Техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12735 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 141–бабының 3–тармағына, 143–бабының 1–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтары;
      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес метрология саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтары;
      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтары бекітілсін.
      2. «Техникалық реттеу және метрология саласындағы тәуекел дәрежесінің бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 728 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 шілдедегі № 501 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11831 тіркелген, 2015 жылғы 21 тамыздағы «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму            Ұлттық экономика министрі
      министрінің міндетін атқарушы
      _____________________Ж. Қасымбек   __________________ Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ____________________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 25 желтоқсан

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму     
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199
және Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің  
2015 жылғы 29 желтоқсандағы   
№ 826 бірлескен бұйрығына    
1-қосымша           

Техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан
Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу
туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесінің
бағалау өлшемшарттары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) тәуекел дәрежелері бойынша сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына және техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметті жүзеге асыратын, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органды жатқызу үшін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланады:
      1) болмашы бұзушылықтар – тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттарды тіркеу журналында өтінім берушінің қолының болмауы бөлігінде техникалық реттеу саласындағы талаптарды бұзушылықтар;
      2) едәуір бұзушылықтар – ұлттық стандарттар талаптарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің сәйкессіздігі бөлігінде техникалық реттеу саласындағы талаптарды бұзушылықтар, тауардың шығу тегі туралы сертификатты және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін бұзушылық, сәйкестікті растау және аккредиттеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде сәйкестікті бағалау саласында, бөлшектеп өлшенген тауарлардың санының, бумаларда белгіленген өлшемінің сәйкессіздігіне жол беру бөлігінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы, тауар санын сипаттайтын өлшем операцияларын сауда жасау кезінде иеліктен шығарылған тауарлар санына сәйкессіздігіне жол беру, бұзушылықтар түрін бекітудің, белгіленген үлгідегі өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттаудың түрін бекітудің болмауы, метрологиялық аттестаттың, өлшем орындау әдістемелерінің және олардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйе тізілімінде тіркелуінің болмауы, расталған бір шаңымның немесе өтініштің болуы, бұқаралық ақпарат құралдарында бұзушылықтар туралы ресми хабарлардың болуы.
      3) метрология саласындағы тексерілетін субъектілер – Қазақстан Республикасы аумағында өлшем бірлігін қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
      4) өрескел бұзушылықтар – сәйкестікті растау және аккредиттеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын, типін бекіту мақсатында немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттін жүйесінің тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын салыстырып тексеру, аккредитеусіз өлшемді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау, айналымға шығару, қолдану, өткізу және өлшем құралдарын және стандартты үлгілерді жарнамалау бөлігінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзушылық, сәйкестікті бағалау аккредиттеу саласы шегінен тыс жұмыстарды (сынаулар, салыстырып тексерулер, метрологиялық аттестаттау) жүзеге асыру саласында аккредиттеу аттестатының болмауы, расталған бір немесе бірнеше шағымдардың немесе өтініштердің болуы;
      5) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерілетін субъектілер – өлшемді орындау әдістемелерінің метрологиялық аттестаттауды, өлшем құралдарын тексеруді, сынауды, өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын аккредиттеу субъектілері;
      6) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру бөлігінде техникалық реттеу саласындағы тексерілетін субъектілер – тауардың шығу тегі туралы сертификатты және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті орган (ұйым);
      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъектінің қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      9) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тәуекел – тексерілетін субъекті қызметінің нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы.
      3. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесі бойынша жатқызу объективті және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

2. Объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекелдің жоғары тобына жатқызу немесе жоғары тобына жатқызбау субъектілер қызметінің нәтижесінде, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтірудің неғұрлым ықтималдылығының көрсеткіштері бойынша, оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жүзеге асырылады.
      5. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне техникалық реттеу саласындағы мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер жатады:
      1) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану;
      2) тауардың шығу тегі туралы сертификатты, оның ішінде ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру.
      6. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне, нәтижелері:
      1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар;
      2) қоршаған ортаны қорғау, геология және гидрометеорология саласындағы қызметті жүзеге асыру;
      3) мемлекеттік есепке алу операциялары, сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, оның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар;
      4) еңбек және көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар;
      5) қару-жарақ, әскери техника жасау;
      6) сынақтар, метрологиялық аттестаттау, өлшем құралдарын тексеру;
      7) энергетикалық ресурстардың барлық түрлерін шығару, өндіру, кейін өңдеу, тасымалдау, сақтау және тұтыну кезінде пайдаланылатын, өлшемдермен байланысты қызмет түрлері жатады.
      7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мынадай қызмет түргерің:
      1) өлшемді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды;
      2) өлшем құралдарын тексеруді;
      3) сынауды;
      4) өнімнің, процестің, көрсетілген қызметтердің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер жатады.
      8. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежеге жатпайтындарға, нәтижелері:
      1) ғылыми зерттеулер жүргізу;
      2) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеу кезінде пайдаланылатын, өлшемдермен байланысты қызмет түрлері жатады.
      9. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты іріктеп тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың өзге нысаны жүргізіледі.
      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың өзге нысаны жүргізіледі.
      Екінші топқа жатқызылған тексерілетін субъектілер (объектілер), егер осындай тексерілетін субъектілер үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасқан болса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіпте үшінші топқа ауыстырылуы мүмкін.

3. Субъективті өлшемшарттар

      10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;
      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
      11. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау техникалық реттеу, метрология саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын және сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
      Ақпаратты талдау және субъективті өлшемшарттарды бағалау едәуір әлеуеттік тәуекелдермен бақылау субъектілеріне қатысты тексеруді шоғырландырады. Бұл ретте, талдау және бағалау кезінде субъективті өлшемшарттардың бұрын ескерілген және нақты бақылау субъектісіне қатысты пайдаланылған деректер қолданылмайды.
      Субъективті өлшемшарттарды анықтау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
      1) алдынғы бақылау субъектілерін тексеру нәтижелері. Бұл ретте, тексеру бұзушылық дәрежесінің ауырлығы (өрескел, едәуір, болмашы) парақтарында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;
      2) тәуелсіз ұйымдар аудитінің (сараптамасының) нәтижелері;
      3) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
      4) өзге бақылау нысандарының нәтижелері;
      5) бұқаралық ақпарат құралдарының ресми хабарламаларын талдау;
      6) уәкілетті органдар және ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
      12. Ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар айқындалады, олар бойынша осы өлшемшарттарға 12 және 3 қосымшаларына сәйкес тәуекел дәрежелерінің көрсеткіштері беріледі.
      13. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 3 ауырлық дәрежесі талабына бөлінеді: өрескел, едәуір, болмашы.
      Тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың (индикаторлардың) үлес салмағы анықталады.
      Өрескел дәрежесінің бір орындалмаған талабы 100 көрсеткішіне теңестіріледі.
      Егер өрескел дәрежесің талаптары (индикаторлары) анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін едәуір және болмашы дәреже талаптарының (индикаторларының) жиынтық көрсеткіштері есептеледі.
      Едәуір дәрежедегі бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7

      мұнда:
      Рз – едәуір дәреженің бұзушылық көрсеткіші;
      Р1 – тексерілетін субъектіні (объектіні) тексеруге (талдауға) ұсынылған едәуір дәреже индикаторларының жалпы саны;
      Р2 – едәуір дәреженің талаптарын (индикаторларын) бұзушылық саны.
      Болмашы дәрежедегі бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3

      мұнда:
      Рн – болмашы дәреженің бұзушылық көрсеткіші;
      Р1 – тексерілетін субъектіні (объектіні) тексеруге (талдауға) ұсынылған болмашы дәреже индикаторларының жалпы саны;
      Р2 – болмашы дәреженің талаптарын (индикаторларын) бұзушылық саны.
      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0 ден 100–ге дейінгі шкаламен есептеледі және көрсеткіштерді мына формула бойынша қосу жолымен анықталады:

      Р = Рз + Рн

      мұнда:
      Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Рз – едәуір дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
      Рн – болмашы дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші.
      14. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады:
      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейінгі кезде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейінгі кезде және оған қатысты тек қана жоспардан тыс тексерістер және өзге бақылау нысандары жүргізіледі.
      15. Ішінара тексерулер жүргізудің еселігі жылына бір рет.
      16. Ішінара тексерулер реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен жүргізілетін талдау және бағалау нәтижелері бойынша тоқсанға (жарты жылға, жылға) қалыптастыратын ішінара тексерулердің тізімдері негізінде жүргізіледі және тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмейтін мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
      17. Ішінара тексерулер тізімдері мыналарды:
      1) субъективті өлшемшарттар бойынша (объектілердің) жоғары тәуекел дәрежесінің анағұрлым көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің басымдылығын;
      2) тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына жүктемені ескеріп, жасалады.

