Автомобиль, теміржол, ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1205 және Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 823 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12769 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына, 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес автомобиль көлігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес теміржол көлігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес теміржол көлігі саласында мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
      5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ішкі су көлігі саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тексеру парағы;
      6) осы бірлескен бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес сауда мақсатында теңізде жүзу саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
      2. «Автомобиль, теміржол, ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 739 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 543 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11914 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму           Ұлттық экономика
      министрінің міндетін атқарушы     министрі
      _______________Ж. Қасымбек        ______________ Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      _________________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 23 желтоқсан

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының     
2015 жылғы 14 желтоқсандағы  
№ 1205 және           
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 29 желтоқсандағы  
№ 823 бірлескен бұйрығына   
1-қосымша            

Автомобиль көлігі саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы автомобиль көлігі аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағы, 143-бабының 1-тармағына сәйкес жасалған.
      2. Өлшемшарттарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) автомобиль көлігі саласындағы субъектілерді тексеру – автомобильмен тасымалдаушылар, такси тасымалдаушылар және ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі, автовокзалдарға, автостанцияларға және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қызмет көрсететін тұлғалар, сондай-ақ техникалық қарап тексеру операторлары және тахографтарды орнату мен оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар;
      2) елеулі бұзушылық – тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру, сондай-ақ тахографтарды орнату мен қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру және автовокзалдарға, автостанцияларға және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қызмет көрсету кезінде автомобиль көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;
      3) елеулі емес бұзушылық – адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндірмейтін, бірақ міндетті сипаттағы автомобиль көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;
      4) өрескел бұзушылық – адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін, автокөлік құралдарын пайдалана отырып, жолаушылар мен багажды, қауіпті жүктерді, ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ міндетті техникалық қарауды жүргізу және халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру бойынша қызметтерді көрсету кезінде автомобиль көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;
      5) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объектівті өлшемшарттары (бұдан әрі – объектівті өлшемшарттар) – белгілі қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байлагнысты және жеке тексерілетін субъектіден (объектіден) тікелей байланысты емес тексаерілетін субъектілерді (объектілерді) таңдау үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъектівті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъектівті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъектісі (объектісі) қызметі нәтижесіне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) таңдау үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары.
      3. Осы өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2. Объективті өлшемшарттар

      4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бастапқы жатқызылуы объективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.
      5. Автомобиль саласындағы тәуекелді анықтау тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру, қоршаған ортаға, ұйымдардың жеке және заңды тұлғаларының заңды мүддесіне зиян келтіру мүмкіндігіне және автокөлік құралдары мен көлік инфрақұрылымын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне байланысты жүргізіледі.
      6. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне автомобиль көлігі саласындағы барлық бақылаудағы субъектілер (объектілер) жатады.
      7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілер) қатысты таңдаулы, жоспардан тыс тексерістер мен басқа бақылау түрлері жүргізіледі.

3. Субъективті өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшарттарды анықтау тексеру нәтижесін, тексерілетін субъект беретін есептілік пен мәліметтің мониторингін, шағымдар мен өтініштерді, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурсын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар беретін мәліметті талдау негізінде жүзеге асырылады.
      9. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
      1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері. Бұл ретте бұзушылық дәрежесінің ауыртпалығы (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
      2) тексерілетін субъектілер беретін, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы берілетін есеп мен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері;
      3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
      4) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау;
      5) уәкілетті органдар және ұйымдар берген мәліметтерді талдау нәтижелері.
      10. Осы өлшемшарттардың 9-тармағында көрсетілген ақпарат көздері негізінде осы өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттар айқындалады, солар арқылы тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері беріледі.
      11. Субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланады.
      12. Алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін тексерілетін субъектілерге (объектілерге) ұсынылатын талаптар өрескел, елеулі және елеулі емес болып бөлінген.
      Тәуекел дәрежесін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың үлес салмағы анықталады.
      Бір өрескел бұзушылық анықталса, тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі.
      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеулі емес дәрежелі бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.
      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде
0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
      Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
      мұндағы:
      Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
      Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
      Елеулі емес бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
      Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
      мұндағы:
      Рн – елеулі емес бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Р1 – елеулі емес бұзушылықтардың жалпы саны;
      Р2 – анықталған елеулі емес бұзушылықтардың саны.
      13. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және елеулі емес бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:
      Р = Рз + Рн
      мұндағы:
      Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Рн – елеулі емес бұзушылықтардың көрсеткіші.
      14. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бойынша тексерілетін субъекті мыналарға жатады:
      1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексерулер жүргізіледі;
      2) жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандар - 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексерулер жүргізілмейді.
      15. Талдау және тәуекел дәрежесін бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.
      16. Ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігі жылына бір рет.
      17. Ішінара тексерулер реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен талдау және бағалау нәтижелері бойынша тоқсанға қалыптастырылатын іріктемелі тексерістер тізімдерінің негізінде жүргізіледі және тиісті есептік кезеңнің басталуына дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
      18. Ішінара тексерулер тізімдері мыналарды есепке ала отырып, жасалады:
      1) субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығы;
      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелері.

Автомобиль көлігі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау 
өлшемшарттарына       
қосымша             

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттар

Бұзушылықтар дәрежесі

Алдыңғы тексерулердің нәтижелері (бұзушылықтың ауырпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді)

1) Такси тасымалдаушылары және таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі

1

Такси тасымалдаушысы ретінде өз қызметін бастағаны туралы рұқсаттама және хабарлама жолдауын мемлекеттік электрондық тізімде қамтамасыз ету

өрескел

2

Төрттен кем қабырға есіктері бар жеңіл автокөлік сериялық өндірісін такси тасымалдауы үшін пайдалану

өрескел

3

Автокөлік құралдары рейс алдында техникалық байқаудан етуін, такси жүргізушілерінің рейс алдында және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өтуін қамтамасыз ету

өрескел

4

Таксиде жарамды таксометр немесе бақылау-кассалық аппараты болуы

өрескел

5

Такси тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген такси тасымалдаушыларымен ақпараттық-диспетчерлік қызметтің немесе ақпараттық-диспетчерлiк қызмет көрсету жөніндегі шарттың болуын қамтамасыз ету

өрескел

6

Таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз ету

өрескел

7

Такси салонында такси қызметінің құны (бағасы) туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету

өрескел

8

Әрбір отыз таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін ыңғайластырылған кемінде бір таксидің болуы

өрескел

9

Такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды қамтамасыз етуі

өрескел

10

Жолаушылар мен багажды тасымалдау үшiн түсі біркелкі және айырым белгiлерi бар таксилердiң пайдаланылуын қамтамасыз ету

өрескел

2) Автовокзалдарға, автостанцияларға және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қызмет көрсететін тұлғалар

11

Автовокзалдар мен автостанцияларда мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындардың болуы

елеулі

12

Автомобиль көлігі саласында мүгедектердің автовокзалдар және автостанциялар қызметіне мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, мүгедектерге арналған кресло-арбалармен қозғалатын, ыңғайластырылған ғимараттармен, ғимаратқа кіру жолдарымен, баспалдақтармен, ғимарат ішіндегі қозғалу жолдарымен қамтамасыз ету

елеулі

13

Автомобиль көлігі саласында мүгедектердің автовокзалдар және автостанциялар қызметіне мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, есту және көру қабілеті бойынша мүгедектер үшін қолжетімді ақпараттық дабыл құрылғылармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз ету

елеулі

14

Автовокзалдар мен автостанцияларда тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы

елеулі

15

Автовокзалдар мен автостанцияларда күту залдарында мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып жабдықталуға тиіс мүгедектерге арналған арнайы орындардың болуы

елеулі

16

Автовокзалдарды және автостанцияларды қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен қамтамасыз ету

елеулі

17

Автовокзалдар мен автостанцияларда мүгедектерге қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларының болуы

елеулі

18

Автовокзалдарда және автостанцияларда автобустар тұрағы үшін алаңның болуы

елеулі

19

Автовокзал және автостанцияда жолаушылар үшін күту залымен күрделі ғимараттың бар болуы

елеулі

20

Автовокзал және автостанцияда билет кассаның (кассалардың) болуы

елеулі

21

Автовокзал мен автостанцияларда багажды сақтау камерасы (камералары) болуы

елеулі

22

Автовокзалдарда ана мен бала бөлмесінің болуы

елеулі

23

Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерінің ұлттық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету

елеулі

24

Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (ішкіоблыстық, қалааралық), ішкіаудандық және халықаралық жолаушы және багаж тасымалдарын жүзеге асыратын жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарт жасасудан бас тартуға құқы жоқ

елеулі

25

Жол жүру құжаттары (билеттер) электронды түрде сатылған кезде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктерінің жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатудың тасымалдаушы таңдаған ақпараттық жүйесі арқылы тасымалдаушының маршруттарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды қамтамасыз ету

елеулі

26

Тасымалдаушыларға автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) аумағынан жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес және автомобильмен тұрақты маршрут бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарға жолаушыларды отырғызу мен түсіруді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге тиым салынады

елеулі

27

Егер шартта өзгеше көзделмесе, сот багажды иесiз деп танығанға дейiн багаждың межелi немесе жөнелту пунктiнiң автовокзалында немесе автостанциясында сақталуын қамтамасыз ету

елеулі

3) Жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар

28

Тасымалдаушылармен жолаушылар мен багажды тұрақты және тұрақты емес автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлiк құралының техникалық жарамды күйiн қамтамасыз ету және белгiленген техникалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жай-күйi сай емес автокөлiк құралының маршрутқа шығуына жол берілмеу

өрескел

29

Жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiн рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткізуін, олардың еңбек және тынығу режимiнің сақталуын қамтамасыз етуі

өрескел

30

Жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың багаждың уақтылы тасымалын және сақталуын қамтамасыз етуі

өрескел

31

Жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушының азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңiлдiктер берілуін қамтамасыз етуі

өрескел

32

Жолаушылар мен багажды тұрақты және тұрақты емес автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушының жылдамдық туралы нақты уақыт режимінде мәліметтердің үзіліссіз берілу жабдықтарымен жабдықталған автокөлік құралдарымен, тасымалдауды ұйымдастырушыға ақпаратты беру арқылы қозғалыс бағдары және кестесінің сақталуын қамтамасыз етуі

өрескел

33

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттың барлық аялдама пункттерінде – өз бетінше не жолаушылар агенттіктері, автовокзалдар, автостанциялар және (немесе) жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін сатуды, оның ішінде жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін электронды түрде сатуды қамтамасыз етуі

өрескел

34

Жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерiн жариялануын, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбiртегiнде тiркелуін қамтамасыз етуі

өрескел

35

Жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобиль тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушыда рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткені және автокөлiк құралын техникалық қарап тексеруден өткiзгені туралы белгiсi бар борт журналының болуы

өрескел

36

Жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобиль тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушының жолаушылардың қауіпсіз отырғызылуы мен түсірілуін қамтамасыз етуі

өрескел

37

Тасымалдаушының және жергілікті атқарушы органдардың жолаушылар мен багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарты талаптарының сақталуын қамтамасыз ету

өрескел

38

Шартта жолаушылар мен багажды тұрақты республикаішілік автомобильмен тасымалдаудың ұйымдастырылуының, маршрутта қолданылатын автобустардың, микроавтобустардың және троллейбустардың және түрінің болуы

өрескел

39

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларға автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) аумағынан және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жолаушылар отырғызуды болдырмау

өрескел

40

Республикаішілік қатынаста тұрақты емес тасымалдау кезінде тапсырыс беруші мен тасымалдаушы арасында жазбаша нысанда жасасқан жолаушылар мен багажды тасымалдау шартының болуы

өрескел

41

Жасы жиырма бір жастан кем емес, тиісті категориядағы жүргізуші куәлігі және жүргізушінің үш жылдан кем емес еңбек өтілі, соның ішінде бір жылдан кем емес, «С» категориясына жататын көлік құралдарымен басқару өтілі бар жүргізушілердің жолаушыларды автобуспен, микроавтобуспен, троллейбуспен тасымалдауға рұқсатының болуы

өрескел

42

Мамандар мен жүргізушілердің кәсіптік біліктілігін растайтын құжаттардың болуы

өрескел

43

Екі және одан көп автобустың колоннасымен тасымалдау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның арнайы автомобильдермен алып жүру қажет

өрескел

44

Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустар сары түсті жарқыл шамшырақпен жабдықталған

