Газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 748 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 824 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 ақпанда № 13031 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 143-бабының  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
      2. «Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 маусымдағы № 483 және Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 441 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11827 болып тіркелді, 2015 жылғы 3 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ оның алынған күнінен бастап Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі            Энергетика министрі
      ________________ Е. Досаев           ______________ В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ________________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 24 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 824 және       
Қазақстан Республикасы  
Энергетика министрінің  
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 748 бірлескен бұйрығына
қосымша         

     Газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы

      тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газ
өндірушілері, газ желісі, газ таратушы, газ тасымалдаушы ұйымдарға
қатысты
_____________________________________________________________________
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________
_____________________________________________________________________
                            (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы) ________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді
1 2 3 4 5 6
1. Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газ өндірушілері

1

Мемлекеттің басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің иеліктен шығарылатын объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға басым құқығын сақтау





2

Қазақстан Республикасының басқа тұлғаларының алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген және өздеріне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес тиесілі тауарлық газды сатып алуға мемлекеттік артықшылықты құқығын сақтау





3

Жер қойнауын пайдаланушылардың алуға мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың уәкілетті орган бекіткен бағасынан асырмау міндетін сақтау





4

Ұлттық операторға иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығару бойынша коммерциялық ұсынысты белгіленген мерзімдерін сақтау





5

Ішкі нарықтағы тауарлық және сұйытылған мұнай газының көтерме саудасының шекті белгіленген бағасын сақтау





6

Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтау





7

Есепке алудың бақылау аспаптарының болуы





8

Ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын беру жоспарын орындау





9

Мыналардағы:
1) автогаз құю станцияларындағы, газ толтыру станцияларындағы, газ толтыру пункттеріндегі және топтық резервуарлық қондырғылардағы;
2) тұтынушыларға өткізілетін сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүзеге асыру жөніндегі талаптардың сақталмауы





2. Газ желісі ұйымдары

10

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларының рұқсат беру талаптарына сәйкес меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базаның болуы





11

Мамандандырылған өндірістік ғимараттардың болуы





12

Инженерлік құрылыстардың болуы





13

Газ сақтау объектілерінің болуы





14

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларының рұқсат беру талаптарына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауды, оның ішінде: қауіпті өндірістік объектілерді және техникалық қондырғыларды өндірістік бақылауды; газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды, газ тұтыну жүйелерін пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді; сұйытылған мұнай газын сақтау, тасу және өткізу объектілерін пайдаланудың техникалық процесін сақтауды;вагон-цистерналарда келіп түсетін сұйытылған мұнай газының кірісін бақылау және өткізілетін (босатылатын) өнімнің сапасын бақылауды; еңбекті, қауіпсіздік техникасын қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды; метрологиялық бақылауды; өрт қауіпсіздігін; өнеркәсіптік қауіпсіздікті; күзет қауіпсіздігін; авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтердің және жауапты тұлғалардың болуы





15

Тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқудан және нұсқама алудан, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өткен, мамандығы бойынша кемінде екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар мамандардың техникалық басшыларының білікті құрамы (техникалық басшылары үшін – мұнай-газ саласындағы жоғары білімі, мамандар үшін – техникалық персоналдың жалпы санының кемінде 50 %-ы және кем дегенде арнайы орта білімі) болуы





16

Газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғысына қосылған тұтынушыларды тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз ету шарттарын сақтау





17

Сұйытылған мұнай газының көтерме саудасының шекті белгіленген бағасын сақтау





18

Сол бір ғана газ толтыру стансаларын екі және одан да көп газ желісі ұйымдарының бір мезгілде пайдалануына жол бермеу





19

Сұйытылған мұнай газын өткізуге арналған газ толтыру пункттері мен автогаз құю станцияларын екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бір мезгілде пайдалануына жол бермеу





20

Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы,өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралар; аварияларды жою және қаланың аварияларды жою жөніндегі қызметтерінің бекітілген өзара іс-қимыл жоспарының болуы





