) күнтізбелік күн ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы актіні және қорытындыны журналға тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес) күнтізбелік күн.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiнде құрылымдық
бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті
берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау Регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-үдерістерінің анықтамасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiнде өзара іс-қимыл
тәртібін және ақпараттық жүйелерді пайдалануын сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге көрсетілетін қызметке жүгіну қарастырылмаған.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгіну қарастырылмаған.
«Бала асырап алуға тілек білдірген
адамдарды есепке қою» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің
анықтамалығы

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 107-1565 қаулысына
8–қосымша
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді
тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3.Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Қызмет алушының алдын-ала жазылуы және жедел қызмет көрсетуі қарастырылмаған.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастаудың негізі Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес қызмет алушының құжаттар топтамасын беру болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінің құрамына кiретiн әрбір рәсiмнің (iс-қимылдардың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды тапсырған сәттен бастап қабылдауы және тіркеуі – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен құжаттарды басшысының қарауына жіберуі – 1 (бір) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастырады және жауапты орындаушыны тағайындайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан түскен құжаттардың Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талапқа сәйкестігін қарастырады, оған жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім жобасын дайындайды немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 7 (жеті) күн ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы шешімді журналға тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) күнтізбелік күн.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiнде құрылымдық
бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау Регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-үдерістерінің анықтамасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiнде өзара іс-қимыл
тәртібін және ақпараттық жүйелерді пайдалануын сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге көрсетілетін қызметке жүгіну қарастырылмаған.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгіну қарастырылмаған.
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға
байланысты біржолғы ақшалай төлемді
тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің
анықтамалығы
