Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 желтоқсанда № 12511 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс көзделген – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 951 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1 тармағының 41-32) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4 Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 16 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Е. Досаев

      2015 жылғы 26 қараша



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 1024 бұйрығымен
бекітілген

Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – осы Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-32) тармақшасына сәйкес әзірленді және авиациялық жұмыстарға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік (бұдан әрі – куәлік) – авиациялық жұмыстарға рұқсат беруді куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен берілген құжат;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.

      3. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беруді (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген) бекітілген азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарына пайдаланушы сәйкес болған жағдайда уәкілетті орган жүзеге асырады.

      4. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат алуға өтінімнің жалпы қарау мерзімі өтініш берушінің оны берген сәтінен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      5. Бастапқы және кезекті сертификаттау кезінде, куәлік мерзімсіз болып табылатын жеңіл және аса жеңіл авиация пайдаланушыларын қоспағанда, олар үшін мерзімсіз болып табылатын куәлік үш жыл мерзімге беріледі.

      Куәлік басқа тұлғаға берілуге жатпайды.

      6. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалған тәртіпте және мөлшерде алым алынады.

2-тарау. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру тәртібі
1-параграф. Өтінім мен құжаттарды беру

      7. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға бастапқы рұқсатты алу үшін, өтініш беруші ұшуды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 45 (қырық бес) жұмыс күн бұрын және осы Қағидалардың 2-қосымшасына (бұдан әрі - өтінім) сәйкес Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат алуға өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесіне сәйкес талап етілген құжаттардың топтамасы бар осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жүгінеді.

      8. Авиациялық жұмыстарға кезекті рұқсат алу үшін пайдаланушы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 45 (қырық бес) жұмыс күнінен кем емес осы Қағидаларға жоғарыда көрсетілген қосымшаларға сәйкес құжаттармен өтінімді береді.

2-параграф. Құжаттаманы тексеру және шешім қабылдау

      9. Уәкілетті орган өтінім беруші ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың сәйкестігіне 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды.

      10. Қарау қорытындылары бойынша:

      өтінімге қоса берілген құжаттар осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарының талаптарына сәйкес болған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан түрінде өтінім бойынша сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      өтінімге қоса берілген құжаттар осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарының талаптарына сәйкессіздік болған жағдайда, қайтару себептері көрсетіліп, өтінім мен құжаттар қайтаруға жатады.

3-параграф. Сертификаттық зерттеп-қарау

      11. Өтінім мен құжаттар сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган 4 (төрт) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу үшін комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады, оның құрамына функцияларына ұшуды пайдалану, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы, авиациялық қауіпсіздігі және авиациялық персоналға куәліктер беруді ұйымдастыру және медицина бойынша мәселелері жататын мемлекеттік авиация инспекторлары кіреді.

      12. Комиссия 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде, уәкілетті орган мемлекеттік авиация инспекторлары үшін әзірлеген нұсқаушы материалды пайдалана отырып, пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарына қойылатын сертификаттау талаптарының сәйкестігіне сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.

      13. Ұшуды және жердегі қызметтерді тексеріп қарау қойылған міндеттерді шешу үшін авиация персоналының, жердегі құралдардың және жабдықтардың әзірлік дәрежесінің сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

      14. Сертификаттық зерттеп-қараудың нәтижелері бойынша өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйі, ұсынымдары және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкіндігі жоқ) туралы қорытындылары көрсетіле отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша сертификаттық тексеру актісі екі данада жасалады. Актіге Комиссияның мүшелері қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге беріледі.

      15. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер үш санатқа бөлінеді:

      1) 1-санат – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;

      2) 2-санат – уәкілетті органмен келісілген мерзімде оларды жойған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;

      3) 3-санат – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер.

      1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.

      Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде 2 сертификаттау талаптарына пайдаланушы сәйкессіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган анықталған сәйкессіздікті жою үшін, ол анықталған сәттен бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді.

      Өтініш беруші актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күндік мерзімде оларды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын (бұдан әрі – жоспар) ұсынады. Өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.

      Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өтініш беруші өзгерту қажеттігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда оны уәкілетті орган ұзартады.

      16. Уәкілетті орган өтініш берушінің түзету тексеру өткізу жолымен жоспарда белгіленген мерзімдерде іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) орындауын бақылайды.

      Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады уәкілетті орган авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тартады.

      17. 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.

      3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган куәлік беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен куәліктің қолданысын шектейді.

4-параграф. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру,
(рұқсат беруден бас тарту)

      18. Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күнді мерзімінде сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша:

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, егерде оңды шешімге келсе, куәлікті ресімдеуді және беруді жүргізеді;

      дәлелден бас тарту туралы теріс шешімді өтініш берушіге жібереді.

      19. Авиациялық жұмыстарға рұқсат беруден бас тарту негіздері:

      1) өтініш берушінің пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес тігін белгілеу;

      2) өтініш берушіге қатысты қызметке немесе белгілі бір қызметті алуды талап ететін қызметтің жеке түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешімі (үкімі) болуы;

      3) өтініш берушіге қатысты осы қызмет түрлерін көрсетуге тыйым салатын соттың шешімі болуы;

      4) осы Қағидалардың 17-тармағымен көзделген сәйкессіздіктер анықталуы болып табылды.

3-тарау. Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған
куәліктің қолданылуын тоқтата тұру тәртібі

      20. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Заңның 16-3-бабының ережелеріне сәйкес, сондай-ақ:

      1) сертификаттау талаптарын орындамаған;

      2) міндетті сақтандыру түрлері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етпеген;

      3) инспекциялық тексеру кезінде, оның ішінде шет мемлекеттерде тексеру кезінде белгілі болған ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайларда;

      4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда куәліктің қолданылуын толық немесе жартылай шектейді, тоқтата тұрады.

      21. Осы Қағидалардың 23-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті орган пайдаланушының анықталған бұзушылықтарды жою сәтіне дейін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсаттамасының қолданылуын тоқтата тұрады.

      Егер пайдаланушы жоспармен белгіленген мерзімде пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсаттамасының қолданылуын тоқтата тұруға әкелген бұзушылықтарды жоймаса, уәкілетті орган пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсаттаманы қайтарып алады. Пайдаланушыны куәлік қайтарып алу кезінде пайдаланушы уәкілетті органға куәлік қайтарып алу туралы хабарламаны алған сәттен бастап куәліктің түпнұсқасын 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Куәлік, оның қолданысын тоқтата тұру жағдайда, қолданылуын қайта қалпына келтіруді, уәкілетті орган, пайдаланушының белгіленген мерзімдерде жоспарды орындау және тексеру жүргізгеннен кейін жүзеге асырады.

      22. Куәліктің қолданысын қалпына келтіру немесе қалпына келтіруден бас тарту жөніндегі шешімді уәкілетті орган тексеру аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні мерзімінде пайдаланушыға жазбаша нысанда хабарлайды.

      23 Куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарылып алынған жағдайда уәкілетті орган қабылданған шешім туралы 3 (үш) жұмыс күні ішінде пайдаланушыны және әуе қозғалысына қызмет көрсету органын хабардар етеді.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      24. Куәлікке өзгерістер:

      1) пайдаланушының өтінімі бойынша;

      2) пайдаланушыға жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның шешімі бойынша енгізіледі.

      25. Пайдаланушының атауы, оның мәртебесі, ведомстволық тиесілілігі өзгерген жағдайда, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерге әкелсе, куәлікке және пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер енгізу мерзімі өтінім берілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      26. Пайдаланушы пайдаланған бір үлгідегі әуе кемелерін меншікке, экипажсыз жалға алған жағдайда, пайдаланушы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құжаттары бар өтінімді уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган өтініш қабылдаған сәттен бастап, 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және куәліктің пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      27. Пайдаланушы бұрын өзі пайдаланбаған басқа үлгідегі әуе кемелерін меншікке, экипажсыз жалға алған жағдайда, пайдаланушы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құжаттары бар өтінімді уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган өтініш қабылдаған күннен бастап, 30 (отыз) жұмыс күні ішінде:

