"Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 614 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қаңтарда № 12811 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5454 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1639) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтын 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ақша есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз етпейтін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысаны;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ақша есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысаны бекітілсін.»;
      аталған бұйрыққа 1-қосымша:
      маңдайшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «Ақша есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер
органдарына беруді қамтамасыз етпейтін техникалық талаптар және
бақылау-кассалық машиналардың техникалық алаптарға сәйкестілік нысаны»;
      реттік нөмірі 15 жол келесі редакцияда баяндалсын:
      «

15

БКМ мынадай бақылау чектерінде мөрді қамтамасыз етеді:




1) салық төлеушінің атауы




2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі




3) БКМ-нің зауыт нөмірі




4) тіркеу нөмірі




5) чектің реттік нөмірі




6) тауар, жұмыс, қызметтің атауы




7) тауарларды сатып алудың, жұмысты орындаудың, қызмет көрсетудің күні мен уақыты




8) тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы




9) сатып алудың сомасы




10) фискалдық белгі




11) Валюта айырбастау, металдар сынығын, шыны ыдысты қабылдау, ломбардтарға қолданылатын БКМ бақылау чегінде сату, сондай-ақ сатып алулар сомасы туралы ақпаратты басып шығаруды қамтамасыз етуі қажет.




12) БКМ-нің 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін қосылған мемлекеттік тізілімге БКМ моделдері, осы тармақта көрcетілген деректемелерді бақылау чегінде басып шығаруды, соның ішінде қазақ тілінде қазақ тілінің ерекше әріптерінің қолдануымен қамтамасыз етуі тиіс.



»;

      реттік нөмірі 25, 26 және 27 жолдар келесі редакцияда баяндалсын:
      «

25

БКМ мынадай деректерді енгізуді қамтамасыз етуі тиіс:




1) БКМ зауыт нөмірі (егер БКМ-нің зауыт нөмірі дайындаушы зауыттағы ФЖ-ға енгізілсе, онда фискальдау кезінде ол енгізілмейді)




2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі




3) фискализацияны өткізу күні




4) фискалдық жадқа енудің жаңа паролі




5) БКМ-нің тіркеу нөмірі.



26

БКМ төменде келтірілген аббревиатураларға сәйкес Талаптардың 25-тармағында көрcетілген деректерді енгізуді қамтамасыз етеді:




1) МЗН - БКМ зауыт нөмірі




2) БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі




3) МТН - салық органындағы БКМ тіркеу нөмірі




4) ФЖ - БКМ фискалдық белгісі.



27

БКМ қайта тіркеу процесінде мынадай деректерді енгізуді қамтамасыз етуі тиіс:




1) ФЖ-ға енудің бұрын белгіленген паролі;




2) БКМ-нің тіркеу нөмірі




3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі




4) қайта тіркеуді өткізудің күні




5) фискалдық жадқа енудің жаңа паролі.



»;    

      реттік нөмірі 41 жол келесі редакцияда баяндалсын:
      «

41

БКМ-ын жасап шығарушы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын тұлғаның апатты жағдайлардағы басқа техникалық құралдарға ФЖ мазмұнын мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері оқу мүмкіндігін БКМ авариясы кезінде қарастыруы тиіс. Осы жағдай үшін ФЖ мазмұнын оқу тәртібі. Касса машинасының нақты моделіне жөндеу құжаттамасында көрсетілуі тиіс.



»;

      реттік нөмірі 47 жол келесі редакцияда баяндалсын:
      «

47

«салық инспекторының жұмыс орны» модуліне бастапқы кіру кезінде мемлекеттік кірістер органы маманның логин және паролін енгізумен және БКМ фискалдық деректеріне қол жеткізу үшін крипто-кілттің қалыптастыруы болуы тиіс.
«салық инспекторының жұмыс орны» модуліне кейінгі кіру тек қана қалыптасқан крипто-кілттің және мемлекеттік кірістер органы маманның енгізілген логин және паролі көмегімен қамтамасыз етілуі тиіс – кілт.



