"Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 655 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 қаңтарда № 12845 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7381 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2012 жылғы 17 мамырда № 70 (2252) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақша қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы»;
      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі»;
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесінде:
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) құқық қорғау органдарының объектілерін дамытуға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларын қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.»;
      10 тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейі» критерийі бойынша:
      тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыс, республикалық маңызы бар қала, астана жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызы;
      бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу үшін себептері мен негіздемелерін көрсете отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бюджетінің жалпы көлемінде бюджеттік бағдарламалар арасында бюджетті нақтылау кезінде қайта бөлінген қаражаттың ара қатынасының үлесі;
      бюджеттiк инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болуы және бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту себептерi;
      дебиторлық және кредиторлық берешектердің пайда болу себептерін және оны қысқарту жөнінде қабылданған шараларды көрсете отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің ағымдағы жылды және өткен жылдарды бөле отырып, дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы/болуы немесе өзгеруі көрсетіледі;
      2) «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағаланатын кезеңде тексеру қорытындылары бойынша бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» критерийi бойынша:
      тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органы;
      есептi кезеңдегi тексерулер саны;
      ішкі бақылау қызметтерінің тексерулерін қоспағанда, мемлекеттік органның және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;
      есептi кезеңде анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:
      бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);
      бюджет қаражатын және мемлекеттiң активтерiн пайдалану кезiнде;
      бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде;
      мемлекеттік қарыз туралы шартпен белгіленген қарызды жабу датасын ұзартқан кезде;
      бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдерді орындаудың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындауға жатқызылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны таңдаудың белгiленген мерзімін, тәртібін сақтамау көрсетіледі;
      Бұдан әрi есептi кезеңде бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемiнен бұзушылықтардың үлесi келтiрiледi.
      Мемлекеттiк органда анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың жалпы сомасы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған бұзушылықтарды қосу жолымен айқындалады.
      Бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының көлемi мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылаумен қамтыған қаражат көлемдерiн қосу жолымен айқындалады.
      Мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар.
      Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары растаған шағымдардың болмауы/болуы;
      3) «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген нұсқамаларды және қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийі бойынша:
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгізілген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджеттің кірісіне қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының жалпы көлеміне шаққанда белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi (сот талқылауларына байланысты өтеуге жататын сомаларды қоспағанда);
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгізілген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуды көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасының көлемі;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгізілген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуды көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына шаққанда белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi (сот талқылауларына байланысты қалпына келтіруге жататын соманы қоспағанда).
      «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» және «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгiзілген ұсынымдары мен қаулыларын орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийлері бойынша ішкі бақылау қызметтерінің жұмысы бойынша ақпарат талдамалы мақсатта жеке көрсетіледі.»;
      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру» көрсеткіші бойынша бағалау республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламалары/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызын көрсетедi.
      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде мемлекеттік органның игерілмеген қаражат сомасынан Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен тоқтатыла тұрған шығыстар сомасы алып тасталады.
      Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi бойынша балл Әдістемеге
7-қосымшада көрсетілген мәндерге критерийлер мен көрсеткіштер балдарына сәйкес айқындалады.
      Жергiлiктi атқарушы органдар бойынша осы көрсеткіш жөніндегі бағалау барлық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша орташа балл түрiнде айқындалады.
      «Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі» көрсеткіші бойынша бағалау бюджет қаражатының азаюы бөлігінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бекітілген бюджетінің жалпы көлеміндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша бюджетті нақтылау кезінде қайта бөлінген қаражаттың ара қатынасының үлесін анықтауға негізделеді.
      Қайта бөлінген қаражаттың көлемі қаржы жылының ішінде барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша бекітілген жоспарлы тағайындаулар мен түзетілген жоспар арасындағы айырма жолымен есептеледі. Бұл ретте барлық нақтылаулардағы азайтылған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке қабылданады.
      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шығыстарды қысқарту, функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажыратуға байланысты түзету, мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) кезінде, Қазақстан Республикасы шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізу, бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қосымша ақша қаражатын бөлу не секвестрлеу кезінде, бюджетті нақтылау және түзету кезінде бюджеттік бағдарламалардың ақшасын қайта бөлу жағдайлары ескерілмейді.
      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде кросс-бағамдардың ауытқуларына байланысты нақтылаулар есепке алынбайды.
      «Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактілерінің болмауы немесе болуы» көрсеткіші бойынша бағалау бюджеттік инвестициялық жобаның құнын ұлғайтуға ұшыратқан бюджеттік инвестициялық жобалардың қаржылық-экономикалық негіздемесін, жобалау-сметалық құжаттамасын түзету жағдайларының бар не жоқ екендігін көрсетеді.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына және қағидаларына өзгерістер енгізу нәтижесінде бюджеттік инвестициялық жобаның құнын ұлғайту жағдайлары ерекшелік болып табылады.
      Бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактілері болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобасының қымбаттау пайызы есептеледі.
      Бұл ретте бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнының қымбаттау пайызы инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген оның бастапқы құнына қатысты есептеледі.
      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде кросс-бағамдардың ауытқуларына байланысты қымбаттаулар ескерілмейді.
      Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жобалау-сметалық құжаттама негізінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды көздемеген жағдайда, осы өлшем бойынша 2 балл беріледі.
      Бұл ретте орталық мемлекеттік органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Әдістемеге 4-қосымшаға бір жыл үшін құрылыс және реконструкция объектілері құнынын қымбаттауы туралы сәйкес ақпарат береді.
      «Дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы» көрсеткіші бойынша бағалау республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің дебиторлық/кредиторлық берешектерінің болмауын/болуын немесе өзгеруін көрсетеді.
      Дебиторлық берешекте қызметтерді берушілердің растаушы құжаттарды уақтылы бермеуі себебінен бағаланып отырған жылдың аяғында пайда болған, көрсетілген коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері бойынша келесі жылдың қаңтарында өтелуге жататын ағымдағы дебиторлық берешек есепке алынбайды.
      Дебиторлық берешектің жалпы сомасында жалғасатын халықаралық инвестициялық жобалар бойынша, инновациялық гранттар беру бойынша пайда болған дебиторлық берешек сомасы есепке алынбайды.
      Кредиторлық берешекте мердігердің қабылдаған міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында ұсталған орындалған жұмыстар көлемінің 5%-ы мөлшерінде кредиторлық берешек, бюджет қаражатын секвестрлеу нәтижесінде туындаған кредиторлық берешек есепке алынбайды.
      Дебиторлық/кредиторлық берешектің өзгеруін бағалау бағаланып отырған кезеңдегі берешекті өткен жылдың осыған ұқсас көрсеткішімен салыстыру жолымен жүзеге асырылады және Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген критерийлер мен көрсеткіштер балдарына сәйкес айқындалып қойылады;
      14. Есептi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы, жергілікті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы мәслихаттың шешiмi, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын және жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қаулылары және бюджеттiк бағдарламалар әкімшісінің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалы есеп, жылдың қорытындылары бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнің атқарылуы туралы есеп, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есепті қаржы жылына арналған дебиторлық берешегі туралы есеп, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есепті қаржы жылына арналған кредиторлық берешегі туралы есеп ақпарат көздерi болып табылады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» критерийі бойынша бағалау жүргізу кезінде:
      тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органы;
      есептi кезеңдегi тексерулер саны;
      ішкі бақылау қызметтерінің тексерулерін қоспағанда, мемлекеттік органның және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;
      есептi кезеңде анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:
      бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);
      мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде, оның ішінде сатып алу қорытындысына ықпал ететін мемлекеттік сатып алу бойынша;
      бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде;
      мемлекеттік қарыз туралы шартпен белгіленген қарызды жабу датасын ұзартқан кезде;
      бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдерді орындаудың, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны таңдаудың белгiленген мерзімін, тәртібін сақтамау көрсетіледі;
      мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар;
      мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары растаған шағымдардың болмауы/болуы көрсетіледі.»;
      Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес критерийлер мен көрсеткіштер балдары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесінің өзгерістері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес енгізілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы Министрінің міндетін
      атқарушы                                   Р. Бекетаев