      1) ұсынылған құжаттарды қарайды;

      2) пайдаланушының өзгерістер енгізілуіне байланысты бөлімдеріне тексеруді жүргізеді, оның нәтижелері бойынша куәлікке пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

  Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

      Уәкілетті орган басшысына
Өтініш берушінің ЖСН/БСН: _______
Өтініш беруші заңды тұлғаның
немесе жеке тұлғаның банктік
деректемелері: __________________
Өтініш беруші – заңды тұлғаның
орналасқан жері (мекенжайы)
немесе өтініш беруші – жеке тұлғаның
тұрғылықты жері: _______________
Байланыс телефондары/факсы/
электрондық поштасының
мекенжайы,
АФТН коды: ________________

Пайдаланушының авиациялық жұмыстарға рұқсат алуға өтінімі бастапқы рұқсат беру/кезекті беру
(қажеттінің астын сызу)

      1. ________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      ___________________________ Әуе кемелерінің негізгі орны әуеайлақтарында (алаңында) авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беруді сұраймын.

      2. Мәлімделген авиациялық жұмыс түрлері: ____________________________________

      3. Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде ұшу өңірлері:

      __________________________________________________________________________

      4. Жоспарланған ұшуды бастау күні: __________________________________________

      5. Басқарушы персонал

Лауазымы

Тегі аты әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)., туған жылы, телефоны

Тағайындау туралы бұйрық

Білімі

Маманның сертификаттары (куәліктері)






      6. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы

Лауазымы

Т.А.Ә. туған жылы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі (медициналық қорытынды)

Жалпы ұшу

Ұшуды және авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру







      7. Инженерлік-техникалық персонал

Лауазымы

Т.А.Ә.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі

Жалпы жұмыс өтілі

Жұмыстарды орындауға рұқсат беру







      8. Әуе кемелері

ӘК типі және борттық нөмірі

Ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылу мерзімі

Мемлекет, қала және орналасу әуежайы

Шарт түрі, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі





      9. Өтініш беруші:

      сертификаттау рәсімдерін орындауға;

      сертификаттық талаптарға жауап беруге;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұшудың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік беруге міндеттенеді.

      __________________________________________________________________________

      Өтініш беруші (Т.А.Ә., қолы)

      М.О. (бар болса)

  Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша

Пайдаланушыға авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған рұқсат алуға
өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі

      1. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжат.

      2. Пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған қызметтің сертификаттық талаптарға, Пайдаланушыны нұсқауының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі.

      3. Өтініш беруші жарғысының және құрылтай шартының көшірмесі.

      4. Өтініш берушінің ақпараты, ол мынаны қамтиды:

      өтініш беруші қызметінің негізгі орны;

      болжамды ұшу түрлері;

      ұшу жұмысын ұйымдастыру;

      ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі;

      ұшуды қамтамасыз ету;

      ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзірлігі;

      техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігі;

      әуе кемелерінің әзірлігі.

      5. Ұйымдық басқару құрылымы және лауазымын, Т.А.Ә., білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін көрсете отырып, жауапты тұлғалар.

      6. Мынадай қызметтер басшыларының немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:

      ұшу пайдалану;

      ұшу қауіпсіздігі;

      ұшуға жарамдылықты қолдау;

      сапаны бақылау;

      авиациялық қауіпсіздік;

      персоналды даярлау;

      ең жоғары сертификатталған ұшу массасы 5700 килограмм және одан кем болатын әуе кемелерінің пайдаланушысы үшін:

      ұшу пайдалану;

      ұшу қауіпсіздігі;

      ұшуға жарамдылықты қолдау;

      авиациялық қауіпсіздік.

      7. Авиациялық персонал жөніндегі ақпарат.

      8. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау.

      9. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы.

      10. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент).

      11. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерінің көшірмелері.

      12. Пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы.

      13. Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;

      14. Жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тізбесі.

