"Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі-2011" сызбасы бойынша білім берудің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12908 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 4) және 5) тармақшаларына, сондай-ақ 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі-2011» сызбасы бойынша білім беру статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы                           Б. Иманәлиев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрлігі
      _______________ А. Сәрінжіпов
      «____»_________

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика   
министрлігінің Статистика
комитеті төрағасының  
міндетін атқарушының  
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 220 бұйрығымен бекітілді

«Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі-2011» сызбасы
бойынша білім берудің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру
жөніндегі әдістеме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі-2011» сызбасы бойынша білім берудің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
      2. Осы Әдістеме жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар шеңберінде қалыптастырылатын білім саласындағы статистика көрсеткіштері жүйесін құрайтын Көрсеткіштер тізбесін айқындайды.
      3. Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті қолданады.
      4. Білім беру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 48 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қаңтарда № 10073 тіркелген және білім беру саласындағы өкілетті органдардың әкімшілік деректері білім беру процесінде халықтың білім деңгейі туралы ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Осы мәліметтер үнемі толықтырылады және жаңаланады.
      5. Әдістеме ЮНЕСКО Статистика институты, білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – ЮНЕСКО) әзірлеген «Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімінің-2011» (бұдан әрі – ББХСЖ-2011), ұсынымдары және қағидаттарын есепке алумен әзірленген.
      6. Әдістеме оқушылар мен оқытушылардың (мұғалімдердің) арақатынасы, білім беру жүйесінен шығу коэффициенті, білім беру деңгейлері бойынша қамтудың таза коэффициенті, білім беру деңгейлері бойынша қамтудың жалпы коэффициенті, түлектерді мақсатты жұмысқа орналастыру және бір оқу орнына келетін білім алушылардың орташа саны сияқты ББХСЖ-2011 деңгейлеріне сәйкес білім берумен қамту көрсеткіштерін қалыптастыру әдіснамасын қамтиды.
      7. Әдістемеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ББХСЖ-1 деңгейі – бұл оқу, жазу және математиканың негізгі дағдыларына (яғни сауаттылық пен есептеу) және білімнің негізгі салаларын зерделеу және түсіну үшін байыпты негіз құруға, тұлғаның дамуы үшін, орта білімнің бірінші кезеңінде оқытуға дайындау үшін бағытталған бастауыш білім, оқыту және білім беру қызметі;
      2) ББХСЖ-2 деңгейі – бұл орта білімнің бірінші кезеңі немесе «орта білімнің бірінші сатысы», ол ББХСЖ-1 деңгейінде алынған білімді өсіруге бағытталған;
      3) ББХСЖ-3 деңгейі – бұл орта білімнің екінші кезеңі немесе «орта білімнің екінші сатысы», орта білімді аяқтау мақсатында және үшіншілік білімге дайындық немесе бұдан әрі жұмысқа орналасу, үшін кәсіби дайындықты қалыптастыру;
      4) ББХСЖ-4 деңгейі – орта білімнен кейінгі үшіншілік емес білім, орта білім негізінде оқу тәжірибесін алуды, еңбек нарығына шығу дайындығын және үшіншілік білімді алуды көздейді. Білім берудің бұл деңгейі, әдетте, орта білімнің екінші кезеңін (ББХСЖ-3 деңгейі) аяқтаған, бірақ еңбек нарығында мүмкіндіктерін жоғарылату немесе одан әрі үшіншілік білім алғысы келетін оқушыларға арналған;
      5) ББХСЖ 5-8 деңгейлері үшіншілік білім – орта білімге негізделген, білім берудің мамандандырылған салалары шеңберіндегі оқыту қызметін көздейтін білім деңгейі. Ол күрделілігі мен мамандануы жағынан оқытудың едәуір жоғары деңгейіне бағытталған. Үшіншілік білім академиялық білім және кәсіптік білімнен де тұрады;
      6) білім беру деңгейі – оқу тәжірибесінің, сондай-ақ білім беру бағдарламасы беруге бейімделген дағдылар мен біліктіліктердің дамуына сәйкес білім беру бағдарламаларын айқындайтын санаттардың ретке келтірілген жиынтығы.
      7) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.
      8) білім алатындар – білім алатын адамдар. Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидентура тыңдаушылары және докторанттар жатады.
      9) сандық деректер сандармен көрсетілген объективті деректерді білдіреді;
      10) сапалық деректер зерттелетін объектінің сапасын сипаттайды және субъективті ақпараттан, қарастырылып отырған мәселе бойынша пікірлерден немесе пайымдаулардан тұруы мүмкін;
      11) шығып кеткендер – сыныптан немесе курстан, бұл немесе басқа оқу жылы барысында оқыту және білім беру жүйесінен шығып кеткен адамдар.