өрескел

45

Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустардың алдында және артында «балаларды тасымалдау» айырым белгісі орнатылған

өрескел

46

Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауды жасы жиырма бірден кем емес, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізуші болып еңбек өтілі бір жылдан кем емес жүргізушілер жүзеге асырады

өрескел

47

Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустарда екі есіктен кем емес болуы

өрескел

48

Автокөлік құралдарына рейс алдындағы техникалық байқаудан өту үшін және жүргізушілерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық байқаудан өту үшін қызметтің және білікті персоналдың немесе тиісті ұйымдармен жасалған шарттардың болуы мен сәйкестігі

өрескел

49

Тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдайтын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық байқаудан өткізуді және автобустар, микроавтобустар және троллейбустар жарамсыз болған жағдайда оларды уақытылы ауыстыруды қамтамасыз етуі

өрескел

50

Автокөлік құралдарын жолаушылар мен азық-түлікті, сондай-ақ тасымалдау кезінде мемлекеттік органдардың қорытындысын қажет ететін жүктерді халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы санитарлық-эмидемиологиялық орган қорытындысының болуы

өрескел

51

Жылжымалы құрамның, жөндеу және өндірістік базаның, техникалық құралдарының, тиеу-түсіру тетіктерінің, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтік жайдың жағдайы және болуы

өрескел

52

Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк көлігі, соның ішінде арнайы автомобильдер жатады

өрескел

53

Автобустарды, жүк автомобильдерін, оның ішінде арнайыландырылған автомобильдерді пайдалануға рұқсат бермеу:
1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз);
2) ажыратылған ақауы жоқ тахографпен;
3) толтырылмаған диаграммалық дискілермен;
4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай;
6) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парағын жүргізусіз (бақылау құрылғылары жарамсыз жағдайында)

өрескел

54

Автобустарда багаж қоятын бөлiмшеден тыс орында жүк, оның iшiнде багаж тасымалдауға рұқсат бермеу

өрескел

55

Жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттердің арасында жолаушылар тасымалдауға рұқсат бермеу

өрескел

56

Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, шет мемлекеттің аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды, жүктердi тасымалдау жөніндегі кәсiпкерлiк қызметке рұқсат бермеу

өрескел

4) Қауіпті жүкті тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін ұсынатын автомобиль тасымалдаушылары

57

Тасымалдаушыда 1, 6 және 7 класты қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың болуы

өрескел

58

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүктi тасымалдайтын автокөлік құралдарында жылдамдық туралы нақты уақыт режимінде мәліметтерді үзіліссіз жіберу жабдықтарының болуы, қозғалыс бағдарының сақталуы

өрескел

59

Жүргiзушiге халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiктің болуы

өрескел

60

Қауiптi жүктердi тиеудi және түсiрудi осы жұмыстарды жүргiзуге рұқсаты бар (жiберiлген) жүк жөнелтушi, жүк алушы қамтамасыз етуі

өрескел

61

Қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустарға, жүк автомобильдеріне, оның ішінде арнайы бейімделген автомобильдерге рұқсат бермеу:
1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз);
2) ажыратылған ақауы жоқ тахографпен;
3) толтырылмаған диаграммалық дискілермен;
4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай;
6) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парағын жүргізусіз (бақылау құрылғылары жарамсыз жағдайында)

өрескел

5) Ірі габаритті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін автомобиль тасымалдаушыларына

62

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралымен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың болуы

өрескел

63

Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген барынша салмағы, автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол берілмеуі

өрескел

6) Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын автомобиль тасымалдаушылары

64

Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігінің болуы

өрескел

65

Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат карточкасының болуы

өрескел

66

Тахографпен жабдықтауға автобустар, жүк көлігі, соның ішінде арнайыландырылған автомобильдер жатады

өрескел

67

Тасымалдаушыға берілген шетел рұқсат құжаттарының басқа тасымалдаушыға берілуіне жол бермеу

7) Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін автомобиль тасымалдаушылары

68

Автокөлік құралдарын жолаушылар мен азық-түлікті, сондай-ақ тасымалдау кезінде аталған мемлекеттік органдардың қорытындысын қажет ететін жүктерді халықаралық тасымалдауға жіберу туралы санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қорытындысы бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз ету

елеулі

69

Қазақстан Республикасында тіркелген, уәкілетті органмен берілетін тез бұзылатын жүктерді халықаралық тасымалдау үшін арналған автокөлік құралдарына куәліктің болуы

елеулі

70

Жылжымалы құрамның, жөндеу және өндірістік базаның, техникалық құралдарының, тиеу-түсіру тетіктерінің, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтік жайдың жағдайы және болуы

елеулі

8) Техникалық қарап тексеру операторлары

71

Техникалық байқау операторының қызмет көрсету аймағы шегінде көлік құралына міндетті техникалық байқау жүргізу үшін шығу кестесін жасауды қамтамасыз етуі

өрескел

72

Стационарлық және (немесе) мобильді техникалық байқау желілерді қолданып міндетті техникалық байқауды жүргізу

өрескел

73

Қызмет көрсету аймағы шегінде көлік құралына міндетті техникалық байқауды жүргізу

өрескел

74

Техникалық байқау операторларымен көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне деректердің енгізілуін және механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде, диагностикалық картада мәліметтің сақталуын қамтамасыз ету

өрескел

75

Көлік құралдары иесіне міндетті техникалық байқауды мерзімдік жүргізуіне сәйкес келесі міндетті техникалық байқау мерзімі көрсетілген диагностикалық картасын беру

өрескел

76

Біліктілігі біліктілік талаптарға сәйкес келетін қызметшілерді міндетті техникалық байқау өткізуге жіберу

өрескел

77

Күнтізбелік бес күн ішінде техникалық байқау орталығының орналасқан жерінің ауысуы туралы хабарлауды қамтамасыз ету

өрескел

78

Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуді қоса атқаруға жол берiлмеуі

өрескел

79

Техникалық қарап тексеру операторының аумағында көлiк құралдарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге жол берiлмеуі

өрескел

80

Халықты қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы хабардандыру

өрескел

81

Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық қарап-тексеруді техникалық қарап-тексерудің стационарлық желілері ғана жүзеге асыру

өрескел

82

Міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетіле отырып, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының берілуін қамтамасыз ету

