"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 618 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 қаңтарда № 12870 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген, «Әділет» құқықтық–ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді:
      1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасу орны арқылы;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, қызмет беруші куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру.
      Құқықтық кадастрдың тiркеу iсiндегi құжаттардың көшiрмелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыреттеріне сәйкес сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардың дәлелдi сұрау салулары бойынша беріледі. Өзге адамдарға көрсетiлген ақпарат құқық иеленушінің келiсуi бойынша берiледi.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - қағаз жүзінде.
      Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орны мен алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Жұмыс кестесі:
      1) орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті бронға қоюға болады, сондай–ақ құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық бөлмеде жүзеге асырылады.
      2) порталда – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы, (өтініштер жұмыс уақытынан кейін және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi түскен жағдайда, өтініштер мен қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мемлекеттік қызметті алу көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      орталыққа:
      1) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысанда құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі);
      3) заңнамада белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкiлінің өкілеттігін куәландыратын құжат.
      Порталда электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      Уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар тиісінше соттың шешімдерін ұсынады.
      Жою комиссиясы тиісті бұйрықты ұсынады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдаған кезде орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде:
      орталықта көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылдағандығы туралы қолхат беріледі:
      портал арқылы – қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні және орны көрсетіледі.
      Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру қызметті алушының немесе өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, заңды тұлға үшін – өкілеттігін растайтын құжат негізінде, жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы беріледі.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, орталық бір ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін дайын құжаттарды алу үшін орталыққа жүгінген кезде, орталық бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды орталыққа жібереді, содан кейін орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.».
      Стандарттың 1-қосымшасы, осы бұйрықтын қосымшасына, сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Б. Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет Министрі                            Б. Имашев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестиция және даму министрі
      А. Исекешев
      _________________________
      2015 жылғы «__» _________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      Е. Досаев
      _________________________
      2016 жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы   
Әділет Министрінің     
2015 жылғы 8 желтоқсандағы  
№ 618 бұйрығына      
қосымша          

«Жылжымайтын мүлiк     
объектiлерi жоспарын (схемасын)
қоса алғанда, тiркеу органы 
куәландырған тiркеу iсi    
құжаттарының көшiрмелерiн беру»
мемлекеттiк көрсетілетін   
қызмет стандартына    
1-қосымша         

Нысаны

      __________________________________________________________
    (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы)

  Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық
    ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға
                       № ________ сұрау салу

Мен,
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә),
_____________________________________________________________________
    (жеке тұлғаның паспорт деректерi (жеке куәлiк деректерi) және
                          тұрғылықты жерi)
_____________________________________________________________________
             (заңды тұлғаның атауы және деректемелері)
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________негiзiнде
     (өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректері)
________________________________________________ атынан әрекет ететін
         (уәкiлеттi өкiл толтырады)

Маған мыналарды беруді сұраймын: керегiн белгiлеу

  жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және
      оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;

  жылжымайтын мүлкiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы;

  жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушi) туралы
      мәлiмет қамтылған техникалық паспортқа қосымшалар;

  жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (сызбасын) қоса
      алғанда, тiркеу органы растаған тiркеу iсi құжаттарының
      көшiрмелерi;

  жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді.

Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрi _________________________________
Объектiнiң орналасқан жерi __________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса беремiн:
_____________________________________________________________________
Күнi________/________________________________________________/_______
              (өтiнiш берушiнiң / уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә.)    (қолы)
_____________________________________________________________________
         (сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

Сұрау салуды орындау /қарау/ нәтижесi: ______________________________
тексерiлдi: күнi 20_____ ж._________ ________________________________
_____________________________________________________________________
                   (маманның Т.А.Ә. және қолы)

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,
ақпараттық жүйелердегі қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім беремін.
20__ жылғы _______________ «___»________
                                (қолы)