«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес сатуға тыйым салынған Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарлар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
__________________ А. Дауылбаев
2015 жылғы 23 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
__________________ И. Тасмағамбетов
2015 жылғы 3 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет
қызметінің бастығы
__________________ А. Күреңбеков
2015 жылғы 15 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
__________________ Н. Әбіқаев
2015 жылғы 21 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 27 қараша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 719 бұйрығына
қосымша
Сатуға тыйым салынған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарлар тізбесі
№ п/п |
Бұйымдарының атауы |
---|---|
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) полиция қызметкерлерінің нысанды киім бұйымдары мен фурнитурасы* | |
1. |
алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймесі бар ақсұр түсті парадтық-салтанаттық фуражка (құрсамасы қызыл түсті) |
2. |
алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймесі бар көк жасыл түсті күнделікті фуражка (құрсамасы қызыл түсті) |
3. |
қызыл түсті канты бар көк жасыл түсті пилотка |
4. |
ІІМ эмблемасымен бірге жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар қара көк түсті жазғы кепка (бейсболка) |
5. |
ІІМ эмблемасымен бірге жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар қара көк түсті маусымдық |
6. |
ІІМ эмблемасы бар көк жасыл түсті кепка |
7. |
алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймесі, қызыл түсті канты бар ақсұр түсті қаңқасы қалыпталып тартылған кепка |
8. |
алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймесі, қызыл түсті канты бар көк жасыл түсті қаңқасы қалыпталып тартылған кепка |
9. |
қара түсті былғары үсті бар қара түсті құлақшын |
10. |
сұр түсті қаракөлден тігілген папаха |
11. |
қызыл түсті канты бар, жеңдік белгісі және алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймелері бар ақсұр түсті парадтық-салтанаттық мундир |
12. |
қызыл түсті канты бар, жеңдік белгісі және алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймелері бар күнделікті көк жасыл китель |
13. |
қызыл түсті канты бар көк жасыл түсті шалбар |
14. |
қызыл түсті канты бар көк жасыл түсті юбка |
15. |
көк жасыл түсті күнделікті костюм (ІІМ погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бірге жеңдік белгісі және алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймелері бар күрте мен қызыл түсті канты бар шалбар) |
16. |
ІІМ жеңдік белгісі бар, арқасында «ЖОЛ-ПАТРУЛЬДIК ПОЛИЦИЯСЫ» жазбасы бар, жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар қара көк түстегі жиынтықтағы қызмет атқаруға арналған костюм |
17. |
ІІМ погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бірге жеңдік белгісі және алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймелері бар көк жасыл түсті «сырмамен» бекітілетін күнделікті күрте |
18. |
ІІМ жеңдік белгісі және алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймелері бар, арқасында «ЖОЛ-ПАТРУЛЬДIК ПОЛИЦИЯСЫ» деген жазбасы бар, жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар көк жасыл түсті «сырма» бекітілетін күнделікті күрте |
19. |
ІІМ жеңдік белгісі бар кішкентай погондар бар жемпір |
20. |
ІІМ погондарын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар ІІМ жеңдік белгісі бар ұзын және қысқа жеңді ақсұр түсті жейде |
21. |
ІІМ погондарын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар ІІМ жеңдік белгісі бар ұзын және қысқа жеңді ақсұр түсті жейде (әйелдер жейдесі) |
22. |
жеңдік белгісі мен алтын түсті ІІМ нысанды түймелері бар сұр түсті қаракөл жағасы бар парадтық-салтанаттық пальто |
23. |
