"Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 672 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 739 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 ақпанда № 13029 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Автомобиль көлігі туралы» 2004 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-11-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуі үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 276 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан  Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 198 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9489 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы № 23 (28501) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы  
№ 672          

және Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің     
2015 жылғы 31 желтоқсандағы 
№ 739 бірлескен бұйрығымен 
бекітілген       

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – 1-көрсетілетін қызметті беруші) және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кіріс органдарымен (бұдан әрі – 2-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) және оған бақылау талоны, немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестріңде № 11476 тіркелген) «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық
бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. 9-тармағында көзделген өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
      1-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:
      отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      1) автоматты түрде электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
      2) 2 (екі) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың бекітілген талаптарына сәйкестігін қарау;
      3) 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін жіберу:
      белгіленген талаптарға сәйкес келсе, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;
      белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолданады;
      4) 4 (төрт) сағат ішінде алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру:
      2 (екі) сағат ішінде төленген сома сәйкес келсе, көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолы қойылып арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді;
      төленген сома сәйкес келмесе, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап электрондық түрде рәсімделеді;
      алым сомасын төлегенін растайтын құжаттар 10 (он) жұмыс күні ішінде болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап электрондық түрде рәсімделеді;
      5) 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін:
      арнайы рұқсатты және оған бақылау талоның Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету  орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – ХҚО) курьер арқылы;
      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ХҚО-ға немесе жеке кабинетке ақпараттық жүйе арқылы беру.
      шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      1) 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;
      2) 2 (екі) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың бекітілген талаптарына сәйкестігін қарау;
      3) 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін жіберу:
      ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келсе, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;
      белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолданады;
      4) 4 (төрт) сағат ішінде алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру:
      2 (екі) сағат ішінде төленген сома сәйкес келсе, көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолы қойылып арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді;
      2 (екі) сағат ішінде төленген сома сәйкес келмесе, көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолы қойылып мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді;
      2 (екі) сағат ішінде алым сомасын төлегенін растайтын құжаттар
10 (он) жұмыс күні ішінде болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолы қойылып мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді;
      5) 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдар) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылдар) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:
      отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      1) электрондық өтінішті ақпараттық жүйеде тіркеу;
      2) ұсынылған құжаттарды қарастыру;
      3) мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін жіберу;
      4) алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу;
      6) арнайы рұқсатты және оған бақылау талонын ХҚО-ға курьер арқылы беру.
      шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;
      2) ұсынылған құжаттарды қарастыру;
      3) мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін жіберу;
      4) алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу;
      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.
      2-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы.
      2-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелігінің сипаттамасы:
      1-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:
      отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      1) электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу – автоматты түрде;
      2) ұсынылған құжаттардың бекітілген талаптарына сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен қарау –
2 (екі) жұмыс күн;
      3) мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін ХҚО-ға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен жіберу – 1 (бір) жұмыс күн:
      белгіленген талаптарға сәйкес келсе, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;
      белгіленген талаптарына сәйкес келмегенде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолданады;
      4) алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру
– 4 (төрт) сағат:
      төленген сома сәйкес келсе, көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолы қойылып арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді – 2 (екі) сағат;
      төленген сома сәйкес келмесе, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ХҚО-ға немесе жеке кабинетке электрондық түрде рәсімделеді;
      алым сомасын төлегенін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ХҚО-ға немесе жеке кабинетке электрондық түрде рәсімделеді;
      5) арнайы рұқсатты және оған бақылау талоның көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкерімен курьер арқылы ХҚО-ға жолдау – 2 (екі) сағат.
      шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу – 1 (бір) сағат;
      2) ұсынылған құжаттардың бекітілген талаптарына сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен қарау – 2(екі) жұмыс күн;
      3) мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен жіберу – 1 (бір) жұмыс күн:
      белгіленген талаптарға сәйкес келсе, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;
      белгіленген талаптарына сәйкес келмегенде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолданады;
      4) алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру
– 4 (төрт) сағат:
      төленген сома сәйкес келсе, көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолы қойылып арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді – 2 (екі) сағат;
      төленген сома сәйкес келмесе, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді – 2 (екі) сағат;
      алым сомасын төлегенін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолы қойылып мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді – 2 (екі) сағат;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау – 2 (екі) сағат.
      2-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу – 1 (бір) сағат;
      2) ұсынылған құжаттардың бекітілген талаптарына сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен қарау – 2 (екі) жұмыс күн;
      3) мемлекеттік қызметті көрсетудің аралық нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен жіберу – 1 (бір) жұмыс күн:
      белгіленген талаптарға сәйкес келсе, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;
      белгіленген талаптарына сәйкес келмегенде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолданады;
      4) алым сомасын төлегенін растайтын құжаттарды тексеру
– 4 (төрт) сағат:
      төленген сома сәйкес келсе, көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолы қойылып арнайы рұқсат және оған бақылау талоны рәсімделеді – 2 (екі) сағат;
      төленген сома сәйкес келмесе, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді – 2 (екі) сағат;
      алым сомасын төлегенін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолы қойылып мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап рәсімделеді – 2 (екі) сағат;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау – 2 (екі) сағат.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО-мен өзара
іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану
тәртібін сипаттау

      9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын ХҚО-на және (немесе) портал көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграмма, портал арқылы № 2 диаграммада осы регламенттiң 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.
      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ХҚО рәсімдерінің (іс-қимылдарының) дәйектілігі мен ұзақтығы:
      ХҚО арқылы:
      1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин ЖСН/БСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
      2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түріндегі сұратуын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);
      4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
      2-шарт – портал арқылы ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімі ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6-процесс – қызметті көрсетуге сұратуға толтырылған нысанды (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
      7-процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;
      8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ұйымдастырылған қызмет қорытындысын алу.
      портал арқылы:
      көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      1 үдеріс – көрсетiлетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
      2 үдеріс – көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы жіберу;
      1 шарт – көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
      3 үдеріс – көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жо болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
      4 үдеріс – электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      5 үдеріс – көрсетiлетін қызметті алушыға Көрсетiлетін қызметті берушіге жіберу үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;
      6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
      2 шарт – Көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті Стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеруі;
      7 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      8 үдеріс – Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны Ақпараттық жүйеге жібереді;
      3 шарт – ақпараттық жүйе Көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеруді жүзеге асырады;
      9 үдеріс – 3 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      10 үдеріс – куәлікті беру және көрсетілетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына куәліктің дайын болғаны туралы хабарлама жіберу;
      4 шарт – ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеруді жүзеге асырады;
      11-процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;
      12-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ұйымдастырылған қызмет қорытындысын алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалынады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр   
салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының
(шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін 
арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет регламентіне              
1-қосымша                   

              ХҚО арқылы электронды қызмет көрсетуде
            функционалды өзара әрекеттесу № 1 диаграммасы

               Портал арқылы электронды қызмет көрсетуде
              функционалды өзара әрекеттесу № 2 диаграммасы

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты
және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының    
(шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі    
үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне                
2-қосымша                       

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру»