"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 кыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс уақыты индикаторларын қалыптастыру жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның | |
міндетін атқарушы | Б. Иманәлиев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 226 бұйрығымен бекітілді |
Жұмыс уақыты индикаторларын қалыптастыру жөніндегі әдістеме
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыс уақыты индикаторларын қалыптастыру жөніндегі әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) қазіргі халықаралық статистика жұмыс сағаттарының стандарттарын есепке ала экономиканың барлық секторларында және қызметтің барлық өндірістік түрлерінде жұмыспен қамтылған адамдардың жұмыс уақытын көрсету үшін әзірленген, статистикалық деректердің жүйелілігін және халықаралық салғастырмалылығын, сондай-ақ ұлттық қажеттіліктері мен талаптарын есепке ала статистиканың түрлі пайдаланушылары үшін сәйкес статистикалық қорды қамтамасыз етеді. Әдістеме халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі зерттеу деректерін пайдалана отырып, жұмыс уақытын өлшеуге бағытталған.
2. Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Статистика комитеті) еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы және ұлттық шоттар құрылымдық бөлімшелерімен қолданылады.
3. Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылды:
1) жалдамалы қызметкерлер – еңбекақы, сыйлықақы, үстемеақы және тағы сол сияқты немесе заттай нысанда ақы төлеуді (сыйақы) көздейтін жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
2) жеке негізде жұмыспен қамтылғандар – меншікті экономикалық кәсіпорнын басқаратын немесе қандай да бір кәсіпте немесе қолөнер түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлері жоқ жеке тұлғалар;
3) жұмыспен қамтылған халық – әркім өз жағдайы бойынша белгілі бір есепті кезең ішінде мынадай "жалдамалы қызметкер" немесе "өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер" санаттарының біріне жатқызылатын 15 және одан жоғары жастағы барлық жеке тұлғалар;
4) нақты жұмыспен өтелген сағаттар – белгіленген қысқа немесе ұзақ базистік уақыт бойы тауарларды және (немесе) қызметтерді өндіруге бағыттылған қызмет түрлерін іске асыруға жұмсалған уақыт;
5) өзін-өзі жұмыспен қамту – сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруден (өткізуден) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамтылу;
7) толық емес жұмыс күні – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде белгіленген ұзақтығы бойынша аптасына 40 сағаттан аз уақыт.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Жұмыс уақыты.
4. Жұмыс уақыты:
өндірістік қызметпен байланысты уақытты және уақытты белгілі бір есепті кезең ішінде бөлуді қамтиды;
Ұлттық шоттар жүйесінде (бұдан әрі – ҰШЖ) өндіріс саласы шегіндегі өндірістік қызметке қатысты айқындалады;
төленген немесе төленбегеніне қарамастан барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруге жұмсалған уақытты қамтиды;
қызметтердің заңдылығын, осы қызмет туралы шарттық келісімдердің түрлерін немесе онымен жүзеге асыратын адамдардың жас шамасын назарға алмайды;
қысқа (минут немесе сағат) өлшем бірліктері бойынша, немесе неғұрлым ұзақ (жарты күн, күн, апта немесе ай сияқты) өлшем бірліктері бойынша өлшенуі мүмкін;
қысқа (бір күн немесе бір апта сияқты) базистік мерзім ішінде немесе неғұрлым ұзақ (бір ай, бір жыл немесе одан да көп) кезең ішінде байқалады;
жұмыс берушіні немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаны қоса алғанда бір адаммен орындалатын немесе орындалуға шамаланған ресми немесе бейресми, мақсаттар мен міндеттер жиынтығы ретінде анықталған жұмысқа қатысты өлшенеді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Жұмыс уақыты жұмыстың сапасын, қарқындылығын немесе тиімділігін көрсетпейді.
7. Жұмыс уақыты келесі құрамдас бөліктерден тұрады:
1) нақты өтелген сағаттар;
2) ақы төленетін сағаттар;
3) қалыпты жұмыс сағаттары;
4) еңбек шарт бойынша жұмыс сағаттары;
5) әдеттегі жұмыс сағаттары;
6) үстеме жұмыс сағаттары;
7) жұмыста болмаған сағаттары.
7. Нақты жұмсалған өтелген уақыт белгіленген қысқа немесе ұзақ базистік кезең ішінде тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер өндірісіне бағытталған қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін жұмыста жұмсалған уақытты қамтиды.
8. ҰШЖ өндірісі саласының шегінде өлшенетін, нақты жұмыспен өтелген сағаттар, тікелей немесе өндірістік қызмет түрлерімен байланысты жұмсалған уақытты, тоқтап тұрған немесе демалу уақытын қамтиды.
