Өнеркәсіп саласындағы тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1161 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 789 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12795 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған өнеркәсіп саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
      2. «Өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 139 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 126/ОД бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9517 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму               Ұлттық экономика
      министрінің міндетін атқарушы         министрі
      ___________ А. Рау                    ____________ Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуратурасы Құқықтық
      статистика және арнайы есепке алу
      жөніндегі комитетінің төрағасы
      ________________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 25 желтоқсан

Қазақстан Республикасы       
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының       
2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1161 және
Қазақстан Республикасы        
Ұлттық экономика министрінің     
2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 789 
бірлескен бұйрығына қосымша    

               Өнеркәсіп саласындағы тексеру парағы

      _______________________________________________________ қатысты
      (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) бір текті
                           тобының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы____________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті_____________________________________
                                            (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) ЖСН (жеке сәйкестендіру
нөмірі), БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)___________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1. Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану бойынша қызмет түріне

1

Қызметтiң лицензияланатын түрлерi мен кiшi түрлерiн (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентiнің болуы





2

Меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде (ғимарат, үй-жайлар) мәлімделген кiшi қызмет түрлерiне сәйкес жабдықталуы және мыналарды қамтуы тиiс өндiрiстiк базаның болуы:





2.1

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және игеру; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргiзу; кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстарын жүргiзу үшiн: инженерлiк құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің, құралдардың, арнайы көлiктің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестің болуы





2.2

пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшiн:





2.2.1

лицензия не жарылғыш заттарды сақтауға қажетті қоймалары бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың болуы;





2.2.2

ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы





2.3

ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу,
жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергiшiн орнату үшiн;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшiн: тиiстi технологиялық жабдықтардың болуы





2.4

химия өндiрiстерiн пайдалану үшiн:





2.4.1

меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде механизмдердің, технологиялық желiлер, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың болуы





2.4.2

өнiмнiң стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың болуы





3

Мыналарды қамтамасыз ететiн жауапты тұлғалардың немесе қызметтердің болуы:





3.1

машиналарды, механизмдердi, көлiк құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;





3.2

еңбек қауiпсiздiгiн бақылауды;





3.3

метрологиялық бақылауды;





3.4

маркшейдерлiк жұмыстарды («химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметiнiң кiшi түрiне қолданылмайды);





3.5

технологиялық процестi сақтауды және берiлген сападағы өнiмнiң шығарылуын сақтауды (тау-кен өндiрiсi қызметтерiнiң кiшi түрлерiне қолданылмайды);





3.6

қоршаған ортаны қорғауды





4

Тиiстi бiлiм беру деңгейiне жауап беретiн техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктiлiк құрамы (техникалық басшылар үшiн – тиiстi салада жоғары техникалық, мамандар үшiн – кемiнде тиiстi салада орта арнаулы бiлiм) және техникалық басшылар үшiн тиiстi салада лицензияланатын қызметтiң кiшi түрi бойынша кемiнде 3 жыл практикалық жұмыс тәжiрибесiнің болуы





2. Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөніндегі қызмет түріне (заңды тұлғалардың өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және/немесе қара металл сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметті қоспағанда)

5

Мыналарды қамтитын мамандандырылған меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегі қоршалған өндiрiстiк базаның болуы:





5.1

оттегi және пропаны бар баллондарды сақтауға арналған орынды;





5.2

қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлерi, маркалары мен сұрыптары бойынша бөлiп сақтауға арналған контейнерлердi, қораптарды немесе алаңды;





5.3

түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабық үй-жайды не асфальтталған немесе қатты жамылғылы орынды;





5.4

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдығы мен құралдары бар арнайы алаңды немесе өндiрiстiк үй-жайды;





5.5

өрт сөндiру құралдарымен жарақтандырылған түстi және қара металдардың жарылу қаупi бар сынықтарына арналған қойманы;





5.6

жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды;





5.7

кәсiпорында бекiтiлген және оларды пайдалануға тиiстi рұқсат беру құжаттары бар меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегі стационарлық немесе ұтқыр жүк көтергiш жабдықты, сондай-ақ жүк көтеру бойынша аталған жұмыстарды жүргiзу үшiн технологиялық процеске сәйкес келетiн керек-жарақтарды;





5.8

кәсіпорында технологиялық процеске сәйкес келетін қара және түсті металдардың сынықтарын кесуге, өңдеуге арналган жабдықты және/немесе қара және түсті металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған престерді және/немесе гидроқайшыларды;





5.9

өлшем құралдарын (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және/немесе басқа да өлшем құралдарын);





5.10

қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейiн өлшеуге арналған дозиметрлiк немесе радиометрлiк жабдықты





6

Қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жалдаудағы немесе өзге заңды негiздегi (жүк) автокөлiктің болуы





7

Автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар мынадай көлемдегі жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесi не оның үлесi болуы:





7.1

түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 400 шаршы метр (бұдан әрі - ш.м.);





7.2

қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 1000 ш.м.





8

Кәсiпорында қара және түстi металдардың сынықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық процеске сәйкес қолданылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн бiлiктi персоналдың болуы





9

Мамандандырылған өндiрiстiк базадан өзге жерде қоршалған және аумақтық орналасқан меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегі қабылдау пунктiн ашу үшін мыналардың болуы талап етіледі:





9.1

қолма-қол ақшамен жұмысқа бейімделген (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай;





9.2

таразы шаруашылығы;





9.3

қабылдау пунктінің заңды тұлғаға тиесілігі, лицензия нөмірі мен берілген күні, жұмыс режимі көрсетілген маңдайша;





9.4

кемінде 200 ш.м. алаң.





Лауазымды тұлға(лар) _________________  _____________________________
                        (лауазымы)                 (қолы)
                     ________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Тексерілетін
субъектінің басшысы   _______________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
______________
    (қолы)