2. «Оқушылар мен оқытушылардың арақатынасы» көрсеткішін есептеу

      Аталған көрсеткіштің мақсаты ББХСЖ-ға (0-ден 8-ге дейінгі деңгейлер) сәйкес білім берудің барлық деңгейлері бойынша мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілердің және колледждердегі өндірістік оқытудың шеберлерін қоса білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің (оқытушылардың) жетіспеушілік деңгейін анықтау болып табылады.
      Есептеу әдіснамасы осы оқу жылындағы осы білім беру деңгейіндегі оқушылар санының тиісті білім беру деңгейіндегі оқытушылар санына арақатынасы ретінде анықталады. Көрсеткішті есептеген кезде оқытушылардың жұмыс уақытының ұзақтығын: яғни толық немесе толық емес жұмыс күнін ескеру қажет.
      Оқушылар мен оқытушылардың арақатынасы көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:

      (1)

      мұндағы,
      t оқу жылындағы l білім деңгейіндегі оқушылар мен оқытушылардың арақатынасы;
      l –, ББХСЖ-2011 бөлуге сәйкес білім беру деңгейлері;
      t – оқу жылы;
      t оқу жылындағы l білім деңгейіндегі оқушылардың жалпы саны;
      t оқу жылындағы l білім деңгейіндегі жұмыс жүктемесін есепке алумен оқытушылардың жалпы саны;
      Өлшеу деңгейі; ұлттық және өңірлік. Деректер бөлінісі; қала, ауыл.
      Осы Әдістемеге қосымшада келтірілген ББХСЖ – 2011 пайдаланылатын деңгейлері:
      ББХСЖ-0 деңгейі (кіші жастағы балалардың білім алуы) маусымдық болу балалар бақшасында жұмыс істейтін тәрбиешілерсіз, күніне 2 сағаттан кем емес жұмыс жүктемесі бар және жылына бағдарламасының ұзақтығы 100 күнтізбелік күннен кем емес білім қызметімен айналысатын тәрбиешілерді қамтиды;
      ББХСЖ-1 деңгейі (бастауыш білім) бастауыш сыныптарда (1-4 сынып) жұмыс істейтін мұғалімдер санын. Егер персонал ББХСЖ тек бір деңгейіне тартылса, онда көрсеткішті санау кезінде жұмыс жүктемесі 100% болып есептеледі;
      ББХСЖ-2 деңгейлері (орта білімнің бірінші кезеңі, 24 бағдарлама), 3 (орта білімнің екінші кезеңі, 34 бағдарлама). Бар деректер оқушылар/мұғалім арақатынасын әр деңгей үшін есептеуге мүмкіндік бермейді, өйткені мұғалімдер жұмысын бөлуге мүмкіндік жоқ. Егер педагогикалық персонал жартылай жұмыс істесе, 0,5 коэффициенті пайдаланылады;
      ББХСЖ-3 деңгейлері (орта білімнің екінші кезеңі, 35 бағдарлама), 4 (орта білімнен кейінгі үшіншілік емес білім, 45 бағдарлама) 5 (үшіншілік білімнің қысқа циклы, 55 бағдарлама);
      ББХСЖ-6 деңгейлері (бакалавриат немесе оның баламасы), 7 (магистратура немесе оның баламасы), 8 (докторантура немесе оның баламасы). Бар деректер оқушылар және оқытушы арақатынасын әр деңгей үшін есептеуге мүмкіндік бермейді, өйткені мұғалімдер (оқытушылар) ББХСЖ әртүрлі деңгейлерінде оқыта алады. Егер педагогикалық персонал жартылай жұмыс істесе, 0,5 коэффициенті пайдаланылады.