Құрамдас бөліктері мыналар болып табылады:
1) тікелей жұмыс сағаттары жұмыс бойынша міндеттер мен міндеттемелерді орындауға жұмсалған уақытты қамтиды;
2) аралас жұмыс сағаттары өндірістік қызметті қолдауға, жеңілдетуге немесе жақсартуға жұмсалған уақытты қамтиды, оларға:
үйді тазалау, құралдарға тапсырыс беру, жұмыс үдерістерін немесе жұмыс орнын дайындау, жұмыс орындарын санитарлық өңдеу;
тауарларды немесе шығыс материалдарын нарыққа немесе нарықтан немесе оларды сатып алатын басқа көзден сатып алу немесе тасымалдау;
ақы төлнетін жұмыс уақытын ұйымдастырудың бір бөлігі ретінде бизнесті, тапсырыс берушіні немесе клиентті күту;
жұмыста немесе жұмыстан тыс болатын ақы төленетін немесе ақы төленбейтін болып негізделген кезекшілік. Соңғы жағдайда ол нақты орындалған сағаттардың тұлғалар қызметіне шектеу дәрежесіне байланысты қосылады. Кезекшілікке қайта шақырған сәттен бастап жұмсалған уақыт тікелей жұмыс сағаттары болып саналады;
далалық жұмыстарды жүргізу орындарына балық аулау аумағына бару үшін, тапсырмаларды орындау, конференцияларда қатысу үшін немесе клиенттермен немесе тапсырыс берушілермен кездесу үшін жұмыстың орналасқан орындары арасындағы жол жүрулер;
негізгі жұмыс орнында немесе басқа жерде экономикалық бірліктегі, орналасқан жұмыс үшін немесе басқа жұмыстарды орындауға қажетті оқыту және біліктілікті арттыру;
3) бос тұрып қалу экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруды білдіреді;
4) тынығу уақыты жұмыскердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақытын қамтиды.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. ҰШЖ өндірісі саласының шегінде өлшенетін, нақты жұмыспен өтелген сағаттар, оның барысында орындалмаған жұмыстар уақытына мыналар кірмейді:
жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелер, науқастануы бойынша демалыс, жүктілігі бойынша демалыс, бала күтімі бойынша демалыс, басқа да жеке немесе отбасылық жағдайға байланысты немесе азаматтық міндеттерді орындауға байланысты демалыс;
жұмыс бойынша өндірістік қызмет түрлері орындалмайтын жұмыс пен үй арасындағы жол жүру уақыты;
жұмыс бойынша талап етілетін оқудан басқа, білім беру қызметіне жұмсалған уақыт;
ешбір өндірістік қызмет түрі орындалмайтын қысқа демалыс уақытынан ерекшеленетін неғұрлым ұзақ үзілістер.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Ақы төленетін сағаттар ақы төленетін жұмыспен қамту бойынша жұмысқа және уақыт бірлігіне төленетін (ҰШЖ өндірісі саласының шегінде) өзін-өзі жұмыспен қамту негізіндегі жұмысқа жатады.
Ақы төленетін жұмыспен қамту бойынша жұмыстарға қатысты ақы төленетін сағаттар мыналарды қамтиды:
қызметкерлер өз жұмыс берушісінен нақты жұмыспен өтелгеніне не өтелмегеніне қармастан негізделген немесе ұзақ уақыт кезеңі ішінде төлем алатын (қалыпты немесе сыйақы жарналар бойынша қолма-қол немесе заттай);
ақы төленген, бірақ жұмыспен өтелмеген.
Жұмыспен өтелген, бірақ жұмыс берушімен ақы төленбеген (шамадан тыс жұмыс үшін ақы төленбеген), сондай-ақ жұмыста болмауы, жұмыс берушімен ақы төленбейтін (оқу демалысы немесе бала күтіміне байланысы демалыс), мемлекетпен әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы төленетін уақыттар қосылмайды.
Уақыттық негізде ақы төленетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға (ресми немесе бейресми) қатысты ақы төленетін сағаттары нақты өтелген сағаттарына эквивалент.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Қалыпты жұмыс сағаты ұжымдық шартпен белгіленген негізделген базистік кезең (күн, апта, ай немесе жыл ішінде) ақы төленетін жұмыспен қамту бойынша жұмыс орындалатын сағаттарды қамтиды.
Қалыпты жұмыс сағаты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысқа қатысты қолданылады, бұл сағаттар нақты салада немесе кәсіпте барлық жұмыстар үшін белгіленген сағаттарға сәйкес келеді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкердің қалыпты жұмыс сағаты бірдей салаларда ақы төленетін жұмысты орындайтын және сондай кәсібі бар адамдардың қалыпты жұмыс сағатымен салыстырылады.
