Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12517 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.04.2016 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 85-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.04.2016 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қантардағы № 32 бұйрығының күші жойылсын (құқықтық актілердің тізілінде № 10312 тіркелінген 2015 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 748 бұйрығымен бекітілген

Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.07.2018 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелері

      1. Осы Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 85-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және реттеушілік әсерге талдау жүргізу және енгізілетін және қолданыстағы реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлеуші-орган – құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін жергілікті атқарушы органдар;

      2) кәсіпкерлік басқармасы – кәсіпкерлік саласында басқаруды жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы;

      3) қоғамдық талқылаулар – реттеу субъектілерінің және өзге мүдделі тұлғалардың жаңа реттеуді енгізу, қолданыстағы реттеуді қатаңдату, қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау мәселелері бойынша шешім қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін, процесс барысында реттеу субъектілерімен кері байланыс болатын, олардың пікірлері мен ұсыныстары алынатын іс-шара;

      4) мүдделі тұлғалар – енгізілетін немесе қолданыстағы реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізуге байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалар;

      5) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне аумақтық деңгейде кіретін облыс, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлерінің палатасы (бұдан әрі – Өңірлік палата);

      6) өңірлік маңызы бар актілер – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және жергілікті өкілдік және атқарушы органдар, оның ішінде тиісті аумақтың әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер;

      7) реттегіш құрал – кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әсер ету тәсілдері, оның ішінде Кодекстің 81-бабында көзделген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу нысандары мен құралдары;

      8) реттеу субъектілері – реттегіш құралдарды көздейтін немесе реттеуді қатаңдататын нормативтік құқықтық актілердің қолданылуы таратылатын субъектілер, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері мен өзге тұлғалар;

      9) реттегіш құралдарды қайта қарау – реттегіш құралды енгізгеннен кейін реттеушілік әсеріне талдау жүргізу арқылы мемлекеттік реттеудің қол жеткізілген мақсаттарының тиімділігін салыстырудың талдамалық рәсімі, оның ішінде оларға қатысты бұрын реттеушілік әсеріне талдау жүргізілмеген қолданыстағы реттегіш құралдар бойынша;

      3. Реттеушілік әсерді талдауға Кодекстің 82-бабы 2-тармағының екінші бөлімінде көзделген жағдайларды қоспағанда, реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары жатады.

      Бұл ретте, заң жобаларының тұжырымдамалары Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылғанға дейін реттеушілік әсерді талдаудан өтеді.

      4. Жаңа реттегіш құралдарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату Үкімет жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мақұлдауынан кейін ғана жүзеге асырылады (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия).

      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң талаптары өңірлік маңызы бар актілер жобаларына, қаржы ұйымдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына және Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда арнайы валюталық режимді енгізгуге қолданылмайды.

      Бұл ретте, өңірлік маңызы бар актілермен енгізілген жаңа реттегіш құралдар немесе реттеуді қатаңдату "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардың Заңына сәйкес құрылатын облыс, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдігі жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультативтік-кеңесші органның мақұлдауынан кейін ғана жүзеге асырылады (бұдан әрі – Өңірлік комиссия).

2-тарау. Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу тәртібі

1 - параграф. Реттеушілік әсерді талдауды жүргізудің жалпы шарттары

      5. Реттеушілік әсерді талдауды мемлекеттік органдар реттегіш құралдар енгізілгенге немесе реттеуді қатаңдатуға дейін, сондай-ақ қайта қарау тәртібінде жүргізеді.

      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысын беру өтінішімен Парламент Палаталарынан келіп түскен Қазақстан Республикасының заң жобаларында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату туралы талаптар болған кезде, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін реттеушілік әсерге талдауды мемлекеттік басқару саласында немесе аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган жүргізеді.

      Егер осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың жобаларында оларды басқару басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын жаңа реттегіш құралды енгізуді немесе аяда немесе салада реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормалар болған жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган құжаттардың жобаларын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның сұратуы бойынша мұндай реттегіш құралдар бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізеді.

      Реттеушілік әсерді талдаудың тұжырымдарымен келіспеген кезде, уәкілетті орган немесе басқа мүдделі тұлғалар балама ретінде реттеушілік әсерге талдау жүргізеді.

      6. Реттеушілік әсерді талдау рәсімі мынадай кезеңдерді:

      1) Жаңа реттегіш құралдарды енгізу және реттеуді қатаңдату кезіндегі реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысанын/ қолданыстағы/енгізілген реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін қайта қарауды талдаудың талдамалық нысанын толтыруды;

      2) реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізуді;

      3) реттеушілік әсерге талдау жүргізу рәсімдерінің сақталуы туралы уәкілетті органның немесе кәсіпкерлік басқармасының оң қорытындысын;

      4) реттеушілік әсерді талдаудың тұжырымдарымен келіспеген жағдайда балама ретінде реттеушілік әсерге талдау жүргізуді;

      5) Ведомствоаралық комиссияның немесе өңірлік маңызы бар актілер бойынша Өңірлік комиссияның реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарауын қамтиды.

2-параграф. Жаңа реттегіш құралдарды енгізу кезінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу және реттеуді қатаңдату тәртібі

      7. Енгізілетін жаңа реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды және реттеуді қатаңдатуды мемлекеттік орган мына іс-қимылдарды рет-ретімен орындау арқылы жүргізеді:

      1) шешу қажет проблеманы айқындау;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа реттегіш құралдарды енгізу және реттеуді қатаңдату кезіндегі реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысанын (бұдан әрі – талдамалық нысан) толтыру;

      3) жаңа реттегіш құралдарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың жобаларын әзірлеу;

      4) осы Қағидалардың 2-тарауының 7-параграфына сәйкес реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу;

      5) қоғамдық талқылау нәтижелері бойынша талдамалық нысанды және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың жобаларын пысықтау және оларды, мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық талқылау есебін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға/кәсіпкерлік басқармасына жіберу.

      8. Мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін сақтауы туралы теріс қорытынды алған кезде мемлекеттік орган ұсынылатын реттеуден бас тартады не талдамалық нысанды пысықтайды.

3-параграф. Реттегіш құралдарды қайта қарау тәртібі

      9. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін, оның ішінде оларға қатысты реттеушілік әсерге талдау жүргізілмеген қолданыстағы реттегіш құралдар бойынша жүргізіледі.

      Енгізілген реттегіш құралдардың, сондай-ақ қолданыстағы реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдау, құқықтық актіні қабылдау кезінде реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуді белгілеу, сондай-ақ реттеуші мемлекеттік орган жыл сайын бекітетін мемлекеттік органдардың қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау жоспарларына (бұдан әрі – қайта қарау жоспарлары) сәйкес, оның ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (бұданәрі – уәкілетті орган) және "Атамекен" Казақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы) негізделген ұсыныстарын ескере отырып, реттеу субъектілеріне реттегіш құралдардың нақты әсерінің салдарларын бағалау үшін жүзеге асырылады.

      Қайта қарау жоспарына:

      реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысанында бағалау индикаторларының мәлімделген мерзімдеріне сәйкес енгізілген реттегіш құралдар;

      мемлекеттік органдар және (немесе) уәкілетті орган/кәсіпкерлік басқармасы, Ұлттық/өңірлік кәсіпкерлік палатасы анықтаған, олар бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілмеген, осы Қағидалардың 10-тармағында айқындалған тиімсіздіктің бір немесе бірнеше өлшемшарттарына сай келетін қолданыстағы реттегіш құралдар енгізіледі.

      10. Қолданыстағы реттегіш құралдардың тиімсіз өлшемшарттары:

      1) әр түрлі талаптар және (немесе) рәсімдер;

      2) заңнама талаптарына сәйкес келмейтін талаптар және (немесе) рәсімдер;

      3) мемлекеттік органдар іс жүзінде қолданбайтын, талап етілмейтін талаптар және (немесе) рәсімдер;

      4) белгiлi бiр салада, аяда заңнамада белгіленген реттеу мақсаттарына, оның ішінде қызметті жүзеге асыру қауіпсіздігінің талаптарына, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгi мен сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн талаптар және (немесе) рәсiмдер;

      5) әртүрлi мемлекеттiк органдардың, әртүрлi ұйымдардың, оның iшiнде халықаралық ұйымдар мен өзге де тұлғалардың өкiлеттiгi шеңберінде қайталанатын талаптар және (немесе) рәсімдер;

      6) заңнамада белгiленген реттеу мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз етпейтін, оның iшiнде формалды сипаты бар талаптар;

      7) оларға қатысты қажеттігі анықталған және қолданыстағы реттеумен салыстырғанда, неғұрлым тиімді реттеу нұсқасын ауыстыруға мүмкін болатын талаптар;

      8) реттеу субъектiлеріне қатысты қолданылатын, құқық бұзушылық сипатына, оның iшiнде келтірілген немесе жол берілмеген зиянды салдарлардың ауырлығына, келтiрiлген, өз еркiмен өтелген немесе жойылған зиян мөлшеріне немесе өзге де жағдайларға сәйкес емес әсер ету шаралары болып табылады.

      11. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта қарау жоспарына талаптарды қосу жөніндегі негізделген ұсыныстарды жыл сайын 1 қарашаға дейін:

      уәкілетті орган және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тиісті реттеуші мемлекеттік органға;

      өңірлік палата кәсіпкерлік басқармасына енгізеді.

      Ұсыныстар негіздемесін растау жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпарат, қолдану практикасы, реттеушілік әсерге талдау жүргізусіз кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты талаптар енгізу және басқа да дереккөздер болып табылады.

      12. Қайта қарау жоспары алдағы жылға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады және жыл сайын 20 желтоқсанға дейiн бекітіледі және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Бұл ретте өңірлік маңызы бар актілерді қайта қарау жоспарын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітеді және кәсіпкерлік басқармасының интернет-ресурсында орналастырады.

      13. Мемлекеттік органдардың қайта қарау жоспарларын орындамауы туралы ақпаратты уәкілетті орган Ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарады.