Техникалық реттеу, метрология
саласындағы және Қазақстан  
Республикасының сәйкестiктi 
бағалау саласындағы аккредиттеу
туралы заңнамасының сақталуы 
бойынша тәуекел дәрежесінің 
бағалау өлшемшарттарына   
1-қосымша          

Алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша субъективті өлшемшарттар
(Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталмаған
жағдайда бұзушылық дәрежесінің ауырлығы (өрескел, едәуір,
болмашы) белгіленеді)

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы» 988-2007 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарына сәйкестігі

едәуір

2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» 989-2008 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарына сәйкестігі

едәуір

3

Тауардың шығу тегі туралы сертификатты рәсімдеу туралы қорытындының болуы

едәуір

4

Тауардың шығу тегі туралы сертификатты бір жұмыс күні ішінде мыналардың:
1) Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға жеке немесе заңды тұлғаның өтінімі;
2) Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі;
3) мынадай құжаттар:
жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
дара кәсіпкерлер үшін – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
сыртқы сауда келiсiмшартының (шартының) және шот-фактура немесе шот-проформа немесе тауардың қаржылық және/немесе сандық параметрлерiн көрсететiн өзге құжат (ұзақ мерзімді сыртқы сауда шарттарын/мәмілелерді жүзеге асыру кезінде, жүк бір жүк жіберушіден бір жүк алушыға баратын кезде шот – фактураны немесе шот – проформаны ұсыну талап етілмейді);
тауар өндірісінде пайдаланытатын, шикізат пен материалдарға шарттың және/немесе шот–фактураның көшірмесі;
технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы;
оған сәйкес тауар өңдірілген стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттардың көшірмелері;
шетелде шығарылған шикiзат пен компоненттерді құнын анықтай отырып, франко-зауыт бағасы бойынша тауар құны шығынынаң калькуляциясы;
қызмет түріне (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса) лицензияның және (немесе) рұқсаттың көшiрмесi;
егер тауар жануарлардан, өзен және теңiз кәсiпшiлiгiнен алынған тауар болса, сондай-ақ, егер тауарлар жануарлар азығына арналған болса, ветеринариялық сертификаттың көшiрмесi;
тауардың саны мен тұрған орнын көрсете отырып, Өтініш берушіде тауардың болуын растайтын қоймалық анықтаманың және (немесе) ресурстық анықтаманың көшiрмесi негізінде беру

едәуір

5

Толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларға тауардың шығу тегі туралы сертификатты екі жұмыс күні ішінде мыналардың:
1) Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға жеке немесе заңды тұлғаның өтінімді;
2) мынадай құжаттар:
құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

тауардың саны мен тұрған орнын көрсете отырып, Өтініш берушіде тауардың болуын растайтын қоймалық анықтаманың және (немесе) ресурстық анықтаманың көшiрмесi негізінде беру бөйынша талаптарды бұзушылықтар;
тауар өндірушісімен немесе тауарды сатып алуға шарттың және/немесе тауарды қабылдау – беру актісінің көшірмесі;
жүк құжаттарының көшірмелері;
дәндік қолхаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Өтініш берушіден өнімнің орылған орны туралы анықтаманың көшірмесі;
есептен шығару актісінің көшірмесі;
қайта өңдеу актісінің көшірмесі;
тауарды тасымалдау туралы құжаттардың көшірмесі;
дайын бұйымға техникалық паспорттың немесе әзірлеуші-зауыттың сапа паспортының көшірмесі;
кен орындарынан өндіру және игеру құқығына құжаттардың (өндіруші және дайындаушы кәсіпорындар үшін) көшірмелері;
оған сәйкес тауар өндірудің технологиялық процесі орындалатын стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттардың көшірмелері;
қызмет түріне (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса) арналған лицензияның және (немесе) рұқсаттың көшiрмесi;

6

Тауардың шығу тегі туралы сертификатты қорғаныш дәрежесі бар бланкттерде рәсімдеу: бірінші данасы – түпнұсқа, екінші және үшінші данасы – көшірмелер

едәуір

7

Өтініш берушінің тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттарды тіркеу журналында қойған қолының болуы

болмашы

8

«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу туралы қорытындының болуы

едәуір

9

«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты екі жұмыс күні ішінде мыналардың:
1) ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға өтінім;
2) ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі;
3) мынадай құжаттар:
өтінім берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлғаларға, – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, заңды түлғаның филиалдарын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, жарғы, заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) ереже, дара кәсіпкерлерге – патент немесе дара кәсіпкер куәлігі) жылына 1 рет ұсынылады;
тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмесі (тауарды өндірушімен немесе тауарды сатып алуға шарт, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар);
қызмет түріне берілген лицензияның көшірмесі (егер қызмет түрі лицензиялауға жатқызылса);
тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшем шарттарын айқындауға арналған құжаттар (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен компоненттердің құны, шикізатты жеткізуге арналған шарттар және/немесе шот-фактуралар және/немесе жүкқұжаттар, оларға сәйкес тауар өндірілген нормативтік техникалық құжаттардың тізбесін қоса бере отырып, технологиялық операцияларды сипаттамасы бар құжаттама, мәлімделген тауарды өндіру үшін жабдықтардың тізбесі, өндіріс үй-жайына арналған құжаттар, жұмысшылар тізімі, пайдаланылатын шикізаттың немесе шетелде шығарылған компоненттің құнын ескере отырып тауар құнының есебі;
мемлекеттік тілдегі мәлімделген өнімдер атауының тізбесі;
қойманың мекенжайын көрсете отырып, қоймада тауардың болуы және оның саны туралы қоймалық анықтаманың көшірмесі;
өтініш берушінің мүддесін білдіруге арналған сенімхаттың көшірмесі;
жеміс-көкөніс өнімдері үшін:
Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органының мәлімделген өнім партиясының көрсетілген аумақта өсірілгені туралы растау-анықтамасының көшірмесі және, өнімді өндірушімен жасалған шарт, тауарды өндірушімен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін міндетті түрде ұсына отырып, тауарды сатып алуға арналған шарт;
4) қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі негізінде беру

едәуір

10

«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты қорғаныш дәрежесі бар бланкттерде ресімдеу: бірінші данасы – түпнұсқа, екінші және үшінші данасы – көшірмелер

едәуір

11

Өнімнің сертификаттауды жүргізу жөніндегі:
1) өтінім бойынша шешім қабылдау, соның ішінде схеманы таңдау;
2) үлгілерді және олардың сынауларын сәйкестендіру, іріктеу;
3) өндірісті бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);
4) алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру (беруден бас тарту туралы) туралы шешім қабылдау;
5) сертификаттаудың теріс нәтижелері туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну талаптардың сақталуы

өрескел

12

Өнімнің сертификаттауды жүргізу жөніндегі:
1) техникалық реттеу жүйесінің мемлекеттік тізілімінде сәйкестік сертификатын тіркеу;
2) сәйкестік сертификатын беру;
3) сертификатталған өнімге (егер бұл сертификаттау схемасымен көзделген болса) инспекциялық бақылауды жүзеге асыру бөлігінде талаптардың сақталуы

едәуір

13

Сәйкестік туралы декларацияларды тіркеу

едәуір

14

Өлшем құралдарын тексеру, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау

өрескел

15

Түрін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтан, тексерістен өтпеген және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын айналымға шығаруға, қолдануға, өткізуге және жарнамалауы тыйым салуды сақтау

өрескел

16

Өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификаттың немесе өлшем құралдарының метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы

едәуір

17

Өлшемді орындау әдістемелерінің метрологиялық аттестаттауының болуы және олардың өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелуі

өрескел

18

Тексеру туралы сертификаттың және (немесе) өлшем құралында салыстырып тексеру баспа-таңбасының (және) немесе пайдалану

өрескел

19

Сатып алу операцияларын жасау кезінде иелiктен шығарылатын тауарлар санының осы тауарлардың санын сипаттайтын, салмағына, көлеміне, шығынына немесе басқа шамасына сәйкестігі

едәуір

20

Кез келген түрдегі бумалардағы бөлшектеп өлшенген тауар санының бумады белгiленген шамаға сәйкестігі