21

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздік декларациясының болуы





22

Объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы





23

Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыру





24

Толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан тексеру





25

Тұрмыстық баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункті иесінің тауарлық белгісімен таңбалауды жүзеге асыру





26

Тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын беру





27

Газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету





28

Сұйытылған мұнай газын өткізуді есепке алудың бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып жүзеге асыру





29

Мыналардағы:
1) автогаз құю станцияларындағы, газ толтыру станцияларындағы, газ толтыру пункттеріндегі және топтық резервуарлық қондырғылардағы;
2) тұтынушыларға өткізілетін сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүзеге асыру жөніндегі талаптардың сақталмауы





3. Газ тарату ұйымдары

30

Мемлекеттің басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің иеліктен шығарылатын объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға басым құқығы бар белгіленген мерзімін сақтау





31

Қазақстан Республикасының басқа тұлғаларының алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген және өздеріне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес тиесілі тауарлық газды сатып алуға мемлекеттік артықшылықты құқығын сақтау





32

Газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғысына қосылған тұтынушыларды тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз ету





33

Сұйытылған мұнай газының көтерме саудасының шекті белгіленген бағасын сақтау





34

Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтау





35

Мына шарттарды сақтау:
1) тауарлық газдың иелеріне магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесінің қуаттарына тең жағдайларда қол жеткізуді ұсыну;
2) уәкілетті органның сұрауы бойынша магистральдық газ құбырында, тауарлық газ қоймасында, газ тарату жүйесінде бос тұрған қуаттардың бар екені туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды пайдалану бағдарламасын ұсыну;
3) тауарлық газ иелерін және (немесе) тұтынушыларды тауарлық газды тасымалдау, сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға әсер ететін жоспарланған жөндеу және профилактикалық жұмыстар туралы хабардар ету





36

Тауарлық газдың көлемін есепке алуды есепке алу аспаптарының болуы және өткізілетін тауарлық газдың көлемін есепке алу жөніндегі деректерді ұлттық операторға беру





37

Тәулік бойы жұмыс режиміндегі авариялық-диспетчерлік қызметтің болуы





4. Газ тасымалдау ұйымдары

38

Мемлекеттің басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің иеліктен шығарылатын объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға басым құқығы бар белгіленген мерзімін сақтау





39

Газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғысына қосылған тұтынушыларды тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз ету шарттарын сақтау





40

Бір ғана жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары мен тауарлық газ қоймаларын екі және одан көп газ тасымалдау ұйымының пайдалануына тыйым салу шартарын сақтау





41

Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтау





42

Газды есепке алу аспаптарының болуы және тасымалданатын тауарлық газдың көлемін есепке алу жөніндегі деректерді ұлттық операторға беру





43

Тәулік бойы жұмыс режиміндегі авариялық-диспетчерлік қызметтің болуы





44

Мына шарттарды сақтау:
1) тауарлық газдың иелеріне магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесінің қуаттарына тең жағдайларда қол жеткізуді ұсыну;
2) уәкілетті органның сұрауы бойынша магистральдық газ құбырында, тауарлық газ қоймасында, газ тарату жүйесінде бос тұрған қуаттардың бар екені туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды пайдалану бағдарламасын ұсыну;
3) тауарлық газ иелерін және (немесе) тұтынушыларды тауарлық газды тасымалдау, сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға әсер ететін жоспарланған жөндеу және профилактикалық жұмыстар туралы хабардар ету





45

Мына жағдайларда тауарлық газын тасымалдаудан және (немесе) сақтаудан бас тарту талаптарын орындау:
1) тауарлық газ техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмеген;
2) жер қойнауын пайдаланушы тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерін сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығынан ұлттық оператордың жазбаша бас тартуын не жер қойнауын пайдаланушы газ тасымалдау ұйымына жүгінгенге дейін бір ай бұрын ұлттық оператордың тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерін иеліктен шығару туралы коммерциялық ұсынысты алғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған





Лауазымды тұлға (тұлғалар) ___________ _________ ____________________
                         (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
                           ___________ _________ ____________________
                         (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

Тексерілетін субъектінің басшысы ___________________________ ________
                          (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)