      14. Реттеушілік әсерді қайта қарау тәртібінде талдауды мемлекеттік орган мынадай іс-қимылдарды рет-ретімен орындау арқылы жүргізеді:

      1) 5-қосымшаға сәйкес қолданыстағы/енгізілген реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін қайта қарауды талдаудың бойынша талдамалық нысанын толтыру;

      2) осы Қағидалардың 2-тарауының 7-параграфына сәйкес реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу;

      3) қоғамдық талқылаудың нәтижелері бойынша талдамалық нысанды пысықтау және оларды, мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық талқылаулар есебін уәкілетті органға/кәсіпкерлік басқармасына жіберу.

      15. Реттеушілік әсерді талдаудың нəтижелері бойынша реттегіш құралды қолданудың тиімділігіне байланысты реттегіш құрал жоюға немесе өзгеше түрде қайта қарауға жатады.

      Реттегіш құралды енгізген кезде мәлімделген кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаттарына қол жеткізбеген жағдайда, оның күші жойылады.

      Тиісті ұсынымдарды Ведомствоаралық комиссия/Өңірлік комиссия осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфына сәйкес әзірлейді.

      Бұл ретте, егер реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша қолданыстағы реттегіш құралды жаңаға ауыстыру немесе реттеуді қатаңдату көзделетін болса, онда мемлекеттік орган реттегіш құралды енгізу немесе реттеуді қатаңдату тұрғысынан реттегіш құралға талдау жүргізеді.

4-параграф. Реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы қорытынды қалыптастыру тәртібі

      16. Уәкілетті орган/кәсіпкерлік басқармасы 3-тармақта көзделген талдамалық нысан және құжаттар жобалары түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, ал Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған немесе Қазақстан Республикасының Парламентінде қаралып жатқан Қазақстан Республикасының заң жобалары бойынша 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды рәсімдердің сақталуы, оның ішінде осы Қағидаларда белгіленген қоғамдық талқылауларды жүргізу және оларды дұрыс толтыру тұрғысынан қарайды.

      Қараудың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы қорытынды қалыптастырылады (бұдан әрі – қорытынды).

      17. Уәкілетті орган оң қорытындыны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (бұдан әрі – "Ашық НҚА" порталы), сондай-ақ реттеуші мемлекеттік органдар әзірлеген құжаттардың жобалары мен реттеуші мемлекеттік органның талдамалық нысанын орналастырады.

      Өңірлік маңызы бар актілер бойынша реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы қорытындыны кәсіпкерлік басқармасы қалыптастырады.

      Кәсіпкерлік басқармасы ресми интернет-ресурста оң қорытындыны, сондай-ақ әзірлеуші әзірлеген өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын, әзірлеуші-органның талдамалық нысанын орналастырады және оларды "Ашық НҚА" порталына орналастыру үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      18. Уәкілетті орган "Ашық НҚА" порталында оң қорытындыны орналастырумен бір уақытта, бұл туралы реттеуші мемлекеттік органға және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мәлімет үшін хабарлама жібереді.

      Бұл ретте, кәсіпкерлік басқармасы өңірлік маңызы бар актілер бойынша оң қорытындыны, сондай-ақ әзірлеуші әзірлеген өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын, әзірлеушінің талдамалық нысанын ресми интернет-ресурста орналастырады және оларды әзірлеуші органға өңірлік кәсіпкерлер палатасына жібереді.

      Уәкілетті орган/ кәсіпкерлік басқармасы оң қорытындысында реттеушілік әсерді талдау мерзімін балама ретінде 15 (он бес) жұмыс күнге белгілейді, ал егер осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың жобалары кешендік сипатта болса "Ашық НҚА" порталында жарияланған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні көрсетіледі.

      19. Негіздерінің бірі проблеманың болу фактісін дәлелдейтін және оның ауқымын, қоғамдық талқылауларды өткізу тәртібін бұзуды, реттеудің балама тәсілдерінің жоқтығын көрсететін деректердің болмауы (цифрлық өлшемде) болып табылатын теріс қорытынды болған жағдайда, мемлекеттік орган талдамалық нысанды және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың жобаларын пысықтайды не ұсынылып отырған реттеуден бас тартады. Пысықталған құжаттар мемлекеттік және орыс тілінде уәкілетті органға/кәсіпкерлік басқармасына қайта ұсынылады және осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес қаралады.

5-параграф. Балама ретінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу тәртібі

      20. Уәкілетті орган, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы немесе өзге мүдделі адамдар реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың тұжырымдарымен келіспеген кезде, "Ашық НҚА" порталында уәкілетті органның оң қорытындысы жарияланғаннан кейін, уәкілетті орган оң қорытындыда айқындаған мерзімдерде, балама ретінде реттеушілік әсерге талдау жүргізеді.

      Кәсіпкерлік басқармасы, өңірлік кәсіпкерлер палатасы немесе өзге мүдделі адамдар әзірлеуші-органның өңірлік маңызы бар актілер бойынша жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың тұжырымдарымен келіспеген кезде, кәсіпкерлік басқармасынан оң қорытындысын, кәсіпкерлік басқармасының оң қорытындысында айқындалған мерзімдерде балама ретінде реттеушілік әсерге талдау жүргізеді.

      21. Балама ретінде реттеушілік әсерді баламалы талдау мынадай:

      1) реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша талдамалық нысанды толтыру;

      2) осы Қағидалардың 2-тарауының 7-параграфына сәйкес реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу;

      3) қоғамдық талқылаудың нәтижелері бойынша талдамалық нысанды пысықтау,

      4) реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша талдамалық нысанды, сондай-ақ балама ретінде реттеушілік әсерді талдауды уәкілетті орган жүргізген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық талқылау есебін уәкілетті органға/кәсіпкерлік басқармасына жіберу кезеңдерін қамтиды.

      Балама ретінде реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша талдамалық нысанды және қоғамдық талқылаулар есебін уәкілетті орган реттеуші мемлекеттік органның назарына жеткізеді, ал өңірлік маңызы бар актілер бойынша – кәсіпкерлік басқармасы әзірлеуші-органның назарына жеткізеді.

      22. Мемлекеттік орган реттеушілік әсерді баламалы талдаудың нәтижелерін ресми интернет-ресурста орналастырады.

      Балама ретінде реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерімен келіскен жағдайда, мемлекеттік орган талдамалық нысанды және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың жобаларын пысықтайды және оларды уәкілетті органға/кәсіпкерлік басқармасына қайта ұсынады, олар осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес қаралады.

      Мемлекеттік орган балама ретінде реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, талдамалық нысан және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың жобалары осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфына сәйкес қаралады.

6-параграф. Ведомствоаралық комиссияның немесе Өңірлік комиссияның реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау тәртібі

      23. Реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдауды қарау нәтижелерін уәкілетті орган Ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарады.

      Өңірлік маңызы бар актілер бойынша реттеушілік әсерді талдауды қарау нәтижелерін кәсіпкерлік басқармасы Өңірлік комиссияның қарауына шығарады.

      24. Қараудың нәтижелері бойынша Ведомствоаралық комиссия/Өңірлік комиссия реттеушілік әсерді талдау нәтижелерінің бірін мақұлдау туралы шешім қабылдайды (бұдан әрі – Шешім):

      жаңа реттегіш құралды енгізу және (немесе) реттеуді қатаңдату, сондай-ақ реттегіш құралды енгізумен келіскен жағдайда, оны қайта қарауға дейін реттегіш құралдың қолданылу мерзімін айқындау;

      қолданыстағы реттегіш құралдың күшін жою, сондай-ақ реттегіш құралдың күшін жоюмен келіспеген жағдайда, оны қайта қарауға дейін оның одан әрі қолданылу мерзімін айқындау;

      рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін қолданудың тиімділігіне байланысты рұқсаттардың немесе хабарламалардың жекелеген түрлерін бір түрден екіншісіне ауыстыру, сондай-ақ рұқсат берудің немесе хабарламаның қолданыстағы немесе жаңа түрін оны келесі қайта қарауға дейін одан әрі қолданылу мерзімін айқындау туралы шешім қабылдайды.

      25. Шешімдер хаттамамен ресімделеді, оның көшірмесі мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/кәсіпкерлік басқармасының реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері олар бекітілгенге дейін осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың жобаларына міндетті қосымша болып табылады.

7-параграф. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу тәртібі

      26. Реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау үш жұмыс күні ішінде "Ашық НҚА" порталында "on-line" режимде талқылау арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ жұртшылық өкілдерімен және мүдделі тұлғалармен дөңгелек үстелдер, конференциялар, кеңестер арқылы қоғамдық талқылаулар өткізіледі.

      Қоғамдық талқылаулардың қорытындысы бойынша "Ашық НҚА" порталында "on-line" талқылаулардың қорытындылары туралы есеп қалыптастырылады, ол реттеуші мемлекеттік органның және (немесе) мүдделі тұлғалардың интернет-ресурсында орналастыруға жатады.

      Қоғамдық талқылаулар белгіленген уақытта жүргізіледі және олардың нәтижелері бойынша реттеуші мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы хаттама жасайды.

      "Ашық НҚА" порталында "on-line" режимде талқылау арқылы қоғамдық талқылау жүргізу бойынша талаптар балама ретінде реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша қоғамдық талқылаулар жүргізүге қолданылмайды.

      27. Қоғамдық талқылаулар жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар/мүдделі тұлғалар кемінде 10 жұмыс күні бұрын, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған немесе Қазақстан Республикасының Парламентінің қарауында жатқан Парламент Палаталарынан келіп түскен Қазақстан Республикасының заң жобалары бойынша оларды өткізу күніне дейін кемінде 2 жұмыс күні бұрын олардың өткізілетін күні мен аяқталу уақыты туралы:

      мүдделі тұлғаларды – өзінің ресми интернет-ресурсында хабарландыру беру арқылы;

      жазбаша түрде – уәкілетті органды/кәсіпкерлік басқармасын, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын/өңірлік кәсіпкерлер палатасын, мемлекеттік органдар жанындағы сараптамалық кеңес мүшелерін;

      мүдделі мемлекеттік органдарды;

      баспасөз релизі арқылы - бұқаралық ақпарат құралдарын міндетті түрде хабардар етеді.