өрескел

83

Қарап тексерілген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтерді электрондық түрде есепке алуды жүзеге асыру

өрескел

84

Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгендерге сәйкес келмейтін белгілері бар көлік құралдарын техникалық қарап тексеруге ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарландыру

өрескел

85

Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгендерге сәйкес келмейтін белгілері бар көлік құралдарын техникалық қарап тексеруге ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз ету

өрескел

86

Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) бар, сондай-ақ белгіленген талаптар бұзыла отырып, қайта жабдықталған, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге тыйым салынуы

өрескел

87

Міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден негізсіз бас тартуға тыйым салынуы

өрескел

88

Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу мерзімінің бұзылуына байланысты міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу шарттарын өзгертуге тыйым салынуы

өрескел

89

Техникалық байқау операторы тізіміне қосу кезінде ақпаратты дұрыс ұсынбауға жол бермеу

өрескел

9) Тахографтарды орнату мен оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар

90

Тахографтарды орнату мен оларға қызмет көрсету бойынша қызметтің басталуын мемлекеттік электрондық тізімінде хабарландыруын және рұқсат беруін қамтамасыз ету

елеулі

91

Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру бойынша қызметтің басталуын мемлекеттік электрондық тізімінде хабарландыруын және рұқсат беруін қамтамасыз ету

елеулі

92

Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттың (тахографтарды салыстырып тексеру жөнінде жұмыстар жүргізу құқығына аккредиттеу аттестаты, тахографты тексеру туралы сертификат, тахографты кезеңдік тексеру туралы куәлік, тахографтармен жұмысты есепке алу журналы, өндірістік үй-жайға техникалық құжаттама) болуы

елеулі

Тексерілетін субъект ұсынған, соның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы ұсынған есептер мен мәліметтерді мониторингтеу нәтижесі негізінде субъективті өлшемшарттар

1

«Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтерді көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін, маркасын, моделін енгізу

өрескел

2

«Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтерді көлік құралының санатын енгізу

өрескел

3

Көлік құралының сәйкес емес санатында роликтік тежеу стендінде көлік құралының тежеу басқаруын тексеру

өрескел

4

Көлік құралы фотофиксациясының жоқтығы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және тормоздық стенд роликтарында тұрған автомобильдің алдыңғы осьін бір уақытта шолуын қамтамасыз етпеу

өрескел

5

«Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйесінде тексерілетін параметрлер бойынша техникалық байқаудың диагностикалық картасына жалған мәліметтерді енгізу

өрескел

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурсын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау,

1

Жолаушыларды тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

2

Жолаушыларды тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

3

Қауіпті жүкті тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, қоршаған ортаға зиян әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

4

Қауіпті жүкті тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, қоршаған ортаға зиян әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

5

Ірі габаритті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, қоршаған ортаға, мемлекет мүддесіне зиян әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

6

Ірі габаритті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, қоршаған ортаға, мемлекет мүддесіне, автомобиль саласындағы қозғалыс қауіпсіздігіне зиян әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

7

Міндетті техникалық байқауды өткізу кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, қоршаған ортаға, қозғалыс қауіпсіздігіне зиян әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

8

Міндетті техникалық байқауды өткізу кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, қоршаған ортаға, қозғалыс қауіпсіздігіне зиян әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

9

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүддесіне зиян әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

10

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүддесіне зиян әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

11

Тез бұзылатын жүкті тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

12

Тез бұзылатын жүкті тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

13

Тахографтарды орнату мен қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

14

Тахографтарды орнату мен қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

15

Автовокзалдарға, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пунктеріне қызмет көрсету кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

16

Автовокзалдарға, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пунктеріне қызмет көрсету кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

Уәкілетті орган беретін мәліметтерді талдау

1

Қаупсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органнан жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін тасымалдаушыларға қатысты әкімшілік материал саны (екі және одан артық) бойынша ақпараттың болуы

елеулі

2

Көліктік бақылау органдарының желіде және автоматты режимде істейтін және автомобиль көлігі саласында әкімшілік бұзушылық жасауды тіркейтін арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша жасалған әкімшілік материалдардың болуы

елеулі

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының     
2015 жылғы 14 желтоқсандағы  
№ 1205 және           
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 29 желтоқсандағы  
№ 823 бірлескен бұйрығына   
2-қосымша            

Теміржол көлігі саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы теміржол көлігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабы 3-тармағы, 143-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Өлшемшаттарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) елеулі бұзушылық – рұқсат беру құжаттары және лицензияға қатысты, сонымен қатар жолаушылар поездары және теміржол вокзалдарында халыққа көрсетілетін қызметтер бойынша нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзушылық;
      2) елеусіз бұзушылық – теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға әсер етпейтін, бірақ міндетті сипаттағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзушылық;
      3) өрескел бұзушылық – теміржол көлігімен жолаушылар және жүк тасымалын жүзеге асыру кезінде адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзушылық. Магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы оқиғалар (авариялар, соқтығысулар, жылжымалы құрамның рельстен шығуы);
      4) тәуекел – темір жол көлігі саласында тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне, оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;
      5) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – тексеру субъектілерін түрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін тексеретін субъект қызметіне тікелей байланысты, осы дамуына әсер ететін салалық даму және факторлық ерекшеліктермен, сапалық және сандық көрсеткіштердің жиынтығы;
      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттары) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      8) теміржол көлігі саласындағы тексерілетін субъектілер – Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтiк тартқыш операторы, вагондар (контейнерлер) операторы, тасымалдаушы, тармақ иеленушi, теміржол көлігінің көмекші қызметі, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар.
      3. Осы өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттары арқылы қалыптастырылады.

2. Объективті өлшемшарттар

      4. Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесі бойынша алғашқы жатқызу объективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.
      5. Теміржол көлігі саласында тәуекелді айқындау адам өмірі және денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, қоршаған ортаға, сондай-ақ тексерілетін субъектілердің (объектілердің) авариясыз жұмыс iстеуі, магистральдық темiржол желiсiн, темiржол жылжымалы құрамын, теміржолдарды, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен тетiктердi ақаусыз ұстау шарттарын сақтамаудан зиян келтіру ықтималдылығы, авария салдарын жоюға байланысты жүзеге асырылады,.
      6. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғарғы тәуекел дәрежесіне теміржол көлігі саласындағы барлық бақылаудағы субъектілер (объектілер) жатады.
      7. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер және өзге де нысандағы бақылау жүргізіледі.