»;

      реттік нөмірі 49 жол келесі редакцияда баяндалсын:
      «

49

БКМ бақылау чегі (компьютерлік жүйелер болып табылатын, банктер мен банктік операциялардың жеке түрлерін орындайтын ұйымдармен қолданылатын БКМ қоспағанда) бақылау чегіндегі мөрді қамтамасыз етеді:




1) салық төлеушінің атауы




2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі




3) БКМ-нің зауыт нөмірі




4) тіркеу нөмірі




5) чектің реттік нөмір




6) операция, тауар, жұмыс, қызметтің атауы




7) тауарларды сатып алудың, операцияны іске асырудың, қызметтерді көрсетудің күні және уақыты




8) операция, тауар, қызметтің, жұмыс сомасы




9) тауар, жұмыс, қызметтің жалпы құны




10) осы тармақта көрcетілген деректемелер, соның ішінде қазақ тілінде қазақ тілінің ерекше әріптерінің қолдануымен қамтамасыз етуі тиіс



»;

      «Фискальдық жадыда тіркелетін ақпараттарға талаптар» 1-кесте аталған бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
      аталған бұйрыққа 2-қосымша:
      маңдайшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «Ақша есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер
органдарына беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптар және
бақылау-кассалық машиналардың техникалық алаптарға сәйкестілік нысаны»;
      реттік нөмірі 15 және 16 жолдар келесі редакцияда баяндалсын:
      «

15.

БКМ фискалдық деректер операторының серверіне мемлекеттік кірістер органдары қойған касса бойынша операцияларды тоқтату хабарламасын алғаннан кейін жұмысты тоқтатуды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге касса ауысымын ашқанда БКМ мемлекеттік кірістер органдары талаптары бойынша тоқтатылғандығы (экранда немесе чек лентасында басып шығару арқылы) туралы хабарлама шығады.



16.

БКМ фискалдық деректер операторының серверінен түскен мемлекеттік кірістер органдары хабарламаларынан құрастырылған хабарламаның шығарылуын қаматамасыз етуі тиіс. Хабарламалар БКМ экрандарында пайда болады немесе БКМ Z, X-есептерін шешкенде чек лентасында басылып шығуы керек. Фискалдық деректер операторының серверімен жұмысқа қойылатын талаптар



»;

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 17.1 жолмен толықтырылсын:
      «

17.1

2015 жылдың 1 шілдесіне дейін БКМ мемлекеттік тізіліміне қосылған БКМ жаңғыртудан кейін GSM, LTE, Wi-Fi, Wi-Max, Ethernet стандарттарында жұмыс жасайтын бір немесе одан да тәуелсіз көп қабылдау беру арналарын ұстанады.*




Ескертпе: *Жаңғырту – БКМ ескі моделдерін техникалық шарттардың, жаңа талаптарына және нормаларына сәйкес келтіру. 



»;

      реттік нөмірі 19.3 жол келесі редакцияда баяндалсын:
      «

19.3

3) мемлекеттік кірістер органдарындағы БКМ тіркеу нөмірі



»;

      реттік нөмірі 20.3 және 20.4 жолдар келесі редакцияда баяндалсын:
      «

20.3

3) мемлекеттік кірістер органдарындағы БКМ тіркеу нөмірі



20.4

4) БКМ зауыт нөмірі



»;

      реттік нөмірі 34.2 жол келесі редакцияда баяндалсын:
      «

34.2

2) БКМ тіркеу нөмірі (БКМ нөмірі мемлекеттік кірістер органдарында тіркелген);



»;

      реттік нөмірі 48 және 49 жолдар келесі редакцияда баяндалсын:
      «

48.

БКМ фискалдық деректер операторының серверінен мемлекеттік кірістер органдарымен қойылған касса бойынша операцияларды тоқтату хабарламасын алғаннан кейін жұмысты тоқтатуды қамтамасыз ету керек.
Сонымен бірге касса ауысымын ашқан кезде, БКМ мемлекеттік кірістер органдары талаптары бойынша тоқтатылған деген хабарламаны БКМ шығады (экранда немесе чек лентасында басылып шығу арқылы).



49.

БКМ фискалдық деректер операторының серверінен немесе мемлекеттік кірістер органдарымен құрастырылған хабарламалардын шығаруын қамтамасыз етуі тиіс. Хабарламалар БКМ экрандарында пайда болуы тиіс немесе кассалық ауысым ашылғанда чек лентасында басылып шығу керек.
Фискалдық деректер серверімен жұмысына қойылатын талаптар.