едәуір

21

Сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аттестатының болуы

өрескел

22

Аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыру бойынша міндеттерді сақтау

өрескел

Техникалық реттеу, метрология
саласындағы және Қазақстан  
Республикасының сәйкестiктi 
бағалау саласындағы аккредиттеу
туралы заңнамасының сақталуы 
бойынша тәуекел дәрежесінің 
бағалау өлшемшарттарына   
2-қосымша          

Расталған шағымдар мен өтініштер бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына расталған бір шағымның немесе өтініштің болуы

едәуір

2

Техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына расталған екі немесе бірнеше шағымның немесе өтініштің болуы

өрескел

Техникалық реттеу, метрология
саласындағы және Қазақстан  
Республикасының сәйкестiктi 
бағалау саласындағы аккредиттеу
туралы заңнамасының сақталуы 
бойынша тәуекел дәрежесінің 
бағалау өлшемшарттарына   
3-қосымша          

Бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлардың
негізіндегі субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бұзушылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлардың болуы

едәуір

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму     
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199
және Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің  
2015 жылғы 29 желтоқсандағы   
№ 826 бірлескен бұйрығына    
2-қосымша           

Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау аясында
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт___________________________________
                                               (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН
Орналасқан жерінің мекенжайы: _______________________________________
_____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындаушыларға қатысты

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын дайындауға лицензияның болуы

2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауға лицензиаттың лицензияда көрсетілген талаптарды сақтауы

3

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы» 988-2007 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының сәйкестігі

4

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» 989-2008 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының сәйкестігі

Тауардың шығу тегі туралы сертификатты және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органға (ұйымға) қатысты

5

Тауардың шығу тегі туралы сертификатты рәсімдеу туралы қорытындының болуы

6

Тауардың шығу тегі туралы сертификатты бір жұмыс күні ішінде мыналардың: Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға жеке немесе заңды тұлғаның өтінімі;
2) Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі;
3) мынадай құжаттар:
жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
дара кәсіпкерлер үшін – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
сыртқы сауда келiсiмшартының (шартының) және шот-фактура немесе шот-проформа немесе тауардың қаржылық және/немесе сандық параметрлерiн көрсететiн өзге құжат (ұзақ мерзімді сыртқы сауда шарттарын/ мәмілелерді жүзеге асыру кезінде, жүк бір жүк жіберушіден бір жүк алушыға баратын кезде шот–фактураны немесе шот–проформаны ұсыну талап етілмейді);
тауар өндірісінде пайдаланытатын, шикізат пен материалдарға шарттың және/немесе шот–фактураның көшірмесі;
технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы;
оған сәйкес тауар өңдірілген стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттардың көшірмелері;
шетелде шығарылған шикiзат пен компоненттерді құнын анықтай отырып, франко-зауыт бағасы бойынша тауар құны шығынынаң калькуляциясы;
қызмет түріне (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса) лицензияның және (немесе) рұқсаттың көшiрмесi;
егер тауар жануарлардан, өзен және теңiз кәсiпшiлiгiнен алынған тауар болса, сондай-ақ, егер тауарлар жануарлар азығына арналған болса, ветеринариялық сертификаттың көшiрмесi;
тауардың саны мен тұрған орнын көрсете отырып, Өтініш берушіде тауардың болуын растайтын қоймалық анықтаманың және (немесе) ресурстық анықтаманың көшiрмесi негізінде беру.