      28. Реттеуші мемлекеттік органдардың/мүдделі тұлғалардың ұйғарымы бойынша құжаттар жобаларын талқылау немесе түсіндіру мақсатында өзге іс-шаралар өткізіледі.

3-тарау. Реттеушілік әсерді талдауды пайдалану тәртібі

      29. Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар қолданысқа енгізілгеннен кейін орналастырылады.

      Бұл ретте реттеушілік әсерді талдау нәтижелері көрсетілген құжаттардың бүкіл қолданылу мерзіміне кез келген интернет-ресурсын пайдаланушыға қарауға қолжетімді болуы қамтамасыз етіледі.

  Реттегіш құралдардың
реттеушілік әсерін талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Жаңа реттегіш құралдарды енгізу және реттеуді қатаңдату кезіндегі реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысаны

      __________________________________________________________________________

      (талаптың/реттегіш құралдың атауы)

      _________________________________________________________ жобасы шеңберінде

      (құжат жобасының атауы)

      Құжат жобасын әзірлеуші___________________________________________________

1-ҚАДАМ: Реттеу проблемалары мен мақсаттарын айқындау

1.

Проблеманы және проблеманың болу себептерін айқындау (3 сөйлемнен аспайтын, еркін нысанда жазылған мәтін, нысаналы топта және себеп-салдарлық байланысты көрсету қажет)


2.

Проблеманың болу фактісін дәлелдейтін және оның ауқымын көрсететін деректер бар (цифрлық өлшемде) ма?

Жоқ ___
Бар ___ (оларды сипаттаңыз және шамасын көрсетіңіз)

3.

Реттеудің енгізілетін мақсаты қандай ?


2-ҚАДАМ: Баламалар

1. Қарауға жоспарланатын баламаларды айқындау (бар нұсқаларды және сіз қарайтын және және талдайтын баламалы тәсілдерді белгілеңіз – кемінде 3 баламалы тәсілді таңдау қажет, біріктіруге болады. Баламаларды айқындау үшін төменде ұсынылған ықтимал нұсқалар тізімін пайдаланыңыз.
1. Қолданыстағы реттеу (ағымдағы ахуал, яғни реттеудің өзгермейтіндігі)
2. Ақпараттық науқан
3. Салықтардың, субсидиялардың өзгеруі, мемлекеттік сатып алу, квоталармен сауда жасау, басқа нарықтық тетіктер
4. Жауапкершілікті міндетті сақтандыру
5. Міндетті таңбалау
6. Міндетті есептілік
7. Декларациялау, хабарландыру
8. Қызмет қағидалары және олардың орындалуын тексеру (рұқсат беру құжаттарынсыз)
9. Рұқсат беру құралдары
10. Тыйым салулар
11. Мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларын енгізу
12. Міндетті өзін-өзі реттеуді (бұдан әрі – ӨӨР) енгізу (аталған баламаны таңдаған кезде 1а - нысанын толтыру қажет)
13. Басқасы (талдамалық нысанды әзірлеушінің таңдауымен)

2.

Жоспарланатын баламалардың сипаттамасы (реттеушілік нақтылықты көрсете отырып, еркін нысанда барлық таңдалған баламалар сипатталады (жоғарыдағы тізім бойынша)

1-балама

2-балама

3-балама

3-ҚАДАМ: Баламалардың әсерін анықтау

3.1. Экономикалық жүйеге әсер ету
Экономикалық жүйенің мынадай элементтерін ескере отырып, жалпы экономикалық жүйеге әсер етуі кезінде әр баламаның пайдасы мен шығысыларын еркін нысанда сипаттаңыз:
1. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін ауысуына, сондай-ақ халықаралық сауда мен халықаралық инвестициялық ағындарға әсері.
2. Экономикалық өсудің жалпы салдарлары.
3. Жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарына әсері.
4. Экономика салаларына және басқаға жанама әсері.
Еркін нысанда болжамды реттеудің салдарларын болжамдау қажет



Пайдалар

Шығасылар


1-балама




2-балама




3-балама



3.2. Бизнеске әсер ету
Міндетті түрде мыналарды есепке ала отырып, әр баламаның бизнеске әсер етуі кезінде пайдасы мен шығасыларын еркін нысанда сипаттаңыз:
1. Кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне, оның ішінде инновациялар мен дамуына ықпалы (өзін-өзі реттеуді енгізу кезінде бизнеске кіруде ықтимал қиындықтарды бағалау қажет).
2. Кәсіпорындардың кірістілігі мен тұрақтылығына ықпалы.
3. Кәсіпорын мөлшеріне байланысты шығасылардың салыстырмалы ықпалы (шығасылардың салыстырмалы ықпалы ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын кәсіпорындар үшін жоғары болып табыла ма?).
4. Басқалар.
1б-нысанға сәйкес бизнеске арналған шығасыларды жеке монеталандырыңыз және есептеңіз


Пайдалар

Шығасылар


1-балама




1б-нысан бойынша бизнеске арналған шығасылар




2-балама




1б-нысан бойынша бизнеске арналған шығасылар




3-балама




1в-нысан бойынша бизнеске арналған шығасылар



3.3 Мемлекеттік билік органдарына және жалпы қоғамға әсер ету
Міндетті түрде мыналарды есепке ала отырып, еркін нысанда әр баламаның мемлекеттік билік органдарына және жалпы қоғамға әсер етуі кезінде пайдасы мен шығасыларын сипаттаңыз
1. Халық денсаулығы мен қауіпсіздігіне (экономикалықты қоса алғанда) ықпалы.
2. Экономикалықты қоса алғанда, қылмысқа ықпалын.
3. Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін.
4. Экологияға ықпалын.
5. Тұтынушылық таңдаудың өзгеруін.
6. Бөлшек сауда бағаларының өзгеруін.
7. Тұтынушылардың хабардар болуына және оларды қорғауға ықпалын.
8. Басқалар.
1в-нысанға сәйкес реттеуді әкімшілендіруге арналған шығасыларды жеке монеталандырыңыз және есептеңіз


Пайдалар

Шығасылар


1-балама



1в-нысаны бойынша әкімшілендіруге арналған шығасылар




2-балама



1б-нысаны бойынша әкімшілендіруге арналған шығасылар




3-балама



1в-нысаны бойынша әкімшілендіруге арналған шығасылар



4-ҚАДАМ: Неғұрлым оңтайлы реттеушілік баламаны таңдау

Реттеу нәтижелілігін бағалаудың 5-балдық жүйесінің балдарын айқындау
5 – қойылған міндет толық шешіледі (проблема бұдан әрі жойылады);
4 – қойылған міндет толықтай шешіледі (проблеманың барлық маңызды бөліктері жойылады);
3 – қойылған міндет ішінара шешіледі (проблема айтарлықтай азаяды, проблеманың ең сындарлы аспектілері жойылады);
2 – қойылған міндет кейбір аспектілерде шешіледі (кейбір маңызды және сындарлы аспектілер қалады);
1 – қойылған міндет шешілмейді (проблема қалады)1

Нәтижелілігі бойынша рейтинг (проблеманы шешуде міндеттерге қол жеткізу) Нәтижелілік балы (5-балдық жүйе) Тиісті балдың берілуін түсіндіру

1-балама



2-балама



3-балама



Бизнес субъектісіне жүктемеге байланысты тиімділік бойынша рейтинг Пайдалар (қорытынды) Шығасылар (қорытынды)

1-балама



2-балама



3-балама



Ықтимал тәуекелдерді және іске асырылу тетігін айқындай отырып, үздік баламаны таңдау (алдындағы екі кестенің деректерін салыстыру негізінде жүргізіледі)

Рейтинг

Ықтимал тәуекелдер мен күтпеген салдарлар

Ұсынылатын реттеуді іске асыру тетігі (әзірленіп жатқан жоба шеңберінде көзделген іске асыру тетіктері сипатталады)


ұсынылатын 1-балама


1. Енгізу мерзімдері мен кезеңдері _________;
2. Реттеуді енгізуге және қойылған индикаторларға қол жеткізілуіне бағалауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті орган
__________________

5-ҚАДАМ: Бағалау индикаторы

1.

Толық мониторингілеу үшін индикаторларды және ақпаратты жинау мен талдау жүйесіне ұсынылатын өзгерістерді айқындаңыз (ықтимал индикаторлар және олардың өлшенуі үшін не істеу қажет) және олардың негізінде мәлімделген индикаторға қол жеткізуді бағалау жүзеге асырылатын ақпарат көздерін көрсетіңіз



2

Ұсынылатын индикаторларды өлшеу кезеңділігі (кемінде 3 жыл, 5 жылдан аспайды, ӨӨР енгізу кезінде – 3 жыл)



3

Реттеуді енгізгеннен кейін "Проблеманың болу фактісін дәлелдейтін және оның ауқымын көрсететін деректер" деген 1-қадамның 2-тармағында көрсетілген, проблема ауқымының ықтимал өзгерістерін көрсететін, цифрлық өлшемдегі проблеманың ықтимал өзгерістерін көрсетететін деректердің жоспарлы өзгеруі (сипаттамада жоспарланатын өзгерістердің уақыт шектеулерін көрсетіңіз)

Жоқ____
Иә ____
Иә болса – оларды көрсетіңіз


      * – 1 балды беру нұсқа дұрыс таңдалмағанын және оны мүлдем қарап керегі жоқ екенін білдіреді

      Қолы _________ күні "___" ________201__ж.

1а-нысаны. Өзін-өзі реттеудің оңтайлы құрылымын таңдау*

1. 1. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу көзделген саланың/аяның сипаттамасы

Міндетті ӨӨР енгізілетін қызмет саласы және қызметтің, саланың, экономикалық қызмет түрлерінің, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығының ортақтық қағидатына сүйене отырып, оны таңдауды негіздеу.