3. Субъективті өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшарттарды айқындау тексерулер нәтижесінің, мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен ақпарат, мәлімет, шағым және жүгінулердің және көлік оқиғалары бойынша ақпарат талдауының негізінде жүзеге асырылады.
      9. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері қолданылады:
      1) тексерілетін субъекті (объекті) кінәсінен көлік оқиғаларының орын алуы;
      2) мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалардан адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне зиян келтіру, немесе қауіп төндіру туралы келіп түскен ақпараттар, мәліметмер, шағым және жүгінулердің болуы;
      3) алдыңғы тексерулердің нәтижелері. Бұл ретте бұзушылық дәрежесінің ауыртпалығы (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңдары талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді.
      10. Осы өлшемшарттардың 9-тармағында көрсетілген ақпарат көздері негізінде осы өлшемшартқа қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттар айқындалады, солар арқылы тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері беріледі.
      11. Субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланады.
      12. Алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін тексерілетін субъектілерге (объектілерге) ұсынылатын талаптар өрескел, елеулі және елеусізге бөлінген.
      Тәуекел дәрежесін есептеу кезінде орындалмаған өлшемшарттардың үлес салмағы анықталады.
      Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.
      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.
      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде
0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
      Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
      мұндағы:
      Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
      Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
      Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
      мұндағы:
      Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;
      Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
      13. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (УР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:
      Р = Рз + Рн
      мұндағы:
      Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
      14. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бойынша тексерілетін субъекті (объекті) мыналарға жатады:
      1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексерулер жүргізіледі;
      2) жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандар - 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексерулер жүргізілмейді.
      15. Талдау және тәуекел дәрежесін бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.
      16. Ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігі жылына бір рет.
      17. Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін реттеуші органның бірінші басшысымен бекітілген жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша тоқсанға қалыптастыратын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
      18. Ішінара тексерулер тізімдері мыналарды есепке ала отырып жасалады:
      1) субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығы;
      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелері.

Теміржол көлігі саласындағы
тәуекел дәрежесін   
бағалау өлшемшарттарына
қосымша         

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттар

Бұзушылықтар дәрежесі

Тексеру субъектісі (объектісі) кінәсінен көлік оқиғаларының орын алуы

1

Нәтижесінде соқтығысуға алып келген оқиғалар

өрескел

2

Магистральдық, станциялық немесе кірме жолдарда, оның ішінде темір жолдарда жүк немесе жолаушылар поездарында жылжымалы құрамның рельстен шығу, сондай-ақ нәтижесінде адамдар қаза болған немесе ауыр дене жарақаттарына алып келген оқиғалар

өрескел

3

Жылжымалы құрамның күрделі жөндеу көлемінде бүлінген немесе теміржол жылжымалы құрамының мүкәммалдан шығарылу дәрежесіне дейін зақымдалуына алып келген оқиғалар

өрескел

4

Жылжымалы құрамының зақымдануы ағытылу көлемінде және жөндеуге алып келген оқиғалар

өрескел

Мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен
ақпараттар, мәліметтер, шағым және жүгінулер

1

Мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалардан адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне зиян келтіру, немесе қауіп төндіру туралы келіп түскен ақпараттар, мәліметтер, шағым және жүгінулер

өрескел

Алдыңғы тексерулердің нәтижелері (бұзушылықтың ауырпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді)

1

Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеуді жүргізу

елеулі

2

Теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдауға лицензия болуы

елеулі

3

Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс

өрескел

4

Теміржол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі

елеулі

5

Тасымалдау процесіне қатысушылар мен жылжымалы теміржол құрамының иелері уәкілетті органға жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат ұсынуы

елеусіз

6

Теміржол вокзалында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитариялық-тұрмыстық, оның ішінде мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті болуы

елеулі

7

Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс

елеулі

8

Жүк жөнелтуші жүкті тиеу кезінде жүктің орналастырылуы мен бекітілуінің дұрыстығын, тиісті көлік құралының тиелуінің белгіленген нормалары мен схемаларының сақталуы міндетін сақтау

өрескел

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының     
2015 жылғы 14 желтоқсандағы  
№ 1205 және           
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 29 желтоқсандағы  
№ 823 бірлескен бұйрығына   
3-қосымша            

Мемлекеттік бақылау саласындағы
автомобиль көлігі саласында
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________
                                              (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
Орналасу орны _______________________________________________________
_____________________________________________________________________

р/қ

Талаптар тізімі

Қажет етіледі

Қажет етілмейді

Талаптарға сәйкестігі

Талаптарға сәйкес келмеуі

1

2

3

4

5

6

Такси тасымалдаушыларына қатысты

1

Такси тасымалдаушысы ретінде өз қызметін бастағаны туралы рұқсаттама және хабарлама жолдауын мемлекеттік электрондық тізімде қамтамасыз ету

2

Төрттен кем қабырға есіктері бар жеңіл автокөлік сериялық өндірісін такси тасымалдауы үшін пайдалану

3

Автокөлік құралдары рейс алдында техникалық байқаудан етуін, такси жүргізушілерінің рейс алдында және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өтуін қамтамасыз ету

4

Таксиде жарамды таксометр немесе бақылау-кассалық аппараты болуы

5

Такси тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген такси тасымалдаушыларымен ақпараттық-диспетчерлік қызметтің немесе ақпараттық-диспетчерлiк қызмет көрсету жөніндегі шарттың болуын қамтамасыз ету

6

Таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз ету

7

Такси салонында такси қызметінің құны (бағасы) туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету

8

Әрбір отыз таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін ыңғайластырылған кемінде бір таксидің болуы

9

Такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды қамтамасыз етуі

10

Жолаушылар мен багажды тасымалдау үшiн түсі біркелкі және айырым белгiлерi бар таксилердiң пайдаланылуын қамтамасыз ету

Автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет
көрсету пункттеріне қатысты

1

Автовокзалдар мен автостанцияларда мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындардың болуы

2

Автомобиль көлігі саласында мүгедектердің автовокзалдар және автостанциялар қызметіне мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, мүгедектерге арналған кресло-арбалармен қозғалатын, ыңғайластырылған ғимараттармен, ғимаратқа кіру жолдарымен, баспалдақтармен, ғимарат ішіндегі қозғалу жолдарымен қамтамасыз ету

