Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12618 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары бекітілсін.
      2. «Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 237 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10820 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр                               Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 694 бұйрығымен   
бекітілген      

Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің тәртібін айқындайды.
      2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді әрі олар Заңның 12-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар мүдделі тұлғаларға танысу үшін төлемақы алынбастан қол жетімді.

2. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдердің түрлері

      4. Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) тапсырыс берушілердің тізілімі;
      2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі;
      3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі.

3. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру және оны
жүргізу тәртібі

      5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) тапсырыс берушінің атауы;
      2) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;
      3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      4) тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туарлы мәліметтер (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктердiң жiктеуiшi (ӘАБЖ) бойынша коды, өңір, заңды мекенжайы)
      5) есептілік әкімшісінің атауы;
      6) шаруашылық етудің ұйымдастыру құқықтық нысанының коды (ҰҚНК);
      7) меншiк нысандарын жiктеу (МНЖ) бойынша коды;
      8) кәсiпкерлiк субъектiнің санаты;
      9) экономика секторының коды;
      10) тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер:
      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
      басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
      басшының лауазымы;
      деректер көзі;
      электрондық почта;
      телефон (жұмыс, ұялы).
      6. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру веб-портал арқылы тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректері негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте тапсырыс беруші веб-порталда әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Тапсырыс беруші қайта ұйымдастырылған (таратылған) не әділет органындағы тіркеу деректері өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші осындай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.
      7. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
      8. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесiнде (бұдан әрі – Электрондық құжат айналымы ережесі) белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.

4. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімін
қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

      9. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне мәліметтер енгізуді тапсырыс беруші осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың веб-порталындағы шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен:
      тиісті қаржы жылында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша – мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
      мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау бойынша (тауарларды қабылдау-тапсыру актісі немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі) – қол қойған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
      мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жүзеге асырылған төлемдер бойынша – төлем жүргізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
      Мыналар:
      1) жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұларды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың;
      2) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретін грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды қоса қаржыландыруға бөлiнетін ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;
      3) Қазақстан Республикасы Президентін, өзге де күзетілетін адамдарды және күзетілетін адамдардың болуына арналған объектілерді күзетуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (оның ішінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу) үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бейнеархивін қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін адамдардың қызметін қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін адамдарға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автокөлік құралдары мен әуе кемелерін күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін адамдардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      5) талқылаулар перспективаларын бағалау, төрелікте, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікте (сотта) реттегенге дейінгі процесте мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау және білдіру жөніндегі консультациялық және заңдық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      6) Ерекше тәртіпті қолданумен мемлекеттік сатып алу бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге жатпайды.
      10. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, шарт (оның өзгеруі) туралы мынадай мәліметтер қамтылады:
      1) тапсырыс берушінің атауы;
      2) тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      3) қаржыландыру көзі – республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражаты, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі – бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;
      4) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі;
      5) конкурс қорытындылары, аукцион қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізу қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;
      6) шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері;
      7) шарттың жасалған күні және нөмірі – шарттың жасалған күні, айы, жылы;
      8) шарт валютасының коды;
      9) аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде мемлекеттік мекемелердің шартты тіркегені туралы мәліметтер – өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;
      10) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мәні:
      сатып алу мәнінің түрі;
      жіктеуіш бойынша өнімнің коды;
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша және қосымша сипаттамасы;
      өлшем бірлігі;
      бір бірлік үшін бағасы;
      саны;
      егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, қосылған құн салығы (ҚҚС) туралы мәліметтер;
      11) өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат:
      заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
      Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
      Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТС) (заңды тұлғалар үшін), дара жеке шоттың сақтандыру нөмірі (ДЖШСН) (жеке тұлғалар үшін);
      Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін);
      Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі;
      резиденттілік елі және заңды мекенжайы;
      байланыс ақпараты;
      12) шарттың орындалуы:
      тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы және сипаттамасы;
      сатып алынған тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің қысқаша сипаттамасы;
      тауар белгісінің атауы;
      тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің елі;
      төлем сомасы;
      шартты орындаудың жобаланған және нақты күні;
      13) шарттың қолданылуын тоқтату туралы мәліметтер:
      күні, негіздеме және себебі.
      11. Тапсырыс беруші шарт қолданылуын тоқтатқан (орындалған немесе орындалмаған) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді веб-портал арқылы енгізеді.
      12. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталына шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді ұсынған жағдайда, шарт туралы бастапқы мәліметтер мұрағатын сақтай отырып, тізілімдегі жазбаны автоматты түрде жаңарту жүргізіледі.
      13. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілген шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер және (немесе) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді оған енгізген күнінен бастап үш жыл бойы мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінде сақталады.
      14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінен шығарылған шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер Электрондық құжат айналымы ережесiнде белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.

5. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың
тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

      15. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:
      1) тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілердің;
      2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің);
      3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.
      16. Осы Қағиданың 15-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.
      Осы Қағиданың 15-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге міндетті.
      17. Осы Қағиданың 16-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.
      18. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін (бұдан әрі – Сот шешімі) веб-портал арқылы алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы алған Сот шешімінің электрондық көшірмесін, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.
      19. Тапсырыс берушіге электрондық көшірмесі веб-портал арқылы келіп түспеген Сот шешімі қағаз түрінде келіп түскен жағдайда, тапсырыс берушілер аталған Сот шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Сот шешімінің көшірмесін және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.
      20. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтерді веб-портал арқылы ұсынған күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде уәкілетті орган оларды қарайды және осындай мәліметтерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізеді.
      21. Уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін толық емес (қате) мәліметтер ұсынған жағдайда, уәкілетті орган веб-портал арқылы тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді бес жұмыс күн ішінде қайта беру қажеттігі туралы хабарламаны жеті жұмыс күн ішінде жібереді.
      22. Егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа веб-портал арқылы қол қоймаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.
      23. Егер әлеуетті өнім беруші қағаз түріндегі мемлекеттік сатып алу туралы шартына қол қоюдан жалтарған немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға береді.
      24. Заңнамаға сәйкес уәкілетті органға ұсынған мәліметтердің дұрыстығы үшін тапсырыс беруші жауапты болады.
      Тапсырыс берушінің ұсынған мәліметтерін қарау кезінде уәкілетті орган оның толтырылуының толықтығы мен дұрыстығын тексеруде форматты-логикалық бақылауды жүзеге асырады.
      25. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Қағиданың  5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі.
      26. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
      27. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне мәліметтерді енгізген кезде:
      1) жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат:
      өнім берушінің атауы;
      резиденттік елі;
      Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
      Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТС) (заңды тұлғалар үшін), дара жеке шоттың сақтандыру нөмірі (ДЖШСН) (жеке тұлғалар үшін);
      Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін);
      2) тапсырыс беруші туралы ақпарат;
      3) өткізілген сатып алу туралы мәліметтер:
      сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;
      сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі;
      сатып алу туралы хабарландырудың күні;
      сатып алу қорытындыларын шығару күні;
      4) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізіліміндегі шарттың нөмірі (болған жағдайда);
      5) өнім берушіні (әлеуетті) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негіздемесі;
      6) сот шешімі/уәкілетті органның шешімі туралы мәліметтер:
      соттың/ уәкілетті органның атауы;
      соттың/уәкілетті органның шешімінің нөмірі;
      соттың/уәкілетті органның шешімінің күні;
      сот шешімінің заңды күшіне енген/ уәкілетті орган шешімінің заңды күшіне енген күні;
      7) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталған күн.
      28. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастауға мыналар:
      1) Заңда белгіленген мерзімнің аяқталуы;
      2) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы не апеляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы негіз болып табылады.
      29. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер Заңда белгіленген мерзім өткен соң тізілімнен автоматты түрде алынып тасталады.
      30. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы не апеляциялық шағымды беру үшін мерзімін қалпына келтіру туралы заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтер әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) сұрау салуы бойынша уәкілетті орган сотпен расталған тиісті сот актісінің көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алынып тасталады.

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына 
1-қосымша           

Нысан

Тапсырыс берушілер тізілімі

Р/с

Тізілімдегі жазба нөмірі

Тапсырыс берушінің атауы

мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні

БСН

тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туралы мәліметтер

Есептілік әкімшісінің атауы

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

ӘАБЖ

өңір

заңды мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











кестенің жалғасы

ҰҚНК

МНЖ

кәсiпкерлiк субъектiнің санаты

Экономика секторының коды

Тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер

ЖСН

Т.А.Ә.

Лауазымы

Деректер көзі

Электрондық почта

телефон (жұмыс)

телефон (ұялы)

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21












Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына 
2-қосымша            

Нысан

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі

Тізілімдегі жазбаның нөмірі

Жазбаның соңғы өзгерген күні

Тапсырыс беруші

Шартты қаржыландыру көзі

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі

Мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару күні

Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері

Шарт

атауы

БСН

нөмірі

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












кестенің жалғасы

Шарт валютасының коды

Шарттың мәртебесі

Шарттың аумақтық қазынашылық органдарында тіркелгені туралы мәліметтер (мемлекеттік мекемелер үшін)

Шарттың мәні

Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім

Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім

Сатып алу мәнінің түрі

жіктеуіш бойынша өнімнің коды

тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер атауы

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамасы

өлшем, бірлігі

нөмірі

күні

нөмірі

күні

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23













кестенің жалғасы

Шарттың мәні

бір бірлік үшін бағасы, теңге

саны

сома, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет)

Оның ішінде ҚҚС сомасы, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің бірінші жылының сомасы, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің екінші жылының болжамды сомасы, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің үшінші жылының болжамды сомасы, теңге

24

25

26

27

28

29

30








кестенің жалғасы

Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

БСН, ЖСН (РФ – үшін СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі

өнім берушінің резиденттілік елі

Заңды мекен жайы

Іс жүзін дегі мекен жайы

электрондық поштаның мекенжайы

Мәртебесі

Телефоны (факс)

