БҰЙЫРАМЫН:
1. «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын және алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары;»;
2) тармақша алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын және алу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын айқындайды.»;
2-тарау атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу тәртібі»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес белгіленген электр қуаты 5 МегаВатттан (бұдан әрі – МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігінің паспорттарын (бұдан әрі – әзірлік паспорты) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган осы Қағидалардың 1-қосымшасының нысанына сәйкес береді.
4. Заңның 6-бабы 10-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын жергілікті атқарушы органдар береді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әзірлік паспортын алу үшін ұйымдар жыл сайын 1 қазанға дейінгі, жүйелік оператор 25 қазанға дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 3, 4, 5-тармақтарына сәйкес мына құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігінің паспортын алуға өтініш;»;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі (бұдан әрі – әзірлік актісі).
Әзірлік актісіне осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттарының (бұдан әрі – шарттар) орындалғанын растайтын құжаттар қоса беріледі;
3) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі туралы, сондай-ақ ұйымның күзгі-қысқы кезеңде Заңның 9-1-бабы 5-тармағына сәйкес бекітілген температуралық кестелерге, Заңның 15-3-бабы 2-тармағына сәйкес электр қуатының теңгерімдеріне сәйкес тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге әзірлігі туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Әзірлік актісін дайындау үшін ұйымдар жыл сайын энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін айқындау жөніндегі комиссиясын (бұдан әрі – ұйым комиссиясы) құрады және 1 қыркүйектен бастап жұмыс істей бастайды.»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Ұйым комиссиясы энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін айқындайды.
13. Ұйым комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша әзірлік актісі ресімделеді және оған барлық мүшелері қол қояды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзір еместігі жағдайында ұйым басшылығы кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны ұйым комиссиясымен келіседі. Келісілген іс-шаралар жоспары әзірлік актісіне қоса беріледі.»;
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген мерзімде мәліметтер мен материалдар ұсынылмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлімшесі өтінішті қараусыз қайтарады.
20. Ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Комиссияның әзірлік паспортын беру шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге әзірлік паспорты қолма-қол беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі.
Берілген әзірлік паспорттары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын тіркеу журналында тіркеледі.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Белгіленген мерзімде әзірлік паспортын алмаған ұйым күзгі-қысқы жағдайларда жұмысты жалғастырады және ескертулерді комиссия отырысының хаттамасында көрсетілген мерзімдерде жоюды қамтамасыз етеді. Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысты жалғастыруы әкімшілік жауапкершіліктен босатпайды.»;
1, 2 және 4-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;
3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышында мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына 4-қосымша»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттары»;
1-тармақта:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттары:»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) автоматиканың релелік қорғаныс (бұдан әрі – АРҚ) және аварияға қарсы автоматиканың (бұдан әрі – АҚА) құрылғыларына, жылу автоматикасы мен өлшеу құралдарына (бұдан әрі – ЖӨА) техникалық қызмет көрсетуді толық көлемде орындау актісі. Ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының (бұдан әрі – ДТБҚ), энергия ресурстарын бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭБЕАЖ) бар болған жағдайда күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электр желілік компаниялардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттары:»;
3-тармақта:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жылу энергиясын тасымалдауды және таратуды (жылу желілері) жүзеге асыратын ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттары:»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ (бар болған жағдайда) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік туралы актісі;».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы М. Мырзағалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 25 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 706 бұйрығына 1-қосымша
Энергия өндіруші, энергия беруші
ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі
жұмысқа әзірлік паспортын
алу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
(кімге) ____________________________
(органның атауы)
___________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
(БСН, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтаманың нөмірі және күні)
Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:
Пошталық мекенжайы: _________________________________________________
Телефон нөмірлері ___________________________________________________
E-mail ______________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
1. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
2. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
3. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
4. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
5. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
6. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
Ұйымның басшысы
_____________________________________________________________________
(лауазымы, Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
МО 20__ ж. «___» ______________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 706 бұйрығына 2-қосымша
Энергия өндіруші, энергия беруші
ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі
жұмысқа әзірлік паспортын
алу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың __________ жж.
күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі
_____________________________ ___________________
(акт жасалған жер) (күні)
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
__________________ № _____________ бұйрығымен тағайындалған комиссия.
_____________________________________________________________________
(энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда
_____________________________________________________________________
жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалғаны
_____________________________________________________________________
орындалмағаны көрсетіледі)
Тұжырым:_____________________________________________________________
(ұйым күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзір - әзір емес)
Комиссия төрағасы: |
______________________ |
_______________ |
_______________ |
Комиссия мүшелері: |
______________________ |
_______________ |
_______________ |
______________________ |
_______________ |
_______________ |
|
______________________ |
_______________ |
_______________ |
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 706 бұйрығына 3-қосымша
Энергия өндіруші, энергия беруші
ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі
жұмысқа әзірлік паспортын
алу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын тіркеу
журналы*
Берілген күні |
Бланк нөмірі |
Ұйым атауы |
Әзірлік паспортын берген адамның Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы |
Әзірлік паспортын алған ұйым өкілінің қолы |
Бланкті қайтару белгісі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
* Журнал нөмірленуі, тігілуі, паспорт берген мемлекеттік органның мөрімен және басшысының қолымен бекiтілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 706 бұйрығына 4-қосымша
Энергия өндіруші, энергия беруші
ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі
жұмысқа әзірлік паспортын
алу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың _________ жж.
күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспорты
№ _________________ _______________________ қ.
«____» _____________ 20___ ж. (паспорт жасалған жер)
(паспорттың нөмірі және берілген күні)
Осы паспорт ________________________________________________ берілді.
(ұйымның заңды атауы)
__________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________ _________________________________
(басшының лауазымы) (басшының Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
МО
Сериясы ______ № ______