Соңғы 5 жылдағы жылдар бойынша бөле отырып, өзін-өзі реттеуді енгізу жоспарланып отырған салада кәсіби немесе кәсіпкерлік қызметтің жұмыс істеп тұрған субъектілер саны.


Міндетті ӨӨР енгізілетін саланың мемлекеттік функцияларды іске асырумен ұштастыруды не мемлекеттік органдар орындайтын белгілі бір функцияларды беру қажеттігін негіздеу.


Өндірілетін тауарларға қойылатын талаптарды қамтитын техникалық регламенттердің, стандарттардың және басқа да НҚА (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тізбесі.


Сипаттамасы


2. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілетін саланың өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесін талдау

Қауымдастық (одақ), қоғамдық ұйым немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы жұмыс істеп тұрған коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде, соңғы 5 жылғы жылдар бойынша бөле отырып, талданатын салада өзін-өзі реттеу ұйымдарының тізбесі, орналасқан орны.


Әр жұмыс істеп тұрған коммерциялық емес ұйым немесе өзін-өзі реттеу ұйымы бойынша мыналарды көрсету қажет:
талдау жүргізу кезінде мұндай коммерциялық емес ұйым құрамына кіретін субъектілер санын: ____________;
талданатын салада нарықта шығарылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы санынан мұндай коммерциялық емес ұйым, өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелері шығарған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі: __________.


3. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы ұсынылатын реттеудің нәтижелілігінің болжамы

Реттеу нәтижелілігін бағалаудың 5-балдық жүйесі
5 – қаралатын салада/аяда қызметтің барлық спектрінің қамтылуы қамтамасыз етіледі; қоғам тарапынан өзін-өзі реттеу ұйымының саланың/аяның реттелуін дербес қамтамасыз ету қабілетіне сенімі және белгіленген стандарттар мен қағидалардың сақталуына бақылау байқалады; наразылықтар мен дауларды қарау тетіктері бар; өңірлерде байланыс тізбесі бар.
Қаралатын салада/аяда міндетті мүшелігі бар жұмыс істеп тұрған коммерциялық ұйымдар бар.
4 – қаралатын салада/аяда қызметтің барлық спектрінің қамтылуы қамтамасыз етіледі; қоғам тарапынан өзін-өзі реттеу ұйымының саланың/аяның реттелуін дербес қамтамасыз ету қабілетіне сенімі және белгіленген стандарттар мен қағидалардың сақталуына бақылау байқалады; наразылықтар мен дауларды қарау тетіктері бар; өңірлердегі байланыс ішінара.
Қаралатын салада/аяда міндетті мүшелігі бар жұмыс істеп тұрған коммерциялық емес ұйымдар бар.
3 – қаралатын салада/ аяда қызметтің барлық спектрінің қамтылуы қамтамасыз етіледі; өзін-өзі реттеу ұйымының саланың/ аяның реттелуін дербес қамтамасыз ету және белгіленген стандарттар мен қағидалардың сақталуына бақылау мәселелері қалыптасу сатысында; наразылықтар мен дауларды қарау тетіктері бар; өңірлерде байланыс жоқ.
Қаралатын салада/аяда жұмыс істеп тұрған коммерциялық емес ұйымдар бар.
2 – қаралатын салада/ аяда қызметтің барлық спектрінің ішінара қамтылуы; өзін-өзі реттеу ұйымының саланың/аяның реттелуін дербес қамтамасыз ету және белгіленген стандарттар мен қағидалардың сақталуына бақылау мәселелері қалыптасу сатысында, наразылықтар мен дауларды қарау тетіктері бар; өңірлерде байланыс жоқ.
Қаралатын салада/аяда жұмыс істеп тұрған коммерциялық емес ұйымдар бар.
1 – қаралатын салада/ аяда қызметтің барлық спектрінің ішінара қамтылуы; өзін-өзі реттеу ұйымының саланың/аяның реттелуін дербес қамтамасыз ету және белгіленген стандарттар мен қағидалардың сақталуына бақылау мәселелері қалыптасу сатысында, наразылықтар мен дауларды қарау тетіктері жоқ; өңірлерде байланыс жоқ.
Қаралатын салада/аяда жұмыс істеп тұрған коммерциялық емес ұйымдар бар.**
Нәтижелілік бойынша рейтинг Нәтижелілік балы (5-балдық жүйе) Тиісті балдың берілуін түсіндіру

1-балама
Бір өзін-өзі реттеу ұйымы (жұмыс істеп тұрған ұйым базасында)



2-балама
Екі және одан көп, нақты саны көрсетіледі _____ (жұмыс істеп тұрған ұйым базасында)



3-балама
Өзге өзін-өзі реттеу ұйымы (мысалы, бірнеше жұмыс істеп тұрған өзін-өзі реттеу ұйымдарын шоғырландыру арқылы бір ұйымды құру және басқа).



4. Міндетті мүшелікке негізделген (қатысуға) өзін-өзі реттеуші ұйымның сәулеті

ӨӨР міндетті мүшелігі:
Заңды тұлға/жеке тұлғалар


Кәсіби қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың мүшелігін таңдау кезінде, жеке тұлғаның аталған құқығы көзделген нормативтік құқықтық акт көрсетіледі


Өзін – өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мен өзге де тұлғалардың алдындағы жауаптылығын қамтамасыз ету және өзін – өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мен өзге де тұлғалардың алдындағы жауаптылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ оны таңдауды негіздеу.


1б-нысан Бизнеске арналған шығасыларды есептеу (монеталандыру)

      Баламаны пайдалану қандай реттегіш іс-қимылды болжайды?


Иә

Жоқ

Өндіріс құралдарына, үй-жайларды, зертханаларды өзгертуге, персоналды оқытуға инвестициялар, өзге қажетті әкімшілік емес шығасылар



Тәуелсіз сараптамалар, бағалау, қорытындылар жасау үшін үшінші тұлғаларды пайдалану қажеттігі



Мемлекетке мерзімді есептілік (немесе есептілікті ұлғайту)



Мамандандырылған мемлекеттік тексерулер субъектісі болу (немесе қазіргі тексерулер мен санкциялар режимін қатаңдату)



Мемлекеттік органдардан анықтамалар мен рұқсаттар алу



Өзге (айқындау)



      Реттеу субъектісінің бір орташа статистикалық кәсіпорнына арналған шығасыларды есептеу

1-кесте

Бір реттік инвестициялар

Техникалық қызмет көрсетуге, ұстауға арналған шығыстары (бір жылда)

Жиыны

Өндіріс құралдарына, үй-жайларды, зертханаларды өзгертуге, персоналды оқытуға инвестициялар




5 жылдағы шығыстар

Х











2-кесте

Сараптама мен қорытындыға арналған шығыстар

Үшінші тұлғалардың мерзімді қызмет көрсетуі (бір жылына)

Жиыны

Тәуелсіз сараптамалар, бағалау, қорытындылар жасау үшін үшінші тұлғаларды пайдалану қажеттігі



Х

5 жылдағы шығыстар












3-кесте

Мемлекеттік баждар

Бір жылдағы жұмыс уақыты шығындарының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Мемлекетке мерзімді есептілік



Х

5 жылдағы шығыстар








4-кесте

Тексерушілермен жұмысқа жұмсалған жұмыс уақыты шығындарының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Ықтимал айыппұл санкциялары (айыппұл бағасы оның салыну ықтималдылығына көбейтіледі)

Жиыны

Мемлекеттік тексерулер (баламасы бойынша мамандандырылған)



Х

5 жылдағы шығыстар












5-кесте

Мемлекеттік баждар құжаттар үшін, басқада тікелей төлемдер

Оларды алуға бір жылдағы жұмсалған жұмыс уақыты шығынының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Рұқсаттарды, өзге мемлекеттік құжаттарды алу




5 жылдағы шығыстар



Х

      1-5-кестелердің деректері ("Жиыны" деген бағандағы 5 жылдағы шығыстар) қосылады___теңге

      Осы шама бұл баламаның субъектілері болып табылатын кәсіпорындар санына (кәсіпкерлік субъектілеріне) көбейтіледі _________теңге

1в-нысаны Мемлекеттік органдар үшін әкімшілік реттеуге жұмсалатыншығасыларды есептеу (монеталандыру)

      Баламаны пайдалану қандай іс-қимылды болжайды?

      Егер балама бірнеше мемлекеттік органның жұмысын болжаса, 1-кесте олардың әрқайсысы бойынша мемлекеттік органды көрсете отырып, жеке толтырылады

1-кесте

Бір жылдағы жұмыс уақыты шығынының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Есептілікті алу және талдау



Тексеру жүргізу



Рұқсаттар беру



Өзге бақылау нысандары (айқындау)



5 жылдағы жиыны



      Балама жаңа мемлекеттік орган не жұмыс істеп тұрған органның жаңа құрылымдық бөлімшесін құруды болжай ма Иә ____ Жоқ ___

      Ия болса – жаңа органның немесе құрылымдық бөлімшенің толық жоспарланатын жылдық бюджетін айқындаңыз ____ х5 = _____

Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдаудың талдамалықнысанын толтыру бойынша түсіндірме

      Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу кезінде талдамалық нысан мынадай қадамдар бойынша толтырылады:

      1-қадам: Проблеманы және реттеу міндеттерін айқындау

      1.1. Шешілуі болжанатын проблема, сондай-ақ оның болу себептері сипатталады (қолданыстағы реттеулер үшін – бар проблеманы көрсету).

      Проблемаларды айқындау шешім іздеуге ынталандыратын сипаттамасы бар анық және нақты жазылуы тиіс.

      Проблеманың сипаты мен ауқымын сипаттау кезінде жоспарланған мемлекеттік араласу үшін халықтың нысаналы тобын айқындау қажет. Мұндай араласудан пайда алатын халықтың бөлігі (тұтынушылар, кәсіпкерлер және басқа) нысаналы топ болып табылады. Сондай-ақ нақты тұжырымдалған проблема кезінде де, таңдалған халық тобы өте аз болса, мемлекеттік араласу шығасылар мен күтілетін пайданың арақатынасын ескере отырып негізсіз болуы мүмкін.

      Проблеманы айқындау кезінде себептерді нақты белгілерден бөле отырып себеп-салдарлық байланысты түсіндіру қажет.

      1.2. Проблеманың болу фактісін проблеманы сипаттамасын барынша нақты түсіну үшін сапалы статистикалық талдау, сондай-ақ мемлекеттік араласудың нақты әсерінің есебі арқылы дәлелдеу қажет. Бұл ретте, орта мерзімді және ұзақ мерзімді уақыт кезеңі бөлінісінде проблема ауқымының серпіні көрсетіледі.

      Осы мақсатта, проблеманы айқындау сатысында қолжетімді сандық және сапалық деректерді:

      статистика және салық органдарының деректерін;

      мемлекеттік органдардың оқиғалар жөнінде есептерді, деректерді жинақтау нәтижелері бойынша статистикалық деректерін;

      құқық қорғау органдарының статистикалық деректерін;

      беделді ұйымдардың әлеуметтік және басқа зерттеулер деректерін жинау ұсынылады.

      Егер ұлттық деректерге қол жеткізу мүмкін болмаса немесе жеткіліксіз болса, салыстырмалы халықаралық деректерді пайдалану ұсынылады. Халықаралық тәжірибені пайдаланудың маңыздылығы деректерді анағұрлым тиімді іздеуге және талдауға алып келеді.

      Жақын уақытта қоғамдық мүдделерге келтірілетін немесе келтірілуі мүмкін залал айқындалады.

      1.3. Реттеу мақсатын айқындау проблеманы айқындау мен мемлекеттік саясаттың және кейін оларды салыстыра отырып, бірнеше баламасын тұжырымдаудың арасында байланыстырушы буын қызметін атқарады. Мемлекеттік араласудың мақсаттары реттеудің күтілетін нәтижесі ретінде айқындалады. Әрбір мемлекеттік араласу халықтың мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында барынша мынадай өлшемшарттарға жауап беруі тиіс:

      ерекшелік – міндеттердің кеңінен теріс түсіндірілу ықтималдығын болдырмау үшін, олар барынша нақты жазылады;

      өлшемділік – міндеттер болашақта міндеттердің жетістігін немесе сәтсіздігін айқындау мүмкіндігі үшін, өлшенетін өлшемшарттар негізінде болашақ жағдайды айқындайды;

      қолжетімділік мен шынайылық – міндеттер қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қолжетімді адами және материалдық ресурстар санын және басқа да факторларды ескереді;

      уақытқа тәуелділік – міндеттер реттеу талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін белгілі бір уақыт шегін белгілейді.

      2-қадам: Баламалар

      Туындаған проблеманы шешу мүмкін болатын кемінде 3 балама таңдалады. Олар реттеушілік әсерді талдау процесінде проблемаларды шешу үшін озық балама болып табылатын реттегіш құралды таңдау негізі үшін ескеріледі.

      Баламалар тек реттегіш құралдарымен шектеліп қана коймай, белгілі бір проблеманы шешуге және қойылған міндеттерді нарықтық тетіктер арқылы орындауға ынталандыратын басқа шараларды болжай алады. Кестеде негізгі нұсқалар ұсынылған, оларды біріктіруге болады.

      3-қадам: Баламалар әсерін айқындау

      Реттеушілік баламалардың әсерін талдау оларды салыстыру және барынша пайдалы және ең аз шығасылармен ең оңтайлы нұсқаны таңдау үшін елеулі рөл атқарады. Реттеушілік әсерді талдау әзірлеушілері баламаны қолданудан пайданы және шығасыларды айқындауы қажет, әсер етудің тікелей, сол сияқты жанама күтілмеген әсер ету ықпалын ескеру қажет. Сондай-ақ генерацияланатын әсер неге әсер ететінін ескеру маңызды.

      Әсер кәсіпкерлерге, тұтынушыларға, жұмыскерлерге, басқа әлеуметтік топтарға, жалпы экономикаға, қоғамға және мемлекетке ықпал етуі мүмкін.

      Баламалы нұсқаның шығасыларын айқындау үшін, кәсіпкерлерге тиісті шығасыларды ескеру қажет.

      Бұл шығасыларды дұрыс айқындау үшін:

      1) реттеуші іс-қимылдардың құрамдас бөліктеріне бөле отырып, шығасыларды бағалау қажет. Бір реттеушілік балама бірнеше реттеушілік іс-қимылды қамти алатындығын атап өткен маңызды.

      2) әр реттеушілік іс-қимыл бойынша қаржылық әсер жиілігін айқындау қажет. Жыл сайынғы немесе қайта шығасылар біржолғы шығасыларға қарағанда, маңыздырақ болуы мүмкін.

      3) жоғарыда келтірілген деректерді пайдалана отырып, ұсынылып отырған баламалы шараны сақтауға толық шығасыларды есептеу;

      4) шығасылар ауқымын бағалау немесе басқа сөзбен айтқанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қанша санына осы реттегіш баламаны сақтау қажет және бұл ретте олар қандай шығасыларға ұшырайды деген сұраққа жауап беру қажет.

      Сондай-ақ кәсіпорынның көлеміне байланысты шығасылардың салыстырмалы ықпалын қарау қажет. Ірі бизнеске салыстырмалы қаржылық ықпал мұндай қаржылық жүктеменің шағын бизнеске ықпалынан елеулі өзгеше болуы мүмкін.

      Сондай-ақ, ұсынылып отырған балама жеке кәсіпкерлік субъектісінің тыйымдар немесе жеке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаларды айқындау, жұмыс сағаттарын, үй-жай көлемін белгілеу және тағы басқа шаралар арқылы шектей ме деген мәселені қарау маңызды, мұндай шараның әсері шараны сақтау бойынша қарапайым тікелей шығасылардан неғұрлым маңызды.

      Пайда баламаны қолдану нәтижесінде халықтың әл-ауқатын жақсарту түрінде айқындалады. Бұдан басқа, мемлекеттік саясатты іске асыру нәтижесінде жол берілмеген шығасылар да пайда деп саналатын болады.

      4-қадам: Неғұрлым оңтайлы реттеуші баламаны таңдау

      Проблемаларды басқалардан жақсы шешетін балама оңтайлы реттегіш балама болып табылады.

      Нұсқалардың арасындағы салыстыру базалық сценарий негізінде жүргізіледі. Неғұрлым оңтайлы баламаны таңдау жөнінде шешім қабылдау үшін мынадай өлшемшарттар пайданалынады:

      нәтижелілік – таңдалған нұсқалар қойылған міндеттерге қаншалықты жетеді;

      тиімділік – қойылған міндеттер берілген ресурстар деңгейінде немесе ең аз шығасыларда қаншалықты шешілуі мүмкін.

      Тиімділік өлшемшарты негізгі өлшемшарт болып табылады, яғни – ең жақсы балама ең аз шығасылар кезінде ең үлкен игілікті жинақтайды. Баламаларды тиімділік өлшемшарты бойынша салыстырудың бірқатар әдістері бар:

      шығын-пайданы талдау, ол әрбір балама бойынша жинақталатын шығасылар мен пайданы ақшалай өлшемге айырбастау мүмкін болған жағдайда қолданылады. Осы мақсатта, әзірлеуші әсер етудің экономикалық сол сияқты әлеуметтік жақтарын ескеру қажет. Бұл жағдайда, шешім қабылдау өлшемшарттары – барлық баламалар осы өлшемшартқа сәйкес жіктелетіндей таза пайдалар (немесе жалпы пайда мен жалпы шығасылар арасындағы айырма);

      экономикалық тиімділікті талдау, ол барлық баламаларды пайдаланғаннан түскен пайданы ақшалай өлшемге айырбастау немесе оларды нақты есептеу мүмкін емес болғанда аса пайдалы. Дегенмен, түрлі баламалардан жинақталатын пайдалардың өлшем бірлігі, ақшалай өлшемі болмаса да, ұқсас өлшем бірлігі болады. Бұл жағдайда, шешім қабылдау қағидасы жоспарланған пайданың бірлігіне ең кем шығасылар жинақталатын мемлекеттік саясатты айқындауға әкеледі;

      көп өлшемшартты талдау шығасылар мен пайдалар бірдей өлшенетін және өлшенбейтін кезде ең жақсы нұсқа болып табылады. Осындай әдіспен талдаушы, бірінші екі әдістер жағдайында тек бір өлшемшартқа қарағанда, шешім қабылдау үшін әртүрлі өлшемшартты бір уақытта анықтайды. Әрбір өлшемшартқа берілетін жүктемені есептеу субъективті тұрғыдан айқындалады. Реттеушілік әсерді талдаудың әзірлеушілеріне баламаларды бағалау өлшемшарты негізінде үнемі іріктеу ұсынылады. Бұл шешім қабылдауға жауапты тұлғаларға барлық ықтимал нұсқаларды зерттеуге мүмкіндік береді. Іріктеу, ықтимал теріс әсерді төмендету мақсатында кез келген ұсынылатын шараның құрылымын жетілдіруге, кез келген теріс әсерлерді жеңілдету үшін ілеспелі шараларды айқындауға және ең жақсы нәтиженің ықтималдығын арттыруға мүмкіндік береді.

      Баламаларды іріктеу үшін, талдаушы:

      белгілі бір міндетке қол жеткізу үшін әртүрлі баламалардың нәтижелілігіне талдау жасауға және нәтижелерді нақты салыстыру кестесі форматында ұсынуға;

      ең қолайлы балама және басқа мүмкін болатын баламалармен байланыстырылатын оң және теріс әсерлер балансына талдау жасауы тиіс.

      Баламаларды іріктеуді нәтижелілік өлшемшарты негізінде бастау және осылайша нәтижелілігі бойынша ең жоғары балл жинайтын, яғни қойылған тапсырманың талаптарына ең жақсы жауап беретін баламаны айқындау қажет.