3

Автомобиль көлігі саласында мүгедектердің автовокзалдар және автостанциялар қызметіне мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, есту және көру қабілеті бойынша мүгедектер үшін қолжетімді ақпараттық дабыл құрылғылармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз ету

4

Автовокзалдар мен автостанцияларда тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы

5

Автовокзалдар мен автостанцияларда күту залдарында мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып жабдықталуға тиіс мүгедектерге арналған арнайы орындардың болуы

6

Автовокзалдарды және автостанцияларды қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен қамтамасыз ету

7

Автовокзалдар мен автостанцияларда мүгедектерге қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларының болуы

8

Автовокзалдарда және автостанцияларда автобустар тұрағы үшін алаңның болуы

9

Автовокзал және автостанцияда жолаушылар үшін күту залымен күрделі ғимараттың бар болуы

10

Автовокзал және автостанцияда билет кассаның (кассалардың) болуы

11

Автовокзал мен автостанцияларда багажды сақтау камерасы (камералары) болуы

12

Автовокзалдарда ана мен бала бөлмесінің

13

Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерінің ұлттық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету

14

Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (ішкіоблыстық, қалааралық), ішкіаудандық және халықаралық жолаушы және багаж тасымалдарын жүзеге асыратын жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарт жасасудан бас тартуға құқы жоқ

15

Жол жүру құжаттары (билеттер) электронды түрде сатылған кезде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктерінің жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатудың тасымалдаушы таңдаған ақпараттық жүйесі арқылы тасымалдаушының маршруттарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды қамтамасыз ету

16

Тасымалдаушыларға автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) аумағынан жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес және автомобильмен тұрақты маршрут бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарға жолаушыларды отырғызу мен түсіруді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге тиым салынады

17

Егер шартта өзгеше көзделмесе, сот багажды иесiз деп танығанға дейiн багаждың межелi немесе жөнелту пунктiнiң автовокзалында немесе автостанциясында сақталуын қамтамасыз ету

Жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін
автомобильмен тасымалдаушыларына қатысты

1

Тасымалдаушылармен жолаушылар мен багажды тұрақты және тұрақты емес автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлiк құралының техникалық жарамды күйiн қамтамасыз ету және белгiленген техникалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жай-күйi сай емес автокөлiк құралының маршрутқа шығуына жол берілмеу

2

Жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiн рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткізуін, олардың еңбек және тынығу режимiнің сақталуын қамтамасыз етуі

3

Жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың багаждың уақтылы тасымалын және сақталуын қамтамасыз етуі

4

Жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушының азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңiлдiктер берілуін қамтамасыз етуі

5

Жолаушылар мен багажды тұрақты және тұрақты емес автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушының жылдамдық туралы нақты уақыт режимінде мәліметтердің үзіліссіз берілу жабдықтарымен жабдықталған автокөлік құралдарымен, тасымалдауды ұйымдастырушыға ақпаратты беру арқылы қозғалыс бағдары және кестесінің сақталуын қамтамасыз етуі

6

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттың барлық аялдама пункттерінде – өз бетінше не жолаушылар агенттіктері, автовокзалдар, автостанциялар және (немесе) жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін сатуды, оның ішінде жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін электронды түрде сатуды қамтамасыз етуі

7

Жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерiн жариялануын, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбiртегiнде тiркелуін қамтамасыз етуі

8

Жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобиль тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушыда рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткені және автокөлiк құралын техникалық қарап тексеруден өткiзгені туралы белгiсi бар борт журналының болуы

9

Жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобиль тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушының жолаушылардың қауіпсіз отырғызылуы мен түсірілуін қамтамасыз етуі

10

Тасымалдаушының және жергілікті атқарушы органдардың жолаушылар мен багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарты талаптарының сақталуын қамтамасыз ету

11

Шартта жолаушылар мен багажды тұрақты республикаішілік автомобильмен тасымалдаудың ұйымдастырылуының, маршрутта қолданылатын автобустардың, микроавтобустардың және троллейбустардың және түрінің болуы

12

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларға автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) аумағынан және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жолаушылар отырғызуды болдырмау

13

Республикаішілік қатынаста тұрақты емес тасымалдау кезінде тапсырыс беруші мен тасымалдаушы арасында жазбаша нысанда жасасқан жолаушылар мен багажды тасымалдау шартының болуы

14

Жасы жиырма бір жастан кем емес, тиісті категориядағы жүргізуші куәлігі және жүргізушінің үш жылдан кем емес еңбек өтілі, соның ішінде бір жылдан кем емес, «С» категориясына жататын көлік құралдарымен басқару өтілі бар жүргізушілердің жолаушыларды автобуспен, микроавтобуспен, троллейбуспен тасымалдауға рұқсатының болуы

15

Мамандар мен жүргізушілердің кәсіптік біліктілігін растайтын құжаттардың болуы

16

Екі және одан көп автобустың колоннасымен тасымалдау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның арнайы автомобильдермен алып жүру қажет

17

Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустар сары түсті жарқыл шамшырақпен жабдықталған

18

Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустардың алдында және артында «балаларды тасымалдау» айырым белгісі орнатылған

19

Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауды жасы жиырма бірден кем емес, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізуші болып еңбек өтілі бір жылдан кем емес жүргізушілер жүзеге асырады

20

Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустарда екі есіктен кем емес болуы

21

Автокөлік құралдарына рейс алдындағы техникалық байқаудан өту үшін және жүргізушілерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық байқаудан өту үшін қызметтің және білікті персоналдың немесе тиісті ұйымдармен жасалған шарттардың болуы мен сәйкестігі

22

Тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдайтын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық байқаудан өткізуді және автобустар, микроавтобустар және троллейбустар жарамсыз болған жағдайда оларды уақытылы ауыстыруды қамтамасыз етуі

23

Автокөлік құралдарын жолаушылар мен азық-түлікті, сондай-ақ тасымалдау кезінде мемлекеттік органдардың қорытындысын қажет ететін жүктерді халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы санитарлық-эмидемиологиялық орган қорытындысының болуы

24

Жылжымалы құрамның, жөндеу және өндірістік базаның, техникалық құралдарының, тиеу-түсіру тетіктерінің, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтік жайдың жағдайы және болуы