жеңдік белгісі мен алтын түсті ІІМ нысанды түймелері бар қара түсті үлбір жағасы бар парадтық-салтанаттық пальто |
24. |
жеңдік белгісі мен алтын түсті ІІМ нысанды түймелері бар сұр түсті үлбір жағасы бар қара түсті жылы күрте |
25. |
жеңдік белгісі мен алтын түсті ІІМ нысанды түймелері бар қара түсті үлбір жағасы бар қара түсті жылы күрте |
26. |
арқасында «ПОЛИЦИЯ» деген жазбасы бар, ІІМ-нің погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар, ІІМ жеңдік белгісі бар, сұр түсті қаракөл жағасы бар қара көк түсті жылы костюм |
27. |
арқасында «ПОЛИЦИЯ» деген жазбасы бар, ІІМ-нің погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар, ІІМ жеңдік белгісі бар, қара түсті үлбір жағасы бар қара көк түсті жылы костюм |
28. |
арқасында «ЖОЛ-ПАТРУЛЬДIК ПОЛИЦИЯСЫ» деген жазбасы бар, ІІМ-нің погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар, ІІМ жеңдік белгісі бар, сұр түсті қаракөл жағасы бар жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар қара көк түсті жиынтықтағы жылы костюм |
29. |
арқасында «ЖОЛ-ПАТРУЛЬДIК ПОЛИЦИЯСЫ» деген жазбасы бар, ІІМ-нің погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар, ІІМ жеңдік белгісі бар, қара түсті үлбір жағасы бар жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар қара көк түсті жиынтықтағы жылы костюм |
30. |
арқасында «ПОЛИЦИЯ» деген жазбасы бар, ІІМ-нің погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар, ІІМ жеңдік белгісі бар қара түсті маусымдық күрте |
31. |
арқасында «ЖОЛ-ПАТРУЛЬДIК ПОЛИЦИЯСЫ» деген жазбасы бар, ІІМ-нің погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар, ІІМ жеңдік белгісі бар, жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар қара түсті маусымдық күрте |
32. |
жеңдік белгісі бар және алтын түсті ІІМ нысанды түймелері бар қара түсті маусымдық плащ |
33. |
арқасында «ПОЛИЦИЯ» деген жазбасы бар желбей-күрте |
34. |
арқасында «ЖОЛ-ПАТРУЛЬДIК ПОЛИЦИЯСЫ» деген жазбасы бар, жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар арнайы желбей костюм |
35. |
арқасында «ЖОЛ-ПАТРУЛЬДIК ПОЛИЦИЯСЫ» деген жазбасы бар, жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар сары түсты сигналдық жилет |
36. |
ІІМ жеңдік белгісі бар, жиынтықтағы қара – ақ түсті былғары костюм (күрте, етікке салатын шалбар) |
37. |
арқасында «ЖОЛ-ПАТРУЛЬДIК ПОЛИЦИЯСЫ» деген жазбасы бар, ІІМ жеңдік белгісі бар, жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар қара түсті тықыр жүнді тондық қой терісінен тігілген жылы костюм |
38. |
айырым белгілері бар, кішкентай погондары бар жиынтықтағы камуфляж түстес жазғы костюм (камуфляж түстес ІІМ жеңдік белгісі бар, қызметкердің қан тобы белгіленетін омыраулық жапсырмасы мен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазбасы бар) |
39. |
айырым белгілері бар, кішкентай погондары бар жиынтықтағы камуфляж түстес жылы костюм (камуфляж түстес ІІМ жеңдік белгісі бар, қызметкердің қан тобы белгіленетін омыраулық жапсырмасы мен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазбасы бар) |
40. |
ІІМ барлық түрдегі фурнитуралары: ІІМ символикасы бар эмблема; барлық түрдегі погондар мен кішкене погондар; жеңдік және омыраулық белгілер; шеврондар; барлық түрдегі жапсырмалар; эмблемасы бар кокардалар мен ІІМ символикасы бар кокардалар; жиектеулер мен тігіндер; эмбемалар; нысанды түймелер; ордендер мен медальдар; сыныптық мамандардың белгілері мен кішкене белгілері; парадтық белдіктерге ІІМ символикасы бар айылбастар; ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік куәліктері мен оларға қабықшалар |
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киім бұйымдары* | |
41. |
алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймесі бар ақсұр түсті парадтық-салтанаттық фуражка (құрсамасы күрең қызыл түсті) |
42. |
алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймесі бар қара көк түсті күнделікті фуражка (құрсамасы күрең қызыл түсті) |
43. |
күрең қызыл түсті канты бар қара көк түсті пилотка |
44. |
қара түсті былғары үсті бар қара көк түсті құлақшын |
45. |
алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймесі бар қара көк түсті нысанды берет |
46. |
алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймесі, күрең қызыл түсті канты бар ақсұр түсті қаңқасы қалыпталып тартылған кепка |
47. |
алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймесі, күрең қызыл түсті канты бар қара көк түсті қаңқасы қалыпталып тартылған кепка |
48. |
күрең қызыл түсті канты бар, жеңдік белгісі және алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймелері бар ақсұр түсті парадтық-салтанаттық мундир |
49. |
күрең қызыл түсті канты бар, жеңдік белгісі және алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймелері бар күнделікті қара көк китель |
50. |
күрең қызыл түсті канты бар қара көк түсті шалбар |
51. |
күрең қызыл түсті канты бар қара көк түсті юбка |
52. |
ІІМ погондарын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар ІІМ жеңдік белгісі бар ұзын және қысқа жеңді көгілдір түсті жейде |
53. |
ІІМ погондарын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар ІІМ жеңдік белгісі бар ұзын және қысқа жеңді көгілдір түсті жейде (әйелдер жейдесі) |
54. |
Жиынтықтағы қара көк түсті қызмет атқаруға арналған костюм (ІІМ погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бірге жеңдік белгісі және алтын түсті ІІМ-нің нысанды түймелері бар күрте мен күрең қызыл түсті канты бар шалбар) |
55. |
ІІМ жеңдік белгісі, ІІМ погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар бар қара көк түсті күнделікті күрте |
56. |
жеңдік белгісі мен алтын түсті ІІМ нысанды түймелері бар сұр түсті қаракөл жағасы бар парадтық-салтанаттық пальто |
57. |
жеңдік белгісі мен алтын түсті ІІМ нысанды түймелері бар қара түсті үлбір жағасы бар парадтық-салтанаттық пальто |
58. |
жеңдік белгісі мен алтын түсті ІІМ нысанды түймелері бар сұр түсті қаракөл жағасы бар қара түсті жылы күрте |
59. |
жеңдік белгісі мен алтын түсті ІІМ нысанды түймелері бар қара түсті үлбір жағасы бар қара түсті жылы күрте |
60. |
ІІМ-нің погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар, ІІМ жеңдік белгісі бар, сұр түсті қаракөл жағасы бар қара көк түсті жылы костюм |
61. |
ІІМ-нің погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар, ІІМ жеңдік белгісі бар, қара түсті үлбір жағасы бар қара көк түсті жылы костюм |
62. |
ІІМ-нің погонын бекітуге арналған арнайы белдікұстағыштары бар, ІІМ жеңдік белгісі бар қара түсті маусымдық күрте |
63. |
жеңдік белгісі бар және алтын түсті ІІМ нысанды түймелері бар қара көктүсті маусымдық плащ |
64. |
арнайы желбей костюм |
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киім бұйымдары** | |
65. |
мундир, көк толқын түсті ашық бір қаусырмалы (екі қаурсымалы) китель немесе қою қорғаныш түсті және балағы сыртқа жіберілетін шалбар, «ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ», «ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» жеңдегі белгілер, мемлекеттік елтаңбаның бейнесі бар алтын түсті түймелерімен және күрең түсті бұлығы бар шалбар (шалбардың бүйіріндегі тігісіне қапсырыла тігілген) |
66. |
сұр түстi тері жағалы қысқы қою-көк түсті пальто, «ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ», «ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» жеңдегі белгілері, мемлекеттік елтаңбаның бейнесі бар алтын түсті түймелерімен |
67. |
қою қорғаныш түстi теріден немесе табиғи қаракөлден тігілген жағасы бар қою-көк түстi қысқы пальто «ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ», «ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» жеңдегі белгілерімен |
68. |