      Мемлекеттік шараларды іске асыра отырып байланыстырылатын шығасыларды талдау мақсатында әртүрлі баламалардың тиімділігін айқындау келесі іс – қимыл болады. Көп жағдайларда мұндай талдау шараны іске асыру үшін сәйкес келетін бірнеше нұсқаларға әкелуі мүмкін. Мысалы, ең нәтижелі нұсқалар аса жоғары шығасылармен байланысты болуы немесе ең төмен нәтиже беретін нұсқа көптеген оң жанама әсер тудыра алатыны айқындалуы мүмкін. Осылайша, нәтижеліліктің осы аспектілері тиімділік аспектілерімен салыстырылады және нұсқаларды жалпы іріктеуді анықтайды. Процестің толық ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған әсерлерге белгілі бір балдарды беру туралы ақпаратты және жүктемелердің қолданылған есептеулерін қоса алғанда, есепте қол жеткізілген нәтижелерді нақты көрсету керек.

      Кейбір жағдайларда міндеттерді немесе баламаларды қайта тұжырымдау мүмкіндігін есепке алу немесе негізгі жақсы және жаман жақтарын тиімдірек анықтау үшін екінші реттік баламаны әзірлеу керек.

      Таңдау процесінде ұсынылатын шараның оң және теріс әсерлерін абайсызда жасалған жанама әсерлерді қоса алғанда, толық тізбелеу қажет. Бұл сипаттама барлық ауыспалылар, мүмкіндігі бойынша базалық сценарийден ауытқуларда көрсетілген сандық деректерді барынша қолдануға негізделеді. Қорытындыларды кесте немесе график түрінде көрсету жиірек пайдалы болып келеді. Жалпы көріністі толықтыру үшін саналмайтын әсерлерді де қолдануға болатынын атап өту маңызды.

      Әдеттегідей, ең тиімді және нәтижелі шара ең жоғары таза пайдаларды әкеледі, ал осы екі есе тестіден өтетін кез келген балама қарауға өтуге лайықты. Дегенмен, саналмайтын элементтер таза пайдаға қалай әсер ететіндігін талқылау да маңызды.

      Реттеуші норманы енгізуге байланысты шығасыларды есептеу мынадай кезеңдердің бірізді іске асырылуын болжайды:

      1) актінің, акті жобасының мәтінінде мазмұнды талаптарды бөліп көрсету;

      2) реттеуші нормалардың ауқым көрсеткішін анықтау;

      3) реттеуші нормалардың орындалу жиілілігін анықтау.

      4) реттеуші норманы орындауға қажетті жұмыс уақытының шығынын анықтау;

      5) реттеуші норманы орындау үшін қажетті сатып алнатын заттар құнын анықтау;

      6) реттеуші шығасылардың сомасын есептеу.

      Реттеуші талаптардың анағұрлым кең таралған түрлері мыналар болып табылады:

      рұқсат берулерді (лицензиялар, рұқсаттар, өзге де мемлекеттік құжаттар) реттеудегі өзгерістер;

      бақылау-қадағалауды реттеудегі өзгерістер;

      салықтық-әкімшілік реттеудегі өзгерістер;

      жабдықтарды сатып алу (орнату және қызмет көпсету) бойынша талаптар;

      қосымша персоналды жалға алу және басқа бойынша талаптар.

      Реттеуші талаптың ауқымын анықтау мақсатында енгізілетін реттеуші норманың қажеттігі тұрғысында реттеу бағытталған обектілердің (ұйымдардың, қызметкерлердің, оқиғалардың) саны белгіленеді.

      Реттеуші талаптың орындалу жиілігін анықтау мақсатында күнтізбелік жыл бойынша енгізілетін реттеуші норманың орындау саны белгіленеді.

      Реттеуші талапты орындау үшін қажетті жұмыс уақытының шығынын анықтау процесі келесі кезеңдерді қамтиды:

      1) әрбір енгізілетін реттеуші норма бойынша оны орындау үшін жүзеге асырылуы қажет іс-қимылдарды анықтау;

      2) енгізілетін реттеуші норманы орындау үшін жүзеге асырылуы тиіс іс-қимылдар бойынша жұмыс уақытының шығынын бағалау;

      3) ауқым мен жиілік көрсеткішін ескере отырып, енгізілетін әрбір реттеуші норманы орындауға жұмсалатын жұмыс уақытының жиынтық шығынын анықтау.

      Әрбір реттеуші норманың орындалуы үшін қажетті сатып алулардың құнын анықтау мақсатында оны орындау үшін міндетті тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесін анықтау ұсынылады.

      Заңнамалық акті жобасының барлық енгізілетін нормалары бойынша реттеуші шығасылардың сомасы барлық мазмұндық талаптардың орындалуы үшін қажетті сатып алулар мен еңбек шығындарының сомасы ретінде есептеліп, ауқым мен жиілік көрсеткішінің ақшалай мәнімен беріледі.

      Кәсіпкерлік субъектілері үшін заң жобасының күшіне ену салдарын анықтау мақсатында төменде көрсетілген формулаларды пайдалануға болады.

      1. Кәсіпкерлік қызметтің процесін қамтамасыз етуге байланысты шығасылар (өндіріс құралдарына, үй-жайларды, зертханаларды өзгертуге, персоналды оқытуға салынатын инвестициялар)

      Таза келтірілген құнды есептеу формуласы (NPV):



      мұндағы:

      Bt – t уақыт сәтіндегі пайдалар,

      Ct – t уақыт сәтіндегі шығындар,

      r – дисконттау индексі.

      Таза келтірілген құнды есептеу үлгісі.

      Мысалы, қандай да бір саланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында ауа тазарту бойынша қосымша жабдықтың болуын қажет ететін бір жаңа реттеуші актіні қолданысқа енгізу ұсынылады. Сала көлемінде мұндай жабдықтың жалпы құны 50 миллион теңгені құрайды, жадбықтың қолдану мерзімі 5 жыл. Бұл жабдықтың жұмыс істеуіне байланысты жыл сайынғы шығыстар нөлдік жыл бағасында 10 миллион тг құрайды. Ақшалай мәніндегі пайда көлемі (жеке жүргізілген талдауға сәйкес) жылына 30 миллион тг құрайды (нөлдік жыл бағаларына сәйкес). Дисконттау индексінің екі нұсқасы үшін таза келтірілген құн есебін жүргізейік: 3% және 5%.

      Бұл мысалда берілген реттеуші акт ықпал ететін барлық топтар үшін жиынтық болып табылатын реттеуші актінің таза келтірілген құны есептеледі. Бұл жағдайда шығасылар айрықша бизнес шығасылары болып табылады (тиісті саланың).

      Сондай-ақ кәсіпкерлік процесін қамтамасыз етуге байланысты жоспарлы реттеуді енгізу кезінде шығындардың өзгеруін мынадай формула бойынша бақылауға болады:

      Кәсіпкерлік процесіне қойылатын талаптардың сақталуына жұмсалатын шығындардың өзгеруі:

      C = (P1 – P0) * V,

      мұндағы:

      P1 – тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сипаттамаларына қойылатын талаптарды орындау мақсатында заң жобасы қабылданған соң кәсіпкерлік субъектісі жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өлшеу бірлігіне жұмсалатын болжалды шығындар;

      P0 – тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сипаттамаларына қолданыстағы заңнамамен қойылатын талаптарды орындау мақсатында кәсіпкерлік субъектісі жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өлшеу бірлігіне жұмсалатын шығындар;

      V – заң жобасының нормалары қолданылатын, кәсіпкерлік субъектілері шығаратын тауарлардың (орындалатын жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің) жалпы көлемі (өлшем бірліктерімен берілген);

      Кәсіпкерлердің негізгі қызметінде пайдаланылатын құралдардың сипаттамаларына (арнайы құралдардың болуына, техникалық параметрлерге және т.б.) қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты шығындарды анықтау үшін:

      2. Қосымша тәуелсіз сарапшылардың кәсіпкерлік қызмет процесін қамтамасыз етуіне байланысты шығасылар



      мұндағы:

      E = қосымша сарапшыларды тартуға байланысты шығасылар

      L1 – заң жобасы қабылданған соң бір сарапшыға (маманға) жұмсалатын кәсіпкерлік субъектісінің болжалды шығындары;

      М – заң жобасының қолданылуы таралады деп болжанатын кәсіпкерлік субъектілері сарапшыларының (мамандарының) жалпы саны;

      N – жыл бойына қосымша сарапшыға жасалған өтініштер саны

      3. Мемлекетке ұсынылатын кезеңдік есептілікке байланысты шығасылар

      И есеп – кәсіпкерлік субъектілерінің есептілік ұсыну туралы талаптарымен танысуға, есептілік нысандарын толтыруға, есептіліктердің нысандарын ішкі келісуге және билік органдарына есептілікті ұсынуға байланысты шығасылар



      B – ШОК жұмыскері есептілік ұсыну үшін пайдаланатын орташа уақыт;

      E – ШОК қызметкерінің бір жұмыс сағатының орташа құны;

      N – жыл ішінде есептер ұсыну кезеңділігі;

      4. Мемлекеттік тексерулерді жүргізуге байланысты шығасылар (баламасы бойынша мамандандырылған)



      мұндағы:

      Б – кәсіпкерлік субъектілері шығасыларының көлемі (мың тг.);

      Kiмер – жылына жоспарланған бақылау-қадағалау іс-шараларының саны, і;

      Niмер – іс-шараның бұл түрін жүргізуден кәсіпкерлік субъектісіне келетін шығасылар, і (мың.тг), кәсіпкерлік субъектілерінің тексерулерден өтуіне байланысты шығасылары (оны өткізуге қатыстырылатын жұмыскерлер сағаттарының орташа санына және сағатына есептелетін орташа жалақыға (мың тг.) тексерулердің орташа ұзақтығын көбейту арқылы есептеледі);

      5. Рұқсаттарды/өзге де мемлекеттік құжаттарды алу процесіне байланысты шығасылар (R)



      мұндағы:

      А – рұқсаттарды/өзге де мемлекеттік құжаттарды (қағаздар, ксерокөшірмелер және т.с.с.) алуға қатысты, енгізілетін реттеуге байланысты бір кәсіпорынның материалдық шығасыларының орташа сомасы;

      К – рұқсат беру құжатын алу үшін консультацияларға және мәліметтер талдауына жұмсалған консультациялық шығасылардың орташа сомасы (заңгер, консалтинг, зертханалық сынақтар және т.с.с.);

      T – рұқсат беру құжатын ұсыну үшін төленетін баждар және мемлекеттік алымдар сомасы;

      В – ШОК қызметкері рұқсат/өзге де мемлекеттік құжат алу үшін құжаттарды дайындау үшін пайдаланатын орташа уақыт;

      E – ШОК қызметкерінің бір жұмыс сағатының орташа құны;

      N – жыл бойына алынуы тиіс рұқсаттардың/өзге де мемлекеттік құжаттардың саны;

      С - енгізілетін реттеуші норманы қозғайтын ШОК субъектілерінің саны.