3. «Білім беру және оқыту жүйесінен шығу коэффиценті»
көрсеткішін есептеу

      Аталған көрсеткіштің мақсаты тиісті біліктілікті (диплом, аттестат) алмай, білім беру жүйесінен шығарылған оқушылардың санын анықтау болып табылады.
      Есептеу әдіснамасы аталған оқу жылында оқу орнына нақты бір білім беру бағдарламасына қосылған, бірақ келесі оқу жылының басында аталған оқу орнына бармайтын оқушылардың (түлектерді қоспағанда) үлесі ретінде айқындалады.
      Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

      (2)

      мұндағы,
      – білім беру және оқыту жүйесінен шығу коэффиценті;
      l – ББХСЖ-2011 бөлуге сәйкес, білім беру деңгейлері;
      t – ағымдағы оқу жылы;
      t-1 – алдыңғы оқу жылы;
      – ББХСЖ аталған деңгейінен (1-ден 8-ге дейін) оқу жылының соңында шығарылған оқушылар саны;
      – алдыңғы оқу жылында ББХСЖ (1-ден 8-ге дейін) сәйкес деңгейінде оқыған оқушылардың жалпы саны;
      t -1 және t оқу жылдары арасында ББХСЖ (3-тен 8-ге дейін) сәйкес деңгейін тәмамдаған түлектер саны;
      – ББХСЖ (3-тен 8-ге дейін) сәйкес деңгейінің екінші жылына қалдырылған (екінші жылдықтар) оқушылар саны;
      Өлшеу деңгейі; ұлттық және өңірлік. Деректер бөлінісі; қала, ауыл.
      Осы Әдістемеге қосымшада келтірілген ББХСЖ – 2011 пайдаланылатын деңгейлері:
      ББХСЖ-1 (бастауыш білім), 2 (орта білімнің бірінші кезеңі), 3 (орта білімнің екінші кезеңі, 34 бағдарлама). Қосылғандар: екінші жылдықтар – екінші жылы сол бағдарлама бойынша оқитындар оқушылар және түлектер оқуды бітірген және бітіргені туралы куәлік құжатын (аттестат) алған оқушы. Бұл көрсеткіш тек негізгі және жалпы орта білімде қалыптасады. (ББХСЖ 2, ББХСЖ 3 деңгейлері).
      ББХСЖ-3 деңгейі (бағдарлама орта білімнің екінші кезеңі 35 бағдарлама), 4 (орта білімнен кейінгі үшіншілік емес білім 45 бағдралама), 5 (үшіншілік білімнің қысқа циклі, 55 бағдарлама);
      ББХСЖ-6, (бакалавриат немесе оның баламасы), 7 (магистратура немесе оның баламасы), 8 (докторантура немесе оның баламасы). Оқуды бітірген және бітіргені туралы куәлік құжатын (диплом) алған түлектер қосылды. Бар деректер екінші жылға қалдырылған студенттерді бөлмейді.

4. «Білім беру деңгейлері бойынша қамтудың таза коэффициентті»
көрсеткішін есептеу

      Осы көрсеткіштің мақсаты аталған білім берудің осы деңгейіне сәйкес келетін жас ерекшелік тобына жататын балалар мен жастардың аталған білім беру деңгейіндегі оқыту үдерісіне қатысу деңгейін анықтау болып табылады. Білім берудің әрбір деңгейінде қамтудың таза коэффициенті тиісті білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін көрсететін мемлекеттік, жеке оқу орындарын қоса алғанда барлық мектептердің түрлері мен басқа оқу орындарының (колледждер, жоғары оқу орындар) тіркелгені туралы толық мәліметтерге негізделуі тиіс.
      Есептеу әдіснамасы: қамтудың таза коэффициенті аталған білім беру деңгейі үшін ресми түрде белгіленген жас тобындағы оқушылардың халықтың тиісті тобы (ЮНЕСКО) санынан пайызбен көрсетілген үлесін білдіреді. Аталған білім беру деңгейі үшін ресми түрде белгіленген жас тобындағы оқушылардың (студенттердің) жалпы санын сол жас тобының халық санына бөліп, 100-ге көбейту арқылы анықталады.
      Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

      (3)