қою қорғаныш жүн күртеше «ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ», «ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» жеңдегі белгілерімен |
69. |
қою көк түстi терiден немесе табиғи қаракөлден тігілген жағасы бар қою қорғаныш түстi қысқы бушлат «ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ», «ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» жеңдегі белгілерімен |
70. |
арнайы жазғы және қысқы жеңдегі ведомстволық тиесілік белгілерімен нысанды киім |
71. |
айырым белгілері (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері марапатталатын мемлекеттік және ведомстволық наградалар, төсбелгілер) |
72. |
айырмашылық белгілері (арнайы атағын және ведомстволық тиесілігін белгілейтін нысанды киімдегі белгілер) |
73. |
погондар, оның ішінде погон-муфталар |
74. |
жеңдегі белгілер (жапсырма, шеврондар, тігіндер) |
75. |
бас киім белгілері (кокарда, төбеге эмблема, тігін), погондары (эмблемалар, жұлдыздар, жапсырмалар) |
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері*** | |
76. |
(қызыл, ақ, қара, көгілдір, теңбіл және ашық көк) түсімен бекітілген жиек салынған (көк барқын және қара жусан түстес, көк, қара, ашық жасыл, ақ) түсімен бекітілген (салтанатты, салтанатты-демалыс және күнделікті) фуражка |
77. |
ақ түсті қаппен күнқағарсыз фуражка |
78. |
(қара жусан түстес, көк, сұр және қара) түсімен бекітілген теріден (қаракөлден) тігілген құлақшын (күнқағары бар) |
79. |
(қызыл, ақ, ашық жасыл, теңбіл, көгілдір және ашық көк) түсімен бекітілген жиек салынған (көк барқын және қара жусан түстес, көк, қара, ақ) түсімен бекітілген фуражка |
80. |
(көк барқын және қара жусан түстес, көк, қара, ақ) түсімен бекітілген әйелдер шляпасы |
81. |
(көк барқын және қара жусан түстес, көк, қара, ашық жасыл және ақ) түсімен бекітілген кепи |
82. |
(көк барқын және қара жусан түстес, жасыл, ашық жасыл, көк, көгілдір, қара, және ақ) түсімен бекітілген берет |
83. |
(көк барқын және қара жусан түстес, ашық сұр, көк, қара, және ақ) түсімен бекітілген мундир (китель) |
84. |
(қызыл, ашық жасыл, теңбіл, көгілдір және ашық көк) түсімен бекітілген жиек салынған (көк барқын және қара жусан түстес, көк, қара және ақ) түсімен бекітілген шалбар |
85. |
(қызыл, ашық жасыл, теңбіл, көгілдір және ашық көк) түсімен бекітілген жиек салынған (көк барқын және қара жусан түстес, көк, қара және ақ) түсімен бекітілген юбка |
86. |
(қара жусан түстес, көк және қара) түсімен бекітілген маусымдық плащ |
87. |
бүркеніш түсті далалық фуражка |
88. |
бүркеніш түсті жазғы (іші жылы) далалық күртеше мен тікпішілген шалбар |
89. |
(алтын және ақ) түсімен бекітілген айылбасты салтанатты белдік |
90. |
екі (бір) ұшымен алтын (күміс) түстес аксельбант |
91. |
фурнитураның барлық түрлері (Қазақстан Республикасы Қарулы күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бейнелемесі бар эмблема; погон және погонтаққыштардың барлық түрлері; жеңдегі және кеуде белгілері; шеврондар; жапсырмалардың барлық түрлері; петличкалар; кокардалар және эмблемасы бар кокардалар; жұлдыздар, жұлдызшалар және эмблемасы бар жұлдыз; жақтаушалар және тігістер; эмблемалар; Қазақстан Республикасы Қарулы күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бейнелемесі бар түймелер; ордендер және медальдар; ордендік (медальдік) планкалар және оларға негіздер; белгілер және сыныптық мамандардың белгілері; салтанатты белдіктер және қайыс белдікке арналған Қазақстан Республикасы Қарулы күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бейнелемесі бар айылбас (қаңылтыр айылбас); әскери қызметкерлердің жеке куәліктері және оларға қабықшалар) |
92. |
далалық белбеу (иық белбеуімен далалық белбеу) |
93. |
(ақ, қара және қоңыр) түсімен бекітілген салтанатты белдік |
94. |
офицерлер (сержанттық) далалық сөмкесі |
95. |
кевларлы дуылға (қалқанмен) |
96. |
жақпарлы кеудеше |
97. |
бронды кеудеше |
98. |