25

Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк көлігі, соның ішінде арнайы автомобильдер жатады

26

Автобустарды, жүк автомобильдерін, оның ішінде арнайыландырылған автомобильдерді пайдалануға рұқсат бермеу:
1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз);
2) ажыратылған ақауы жоқ тахографпен;
3) толтырылмаған диаграммалық дискілермен;
4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай;
6) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парағын жүргізусіз (бақылау құрылғылары жарамсыз жағдайында)

27

Автобустарда багаж қоятын бөлiмшеден тыс орында жүк, оның iшiнде багаж тасымалдауға рұқсат бермеу

28

Жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттердің арасында жолаушылар тасымалдауға рұқсат бермеу

29

Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, шет мемлекеттің аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды, жүктердi тасымалдау жөніндегі кәсiпкерлiк қызметке рұқсат бермеу

Қауіпті жүкті тасымалдау бойынша қызметтерді
көрсететін автомобиль тасымалдаушыларына қатысты

1

Тасымалдаушыда 1, 6 және 7 класты қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың болуы

2

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүктi тасымалдайтын автокөлік құралдарында жылдамдық туралы нақты уақыт режимінде мәліметтерді үзіліссіз жіберу жабдықтарының болуы, қозғалыс бағдарының сақталуы

3

Жүргiзушiге халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiктің болуы

4

Қауiптi жүктердi тиеудi және түсiрудi осы жұмыстарды жүргiзуге рұқсаты бар (жiберiлген) жүк жөнелтушi, жүк алушы қамтамасыз етуі

5

Қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустарға, жүк автомобильдеріне, оның ішінде арнайы бейімделген автомобильдерге рұқсат бермеу:
1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз);
2) ажыратылған ақауы жоқ тахографпен;
3) толтырылмаған диаграммалық дискілермен;
4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай;
6) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парағын жүргізусіз (бақылау құрылғылары жарамсыз жағдайында)

Ірі габаритті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау
бойынша қызметтерді көрсететін, автомобиль
тасымалдаушыларына қатысты

1

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралымен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың болуы

2

Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген барынша салмағы, автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол берілмеуі

Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын
автомобиль тасымалдаушылар қатысты

1

Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігінің болуы

2

Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат карточкасының болуы

3

Тахографпен жабдықтауға автобустар, жүк көлігі, соның ішінде арнайыландырылған автомобильдер жатады

4

Тасымалдаушыға берілген шетел рұқсат құжаттарының басқа тасымалдаушыға берілуіне жол бермеу

Жүкті тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін,
автомобиль тасымалдаушыларға қатысты

1

Автокөлік құралдарын жолаушылар мен азық-түлікті, сондай-ақ тасымалдау кезінде аталған мемлекеттік органдардың қорытындысын қажет ететін жүктерді халықаралық тасымалдауға жіберу туралы санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қорытындысы бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз ету

2

Қазақстан Республикасында тіркелген, уәкілетті органмен берілетін тез бұзылатын жүктерді халықаралық тасымалдау үшін арналған автокөлік құралдарына куәліктің болуы

3

Жылжымалы құрамның, жөндеу және өндірістік базаның, техникалық құралдарының, тиеу-түсіру тетіктерінің, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтік жайдың жағдайы және болуы

Техникалық қарап тексеру операторларына қатысты

1

Техникалық байқау операторының қызмет көрсету аймағы шегінде көлік құралына міндетті техникалық байқау жүргізу үшін шығу кестесін жасауды қамтамасыз етуі

2

Стационарлық және (немесе) мобильді техникалық байқау желілерді қолданып міндетті техникалық байқауды жүргізу

3

Қызмет көрсету аймағы шегінде көлік құралына міндетті техникалық байқауды жүргізу

4

Техникалық байқау операторларымен көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне деректердің енгізілуін және механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде, диагностикалық картада мәліметтің сақталуын қамтамасыз ету

5

Көлік құралдары иесіне міндетті техникалық байқауды мерзімдік жүргізуіне сәйкес келесі міндетті техникалық байқау мерзімі көрсетілген диагностикалық картасын беру

6

Біліктілігі біліктілік талаптарға сәйкес келетін қызметшілерді міндетті техникалық байқау өткізуге жіберу

7

Күнтізбелік бес күн ішінде техникалық байқау орталығының орналасқан жерінің ауысуы туралы хабарлауды қамтамасыз ету

8

Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуді қоса атқаруға жол берiлмеуі

9

Техникалық қарап тексеру операторының аумағында көлiк құралдарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге жол берiлмеуі

10

Халықты қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы хабардандыру

11

Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық қарап-тексеруді техникалық қарап-тексерудің стационарлық желілері ғана жүзеге асыру

12

Өндірістік үй-жайлардың және техникалық қарап тексеру орталығы аумағының сәйкестігін қамтамасыз ету

13

Қарап тексерілген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтерді электрондық түрде есепке алуды жүзеге асыру

14

Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгендерге сәйкес келмейтін белгілері бар көлік құралдарын техникалық қарап тексеруге ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарландыру

15

Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) бар, сондай-ақ белгіленген талаптар бұзыла отырып, қайта жабдықталған, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге тыйым салынуы

16

Міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден негізсіз бас тартуға тыйым салынуы

17

Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу мерзімінің бұзылуына байланысты міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу шарттарын өзгертуге тыйым салынуы

18

Көлік құралының иесінен міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге байланысты қосымша сыйақы талап етуге тыйым салынуы

19

Техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне енгізу кезінде сенімсіз ақпарат беруге тыйым салынуы

Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi
қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар катысты

1

Тахографтарды орнату мен оларға қызмет көрсету бойынша қызметтің басталуын мемлекеттік электрондық тізімінде хабарландыруын және рұқсат беруін қамтамасыз ету

2

Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру бойынша қызметтің басталуын мемлекеттік электрондық тізімінде хабарландыруын және рұқсат беруін қамтамасыз ету

3

Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттың (тахографтарды салыстырып тексеру жөнінде жұмыстар жүргізу құқығына аккредиттеу аттестаты, тахографты тексеру туралы сертификат, тахографты кезеңдік тексеру туралы куәлік, тахографтармен жұмысты есепке алу журналы, өндірістік үй-жайға техникалық құжаттама) болуы

Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ______________ _________ ________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
                     ______________ _________ _______________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің жетекшісі __________________________ _______
                          (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының     
2015 жылғы 14 желтоқсандағы  
№ 1205 және           
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 29 желтоқсандағы  
№ 823 бірлескен бұйрығына   
4-қосымша            

Мемлекеттік бақылау саласындағы
теміржол көлігі саласында
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________
                                                (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
Орналасу орны _______________________________________________________
_____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

Кірме жолдарға қатысты

1

Тасымалдау процесіне қатысушылар мен жылжымалы теміржол құрамының иелері уәкілетті органға жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат ұсынуы

2

Жүк жөнелтуші жүкті тиеу кезінде жүктің орналастырылуы мен бекітілуінің дұрыстығын, тиісті көлік құралының тиелуінің белгіленген нормалары мен схемаларының сақталуы міндетін сақтау

Теміржол вокзалына қатысты

1

Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс

2

Теміржол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі

3

Теміржол вокзалында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитариялық-тұрмыстық, оның ішінде мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті болуы

4

Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс

Тасымалдау процесіне қатысушыларға қатысты

1

Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу

2

Теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдауға лицензия болуы

3

Тасымалдау процесіне қатысушылар мен жылжымалы теміржол құрамының иелері уәкілетті органға жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат ұсынуы

4

Жүк жөнелтуші жүкті тиеу кезінде жүктің орналастырылуы мен бекітілуінің дұрыстығын, тиісті көлік құралының тиелуінің белгіленген нормалары мен схемаларының сақталуы міндетін сақтау

Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ______________ _________ ________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
                     ______________ _________ _______________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің жетекшісі __________________________ _______
                          (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының     
2015 жылғы 14 желтоқсандағы  
№ 1205 және           
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 29 желтоқсандағы  
№ 823 бірлескен бұйрығына   
5-қосымша            

Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы
ішкі су көлігі саласында
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
                                              (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН) БСН _____________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

Ішкi су жолдарына қатысты

1

Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне, навигациялық шырақтарды қоспағанда, кеме жолына қарай бағытталған қандай да бiр тұрақты шырақтар орнатуға тыйым салудың сақталуы

2

Навигациялық жабдықтар құралдарын, оның iшiнде жүзу жабдықтары мен өзге де жабдықтарды орнату бойынша міндеттердің сақталуы

3

Кемелердiң, салдардың және басқа да жүзу объектiлерiнiң кедергiсiз және қауiпсiз өткiзiлуi бойынша міндеттердің сақталуы

4

Өз есебiнен олардың кiреберiстерiнде қажеттi су түбiн тереңдету және су түбiн тазалау жұмыстарын жүргiзу бойынша міндеттердің сақталуы

5

Кемелердiң қауiпсiз жүрiп өтуi үшiн қажеттi құрылыстар мен керек-жарақтарды дайындау, орнату және күтiп ұстау бойынша міндеттердің сақталуы

6

Көтерме көпiрлер қанаттарын ашу және көтеру бойынша міндеттердің сақталуы

База тұрақтарына қатысты

1

База-тұрақта шағын көлемді кемелердің жүзуге шығуға және қайтуына, олардың жарамдылығын, жолаушылар сыйымдылығы және жүккөтергіш нормаларын сақтау бойынша, сондай-ақ кеме жүргізушілерін ауа райы туралы хабарлауға кеме жүргізушілерінде міндетті кеме және кеме жүргізушінің құжаттары болуын көздейтін режимді орнату бойынша талаптардың сақталуы

2

База-тұрақтың аумағы мыналармен жабдықталуы бойынша талаптардың сақталуы:
1) қолайлы кiреберіс жолдармен;
2) жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн арнайы жабдықталған айлақтармен;
3) шағын көлемді кемелерден сарқынды суларды, өңделген мұнай өнiмдерiн, құрғақ қоқысты, тағам қалдықтарын қабылдауға арналған контейнерлер мен арнайы ыдыстармен;
4) аумақтарды және су акваториясын, пирстердi, бокстарды, арқандап байлау құрылғыларын, құтқару және өртке қарсы құралдарды жарықтандыру үшiн жарық беру құрылғыларымен. Жарық беру құрылғылары бағытты әрекетке арналған қалпақтармен жарақталады. Қараңғы түскеннен бастап айлақтардың өзектi артқы жағында айнала жарық беретiн ақ оттар әрбiр 50 метр сайын жағылады, бiрақ айлақ төсемiнен екi метр биiктiкте орналасқан кемiнде екi от болады.

3

База-тұрақта шағын көлемді кемелердiң шығуы мен олардың қайта келуiн есепке алу журналының жүргiзiлуi бойынша талаптардың сақталуы

4

Мыналар орналастыратын база-тұрақта стендті ресімдеу бойынша талаптардың сақталуы:
1) шағын көлемді кемелердiң база-тұрақтың су айдыны бойынша және iргелес ауданда жүзу схемасы;
2) белгiленген мерзiмде база-тұраққа қайтып келмеген шағын көлемді кемелердi iздестіру және оларға көмек көрсету жөнiндегi iс-шаралар;
3) база-тұрақтағы жұмыстың iшкi тәртiбi;
4) шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидалары;
5) ағымдағы тәулiктерге ауа райы болжамы туралы мәлiметтер;
6) адамдармен суда болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары жөнiндегі плакаттар;
7) жақын жердегі құқық қорғау органдары мен құтқару станциясы бөлімдерінің телефондары мен мекенжайлары

Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ______________ _________ ________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
                     ______________ _________ _______________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің жетекшісі __________________________ _______
                          (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының     
2015 жылғы 14 желтоқсандағы  
№ 1205 және           
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 29 желтоқсандағы  
№ 823 бірлескен бұйрығына   
6-қосымша            

Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы
сауда мақсатында теңізде жүзу саласында
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
                                             (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

Теңіз порттарына қатысты

1

Мемлекеттік органдардың (көлік, шекара, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік кіріс органдарының және басқаларының) лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін олардың теңіз портына келетін кемелерге кіруін қамтамасыз ету бойынша міндеттердің сақталуы

Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау)
білім беру ұйымдарына қатысты

1

Теңіз көлігі мамандарының біліктілігін арттыруы туралы уәкілетті мекеменің қорытындысының болуы

2

Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) кезінде жүзу практикасын ұйымдастыру бойынша талаптарды сақтау