      мұндағы,
      – ББХСЖ бойынша аталған білім беру деңгейіндегі қамтудың таза коэффициенті;
      l – ББХСЖ-2011 бөлуге сәйкес білім беру деңгейлері;
      а – ББХСЖ-2011 деңгейіне сәйкес жас топтары;
      – аталған білім беру деңгейі үшін ресми түрде белгіленген жас тобындағы ББХСЖ аталған деңгейінің бағдарламаларына қабылданған оқушылар;
      – аталған білім беру деңгейі үшін ресми түрде белгіленген жас тобындағы халық саны;
      Өлшеу деңгейі; өңірлік және ұлттық.
      Жас топтары бойынша ББХСЖ-2011 бөлудің пайдаланылатын деңгейлері:
      ББХСЖ деңгейі 0 (кіші жастағы балалардың білімі) - 3-6 жас;
      ББХСЖ деңгейі 1 (бастауыш білім) - 7-10 жас;
      ББХСЖ деңгейі 2 (орта білімнің бірінші кезеңі 24 бағдарлама), 3 (орта білімнің екінші кезеңі 34 бағдарлама) - 11-17 жас;
      ББХСЖ деңгейі 3 (орта білімнің екінші кезеңі 35 бағдарлама) - 15-17 жас;
      ББХСЖ деңгейі 6 (бакалавриат немесе оның баламасы), 7 (магистратура немесе оның баламасы), 8 (докторантура немесе оның баламасы) - 18 және одан жоғары жас.

5. «Білім деңгейлері бойынша қамтудың жалпы коэффициенті»
көрсеткішін есептеу

      Осы көрсеткіш білім беру жүйесінің белгілі бір жас тобындағы оқушыларды қамту қабілеттілігін көрсетеді. Қамтудың жалпы коэффициенті аталған білім берудің тиісті жас топтары деңгейінен жоғары не төмен жастағы оқушыларды қамту деңгейін көрсете отырып, қамтудың таза коэффициентін толықтырады.
      Есептеу әдіснамасы: қамтудың жалпы коэффициенті аталған білім беру деңгейі үшін ресми түрде белгіленген жас тобындағы халықтың санынан пайызбен көрсетілген білім берудің белгілі деңгейіндегі оқушылардың (жасына қарамастан) үлесін білдіреді.
      Үшіншілік білім беру үшін жас тобы әдетте орта білімнің екінші кезеңінің аяқталуының теориялық жасы (ЮНЕСКО) келгеннен кейінгі бес жылдық кезеңге сәйкес келеді. Жасына қарамастан нақты білім беру деңгейінің оқушыларының (студенттерінің) жалпы санын аталған білім беру деңгейі үшін халықаралық стандарттармен белгіленген халық санына бөліп, 100-ге көбейту арқылы анықталады.
      Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

      (4)

      мұндағы,
      – ББХСЖ бойынша аталған білім беру деңгейіндегі қамтудың жалпы коэффициенті;
      – жасына қарамастан ББХСЖ аталған деңгейінің бағдарламаларына қабылданған оқушылар саны;
      – жас тобының аталған білім беру деңгейі үшін ресми белгіленген халық саны;
      l – ББХСЖ-2011 бөлуге сәйкес білім беру деңгейлері;
      а – ББХСЖ-2011 деңгейіне сәйкес жас топтары.
      Өлшеу деңгейі: ұлттық және өңірлік
      Жас топтары бойынша ББХСЖ – 2011 бөлудің пайдаланылатын деңгейлері:
      ББХСЖ деңгейі – 0 (кіші жастағы балалардың білімі) - 3-6 жас;
      ББХСЖ деңгейі – 1 (бастауыш білім) - 7-10 жас;
      ББХСЖ деңгейі – 2 (жалпы орта білімнің бірінші кезеңі 24 бағдарламасы), 3 (орта білімнің екінші кезеңі 34 бағдарламасы) – 11-17 жас;
      ББХСЖ деңгейі – 3 (орта білімнің екінші кезеңі 35 бағдарламасы) – 15-17 жас;
      ББХСЖ деңгейі - 6 (бакалавриат және оның баламасы), 7 (магистратура және оның баламасы), 8 (докторантура және оның баламасы) – 18 - жас және одан жоғары.

