Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 949 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 наурызда № 13512 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 25 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      __________________И. Тасмағамбетов

      2016 жылғы 11 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      __________________Е. Ыдырысов

      2015 жылғы 4 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      __________________В. Жұмақанов

      2015 жылғы 28 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________Е. Досаев

      2015 жылғы 22 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      __________________Қ. Қасымов

      2015 жылғы 23 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      __________________В. Школьник

      2016 жылғы 15 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін
атқарушының
2015 жылғы 29 қыркүйекте
№ 949 бұйрығымен бекітілді

Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес өнімнің экспортын лицензиялауға арналған біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі.

р/с №

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Тараптар арасындағы мәміле және (немесе) басқа шеттету ниетінің бар болуы

Сыртқы сауда мәмілесінің қатысушылары арасындағы сатып алу-сату шартының (шарттың, келісімнің) немесе басқа шеттету иеліктен шығару құжатының көшірмесі


2

Тараптар арасындағы мәміленің және (немесе) басқа шеттету ниетінің бар болуы

Егер өтініш беруші ретінде делдал шығатын болса, экспорттаушы мен өндіруші арасындағы шарттың көшірмесі


3

Оған қатысты ішкі нарықта рұқсат беру тәртібі енгізілген өнімнің айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттың бар болуы

Қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның (рұқсаттың) көшірмесі немесе әрекеттер (операциялар)


4

Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімнің тек осы елдің мұқтажы және қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшін ғана мәлімделген мақсаттарда пайдаланылатыны туралы алушы елдің міндеттемелерінің бар болуы

Алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген қолданылуы, өнімді орналастыру және (немесе) пайдалану орны көрсетілген түпкі пайдаланушы сертификаты*

Ядролық қаруды таратпау туралы 1968 жылғы 12 маусымдағы шартқа сәйкес ядролық мемлекеттерге экспорттаудын басқа, 0 – санатқа жатқызылған өнімдер үшін

5

Сыртқы сауда мәмілелерінің шетелдік қатысушылары және түпкі тұтынушылары арасындағы мәміле және басқа шеттету ниетінің бар болуы

Сыртқы сауда мәмілелерінің шетелдік қатысушылары және түпкі тұтынушылары арасындағы келісімшарттың (шарттың) көшірмесі

Егер сыртқы сауда мәмілесінің шетелдік қатысушысы делдал болып табылса

6

Өнімнің айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыруға сыртқы сауда мәмілесінің шетелдік қатысушысының және түпкі тұтынушының рұқсатының бар болуы

Алушы елдің уәкілетті мемлекеттік орган берген өнімнің айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыруға сыртқы сауда мәмілесінің шетелдік қатысушысының және түпкі пайдаланушының лицензиясының көшірмесі


7

"Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 631 бұйрығына сәйкес экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесінің бар болуы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 тамызда № 11847 болып тіркелді

Экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесінің өтініш беруші бекіткен бағдарламасының көшірмесі


0 - санатқа жатқызылған өнімдер

8

Бейбіт мақсаттарда алынатын өнімдердің пайдалануын растау

Алынған өнімнің бейбіт пайдаланылуы туралы импорттаушы елдің құзыретті мемлекеттік органы тарапынан ресми куәландыру көшірмесі**

Ядролық қаруды таратпау туралы 1968 жылғы 12 маусымдағы келісімшартқа сәйкес ядролық мемлекеттерге экспорттаудын басқа, 0 – санатқа жатқызылған

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 - санаттарға жатқызылған өнімдер
(тек ядролық жабдықтаушылар топтары үшін)

9

Алынатын өнімді пайдалану мақсаты және орналастыру орны көрсетілген өтініштің бар болуы

Алынатын өнімді пайдалану мақсаты және орналастыру орны көрсетілген түпкі пайдаланушы өтінішінің түпнұсқасы


10

Алынған өнімнің бейбіт мақсатта пайдалануын растау

Алынған өнімнің бейбіт пайдаланылуы туралы импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы тарапынан ресми куәландыру көшірмесі***

Ядролық қаруды таратпау туралы 1968 жылғы 12 маусымдағы келісімшартқа сәйкес ядролық мемлекеттерге экспорттаудын басқа, 0 – санатқа жатқызылған

Жарылғыш материалдар (аңшылық оқ-дәрісінен басқа)

11

Жарылғыш заттарды тұрақты қолдануға және олардың негізіндегі бұйымдарды жарылыс жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсаттың бар болуы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берген жарылғыш заттарды тұрақты қолдануға және олардың негізіндегі бұйымдарды жарылыс жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсаттың көшірмесі


12

Жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойманың бар болуы

Жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойма паспортының көшірмесі


13

Жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсаттың бар болуы

Аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға берілген рұқсаттың көшірмесі


14

Әкімшілік полиция органдарымен келісілген қауіпті жүктерді тасымалдау маршрутының бар болуы