Қалыпты жұмыс сағаты ұзақтығы толық және толық емес жұмыс уақыты үшін негіз бола алады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Еңбек шарты бойынша жұмыс сағаттары ақы төленетін жұмыспен қамту бойынша жұмыстарды орындауға немесе өзін-өзі жұмыспен қамтуда қызмет көрсетуге немесе қоғамдық бастамаларда жұмыстарды орындауға жұмсалатын уақытты қамтиды.
Еңбек шарт бойынша жұмыс сағаты саны қысқа уақытқа немесе ұзақ мерзімге бекітілуі мүмкін немесе жұмысты ұйымдастыру және оларды өлшеу базистік кезең ұзақтығына байланысты ауытқиды.
Еңбек шарт бойынша жұмыс сағат саны әртүрлі жұмыстарда бірдей салаларда немесе мекемелерде өзгереді.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Әдеттегі жұмыс сағаттары қысқа (апта ішінде) уақыт ішінде ай, тоқсан, маусым немесе қысқа базистік кезең өлшемі кіретін жылдың ішінде байқаудың ұзақ кезеңінде нақты жұмыспен өтелген сағаттарды бағалау болып табылады. Әдеттегі жұмыс сағаттары жұмыстың барлық түрлеріне қолданылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Үстеме жұмыс сағаттары барлық жұмыс түрлеріне қолданылады және еңбек шартта белгілі бір қысқа базистік кезең ішінде үстеме ретінде негізделген сағатқа еңбек шарты бойынша егер бар болса жұмыс сағаттарының үстінен нақты жұмыспен өтелген сағаттар немесе еңбек шарты бойынша жұмыс сағаттары жоқ жұмыста әдеттегі жұмыс сағаттарының үстінен нақты жұмыспен өтелген сағаттарды қосу ретінде айқындалады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Үстеме жұмыс сағаттарына қысқа немесе ұзақ базистік кезеңде жұмысты белгіленген ұйымдастыруда кезеңдерді ротациялау нәтижесінде еңбек шарт бойынша жұмыс сағаттарының үстінен нақты жұмыспен өтелген сағаттар кірмейді.
Ақы төленетін жұмыспен қамтуда үстеме жұмыс сағаттары ақы төленетін және ақы төленбейтіндерге бөлінеді. Төлем басқа жұмыс сағаттары сияқты сол мөлшерлеме бойынша қолма-қол ақшамен, немесе неғұрлым жоғары мөлшерлемемен қолма-қол ақшамен, немесе өтемақы түрінде заттай түрде демалыс күнін берумен төленеді.
16. Жұмыста болмаған сағаттары барлық жұмыс түрлеріне қатысты және еңбек шарттарда қысқа базистік кезең ішінде (апта ішінде), белгіленген сағаттар қолданылған нақты жұмыспен өтелмеген белгілі бір жұмыс сағаттар саны ретінде айқындалады.
Еңбек шартқа сәйкес алынған, толық емес жұмыс күніне еңбек шартты қоса демалыс уақыты; әдетте жұмыспен өтелетін бірақ іс жүзінде еңбек шарт болмаған кезде, қысқа базистік кезеңде өтелмеген сағат саны кіреді;
Жұмыста болмаған сағаттары белгіленген еңбекті ұйымдастыру нәтижесінде жұмыспен өтелмеген уақытын қоспайды.
Жұмыста болмаған сағаттар жыл сайынғы демалыс (мәжбүрлі жыл сайынғы еңбек демалысын қоса), науқастану, өндірістік жарақаттану, жүктілік, бала күтімі, үстеме жұмыс үшін өтемақы, отбасы мүшелерін күту, оқу демалысы, басқа да себептер, техникалық істен шығу, қолайсыз ауа-райы, мемлекеттік мереке себептері бойынша уақытты қамтиды.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Жұмыс уақытының индикаторларын қалыптастыру
17. Жұмыс уақытын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша ақпаратты қалыптастыру мынадай дереккөздердің негізінде жүргізіледі:
1) халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу (бұдан әрі – зерттеу). Байқау бірліктері үй шаруашылықтары және осы үй шаруашылықтарында тұратын 15 және одан жоғары жастағы адамдар болып табылады.
2) саны 100 адамнан асатын қызметкерлері бар ұйымдарды зерттеу;
3) саны 100 адамнан аспайтын қызметкерлері бар ұйымдарды іріктемелі зерттеу.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Барлық жұмыспен қамтылған қызметкерлермен нақты жұмыспен өтелген сағаттар саны, саны 100 адамнан асатын қызметкерлері бар ұйымдарды зерттеу бойынша қалыптастырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Нақты жұмыспен өтелген сағаттары қызметкердің жұмыспен қамтылу мәртебесі, экономикалық қызмет түрлері, өңірлер, елді мекен типі, еңбек шартының типі, жынысы, жасы және басқа сипаттамалары бойынша жіктеледі.
