РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жеке тұлғалардың тауарларын кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларына жатқызуының мынадай өлшемшарты бекітілсін:
сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды тиеп жөнелту және (немесе) беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету сондай-ақ табысы Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері бір күнтізбелік жылдағыдан асатын кепіл ұстаушыға кепілге салынған тауарларды беру.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов