Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1155 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12668 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы                            А. Рау

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы
      ______________ М. Құсайынов
      2015 жылғы 15 желтоқсан

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының    
2015 жылғы 4 желтоқсанда   
№ 1155 бұйрығымен     
бекітілген         


Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді
алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидалары

      1. Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алу тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
      1) алып қою - техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді өткізуге жол бермеу жөніндегі шара;
      2) кері қайтару – тұтынушыға өткізілген техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі шара;
      3) өнім – процестің немесе қызметтің нәтижесі;
      4) уәкілетті орган – Заңның 37 бабына сәйкес техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.
      3. Өнімді алып қою және (немесе) кері қайтарудың негіздері техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді өткізу фактілерін анықтау жағдайы болып табылады.
      4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген негіз туындаған жағдайда өндіруші немесе өндірушінің уәкілетті тұлғасы өнімді өндірістен (айналымнан) өз еркімен алып тастайды, сондай–ақ сатушыны осындай өнімнің әрі қарай өткізілуіне жол бермеу туралы хабардар етеді.
      5. Техникалық регламенттер талаптарына өнімнің сәйкессіздігінің фактісі анықталған сәттен бастап күнтізбелік бір күн ішінде өндіруші (өндірушінің уәкілетті тұлғасы) бұл туралы уәкілетті органдарға хабардар етеді.
      6. Егер зиянның себептерін жою мүмкін болмаған жағдайда, техникалық регламенттер талаптарына өнімнің сәйкессіздігінің фактісі анықталған сәттен бастап өндіруші (өндірушінің уәкілетті тұлғасы) өнімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін фактіні анықталған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін тағамдық өнімді, күнтізбелік он күн ішінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін басқа өнімді пайдалану нәтижесінде тұтынушының өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігі туралы республикалық мерзімді баспа басылымдарында және (немесе) теле-, радиоканалдары арқылы тұтынушыға хабарлайды.
      7. Өндіруші (өндірушінің уәкілетті тұлғасы) Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы сауда объектілерінен техникалық регламенттер талаптарына өнімнің сәйкессіздігінің фактісі анықталған сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін тағамдық өнімді, күнтізбелік он төрт күн ішінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін басқа өнімді алып тастайды.
      8. Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою, осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою актісімен ресімделеді.
      9. Алып қойылған өнім «Алып қойылды, өткізуге жатпайды» деген көрсетумен өндірушінің (өндірушінің уәкілетті тұлғасы) немесе сатушының аумағында оған қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайды сақтау кезінде оны кәдеге жарату немесе жою туралы шешім қабылдағанға дейін бөлек сақталады.
      10. Егер техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім өткізілген жағдайда, өндіруші (өндірушінің уәкілетті тұлғасы) үш күнтізбелік күн ішінде өнімнің тұтынушылардан кері қайтарып алынғаны туралы кері қайтару тәсілдері туралы толық ақпарат алу үшін байланыс деректерін, өнімді қабылдау пункттерінің орналасқан жерін және өнімді кері қайтару нәтижесінде туындаған зиянды өтеуге жауапты тұлғаны көрсетумен республикалық мерзімді басылымдар және (немесе) теле-, радиоарналар арқылы хабарлайды.
      11. Өндіруші (өндірушінің уәкілетті тұлғасы) және сатушы кері қайтарылған өнімді қабылдаудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін өзара әрекеттеседі.
      12. Тұтынушының байланыс деректері болған жағдайда, өндіруші (өндірушінің уәкілетті тұлғасы) үш күнтізбелік күн ішінде оған техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу туралы оған хабарлайды.
      13. Өндіруші (өндірушінің уәкілетті тұлғасы), сатушы тұтынушыдан техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді қабылдайды және осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін, кері қайтарып алынған өнімдіді қабылдау-беру актісімен ресімделеді.
      14. Өндіруші немесе өндірушінің уәкілетті тұлғасы уәкілетті органды алып қою және (немесе) кері қайтарып алу бойынша қабылданған шаралар және олардың нәтижелері туралы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қоюды және (немесе) кері қайтарып алуды жүзеге асырған күннен кейінгі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      15. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою және (немесе) кері қайтарып алу жағдайлары туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Техникалық регламенттер   
талаптарына сәйкес келмейтін 
өнімді алып қою және кері қайтарып
алуды жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша         

                                                            Нысан 

Техникалық регламенттер талаптарына
сәйкес келмейтін өнімді алып қою
актісі 

Орны                         Күні

      Өндірушінің (өндірушінің уәкілетті тұлғасының) және сатушының
өкіл(дер)імен
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (Т.А.Ә, лауазымы, заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның т.а.ә.,
                               мекенжайы)
__________________________________________________________ негізінде
               (техникалық регламент атауы)
техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін келесі өнімді
алып қою жүргізілді
_____________________________________________________________________
                 (өнім, серия, өндіріс атауы)
Бұл ретте, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін
өнімнің жалпы саны ________________________________________ құрайды.


р/б

Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнім атауы

Топтама нөмірі

Өндіруші, өнімді дайындаушы ел

Топтама мөлшері

Алып қойылған өнімнің саны (дана/тг)







_____________________________________________        ___________
Өндіруші (өндірушінің уәкілетті тұлғасы) және           қолы
сатушының Т.А.Ә.

Техникалық регламенттер   
талаптарына сәйкес келмейтін 
өнімді алып қою және кері қайтарып
алуды жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша         

                                                            Нысан 

Техникалық регламенттер талаптарына
сәйкес келмейтін, кері қайтарып алынған
өнімді қабылдау-беру
актісі


Өнімді қабылдау орны:                     Күні

      Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді
қабылдаудың басталған уақыты ________________________________________
      Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді
қабылдаудың аяқталған уақыты ________________________________________
      Қабылдау белгіленген мерзімді бұзумен жүргізілді, өйткені
_____________________________________________________________________
егер бұл орын алған болса
_____________________________________________________________________
қабылдаудың уақтылы болмау себептері,
_____________________________________________________________________
олардың туындау және өндірушінің (өндірушінің уәкілетті тұлғасының)
және сатушының өкіл(дер)інің жою уақыты _____________________________
                                         (атауы, Т.А.Ә., лауазымы,)
тұтынушыда __________________________________________________________
                              (атауы, Т.А.Ә.)
___________________________________________________________ негізінде
            (техникалық регламент атауы)
техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін келесі өнімді
кері қайтарып алу жүргізілді
____________________________________________________________________.
               (өнім, серия, өндіріс атауы)
      Бұл ретте, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін
кері қайтарып алынған өнімнің жалпы саны ___________________ құрайды.


п/п

Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнім атауы

Топтама нөмірі

Өндіруші, өнімді дайындаушы ел

Топтама мөлшері

Кері қайтарып алынған өнімнің саны (дана/тг)

________________________________________       ___________
Өндіруші (өндірушінің уәкілетті тұлғасы) және      қолы
сатушының Т.А.Ә.
________________________________________ ___________
  Тұтынушының Т.А.Ә.                        қолы