Қауіпті жүктерді тасымалдау маршрутының көшірмесі

Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда

15

Қауіпті жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауға жол берілген көлік құралдарының бар болуы

Көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген қауіпті жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауға көлік құралдарына рұқсат беру туралы куәліктің көшірмесі

Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда

16

1, 6 және 7-сыныптардың кластағы қауіпті жүгін тасымалдауға арнайы рұқсаттың бар болуы

Көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген 1, 6 және 7-сыныптардың қауіпті жүгін тасымалдауға арнайы рұқсаттың көшірмесі

Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда

Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар

17

Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға рұқсаттың бар болуы

Аумақтық ішкі істер органы берген азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға берілген рұқсаттың көшірмесі


18

Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған қойманың бар болуы

Жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған қойма паспортының көшірмесі


19

Әкімшілік полиция органдарымен келісілген қауіпті жүктерді тасымалдау маршрутының бар болуы

Қауіпті жүктерді тасымалдау маршрутының көшірмесі

Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда
(Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің 2–қосымшасына сәйкес 1.4 көліктік сыныптамасын қоспағанда

9 - санатқа жатқызылған өнімдер

20

Техникалық ұсыныстың (аванжоба) немесе техникалық жобаның бар болуы

Техникалық ұсыныстың (аванжоба) немесе техникалық жобаның көшірмесі


      2. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес өнімнің импортын лицензиялауға арналған біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі.

р/с №

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Тараптар арасындағы мәміле және (немесе) басқа шеттету ниетінің бар болуы

Сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату шартының (шарттың, келісімнің) немесе басқа шеттету құжатының көшірмесі


2

Тараптар арасындағы мәміленің және (немесе) шеттету ниетінің бар болуы

Егер өтініш беруші делдал болса, импорттаушы мен өндіруші арасындағы шарттың көшірмесі


3

Оған қатысты ішкі нарықта рұқсат беру тәртібі енгізілген өнімнің айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттың бар болуы

Импорттаушыдағы және түпкі пайдаланушыдағы қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның (рұқсаттың) көшірмесі немесе әрекеттер (операциялар)


0 - санатқа жатқызылған өнімдер

4

Бейбіт мақсаттарда алынатын өнімдердің пайдаланылуын растау

Алынған өнімнің бейбіт пайдаланылуы туралы Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан ресми куәландыру көшірмесі**


5

Өнімді шығарған елді растайтын құжаттың бар болуы

Шығарған елдің құзыретті органдары берген өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі


1 - санатқа жатқызылған өнімдер (тек химикаттар үшін)

6

"Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының бар болуы

химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының көшірмесі


7

Өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының бар болуы

Үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесі


8

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестік

Сақтауға арналған қойманың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі


9

Сақтау қоймаларының жаңаларын салу немесе оларды қайта жаңарту кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының бар болуы

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының көшірмесі


10

Экологиялық талаптардың сақталуы

Қалдықтарды, оның ішінде пайдаланылған өнімнің ыдыстарын кәдеге жаратуға, сақтауға және көмуге кәсіпорынмен жасалған шарттың көшірмесі және тауарды одан әрі тұтынушыларға сату үшін келісімшарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтару көзделуі қажет

егер өтінім беруші ретінде делдал әрекет еткен жағдайда

11

Келісімшарттарда (шарттарда) экспорттаушыға ақаулы өнімді қайтару тәртібі көрсетілген тармақтың болуы

Экспорттаушыға ақаулы өнімді қайтару тәртібі көрсетілген келісімшарттың (шарттың) көшірмесі


12

Қауіпті жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауға жол берілген көлік құралының бар болуы

Көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген қауіпті жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауға көлік құралдарына рұқсат беру туралы куәліктің көшірмесі

Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда

13

1, 6 және 7 - сыныптардың қауіпті жүгін тасымалдауға арнайы рұқсаттың бар болуы

Көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген 1, 6 және 7 - сыныптың қауіпті жүгін тасымалдауға берілген арнайы рұқсаттың көшірмесі

Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 - санаттарға жатқызылған өнімдер
(тек ядролық жабдықтаушылар топтары үшін)

14

Бейбіт мақсаттарда алынатын өнімдердің пайдаланылуын растау

Алынған өнімнің бейбіт пайдаланылуы туралы Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан ресми куәландыру көшірмесі**


15

Өнімді шығарған елді растайтын құжаттың бар болуы

Шығарған елдің құзыретті органдары берген өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі


Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық міндеттемелер пайымдаулары бойынша бақыланатын өнімдер (4, 5, 6, 7, 8 - позициялар)

16

Өнімді шығарған елді растайтын құжаттың бар болуы

Шығарған елдің құзыретті органдары берген өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі немесе өнімді алған соң оның болмауы туралы дәлелді түсіндірмені ұсыну туралы кепілдік хат


17

Қазақстан Республикасының аумағында өнімді пайдалануға берілетін рұқсат

Иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптарды және қондырғыларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

