РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 197-бабының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Бақылау субъектісіне бару өлшемшарттары бекітілсін.
2. «Бақылау субъектісіне бару критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 48 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 3 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9755 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қазанда) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрі
әлеуметтік даму министрі ______________ Е. Досаев
____________ Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 905 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 763
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Бақылау субъектісіне бару өлшемшарттары
1. Қызметін экономиканың мынадай жарақаттану қаупі бар экономикалық қызмет түрлерінде жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бару субъектілері болып табылады:
1) тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игepу;
2) құрылыс (құрылыс жобаларын әзірлеуді қоспағанда);
3) электр энергиясын өндіру, жіберу және тарату;
4) сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау (қалдықтарды жинауды, өңдеуді және жоюды; қалдықтарды кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтерді қоспағанда);
5) ауыл, орман және балық шаруашылығы;
6) өңдеу өнеркәсібі (кеме және жүзу конструкцияларын жасауды, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қоспағанда);
7) көлік және қоймаға жинау (теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігін, такси қызметін, қойма шаруашылығын және қосалқы көлік қызметін, пошта және курьер қызметін қоспағанда).
2. Жұмыскерлердің санына байланысты бақылау субъектілері үш топқа бөлінеді:
жұмыскерлердің орташа жылдық саны 250 адамнан артық субъектіге бару - жылына бір реттен аспайды;
жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан артық субъектіге бару - екі жылда бір реттен аспайды;
жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамға дейінгі субъектіге бару - үш жылда бір реттен аспайды.