Қазақстан Республикасы      
Қаржы Министрінің        
2015 жылғы 14 желтоқсандағы   
№ 655 бұйрығына         
1-қосымша           

Мемлекеттік органның       
бюджет қаражатын        
басқарудың           
тиімділігін бағалау       
әдістемесіне          
7-қосымша           

Критерийлер мен көрсеткіштердің балдары

р\р

Критерийдің/көрсеткіштің атауы

балл


1

Бюджетті атқару және жоспарлау сапасының деңгейі - 28 балл


1-1

Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру

12


100%

12


99,9 - 99,7%

11


99,6 - 99,4%

10


99,3 - 99,1%

9


99,0 - 98,8%

8


98,7 - 98,5%

7


98,4 - 98,2%

6


98,1 - 97,9%

5


97,8 - 97,6%

4


97,5 - 97,3%

3


97,2 - 97,0%

2


96,9 - 96,7%

1


96,6 % және одан кем

0

1-2

Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі

4


Бекітілген бюджеттен қаражатты қайта бөлудің болмауы

4


Қайта бөлінген қаражаттың көлемі:



5%-ға дейін

3


5,1 - 7%

2


7,1 - 10%

1


10,1%-дан астам

0

1-3

Бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактілерінің болмауы/болуы

4


Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактілерінің болмауы

4


Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюы



2%-ға дейін

2


2%-дан астам

0


Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінде бюджеттік инвестициялық жобалардың болмауы