»;

      реттік нөмірі 52.3 жол келесі редакцияда баяндалсын:
      «

52.3

3) мемлекеттік кірістер органдарындағы БКМ тіркеу нөмірі



»;

      реттік нөмірі 53.3 және 53.4 жолдар келесі редакцияда баяндалсын:
      «

53.3

3) мемлекеттік кірістер органдарындағы БКМ тіркеу нөмірі



53.4

4) БКМ зауыт нөмірі     



»;

      реттік нөмірі 64.2 жол келесі редакцияда баяндалсын:
      «

64.2

2) БКМ тіркеу нөмірі (БКМ нөмірі мемлекеттік кірістер органдарында тіркелген);



»;

      реттік нөмірі 81 және 82 жолдар келесі редакцияда баяндалсын:
      «

81.

БКМ фискалдық деректер операторының серверіне мемлекеттік кірістер органдарымен қойылған касса бойынша операцияларды тоқтату хабарламасын алғаннан кейін жұмысын тоқтатуды қамтамасыз ету керек.
Бұл ретте БКМ кассалық ауысымын ашуда БКМ мемлекеттік кірістер органдары талаптары бойынша тоқтатылған (экранда немесе чек лентасында басылып шығу арқылы) деген хабарлама пайда болады.



82.

БКМ фискалдық деректер операторының серверінен алынған хабарламалар, мемлекеттік кірістер органдары құрастырған хабарламалармен қаматамсыз етілуі тиіс. Хабарламалар БКМ экрандарында пайда болады немесе кассалық ауысым ашылғанда чек лентасында басылып шығу керек.



»;

      реттік нөмірі 85.3 және 85.4 жолдар келесі редакцияда баяндалсын:
      «

85.3

3) мемлекеттік кірістер органдарындағы БКМ тіркеу нөмірі



85.4

4) БКМ зауыт нөмірі



»;

      реттік нөмірі 86.3 және 86.4 жолдар келесі редакцияда баяндалсын:
      «

86.3

3) мемлекеттік кірістер органдарындағы БКМ тіркеу нөмірі



86.4

4) БКМ зауыт нөмірі



».

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
        Қаржы министрі                               Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 614 бұйрығына  
қосымша       

1 кесте

Фискалдық жадта тіркелетін ақпаратқа талаптар

Жазба түрі

Деректемесі

Ондық разряд деректемелерінің разрядтылығы

Жазба саны

Талаптың орнатылуы

Жасап шығарушы зауыт құжаттамасында көрсетілген мәліметтер

Орнатылған талаптар

Жасап шығарушы зауыт құжаттамасында көрсетілген мәліметтер

Нөмір

бақылау-касса машинасының  (бұдан әрі – БКМ) зауыт нөмірі

12


1


БКМ фискализациясы

БКМ тіркеу нөмірі

8


1


БКМ үшін қолданушы бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН/ЖСН)

12




Фискализация күні

6




Жаңадан тіркеуін жүргізу және фискалдық есепті алу үшін пароль

8




БКМ жаңадан тіркеу

БКМ тіркеу нөмірі

8


1


БКМ үшін қолданушы БСН/ЖСН-і

12




Жаңадан тіркеу күні

6




Ауысымды жабудың соңғы нөмірі

4




Жаңадан тіркеуін жүргізу және фискалдық есепті алу үшін пароль

8




Ауысымды жабу

Есеп күні

6


3000


Ауысымды жабу нөмірі

4




Ауысымдық сатып алулар қорытындысы

7




*Ауысымдық сатудың қорытындысы

7




Қызметтік ақпарат (міндетті)

Жазбалардың бақылау сомалары

Жасап-шығарушы мен анықталады





ФЖ-де тіркелетін қорытынды мәндеріндегі үтірдің орналасу орны Қызметтік индекстер, белгілер, тулар





      * Деректемелер валюта айырбастау, металлдардың сынығын, шыны ыдысты қабылдау пунктері, ломбардтар үшін Касса машиналарына жатады.
      Көрсетілген деректерді физикалық сақтау фискалдық жады блогында жүзеге асырылады.