«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е.Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Т. Балықбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 31 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 718 бұйрығымен бекітілген
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік бюджет және (немесе) бюджеттен тыс қаражаттарының есебінен Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру гранттарын қаржыландыру (бұдан әрі - гранттық қаржыландыру) тәртібін айқындайды.
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру шарты оператор мен Орындаушы арасында мемлекеттік бюджеттен немесе бюджеттен тыс қаражаттан қаржыландыру аясында оны іске асырудың барлық мерзімінде, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімде жасалады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) балдарды саралау – сараптама нәтижелері бойынша және бөлінген қаражат көлемін ескере отырып, жоғары балл бойынша жобалардың тізбесін жасау;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасы - зияткерлік қызметтің нәтижелерін қоса алғанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық қолданылуға ұсынылған жұмыстың мазмұнын қамтитын, нарыққа табыс келтіруге бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді шығару мақсатындағы құжат;
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы салааралық үйлестіру мен басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) қатысушы - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың қатысушылары ретінде Заңмен айқындалған жеке және заңды тұлғалар;
5) оператор (Тапсырыс беруші) – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша, оның ішінде жобаларды іріктеу және оларды қаржыландыру, экономикалық сараптамаларды жүргізу, қаражатты пайдалану тиімділігін және гранттық қаржыландыру нәтижелілігін мониторингілеуді жүзеге асыру мақсатында конкурсты өткізуді ұйымдастыру бойынша тәжірибесі бар, уәкілетті органмен немесе салалық уәкілетті органмен анықталатын заңды тұлға. Оператор ретіндегі өзге де заңды тұлғалар уәкілетті органдар немесе салалық уәкілетті органдардың бұйрығына сәйкес айқындалады;
6) салалық уәкілетті органдар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салаларда жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
7) экономикалық (маркетингтік) сараптама (бұдан әрі – ЭМС) - туралы коммерцияландыру жобаларын іске асырудың мүмкіндіктері мен келешегі және оларды енгізуді оператор жүзеге асыратын экономикалық тиімділігі туралы негізделген зерттеулерге (бағалау) байланысты қызмет.
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру грантының тәртібі
4. Гранттық қаржыландыру бюджеттен және (немесе) бюджеттен тыс қаражат есебінен қатысушыларға конкурстық негізде, бюджеттен және (немесе) бюджеттен тыс қайтарымсыз қаражат болып қарастырылған қаражат шегінде бөлінеді.
5. Оператор (Тапсырыс беруші) коммерцияландыру рәсімдерін ұйымдастыру мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іріктеу бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізуді, оның ішінде, конкурс құжаттамаларын әзірлеу және бекітуді, ЭМС жобаларын өткізуді, оларды қаржыландыруды қоса алғандағы қызметті іске асырады, сондай-ақ қаражатты пайдалану тиімділігін және гранттық қаржыландыру нәтижелілігін мониторингтеуді жүзеге асырады.
6. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру нәтижелерін гранттық қаржыландыру конкурсын осы Қағидаларға сәйкес конкурсты жариялаушы оператор өткізеді.
7. Конкурс құжаттамалары келесі мәліметтерді қамтиды:
1) конкурс операторының атауы;
2) тақырып атауының шеңберінде коммерцияландырудың тиісті жобаларын жасау;
3) жобаны іске асыру жоспары;
4) конкурс өтінімінің нысаны мен қосымшасы;
5) коммерцияландыруға арналған бір жобаны қаржыландырудың барынша көп көлемі;
6) қатысушыларға біліктілік талабы;
7) конкурс өтінімін рәсімдеу және ұсыну талабы;
8) конкурс өтінімдерін қарау тәртібі және жеңімпазды анықтау.
8. Грантты алуға үміткер ретінде Қатысушы, Тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтерге қосымша Жобаны қажетті ресурстармен ішінара, оның ішінде қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптестер тарапынан бірлесіп қаржыландыруға тарту туралы мәліметтерді ұсынады. Тараптардың ниеттерін растау оларды іске асыру мерзімдері мен салым сомасын көрсете отырып, бірлесіп қаржыландыру туралы келісім болып табылады.
Жеке әріптестіктің болуы өтінімді қарау және гранттық қаржыландыруды алуға жеңімпаздарды айқындау кезіндегі басымдылық шарттардың бірі болып табылады.
9. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыруды оператор республикалық мерзімді баспа басылымдарында жариялайды және ғылым салаларындағы уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органдардың немесе оператордың интернет ресурстарында орналастырады және оған еркін қол жеткізуге болады.
10. Гранттық қаржыландыру конкурсы туралы хабарландыру мынадай ақпаратты қамтиды:
1) конкурс операторының атауы;
2) конкурс атауы және гранттық қаржыландырудың көлемі;
3) конкурс операторының жауапты лауазымды адам туралы мәліметтер, яғни конкурс құжаттарын түсіндіру және конкурс өтінімдерін дайындау мәселелері бойынша консультацияны жүзеге асырады;
4) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімдері конкурс туралы хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен ерте емес және 45 күннен артық емес.
11. Конкурс құжаттамаларына сәйкес келмейтін өтінімдерді конкурс операторлары кері қайтаруы тиіс.
12. Конкурс операторы конкурс құжаттамасына сәйкес келетін өтінімінің бір данасын Ұлттық, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына (бұдан әрі - Сараптама орталығы) конкурс өтінімін қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
13. Сараптама орталығы мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі - МҒТС) грант негізінде қаржыландыру өтінімін алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өткізуді ұйымдастырады және МҒТС нәтижелерін конкурс операторына ұсынады.
14. Оператор гранттық қаржыландыруға ЭМС өтінімдерін өткізуді ұйымдастырады және конкурсқа өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмейтін мерзімде сарапшымен шарт жасасады.
15. Оператор МҒТС мен ЭМС аяқталған соң оператор бес жұмыс күні ішінде өтінімдердің нәтижелерін сараптама қорытындыларымен бірге тиісті Ұлттық ғылыми кеңестерге (ҰҒК) жібереді.
16. Конкурс өтінімдерін оларды іріктеуде көзделген рәсімдерді есепке ала отырып қарастыру конкурс туралы хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік тоқсан бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
18. Гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелер міндетті түрде мерзімді баспа басылымдарында жариялануы және оператордың интернет ресурстарында орналастырылуы тиіс.
19. Гранттық қаржыландыру оператордың конкурс жеңімпазымен гранттық қаржыландыру туралы шарт жасауының негізінде жүзеге асырылады.
20. Гранттық қаржыландыруды тоқтату туралы шешімді ҰҒК оператордың іске асыру кезеңінде жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша қабылдайды.
21. Орындаушылар операторға шартта белгіленген мерзімде аралық есепті сондай-ақ, гранттық қаржыландыруды пайдаланудың қаржылық есебін қоса алғанда жобаны іске асыру қорытындысы бойынша есепті ұсынады.