7

Толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларға тауардың шығу тегі туралы сертификатты екі жұмыс күні ішінде мыналардың:
1) Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға жеке немесе заңды тұлғаның өтінімді;
2) мынадай құжаттар:
құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
дара кәсіпкерлер үшін – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
сыртқы сауда келiсiмшартының (шартының) және шот-фактура немесе шот-проформа немесе тауардың қаржылық және/немесе сандық параметрлерiн көрсететiн өзге құжат (ұзақ мерзімді сыртқы сауда шарттарын/ мәмілелерді жүзеге асыру кезінде, жүк бір жүк жіберушіден бір жүк алушыға баратын кезде шот–фактураны немесе шот–проформаны ұсыну талап етілмейді);
тауар өндірісінде пайдаланытатын, шикізат пен материалдарға шарттың және/немесе шот–фактураның көшірмесі;
технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы;
оған сәйкес тауар өңдірілген стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттардың көшірмелері;
шетелде шығарылған шикiзат пен компоненттерді құнын анықтай отырып, франко-зауыт бағасы бойынша тауар құны шығынынаң калькуляциясы;
қызмет түріне (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса) лицензияның және (немесе) рұқсаттың көшiрмесi;
егер тауар жануарлардан, өзен және теңiз кәсiпшiлiгiнен алынған тауар болса, сондай-ақ, егер тауарлар жануарлар азығына арналған болса, ветеринариялық сертификаттың көшiрмесi;
тауардың саны мен тұрған орнын көрсете отырып, Өтініш берушіде тауардың болуын растайтын қоймалық анықтаманың және (немесе) ресурстық анықтаманың көшiрмесi негізінде беру бөйынша талаптарды бұзушылықтар;
тауар өндірушісімен немесе тауарды сатып алуға шарттың және/немесе тауарды қабылдау – беру актісінің көшірмесі;
жүк құжаттарының көшірмелері;
дәндік қолхаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Өтініш берушіден өнімнің орылған орны туралы анықтаманың көшірмесі;
есептен шығару актісінің көшірмесі;
қайта өңдеу актісінің көшірмесі;
тауарды тасымалдау туралы құжаттардың көшірмесі;
дайын бұйымға техникалық паспорттың немесе әзірлеуші-зауыттың сапа паспортының көшірмесі;
кен орындарынан өндіру және игеру құқығына құжаттардың (өндіруші және дайындаушы кәсіпорындар үшін) көшірмелері;
оған сәйкес тауар өндірудің технологиялық процесі орындалатын стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттардың көшірмелері;
қызмет түріне (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса) арналған лицензияның және (немесе) рұқсаттың көшiрмесi;
егер тауар жануарлардан, өзен және теңiз кәсiпшiлiгiнен алынған тауар болса, сондай-ақ, егер тауарлар жануарлар азығына арналған болса, ветеринариялық сертификаттың көшiрмесi;
тауардың саны мен тұрған орнын көрсете отырып, Өтініш берушіде тауардың болуын растайтын қоймалық анықтаманың және (немесе) ресурстық анықтаманың көшiрмесi негізінде беру

8

Тауардың шығу тегі туралы сертификатты қорғаныш дәрежесі бар бланкттерде рәсімдеу: бірінші данасы – түпнұсқа, екінші және үшінші данасы – көшірмелер

9

Өтініш берушінің тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттарды тіркеу журналында қойған қолының болуы

10

«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу туралы қорытындының болуы

11

«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты екі жұмыс күні ішінде мыналардың:
1) ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға өтінім;
2) ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі;
3) мынадай құжаттар:
өтінім берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлғаларға, – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, заңды түлғаның филиалдарын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, жарғы, заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) ереже, дара кәсіпкерлерге – патент немесе дара кәсіпкер куәлігі) жылына 1 рет ұсынылады;
тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмесі (тауарды өндірушімен немесе тауарды сатып алуға шарт, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар);
қызмет түріне берілген лицензияның көшірмесі (егер қызмет түрі лицензиялауға жатқызылса);
тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшем шарттарын айқындауға арналған құжаттар (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен компоненттердің құны, шикізатты жеткізуге арналған шарттар және/немесе шот-фактуралар және/немесе жүкқұжаттар, оларға сәйкес тауар өндірілген нормативтік техникалық құжаттардың тізбесін қоса бере отырып, технологиялық операцияларды сипаттамасы бар құжаттама, мәлімделген тауарды өндіру үшін жабдықтардың тізбесі, өндіріс үй-жайына арналған құжаттар, жұмысшылар тізімі, пайдаланылатын шикізаттың немесе шетелде шығарылған компоненттің құнын ескере отырып тауар құнының есебі;
мемлекеттік тілдегі мәлімделген өнімдер атауының тізбесі;
қойманың мекенжайын көрсете отырып, қоймада тауардың болуы және оның саны туралы қоймалық анықтаманың көшірмесі;
өтініш берушінің мүддесін білдіруге арналған сенімхаттың көшірмесі;
жеміс-көкөніс өнімдері үшін:
Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органының мәлімделген өнім партиясының көрсетілген аумақта өсірілгені туралы растау-анықтамасының көшірмесі және, өнімді өндірушімен жасалған шарт, тауарды өндірушімен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін міндетті түрде ұсына отырып, тауарды сатып алуға арналған шарт;
4) қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі негізінде беру