әскери атағындамен петличкалар |
99. |
әскері атағы көрсетілген жеңдегі белгілері және кеуде жапсырмалар |
100. |
салтанатты белдіктерге және қайыс белдіктерге арналған айылбас (қаңылтыр айылбас) |
5. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының бұйымдары **** | |
101. |
фурнитура мен қара түсті фуражка |
102. |
фурнитура мен қаракөлден тігілген (құрамдастырылған) малақай |
103. |
айырым белгілері бар қара түсті жылы пальто |
104. |
айырым белгілері бар ерекше салтанатты ақ сары түсті мундир |
105. |
айырым белгілері бар салтанатты сұрғылт түсті мундир |
106. |
лампастары мен көктікен жиектері бар шалбар |
107. |
фурнитурамен бір түсті немесе бүркеніш түсті фуражка |
108. |
бір түсті немесе бүркеніш түсті айырым белгілері бар күртеше мен қысқы жылы шалбар |
109. |
бір түсті немесе бүркеніш түсті айырым белгілері бар жазғы күртеше мен жазғы шалбар |
110. |
бір түсті немесе бүркеніш түсті айырым белгілері бар жартылай жүн свитер |
111. |
фурнитурамен жазғы бас киім |
112. |
фурнитурамен қысқы бас киім |
113. |
бір түсті немесе бүркеніш түсті далалық белбеу |
114. |
белгімен берет, жапсырма (белгі) |
115. |
арнаулы мемлекеттік органдарының жеңдегі айырым белгілері |
116. |
кокарда |
117. |
эмблемасы бар кокарда |
118. |
погондар |
119. |
арнаулы атағында жулдыздар (жұлдызша, жапсырмалар) |
120. |
арнаулы оқу орындарының оқу курстары бойынша жеңдегі белгілері (жейде және свитер басқа) |
121. |
«ҚАЗАҚСТАН» кеуде белгілері (жапсырмалар) және күнделікті-далалық киім нысанына арнаулы атағының жапсырмасы |
122. |
сыныптық кеудедегі белгісі |
123. |
арнаулы (әскери) оқу орындарын аяқтағаны туралы кеудедегі белгісі |
124. |
арнаулы атағының жеңдегі жапсырмалар |
6. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлері нысанды киімі және айырым белгілері ***** | |
125. |
ақ түсті фуражка (әйелдерде берет) |
126. |
қара-көк түсті фуражка (әйелдерде берет) |
127. |
ақ түсті китель |
128. |
қара-көк түсті китель |
129. |
қара-көк түсті китель мен лампасы бар шалбар (юбка) |
130. |
лампасы бар қара-көк түсті шалбар (юбка) |
131. |
арнаулы жеңсіз жамылғы |
132. |
эмблема |
133. |
кокарда |
134. |
жоғары басшылық құрамның сыныптық шендеріне арналған погондар |
135. |
жоғары сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісінің погондары мен айырым белгілері |
136. |
1, 2 және 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшілерінің погондары |
137. |
аға басшылық құрамдағы сыныптық шендерге арналған погондар мен айырым белгілері |
138. |
орта басшылық құрамның сыныптық шендерінің погондары мен айырым белгілері |
139. |
шеврон |
140. |
нысанды түймелер дөңгелек |
Ескертпе:
Әрбір өнім «Буып-түюге, таңбалауға, зат белгі жапсыруға және оларды
дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы №
277 Қаулысы сәйкес таңбаланады.
* «Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң
нысанды және арнайы киiм-кешектерiнiң үлгілерi мен заттай нормаларын
бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12
шілдедегі № 722 қаулысына сәйкес
** «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды
киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлiгі нормаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19
наурыздағы № 256 бұйрығына сәйкес
*** «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен
әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және
айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011
жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына cәйкес
**** «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары
қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылғы
29 тамыздағы № 627 Жарлығына сәйкес
***** «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір
мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы
20 қазандағы № 166 Жарлығына сәйкес