20. Ақы төленетін сағаттар жалдану бойынша (ақылы жұмыспен қамтылу) жұмыспен бірге, уақыт бірлігіне төленетін өзін-өзі жұмыспен қамту негізіндегі жұмысқа жатады.
Ақы төленетін сағаттар бойынша деректерді қалыптастыруда негізгі дереккөз саны 100 адамнан асатын қызметкерлері бар ұйымдарды зерттеу болып табылады.
Саны 100 адамнан асатын қызметкерлері бар ұйымдарды зерттеудің "Қызметкерлердің күнтізбелік уақыт қорын пайдалануы" бөлімі негізінде, жұмыспен өтелген және өтелмеген сағаттары бойынша деректер қалыптастырылады, өтелмеген жұмыс сағаттары өз кезегінде ақы төленетін және ақы төленбейтін уақытқа бөлінеді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға қатысты, мерзімді төлемдер негізінде төленетін, нақты орындалған жұмыс сағаттары ақы төленетін сағатқа баламалы болып табылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Жұмыс уақытының ұзақтығы бойынша жұмыс уақыты қалыпты ұзақтық, қысқартылған және толық емес ұзақтық болып бөлінеді.
Жұмыс уақытына, сонымен қатар, дайындық және қорытынды жұмыстарына (наряд-тапсырманы, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын жинау және дайындау, дайын өнімдерді жеткізу), технологиямен, еңбек ұйымдарымен көзделген үзілістер, нормалау және еңбекті қорғау ережелері бойынша, жұмыс орнында болу немесе жұмыс күту уақыты, қызметкердің өз еркімен уақыт жоқ болған кезде, мереке және демалыс күндері кезекшілік, үйде кезекші кезеңдерде анықталған.
22. Қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайды. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығына сияқты төленетін, жұмыс уақытының қысқа ұзақтығы қаралуы мүмкін.
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін көзделген (он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшін, ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін, мүмкіндігі шектеулі бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін).
23. Толық емес жұмыс уақыты болып қалыпты жұмыс ұзақтығынан аз уақыт есептеледі, оның ішінде, толық емес жұмыс күні, яғни (жұмыс ауысымының) күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасын төмендету, толық емес жұмыс аптасы (жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту), күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымының) ұзақтығының нормасын бір мезгілде төмендеуі және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқартуы болып табылады.
Толық және толық емес жұмыс уақытына бөлу үшін Статистика комитетімен аптасына 40 сағат өлшемшарты қолданылады.
24. Ақы төленетін жұмыспен қамтылу (еңбекақы үшін) аясында, жалдамалы қызметкерлер үшін еңбек шарт бойынша сағат саны қалыпты жұмыс сағатына, (аптасына 40 сағат) эквивалентті болып табылады.
Еңбек шарты жұмыс берушi мен жалдамалы қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарының шарттарын көрсететін құжат болып табылады.
25. Әдеттегі жұмыс сағаты нақты өтелген сағаттарды бөлу мода ретінде есептеледі. Барлық жұмыспен қамтылғандардың нақты жұмыспен өтелген сағаттарының көзі зерттеу деректері болып табылады. Мода зерттелетін жиынтықта жиі кездесетін нышанның мәні болып табылады.
Мода мына формула бойынша есептеледі:
Мо = XMо + hМо * (fМо – fМо-1) / ((fМо – fМо-1) + (fМо – fМо+1)), (1)
мұнда:
Мо – зерттелетін жиынтықта жиі кездесетін нышанның мәні;
XMо – модальді аралықтың сол жақ шегі;
hМо – модальді аралықтың ұзындығы;
fМо-1 – модаль алды аралықтың жиілігі;
fМо – модальді аралықтың жиілігі;
fМо+1 – модальдан кейінгі аралықтың жиілігі.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.09.2017 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Үстеме жұмыс сағаты жұмыс уақытын өлшеу үшін, жұмыста қалыпты сағаттан артық нақты жұмыспен өтелген сағаттар болып табылады.
Зерттеу деректері бойынша аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейтін жұмыспен қамтылған халық саны жұмыспен қамту мәртебесі және экономикалық қызмет түрлері, аймақтар бойынша қалыптастырылады.
27. Жұмыста уақытша болмаған жұмыспен қамтылғандар саны туралы деректер себептері бойынша, жұмыспен қамтылу мәртебесі және экономикалық қызмет түрлері бойынша қалыптастырылады.