12

«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты қорғаныш дәрежесі бар бланкттерде ресімдеу: бірінші данасы – түпнұсқа, екінші және үшінші данасы – көшірмелер

Лауазымдық тұлға (тұлғалар)________ _______ _________________________
                                  (лауазымы)  (қолы)   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
                           ________ _______ _________________________
                                  (лауазымы)  (қолы)   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің
басшысы                    ________ _______ _________________________
                                  (лауазымы)  (қолы)   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму     
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199
және Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің  
2015 жылғы 29 желтоқсандағы   
№ 826 бірлескен бұйрығына    
3-қосымша           

Метрология саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт___________________________________
                                               (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН
Орналасқан жерінің мекенжайы: _______________________________________
_____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

Өлшем бірлігін қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыратын субъектiлерге қатысты

1

Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттың және өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы

2

Түрін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсаты үшін сынақтан, тексерістен өтпеген және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын айналысқа шығаруға және қолдануға тыйым салуды сақтау

3

Тексеру туралы сертификаттың және (немесе) өлшем құралында салыстырып тексеру баспа-таңбасының және (немесе) пайдалану құжаттамасының болуы

4

Өлшемді орындау әдістемесінің метрологиялық аттестаттауының болуы және олардың өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелуі

5

Сатып алу операциялары кезінде иелiктен шығарылатын тауарлардың санының осы тауарлардың санын сипаттайтын, салмағына, көлеміне, шығынына және басқа да шамасына сәйкестігі

6

Бөлшектеп өлшелген тауар санының бумада белгiленген шамаға сәйкестігі

Лауазымдық тұлға (тұлғалар)________ _______ _________________________
                                  (лауазымы)  (қолы)   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
                           ________ _______ _________________________
                                  (лауазымы)  (қолы)   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің
басшысы                    ________ _______ _________________________
                                  (лауазымы)  (қолы)   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму     
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199
және Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің  
2015 жылғы 29 желтоқсандағы   
№ 826 бірлескен бұйрығына    
4-қосымша           

Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан
Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау
аясында тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт___________________________________
                                                (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН
Орналасқан жерінің мекенжайы: _______________________________________
_____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

Сәйкестікті растау жөніндегі органдарға, сынақ және салыстырып тексеру зертханаларына (орталықтарына) қатысты

1

Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу аттестатының болуы

2

Аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыру бойынша міндеттерді сақтау

Сәйкестікті растау жөніндегі органдарға қатысты

3

Өнімнің сертификаттауды жүргізу жөніндегі:
1) өтінім бойынша шешім қабылдау, соның ішінде схеманы таңдау;
2) үлгілерді және олардың сынауларын сәйкестендіру, іріктеу;
3) өндірісті бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);
4) алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру (беруден бас тарту туралы) туралы шешім қабылдау;
5) сертификаттаудың теріс нәтижелері туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну талаптардың сақталуы

4

Өнімнің сертификаттауды жүргізу жөніндегі:
1) техникалық реттеу жүйесінің мемлекеттік тізілімінде сәйкестік сертификатын тіркеу;
2) сәйкестік сертификатын беру;
3) сертификатталған өнімге (егер бұл сертификаттау схемасымен көзделген болса) инспекциялық бақылауды жүзеге асыру бөлігінде талаптардың сақталуы

5

Сәйкестік туралы декларацияларды тіркеу

Сынақ және салыстырып тексеру зертханаларына (орталықтарына) қатысты

6

Өндірістен немесе жөндеуден шығарған кезде, пайдаланудан және олардың түрін бекіткеннен немесе метрологиялық аттестаттаудан кейін импортпен кіргізгеннен және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркегеннен кейін түрін бекіту метрология аттестаттау мақсатында сынаудан, тексеруден өткен, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын,

өлшем құралдарын қолдануға тыйым салуды сақтау

7

Тексеру туралы сертификаттың және (немесе) өлшем құралында салыстырып тексеру баспа-таңбасының (және) немесе пайдалану құжаттамасының болуы