      6. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізуге байланысты шығасылар

      Бүгінгі таңда қажетті статистикалық деректердің болмауы себебі бойынша өзін-өзі реттеудің толық сандық шығасыларына талдау жүргізу мүмкін емес.

      Барынша қарапайым өлшеуге келетін өзін-өзі реттеу ұйымының қызмет етуінің транзакциялық шығасылары (жылдық есептеуінде) мүшелік кіру жарнасының Iclj және ұйым мүшелерінің жылдық мүшелік жарналарының cij шамасына қарай анықталады, мұндағы l индексі өзін-өзі реттеу ұйымына кіретін кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылады, i индексі өзін-өзі реттеу ұйымының іс жүзіндегі мүшелеріне, ал j ұйымға жатқызылады (жалпы жағдайда салада бірнеше өзін-өзі реттеу ұйымының болуына қарай).

      l бойынша l-ден бастап nj oi дейін қосу, мұндағы nj oi - өзін-өзі реттеу ұйымына кірген j кәсіпкерлік субъектілерінің бір жылдағы саны және i бойынша 1-ден бастап nj дейін қосу, мұндағы nj_ j бұл ұйымдағы мүшелердің орташа жылдық саны өзін-өзі реттеу ұйымының жиынтық жылдық шығасыларын береді



      Егер кіру және жылдық мүшелік жарналар шамалары түрлі кәсіпкерлік субъектілері үшін тең болса, тиісінше мынадай теңдікті пайдалануға болады:




бойынша қосу барлық сала бойынша жылдық жиынтық шығасыларды анықтауға мүмкіндік береді:


      Мұндағы N — саладағы өзін-өзі реттеу ұйымдарының саны. Орнына қоя отырып, мынаны аламыз:



      Түрлі субъектілер үшін мүшелік жарналар тең болған жағдайда мынаны аламыз:



      5-қадам: Бағалау индикаторы

      Оларды іске асырғаннан кейін болжанатын нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін беретін таңдалған және енгізілген реттегіш құралдардың бағалау индикаторлары мен тетіктері сипатталады. Мұндай бағалау экс-пост бағалау деп аталады және реттеу нәтижелілігін айқындау және қажет болған жағдайда нәтижелерді жақсарта алатын баламалы реформаларды табу үшін жүргізіледі. Экс-пост бағалау кері байланыс үшін пайдалы және реттегіш құралдардың нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, бар реттеуіштерді жақсартуға мүмкіндік береді.

      Индикатор өлшенетін шама болып табылады. Индикаторлар әдетте, олар реттеуді орындау проблемаларын, міндеттерін немесе шығасыларын өлшейтін деректерге негізделеді. Реттеушілік әсерді талдауды сүйемелдейтін ұсынылатын әрбір реттегіш құрал бойынша міндеттер мен шығасылар бойынша индикаторлардың шағын санын іріктеу өте маңызды. Осы индикаторлар реттегіш құралдың басты мәні мен барынша елеулі әсерлерін көрсетуі және қолжетімді, кезең-кезеңімен өлшенетін болуы тиіс. Өзін-өзі реттеуді енгізу кезінде индикаторды енгізу кезеңділігі үш жылдан аспауы тиіс.

      Бағалау индикаторларының жалпы түрілер:

      Сандық индикаторлар: олар тіркелген цифрлық мәндермен тікелей өлшеу арқылы көрсетіледі (мысалы, бір жылда созылмалы тыныс алу органдарының аурулары нәтижесінде өлімге алып келген жағдайлар саны);

      сапалық индикаторлар: олар, көзқарас, қандай да бір нәрсе туралы болжамдар сияқты жанама өлшенетін аспектілер арқылы көрсетіледі (мысалы, әлеуметтік сұрастыру деректері);

      тікелей индикаторлар: олар міндеттерге немесе шығасыларға қатысты ауыспалыларды тікелей өлшейді;

      жанама индикаторлар: олар, тікелей ауыспалыны өлшеу өте күрделі болған кезде, егер осындай өлшеу елеулі шығын, уақыт немесе күрделі есептеуді талап ететін болса, тікелей ауыспалыны ауыстырушыны өлшейді.

      Уәкілетті орган реттеушілік әсерді талдауды толық емес немесе сапасыз дайындаған және бағалау кезінде логикалық қателер болған жағдайда теріс қорытынды береді.

  Реттегіш құралдардың
реттеушілік әсерін талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қоғамдық талқылау жүргізу туралы есеп

      ___________________________________________________ жобасы шеңберінде

      (құжат жобасының атауы)

      Жобаның әзірлеушісі__________________________________________________

1

Қоғамдық талқылау:
– оларды өткізу туралы хабардар ету күнін, қоғамдық талқылауды бастау күнін көрсетіңіз


2

Қоғамдық талқылауды өткізу тәсілі (форумдар, кеңестер, пікіртерім және басқасы арқылы онлайн талқылау).
Кеңестер, дөңгелек үстелдер, форумдар, пікіртерім және басқа түрінде іс-шаралар өткізу кезінде өткізу күнін және қатысушылар санын көрсету қажет.


3

Талқылауды кім жүргізді (барлық ұйымдарды, оның ішінде мемлекеттік органдарды, қауымдастықтарды, кәсіпкерлерді, қоғамдық бірлестіктерді және басқасын көрсету қажет)


4

Алынған түсіндірмелер, ескертулер мен ұсыныстар

Әрбір позиция бойынша реттеуші мемлекеттік органның/әзірлеуші органның тиісті шешімі бар комментарийлер, ескертулер және ұсыныстар кестесін, интернет-ресурстағы қоғамдық талқылау хаттамасын немесе қорытындыны қоса беру қажет.

 
  Реттегіш құралдардың
реттеушілік әсерін талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Талаптарды қайта қарау жоспарына енгізу жөніндегі ұсыныстар

№ р/н

Талаптың атауы

Нормативтiк құқықтық актінің құрылымдық элементіне сілтеме

РӘТ қағидаларының* 10-тармағына сәйкес өлшемшарттар

Негіздеме

Ескертпе











































      * Ескерту: РӘТ қағидалары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары

  Реттегіш құралдардың
реттеушілік әсерін талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік органдардың қолданыстағы реттегіш құралдарын қайта қарау жоспары

№ р/н

Талаптың атауы

Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементіне сілтеме

РӘТ қағидаларының* 10 тармағына сәйкес өлшемшарттар

Жауапты құрылымдық бөлімше

Уәкілетті органға РӘТ рәсімінің нәтижелерін енгізу мерзімдері

Негіздеме


















































      * Ескерту: РӘТ қағидалары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары

  Реттегіш құралдардың
реттеушілік әсерін талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қолданыстағы/енгізілген реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін қайта қарауды талдаудың талдамалық нысаны

      __________________________________________________________________________

      (талаптың/реттегіш құралдың атауы)

      Нормативтік құқықтық актінің атауы ________________________________________

      Әзірлеуші_________________________________________________

1-ҚАДАМ: Реттеу проблемалары мен мақсаттарын айқындау

1.

Реттегіш құрал қандай проблеманы шешетінін сипаттаңыз


2.

Қолданыстағы реттеулер үшін – бұл реттеуді қолданысқа енгізгеннен кейін проблеманы өзгерту ауқымын көрсететін деректер бар ма?

Жоқ ___
Иә ___ (сипаттаныз және оның шамасын көрсетініз)

Мәлімделген индикаторлар

Нақты



 
* мәлімделген индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда талапты қатаңдату немесе реттегіш құралды өзгерту талап етіледі, Реттегіш құралдардын реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидарларына 1-қосымшаға сәйкес реттеуші талдамалық нысанды толтырады

3.

Нысаналы топ


4.

Қолданыстағы реттеулер үшін – реттеудің қандай мақсаты көрсетілген ?


2-ҚАДАМ: Баламалар

Қарауға жоспарланатын баламаларды айқындау (бар нұсқаларды және сіз қарайтын және және талдайтын баламалы тәсілдерді белгілеңіз – кемінде 3 баламалы тәсілді таңдау қажет, біріктіруге болады. Баламаларды айқындау үшін төменде ұсынылған ықтимал нұсқалар тізімін пайдаланыңыз.
1. Қолданыстағы реттеу (1 балама ретінде таңдалады)
2. Ақпараттық науқан
3. Салықтардың, субсидиялардың өзгеруі, мемлекеттік сатып алу, квоталармен сауда жасау, басқа нарықтық тетіктер
4. Жауапкершілікті міндетті сақтандыру
5. Міндетті таңбалау
6. Міндетті есептілік
7. Декларациялау, хабарландыру
8. Қызмет қағидалары және олардың орындалуын тексеру (рұқсат беру құжаттарынсыз)
9. Рұқсат беру құралдары
10. Тыйым салулар
11. Мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларын енгізу
12. Мемлекеттік реттеу (міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді қайта қарау шеңберінде таңдалады)
13. Басқасы (талдамалық нысанды әзірлеушінің таңдауымен)

2.

