«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-1-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 403 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы
ЕСЕБІ
__________________________
(есеп беру кезеңі)
1. Гранттарды орналастыру есебі кезеңінің басталу және аяқталу күні:
__________________________________________________________________.
2. Есепті кезеңде орналастырылған гранттар саны:
__________________________________________________________________.
3. Есепті кезеңде жүзеге асырылған гранаттар саны:
__________________________________________________________________.
4. Есепті кезеңде жүзеге асырылған гранттар бағыты:
__________________________________________________________________.
5. Гранттарды жүзеге асыруға есепті кезеңде мемлекеттік қаржы
көздерінен бөлінген қаржының жалпы сомасы:
__________________________________________________________________.
6. Гранттарды жүзеге асыруға есепті кезеңде бюджеттен тыс қаржы
көздерінен бөлінген қаржының жалпы сомасы:
__________________________________________________________________.
7. Есепті кезеңде гранттарды жүзеге асыру үшін қатыстырылған
қазақстандық ұйымдардың ішінен әріптестер туралы ақпарат (жалпы саны,
ұйымның толық атауы, басшысының аты, жөні, әкесінің аты (болған
жағдайда), байланыс мәліметтері, заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________.
8. Есепті кезеңде гранттарды жүзеге асыру үшін қатыстырылған
халықаралық (шетелдік) ұйымдардың ішінен әріптестер туралы ақпарат
(жалпы саны, ұйымның толық атауы, басшысының аты, жөні, әкесінің аты
(болған жағдайда), байланыс мәліметтері, заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________.
9. Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру
саласындағы оператор арқылы гранттарды жүзеге асырған үкіметтік емес
ұйымдар туралы мәліметтер (осы есепке қоса беріледі)*
10. Есепті кезеңде грант шеңберінде жүзеге асырылған әлеуметтік
жобалар, әлеуметтік бағдарламалар туралы мәліметтер (осы есепке қоса
беріледі)**
11. Гранттарды жүзеге асыру шеңберіндегі жобалар қорытындысы бойынша
жалпы түйіндемелер мен ұсыныстар:
__________________________________________________________________.
12. Есепке гранттарды қалыптастыруға қатысатын үкіметтік емес
ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың басшысы,
оператордың бас бухгалтері немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол
қояды. Есептің әрбір данасы жіппен тігіледі, жіпттің байланған ұшы
жартылай бетке желімделіп қағаз жапсарма арқылы бекітіледі. Мөр
таңбасы жартылай қағаз жапсармаға, жартылай құжат бетіне басылуы
тиіс.
13. Есеп дайындалды: _______________________________________________
(оператор басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) және қолы)
Есеп дайындалған күні « » ____________ 20 жылы
Мөр орны
Ескерту:
* осы есептің 1 қосымшасына сәйкес нысанда ақпарат толтырылады.
** осы есептің 2 қосымшасына сәйкес нысанда ақпарат толтырылады.
Үкіметтік емес ұйымдарды
гранттық қаржыландыру
саласындағы оператордың
өз қызметінің нәтижелері
туралы есепке
1 қосымша
Нысан
Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы гранттарды жүзеге асырған үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер
1. Үкіметтік емес ұйымның толық атауы:
__________________________________________________________________.
2. Үкіметтік емес ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда):
__________________________________________________________________.
3. Заңды мекен жайы, байланыс телефоны:
__________________________________________________________________.
4. Грантты (бағыты) жүзеге асыру шеңберіндегі әлеуметтік жобаның,
әлеуметтік бағдарламаның атауы:
__________________________________________________________________.
5. Грант шеңберінде әлеуметтік жобаны, әлеуметтік бағдарламаны жүзеге
асыру кезеңі (басталуы жылы мен айы/аяқталуы жылы мен айы
көрсетілуімен):
__________________________________________________________________.
6. Грантты жүзеге асыруға бөлінген қаржының жалпы сомасы:
__________________________________________________________________.
Ескерту:
Осы нысанға әрбір үкіметтік емес ұйым бойынша бөлек ақпарат енгізіледі
Үкіметтік емес ұйымдарды
гранттық қаржыландыру
саласындағы оператордың
өз қызметінің нәтижелері
туралы есепке
2 қосымша
Нысан
Есепті кезеңде грант шеңберінде жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар, әлеуметтік бағдарламалар туралы мәліметтер
1. Сандық көрсеткіштерді келтірумен әлеуметтік жобаларды, әлеуметтік
бағдарламалардың барлық іс–шаралары бойынша жалпы ақпарат
(іс-шараның өткен күні, орны, тақырыбы мен нысаны, қатысушылар саны,
жоспарланған іс-шаралардың орындалу толықтығы):
__________________________________________________________________;
1) Әлеуметтік жобаның, әлеуметтік бағдарламаның алынған нәтижелері:
__________________________________________________________________;
2) Мақсатқа жетуі (деректерді сипаттау және мақсат жетістіктері
туралы аргументтерді көрсету):
__________________________________________________________________;
3) Жоспарланған нәтижелерге сәйкес қол жеткізген нәтижелер; жоспардан
ауытқу негіздері; егерде ондай жағдайлар болған кезде:
__________________________________________________________________;
4) Әлеуметтік жобаны, әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру аяқталған
және/немесе жүзеге асыру кезінде болған әлеуметтік және басқа да
өзгерістерді өлшеу (жоба аяқталғанға дейінгі және аяқталған сәттегі
жағдайды салыстыру, жоба шеңберінде мәселелер мен міндеттерді шешу
деңгейі):
__________________________________________________________________;
2. Әлеуметтік жоба, әлеуметтік бағдарлама қатысушылары қиылысындағы
статистикалық ақпарат:
1) гендерлік көрсеткіш:
Жоба қатысушылар саны барлығы |
Ерлер |
Әйелдер |
2) санаттары бойынша әлеуметтік статусы:
Жоба қатысушылар саны барлығы |
балалар (оның ішінде мүгедек-балалар) |
жастар |
Мемлекеттік қызметшілер |
Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері |
Мүгедектер |
Ересек жастағы адамдар (50 жастағы және жоғары), оның ішінде. зейнеткерлер |
Жұмыссыздар |
Қоғамдық ұйымдардың өкілдері |
Бизнес құрылымдарының өкілдері |
Басқа да санаттар |
3) жас ерекшелігінің көрсеткіші:
Жоба қатысушылар саны барлығы |
13-16 жас |
17-22 жас |
23-27 жас |
28-32 жас |
33-45 жас |
46-58 жас |
59 жас және одан жоғары |
3. Жоба қорытындылары:
1) нақты көрсеткіштер, мақсатты топтардың жобаны іске асыру барысында
алған (сандық көрсеткіштерді келтірумен, сапалық қозғалыстарды
сипаттаумен):
__________________________________________________________________;
2) жобаны жүзеге асыру барысында шешілуге тиісті проблемаға жобаның
ұзақмерзімді ықпалы (жобамен көзделген қандай болмасын салада
болжанған жағымды/жағымсыз өзгерістерді негіздеу):
__________________________________________________________________.
Ескерту:
Осы нысанға әрбір әлеуметтік жоба, әлеуметтік бағдарлама бойынша
ақпарат енгізіледі