Тек медициналық жабдықтар үшін

Жарылғыш материалдар (аңшылық оқ-дәрісінен басқа)

18

Жарылғыш заттарды тұрақты қолдануға және олардың негізіндегі бұйымдарды жарылыс жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсаттың бар болуы

Уәкілетті орган берген жарылғыш заттарды тұрақты қолдануға және олардың негізіндегі бұйымдарды жарылыс жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсаттың көшірмесі


19

Жарылғыш заттарды сақтау үшін қойманың бар болуы

Жарылғыш заттарды сақтау үшін қойманың паспортының көшірмесі


20

Жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсаттың бар болуы

Аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға берілген рұқсаттың көшірмесі


21

Әкімшілік полиция органдарымен келісілген қауіпті жүктерді тасымалдау маршрутының бар болуы

Қауіпті жүктерді тасымалдау маршрутының көшірмесі

Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда

22

Үәкілетті ішкі істер органы берген қойма паспортының тиісті көшірмесі және сақтауға рұқсаты бар үшінші тұлғаның қоймасында сақтауға немесе қоймасын (қоймаларын) жалға алуға арналған шарт (шарттардың) көшірмесінің бар болуы

Қоймада сақтау, немесе қойманы жалға алу келісімшартының көшірмесі

Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған жеке қойма болмаған жағдайда

23

Қауіпті жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауға жол берілген көлік құралдарының бар болуы

Көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген қауіпті жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауға көлік құралдарына рұқсат беру туралы куәліктің көшірмесі

Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда.

24

1, 6 және 7 - сыныптардың қауіпті жүгін тасымалдауға арнайы рұқсаттың бар болуы

Көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген 1, 6 және 7 - сыныптың қауіпті жүгін тасымалдауға берілген арнайы рұқсаттың көшірмесі

Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда.

Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар

25

Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға арналған рұқсаттың бар болуы

Аумақтық ішкі істер органы берген азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға берілген лицензияның көшірмесі


26

Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға рұқсаттың бар болуы

Аумақтық ішкі істер органы берген азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға берілген рұқсаттың көшірмесі


27

Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған қойманың бар болуы

Жарылғыш заттарды, азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған қойма паспортының көшірмесі


28

Әкімшілік полиция органдарымен келісілген қауіпті жүктерді тасымалдау маршрутының бар болуы

Қауіпті жүктерді тасымалдау маршрутының көшірмесі

Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда
(Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің 2–қосымшасына сәйкес 1.4 көліктік сыныптамасын қоспағанда

29

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және ішкі істер органы берген қойма паспортының тиісті көшірмесі және сақтауға арналған рұқсаты бар үшінші тұлғаның қоймасында сақтауға немесе қоймасын жалға алуға арналған шарт көшірмесінің бар болуы

Қоймада сақтау, немесе қойманы жалға алу келісімшартының көшірмесі

Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған жеке қойма болмаған жағдайда

9 - санатқа жатқызылған өнімдер

30

Техникалық ұсыныстың (аванжоба) немесе техникалық жобаның бар болуы

Техникалық ұсыныстың (аванжоба) немесе техникалық жобаның көшірмесі


      * импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысының сертификатының түпнұсқалығын тексеруді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады;

      Түпкі пайдаланушының сертификаты Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу туралы растау құжаттарын ұсына отырып, "Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық міндеттемелер пайымдаулары бойынша бақыланатын тауарлардың" 4, 5 және 6 - позициялары бойынша тауарларды өндірушіге кері экспорттаған немесе қайтарған жағдайда ұсынылмайды.

      ** куәландыруларда алынған ядролық экспорт (импорт) заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген арнайы ядролық материалдар, құрылғылар және қондырғылардың:

      ядролық қару және басқа ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру үшін немесе белгілі бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтындығы;

      нақты пайданылатын барлық мерзімі ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (бұдан әрі - АЭЖХА) кепілдігінде болатындығы;

      АЭЖХА ұсынған деңгейлерден төмен болмайтын жеке қорғау шараларымен қамтамасыз етілетіндігі;

      Жоғарыда көрсетілген шарттарда көзделген жағдайларда және Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатындығы (экспортталатындығы) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіндігі туралы міндеттемелер жазылуға тиіс;

      *** куәландыруларда алынған ядролық экспорт (импорт) заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген арнайы ядролық материалдар, құрылғылар және қондырғылардың:

      ядролық қару және басқа ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру үшін немесе белгілі бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтындығы;

      АЭЖХА кепілге қоймаған ядролық отын циклі саласындағы қызметте пайдаланылмайтындығы;

      Жоғарыда көрсетілген шарттарда көзделген жағдайларда және Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатындығы (экспортталатындығы) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіндігі туралы міндеттемелер жазылуға тиіс;

      *** сатып алу - сатудың сыртқы экономикалық келісімшартының (шарт) немесе сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы басқа шеттету құжатының мәтінінде куәландырулардың болуына жол беріледі.