Қолданыстағы реттеуді сипаттау –қолданыстағы реттеудің баламалары сипатталады

1 балама

2 балама

3 – ҚАДАМ: Баламалардың әсерін анықтау

3.1. Экономикалық жүйеге әсер ету
Экономикалық жүйенің мынадай элементтерін ескере отырып, жалпы экономикалық жүйеге әсер етуі кезінде әр баламаның пайдасы мен шығысыларын еркін нысанда сипаттаңыз:
1. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалуына, сондай-ақ халықаралық сауда мен халықаралық инвестициялық ағындарға әсері.
2. Экономикалық өсудің жалпы салдарлары.
3. Жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарына ықпалы.



Пайдалар

Шығасылар


1 балама




2 балама



3.2. Бизнеске әсер ету
Төмендегілерді міндетті түрде ескере отырып әр баламаның бизнеске әсер етуі кезінде пайдасы мен шығасыларының сипаттамасын ерікті нысанда келтіріңіз:
1. Кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне, оның ішінде инновациялар мен дамуына ықпалдары (өзін-өзі реттеуді енгізу кезінде бизнеске кіруде ықтимал қиындықтарды бағалау қажет).
2. Кәсіпорындардың табыстылығы мен тұрақтылығына ықпалдары.
3. Кәсіпорын мөлшеріне байланысты шығасылардың салыстырмалы ықпалы (шығасылардың салыстырмалы ықпалы ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын кәсіпорындар үшін жоғары болып табыла ма?).
1б-нысанына сәйкес бизнес үшін шығасыларды жеке монеталандырыңыз және есептеңіз



Пайдалар

Шығасылар


1 балама




1б-нысаны бойынша бизнес үшін шығасылар




2 балама




1б-нысаны бойынша бизнес үшін шығасылар



3.3 Мемлекеттік билік органдарына және жалпы қоғамға әсер ету
Міндетті түрде мыналарды есепке ала отырып, еркін нысанда әр баламаның мемлекеттік билік органдарына және жалпы қоғамға әсер етуі кезінде пайдасы мен шығасыларын сипаттаңыз
1. Халық денсаулығына және қауіпсіздігіне (экономикалықты қоса алғанда) ықпалы.
2. Экономикалық қылмысты қоса алғанда, қылмысқа ықпалы.
3. Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін.
4. Экологияға ықпалы.
5. Тұтынушылық таңдаудың өзгеруі.
6. Бөлшек бағалардың өзгеруі.
7. Тұтынушылардың хабардар болуына және оларды қорғауға ықпалы.
1в-нысанына сәйкес реттеуді әкімшілендіруге шығасыларды жеке монеталандырыңыз және есептеңіз


Пайдалар

Шығасылар


1 балама



1в-нысаны бойынша әкімшілендіруге арналған шығасылар




2 балама



1в-нысаны бойынша әкімшілендіруге арналған шығасылар



4 – ҚАДАМ: Баламалардың тиімділігін бағалау

Тиімділік бойынша рейтинг

Пайдалар (қорытынды)

Шығасылар (қорытынды)

1 – балама



2 – балама



Ықтимал тәуекелдер мен іске асыру тетігін айқындай отырып, ең жақсы баламаны (алдыңғы екі кестелердің деректерін салыстыру негізінде жүргізіледі) таңдау
5-ҚАДАМ: Бағалау индикаторы

1

Реттеу тиімділігінің цифрлық және сапалық көрсеткіштері



2

Индикаторларды өлшеудің ұсынылатын кезеңділігі



      *1– балды беру балама дұрыс таңдалмаған және оны мүлдем қарап керегі жоқ екенін білдіреді

      Қолы _________ күні "___" ________201__ж.

1б-нысан Бизнеске арналған шығасыларды есептеу (монеталандыру)

      Баламаны пайдалану қандай реттегіш іс-қимылды болжайды?


Иә

Жоқ

Өндіріс құралдарына, үй-жайларды, зертханаларды өзгертуге, персоналды оқытуға инвестициялар, өзге қажетті әкімшілік емес шығасылар



Тәуелсіз сараптамалар, бағалау, қорытындылар жасау үшін үшінші тұлғаларды пайдалану қажеттігі



Мемлекетке мерзімді есептілік (немесе есептілікті ұлғайту)



Мамандандырылған мемлекеттік тексерулер субъектісі болу (немесе қазіргі тексерулер мен санкциялар режимін қатаңдату)



Мемлекеттік органдардан анықтамалар мен рұқсаттар алу



Өзге (айқындау)



      Реттеу субъектісінің бір орташа статистикалық кәсіпорнына арналған шығасыларды есептеу

1-кесте

Бір реттік инвестициялар

Техникалық қызмет көрсетуге, ұстауға арналған шығыстары (бір жылда)

Жиыны

Өндіріс құралдарына, үй-жайларды, зертханаларды өзгертуге, персоналды оқытуға инвестициялар




5 жылдағы шығыстар

Х











2-кесте

Сараптама мен қорытындыға арналған шығыстар

Үшінші тұлғалардың мерзімді қызмет көрсетуі (бір жылына)

Жиыны

Тәуелсіз сараптамалар, бағалау, қорытындылар жасау үшін үшінші тұлғаларды пайдалану қажеттігі



Х

5 жылдағы шығыстар












3-кесте

Мемлекеттік баждар

Бір жылдағы жұмыс уақыты шығындарының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Мемлекетке мерзімді есептілік



Х

5 жылдағы шығыстар








4-кесте

Тексерушілермен жұмысқа жұмсалған жұмыс уақыты шығындарының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Ықтимал айыппұл санкциялары (айыппұл бағасы оның салыну ықтималдылығына көбейтіледі)

Жиыны

Мемлекеттік тексерулер (баламасы бойынша мамандандырылған)



Х

5 жылдағы шығыстар












5-кесте

Мемлекеттік баждар, құжаттар үшін басқа да тікелей төлемдер

Оларды алуға бір жылдағы жұмсалған жұмыс уақыты шығынының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Рұқсаттарды, өзге мемлекеттік құжаттарды алу




5 жылдағы шығыстар



Х

      1-5-кестелердің деректері ("Жиыны" деген бағандағы 5 жылдағы шығыстар) осылады___теңге

      Осы шама бұл баламаның субъектілері болып табылатын кәсіпорындар санына (кәсіпкерлік субъектілеріне) көбейтіледі _________теңге

1в-нысаны Мемлекеттік органдар үшін әкімшілік реттеуге жұмсалатыншығасыларды есептеу (монеталандыру)

      Баламаны пайдалану қандай іс-қимылды болжайды?

      Егер балама бірнеше мемлекеттік органның жұмысын болжаса, 1-кесте олардың әрқайсысы бойынша мемлекеттік органды көрсете отырып, жеке толтырылады

1-кесте

Бір жылдағы жұмыс уақыты шығынының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Есептілікті алу және талдау



Тексеру жүргізу



Рұқсаттар беру



Өзге бақылау нысандары (айқындау)



5 жылдағы жиыны



      Балама жаңа мемлекеттік органды не жұмыс істеп тұрған органның жаңа құрылымдық бөлімшесін құруды болжай ма? Иә ____ Жоқ ___

      Ия болса – жаңа органның немесе құрылымдық бөлімшенің толық жоспарланатын жылдық бюджетін айқындаңыз ____ х5 = _____

  Реттегіш құралдардың
реттеушілік әсерін талдауды
өткізу және пайдалану
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін сақтау туралы қорытынды

      ____________________________________________________жобасы шеңберінде

      (құжат жобасының атауы)

      Жобаны әзірлеуші ____________________________________________________

      Талап/реттеу_________________________________________________________

      (енгізілетін немесе қайта қаралатын талап/реттеу)


Уәкілетті орган толтырады

Жалпы бағалау параметрлері

1

РӘТ-тің қоғамдық талқылауы өткізілді

Жоқ ___
Иә ___, "___" _________201__ж.

2

РӘТ әзірлеуде бір немесе бірнеше стандартты қадамдар жоқ

Жоқ___
Иә ___
(қадамдар көрсетіледі)

3

Бір немесе бірнеше орындалған қадамдарда тиімді мәннің болмауы

Жоқ ___
Иә ___
Комментарий

4

Бастапқы деректер немесе олардың мәлімет көздеріне сілтемелер жоқ

Жоқ ___
Иә ___
(реттеушілік әсерін талдаудын қадамдары мен бөліктері көрсетіледі)

РӘТ бөліктерін бағалау

5

Проблема және оның болу себептері анықталған ба?

Жоқ ___
Иә ___
Комментарий

6

Проблеманың болу фактісін растайтын және оның ауқымын көрсететін деректер ұсынылған ба?

Жоқ ___
Иә ___
Комментарий

7

Реттеу мақсаты барабар тұжырымдалған ба? Ол проблеманың анықтамасына сәйкес келе ме?

Жоқ ___
Иә ___
Комментарий

8

Деректердің жоспарлы өзгеруі және аталған өзгерістердің уақыт шеңберлері үсынылған ба ?

Жоқ ___
Иә ___
Комментарий

9

Баламалар анықталған ба ?

Жоқ ___
Иә ___

10

Баламаларға таныстырылым және олардың әсеріне талдау жүргізілген бе?

Жоқ ___
Иә ___
Сапа комментарийі

11

Ұсынылған баламалар рейтингісін талдау

Жоқ ___
Иә ___
Сапа комментарийі

12

Мәлімделген реттегіш құралды бағалау индикаторлары анықталған ба ?

Жоқ ___
Иә ___
Сапа комментарийі

13

Индикаторларды өлшеудің ұсынылатын кезеңділігі

Жоқ ___
Иә ___
Комментарий

14

Балама РӘТ жүргізу мерзімі

15 немесе 30 жұмыс күні
(қажеттінің астын сызыңыз)

15

Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжат жобасының болуы

Жоқ ___
Иә ___
Комментарий

16

Басқа комментарийлер


      Қорытынды:

      Қолы_____________ күні "___"__________201__ж.