6. «Түлектерді мақсатты жұмысқа орналастыру» көрсеткішін
есептеу

      Қарқынды экономикалық даму техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінен елдің индустриалды-иновациялық даму жобаларын іске асыру үшін қазіргі заманға сай жабдықтармен жұмыс істеуге практикалық тұрғыдан машықтанған, білімі мен дағдысы жоғары мамандарды дайындауды талап етеді.
      Есептеу әдіснамасы: оқу орындарын бітірген және жұмысқа орналасқан оқушылар санын оқуды бітіргендердің (түлектер) жалпы санының пайызы ретінде анықтау.
      Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

      (5)

      мұндағы,
      E – түлектерді мақсатты жұмысқа орналастыру;
      – оқу орындарын табысты бітірген және жұмысқа орналасқан түлектер саны;
      – оқуды табысты аяқтаған түлектер саны.
      Өлшеу деңгейі: ұлттық және өңірлік. Деректер бөлінісі; қала, ауыл;
      Осы Әдістемеге қосымшада келтірілген ББХСЖ – 2011 болу пайдаланылатын деңгейілері:
      ББХСЖ 4 деңгейі – (орта білімнен кейінгі үшіншілік білім);
      ББХСЖ 5 деңгейі – (үшіншілік білімнің қысқа циклі);
      ББХСЖ 6 деңгейі – (бакалавриат және оның баламасы).

7. «Бір оқу орнына келетін оқушылардың орташа санын есептеу»
көрсеткіштінің есептеу

      Аталған көрсеткіштің мақсаты елдегі оқу орындарының аумақтық бөлінісінің әркелкілік деңгейін – оқушы орындарын жетіспеушілігін немесе тым ықтималдығын артық болуын анықтау болып тобынады. Аталған индикатор мектепке дейінгі білім беруден техникалық және кәсіптік білім беруге дейінгі деңгейлер бойынша есептеледі. Әсіресе бұл индикатор ауылдық жерлердегі оқу орындарының жобалық қуаттылығы қажеттілігін анықтау үшін қажет.
      Есептеу әдіснамасы: білім беру мекемелерінің қуаттылығы мен пайдалану дәрежесі оқушылар саны мен орындар санының пайызы ретінде. ББХСЖ (0-ден 5-ке дейін) бойынша аталған білім беру деңгейіндегі білім беру мекемелеріндегі оқушылардың санын білім беру мекемелерінің жобалық қуатына (оқушылар орны) бөлу арқылы есептеледі.
      Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

      (6)

      мұндағы,
      – бір оқу орнына келетін оқушылардың орташа саны;
      – ББХСЖ бойынша аталған білім беру деңгейіндегі білім беру мекемелеріндегі оқушылар саны;
      – білім беру мекемелерінің жобалық қуаты;
      l – ББХСЖ-2011 бөлуге сәйкес білім беру деңгейлері;
      Өлшеу деңгейі: ұлттық және өңірлік.
      Деректер бөлінісі: қала, ауыл
      Осы Әдістемеге қосымшада келтірілген ББХСЖ – 2011 болу пайдаланылатын деңгейлері:
      ББХСЖ 0 – (мектепке дейінгі білім);
      ББХСЖ 1 – (бастауыш білім);
      ББХСЖ 2 – (орта білімнің бірінші кезеңі);
      ББХСЖ 3 – (орта білімнің екінші кезеңі);
      ББХСЖ 4 – (орта білімнен кейінгі үшіншілік емес білім);
      ББХСЖ 5 – (үшіншілік білімнің қысқа циклы).

«Білім берудің халықаралық      
стандарттық жіктелімі-2011» сызбасы бойынша
білім беру статистикалық көрсеткіштерін 
қалыптастыру жөніндегі әдістеме     
қосымша                

  ББХСЖ - 2011 білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі
                       (бұдан әрі - ББХСЖ)

Деңгей
ББХСЖ

Атауы

Бағдарламалар

ББХСЖ 0

Кіші жастағы балаларды дамыту бағдарламалары

01 3 жастан кіші балаларға арналған білімдік бағдарламалар
02 мектепке дейінгі білім


Мектепке дейінгі білім

ББХСЖ 1

Бастауыш білім

ББХСЖ 2

Орта білімнің бірінші кезеңі

24 жалпы білім

25 кәсіптік білім

ББХСЖ 3

Орта білімнің екінші кезеңі

34 жалпы білім

35 кәсіптік білім

ББХСЖ 4

Орта білімнен кейінгі үшіншілік емес білім

44 жалпы білім

45 кәсіптік білім

ББХСЖ 5

Үшіншілік білімнің қысқа циклы

54 жалпы білім

55 кәсіптік білім

ББХСЖ 6

Бакалавриат немесе оның баламасы


ББХСЖ 7

Магистратура немесе оның баламасы

ББХСЖ 8

Докторантура немесе оның баламасы