31

32

33

34

35

36

37

38

39










кестенің жалғасы

Шарттың орындалуы

тауардың, жұмыстың, көрсетіле тін қызметтің атауы және сипаттамасы

Сатып алынған тауарлардың, жұмыстар дың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы

Тауарлық белгінің атауы

Тауар өндірушінің, жұмыстар, қызметтер бойынша өнім берушілердің елі

Тапсырыс беруші іс жүзінде төледі, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет)

Оның ішінде ҚҚС сомасы, теңге

40

41

42

43

44

45







кестенің жалғасы


Шарттың қолданысын тоқтату

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің бірінші жылында төленген сома, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің екінші жылында төленген сома, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің үшінші жылында төленген сома, теңге

шарт бойынша орындалу күні

іс жүзінде орындалу күні

күні

негіздеме және себебі

46

47

48

49

50

51

52








Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына 
3-қосымша          

Нысан

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер

Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат

Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес адамдар туралы мәліметтер

Тапсырыс беруші туралы ақпарат

Өнім берушінің атауы

Өнім берушінің елі

БСН, ЖСН (РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Т.А.Ә.

РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің елі

1

2

3

4

5

6

7








кестенің жалғасы

Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер

БСН, ЖСН (РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Сатып алу тәсілі

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі

Сатып алуды хабарлау күні

Сатып алу қорытындыларын жасау күні

8

9

10

11

12






кестенің жалғасы

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарттың нөмірі

Шарттың әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күні

Өнім берушінің шартқа қол қою үшін мерзімінің бітетін күні

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу үшін мерзімнің бітетін күні

(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі

13

14

15

16

17






кестенің жалғасы

Сот шешімі туралы мәліметтер

Тізілімнен алып тастау күні

Соттың атауы

Сот шешімінің нөмірі

Сот шешімінің күні

Сот шешімінің заңды күшіне енген күні

18

19

20

21

22






* әлеуетті өнім берушінің шартты жасасудан жалтарған жағдайда тапсырыс беруші 1-14,17-тармақтарды толтырады.
* Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 26-бабында көзделген соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда 1-17-тармақтар толтырылады.
* сот шешімі бойынша өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізген жағдайда 14,15,16-тармақтар толтырылмайды.

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына 
4-қосымша           

Нысан

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі

Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат

Тапсырыс беруші туралы ақпарат

Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер

Өнім берушінің атауы

Өнім берушінің елі

БСН, ЖСН  (РФ үшін – СТС, ДЖШСН,БР үшін – ТЕН, РН)

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің елі

БСН, ЖСН (РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Сатып алу тәсілі

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі

Сатып алуды хабарлау күні

Сатып алу қорытындыларын жасау күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











кестенің жалғасы

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарт нөмірі

Шарттың әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күні

Өнім берушінің шартқа қол қою үшін мерзімінің бітетін күні

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу үшін мерзімнің бітетін күні

(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі

11

12

13

14

15






кестенің жалғасы

Сот шешімі/уәкілетті органның шешімі туралы мәліметтер

Тізілімнен алып тастау күні

Соттың/Уукілетті органның атауы

Соттың/уәкілетті органның шешімінің нөмірі

Соттың/уәкілетті органның шешімінің күні

Сот шешімінің заңды күшіне енген/уәкілетті орган шешімінің заңды күшіне енген күні

16

17

18

19

20






Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына 
5-қосымша           

Нысан

Уәкілетті органның бұйрығы

Бұйрық: №
Уақыты: күні/айы/жылы

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1244-баптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша:

Сатып алу туралы хабарландыру нөмірі:
Сатып алу тәсілі:
Тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартты әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген күні: күні/айы/жылы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюы үшін мерзімнің бітетін күні: күні/айы/жылы
Не:
Шартты жасасу күні: күні/айы/жылы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 26-бабында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімінің бітетін күні: күні/айы/жылы

Тапсырыс беруші:
Атауы:
БСН:
Мекенжайы:
Телефоны:

Бұйырамын:

1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 1-тармағына сәйкес «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда белгіленген мерзімде ______ тәсілмен жүргізілген №____сатып алу бойынша № ______ мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймауына/ не: ______ тәсілмен жүргізілген күні/айы/жылғы _____ лот бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 26-бабында көрсетілген соманы немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеуге байланысты _________ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарды деп танылсын.
2. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 12-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес_________ мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылсын.
3. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізіліміне «Әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтер енгізілсін:

Атауы/ТАӘ:


БСН/ЖСН:


Басшысының ТАӘ:


Басшысының ЖСН:


Құрылтайшының ТАӘ (құрылтайшылардың)/атауы:


Құрылтайшының (құрылтайшылары) БСН/ЖСН-і:


Мекенжайы:


Телефоны:


4. Тізілімде болу мерзімін бұйрық бекітілген күннен бастап 24 ай етіп белгіленсін.
5. Бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті тұлға                            ТАӘ (қолы)