Энергетика саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 665 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12567 болып тіркелді

Қолданыстағы

     РҚАО-ның ескертпесі!
     Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139 бабынын 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Энергетика саласындағы азаматтық қызметшілердің тізілімі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгенінен кейін он күнтiзбелiк күн оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3), және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму Министрі
      __________________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 28 қараша

Қазақстан Республикасы    
2015 жылдың 25 қарашадағы  
№ 665             
Энергетика министрінің    
бұйрығымен бекітілген    

Энергетика саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының
тізілімі

Буын Саты Лауазымдар атауы

А блогі (Басқарушы персонал)

А-1

1

«Капиталмұнайгаз» ММ басшысы



А-2

1-1

«Капиталмұнайгаз» ММ басшысының орынбасары

1

«Капиталмұнайгаз» ММ бас бухгалтері



А-3

1-1

«Капиталмұнайгаз» ММ бас бухгалетрінің орынбасары

1

«Капиталмұнайгаз» ММ бөлім бастығы


1-1

«Капиталмұнайгаз» ММ бөлім бастығының орынбасары

В блогі (негізгі персонал)

В2

4

«Капиталмұнайгаз» ММ (негізгі қызметтер) бухгалтері

Блог С (әкімшілік персонал)

С2


Әкімшілік функцияларды атқаратын біліктілік деңгейі жоғары мамандар: бухгалтер, кадр жөніндегі инспектор, заңгер

С3


Әкімшілік функцияларды атқаратын біліктілік деңгейі орташа мамандар: бухгалтер, кадр жөніндегі инспектор, заңгер

Энергетика саласындағы азаматтық  
қызметшілердің, мемлекеттік бюджет  
қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар 
қызметкерлерінің тізіміне      
Қосымша               

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің бөлінуі

      I. Республикалық маңызы бар мекемелерге жатады:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Капиталмұнайгаз» мемлекеттік мекемесі