Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.08.2022 № 844 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 50) тармақшасына және 43-бабының 18-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.09.2021 № 931 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.08.2022 № 844 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жүмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 10 ақпандағы № 79 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің 2015 жылғы 17 ақпандағы 86762 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 2 наурыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойлды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министірі Б.Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығымен бекітілген |
Конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.08.2022 № 844 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.01.2024 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1. Тамақ өнімдері.
2. Жанар-жағармай материалдары.
3. А-4, А-3 форматты "Қағаз".
4. Жолдарды қыста ұстау жөніндегі жүмыстар.
5. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер.
6. Жалғыз және туыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу жөніндегі қызметтер.
7. Монша-кір жуу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер.
8. Автокөлік қызметтері.
9. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтер.
10. Әкімшілік ғимараттарды ұстау жөніндегі қызметтер:
1) ғимараттың ішкі үй-жайларын және қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты тазалықта ұстау;
2) ғимараттарға жапсарлас аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды жүргізу және ғимараттардың ішіндегі жасыл екпелерді күтіп-баптау;
3) ғимараттардың ішкі үй-жайларын және оған жапсарлас аумақты санитарлық өңдеу;
4) оларға жапсарлас аумақтан қоқыс пен қарды шығару;
5) күзетпен, дабылдаумен және ғимараттарды, өрт қауіпсіздігі және оған жапсарлас аумақты күзету жөніндегі басқа да қондырғылармен қамтамасыз ету;
6) сантехникалық, электромонтаждау жұмыстары;
7) лифттық жабдықты техникалық қызмет көрсету.
11. Байланыс қызметтері (оның ішінде Интернет, спутниктік, телефон, фелдъегерлік, почта байланысы).
12. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтер.
13. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөніндегі қызметтер.
14. Серверлік бөлмелерде өрт сөндіру және ауа баптау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
15. Аппаратты-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
16. Заң жобасы нормативнтік құқықтық актілері мен ұғымдардың ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер.
17. Ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды жалдау жөніндегі қызметтер.
18. Жалға алынатын ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды ұстау жөніндегі қызметтер.
19. Қызметтік және арнаулы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер.
20. Ұйымдастыру техникасына шығыс материалдары мен картридждерді толтыру жөніндегі қызметтер.
21. Медициналық шығындыларды кәдеге жарату және медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру жөніндегі қызметтер.
22. Мүгедектігі бар адамдарға арналған санитарлық-гигиеналық құралдар.
23. Мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің көрсететін әлеуметтік қызметтері.
24. Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау маманының қызметтері.
25. Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы автокөлікпен тасымалдайтын автокөлік қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер.
26. Әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстау жөніндегі қызметтер.
1) сыртқы жарықтандыру қызметтері;
2) декоративтік жарық түсіру қызметтері;
3) көшелерді, парктерді, саябақтарды, квартал ішіндегі аумақты жинау (механикалық жинау, қолмен), сондай-ақ қоқыс пен қарды шығарып әкету;
4) қазылатын шүңқырлардың қондырғысы, одан су тартып шығару және жөндеу;
5) нөсер кәрізін пайдалану;
6) субұрқақтарды ұстау жөніндегі жұмыстар;
7) селге қарсы іс-шаралар;
8) кәріздерден ағынды суларды шығару;
9) қаңғыбас жануарларды аулап жинау;
10) көмілген жерлерді ағымдағы ұстау.
27. Объектілерді күзету жөніндегі қызметтер.
28. Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарына арналған тіркеу құжаттарын (көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін), транзиттік нөмірлерді дайындау бойынша қызметтер.
29. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша қызметтер.
30. Астана қаласындағы республикалық тутұғырды күтіп ұстау және қызмет көрсету.
31. Офистік ұйымдастыру техникасын жалға алу және серверлік ресурстарды жалға алу бойынша қызметтер.
32. Газет қағазы (газет басуға арналған қағаз).
33. Азық.
34. Энергиямен жабдықтау қызметтерін немесе электр энергиясын сатып алу-сату.