2

1-4

Дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы

8


Дебиторлық берешектің болмауы

4


Дебиторлық берешектің өзгерістері:



азаю жағына қарай:



1-20%

1


21-50%

2


51-99,9%

3


ұлғаю жағына қарай

0


Кредиторлық берешектің болуы

4


Кредиторлық берешектің өзгерістері



азаю жағына қарай

1


1-20%

1


21-50%

2


51-99,9%

3


ұлғаю жағына қарай

0

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы - 12 балл

2-1

Бұзушылықтардың болмауы/болуы

8


Бұзушылықтардың болмауы

8


Есепті кезеңде қаржылық бақылау органдарының тексерулер жүргізбеуі

4


Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде айқындалған бұзушылықтардың сыныптауышына сәйкес бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен бұзушылықтардың болуы (тиімсіз шығыстары қоспағанда)


5%-ға дейін

3


5,1 - 9,9%

2


10,0 - 14,9%

1


15%-дан астам

0

2-2

Мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына жауап бермейтін шығыстар

2


Тиімділік қағидатына жауап бермейтін шығыстардың болмауы

2


1.1-көрсеткішінің игерілген бюджет қаражатының сомасынан мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына жауап бермейтін шығыстар

0

2-3

Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары растаған шағымдардың болмауы/болуы

2


Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексерулерімен расталған шағымдардың болуы

0


Шағымдардың, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексерулерімен расталмаған шағымдардардың болмауы

2

3

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген нұсқамалар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (іскеасырылған) шаралар - 10 балл

3-1

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес бюджеттің кірісіне қайтарылуға жататын бұзушылықтардың жалпы сомасын ашаққанда белгіленген мерзімде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемі (сот талқылауларына байланысты өтеуге жататын сомаларды қоспағанда)

5


Бюджетке өтелетін соманың болмауы

5


Белгіленген мерзімде бюджетке өтелген бұзушылықтар сомасының 100% көлемі

2


70,0 - 99,9%

1


70%-дан кем

0


Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

2

3-2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының енгізілген нұсқамаларымен қаулыларға сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткізу және/немесе есепке алуды көрсету жолымен қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар сомасының жалпы көлеміне шаққанда белгіленген мерзімде қалпына келтірілген бұзушылықтар сомасының көлемі (сот талқылауларына байланысты қалпына келтіруге жататын соманы қоспағанда)

5


Бюджетке қалпына келтірілетін соманың болмауы

5


Белгіленген мерзімде қалпына келтірілген бұзушылықтар сомасының 100% көлемі

2


70,0 - 99,9 %

1


70,0 %-дан кем

0


Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

2

4

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қолжеткізу - 28 балл


4-1

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қолжеткізу

24


100%

24


99,9 - 99,3%

23


99,2 - 98,6%

22


98,5 - 97,9%

21


97,8 - 97,2%

20


97,1 - 96,5%

19


96,4 - 95,8%

18


95,7 - 95,1%

16


95,0 - 94,4%

14


94,3 - 93,7%

12


93,6 - 93,0%

10


92,9 - 92,3%

8


92,2 - 91,6%

6


91,5 - 90,9%

4


90,8 - 90,2%

2


90,1% және кем

0

4-2

Бюджеттік бағдарламалар нәтижелілігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы

4


Бюджеттік бағдарламада мемлекеттік органның тиісті мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мен бағалауына жататын сандық өлшемді болып табылатын нәтижелік көрсеткіштерінің болуы

4


Бюджеттік бағдарламада тиімділік көрсеткіштерінің бірінің болмауы, тікелей нәтижеге қолжеткізуді бағалауға мүмкіндік бермейтін сандық сипаттаманың орнына іс-шаралардың болуы, түпкі нәтижелері бар тікелей нәтижелердің қайталануы, басқа бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері мен бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің қайталануы, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мақсаттары мен міндеттеріне тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі

0

5.

Бюджеттік бағдарланы орындау тиімділігі - 22 балл



100%

22


99,9 - 99,3%

21


99,2 - 98,6%

20


98,5 - 97,9%

19


97,8 - 97,2%

18


97,1 - 96,5%

17


96,4 - 95,8%

16


95,7 - 95,1%

15


95,0 - 94,4%

14


94,3 - 93,7%

12


93,6 - 93,0%

10


92,9 - 92,3%

8


92,2 - 91,6%

6


91,5 - 90,9%

4


90,8 - 90,2%

2


90,1% және одан кем

0

Қызмет бабында пайдалану үшін
№ жалғыз дана        

      Қазақстан Республикасы  
Қаржы Министрінің    
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 655 бұйрығына     
2-қосымша        

      РҚАО-ның ескертпесі: "ҚБПҮ" грифімен берілген 2-қосымша "Заң" деректер базасына енгізілмейді.