      15. Сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдауға жасалған шарттардың тізбесі.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

  Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу туралы өтінім бойынша шешім
20__ ж. "___" __________ № _____ Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат алуға ____________________________________________________________________ (өтінім берушінің атауы)

      өтінімін қарап, сіздер ұсынған құжаттар Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына сәйкес келетінін хабарлаймыз.

      Сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу туралы хабардар етеміз.

МО

Уәкілетті органның,

не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға

________________ _________________

(Т.А.Ә.) (қолы)

  Пайдаланушыны авиациялық
  жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Сертификаттық тексеру актісі __________________________ 20__ жылғы "___" _______ № _________
(уәкілетті органның атауы)

      бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
      Төраға: ________________________________________________________________________
      (Т.А.Ә., лауазымы)
      Комиссия мүшелері: _____________________________________________________________
      (Т.А.Ә., лауазымы)
      ________________________________________________________________________________
      (Т.А.Ә., лауазымы)
      ________________________________________________________________________________
      (Т.А.Ә., лауазымы)
      _________________________________________________________________ өтініш берушінің
      (заңды тұлғаның атауы)
      Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарға және Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына сәйкестігіне сертификаттау жүргізді.
      Қорытынды мәтіні _______________________________________________________________
      Төраға: __________________________________________________________ ______________
      (Т.А.Ә.) (қолы)
      Комиссия мүшелері ________________________________________________ ______________
      (Т.А.Ә.) (қолы)
      _________________________________________________________________ ______________
      (Т.А.Ә.) (қолы)
      Актімен таныстым:
      Жауапты тұлға: _________________________________________ ________________________
      (Т.А.Ә.) (қолы)

  Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
_____________________________________________________
Уәкілетті органның атауы
Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік
№ KАZ – 02/001

Қолданылу мерзімінің аяқталу күні:

Пайдаланушының атауы
____________________
Пайдаланушының мекенжайы:
Телефоны:
Факс:
E-mail:

Пайдаланушымен жедел байланыс
Байланыс ақпараты:

      Осы куәлік пайдаланушыға _______________________________________

      (пайдаланушының атауы)

      қоса беріліп отырған пайдалану ерекшеліктерінде белгіленгендей, Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына және ұшуды жүргізу нұсқауына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беретіндігін куәландырады.

      Инспекциялық бақылауды ________________________ жүзеге асырады.

      (уәкілетті органның атауы)

МО

Уәкілетті органның басшысы не
ол уәкілеттік берген адам
____________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
 

     
      Берілген күні: 20__ ж. "___" ___________

Уәкілетті орган
______________________________________________________________
(пайдаланушының атауы № __куәлігі)
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері) А бөлігі - Жалпы ережелер

      1. Осы пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 20__ жылғы _____ № _______ бұйрығымен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына сәйкес беріледі.

      2. Пайдаланушы ұшуды орындауға дайын.

      3. Пайдаланушыға мынадай дайындаушылар мен модельдердегі әуе кемелерін авиациялық жұмыстарды орындау үшін пайдалануға рұқсат беріледі:

Дайындаушылар

Моделі

Ең жоғары жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы

1

2

3




      1-бағанда әуе кемесін дайындаушы зауыт көрсетіледі;

      2-бағанда әуе кемесінің типі және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      3-бағанда – тоннадағы немесе килограммдағы көрсеткіші және жолаушылар орындарының саны көрсетіледі.

      _________________________________________ ___________ _________

      (уәкілетті органның басшысы, (қолы) (Т.А.Ә.)

      не ол уәкілеттік берген адам)

      МО

      Берілген күні 20__ ж. "___" __________

Уәкілетті орган
______________________________________________________________
(пайдаланушының атауы № __куәлігі)
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері) В бөлігі – Авиациялық жұмыстарды орындау бойынша
рұқсаттар мен шектеулер

      Пайдаланушының "_____" әуе кемелері Қазақстан Республикасының (уағдаласушы мемлекеттер) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері мен ұшу қағидаларына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға дайын.

      Ұшуға:

      Қазақстан Республикасы аумағы шегінде

      Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде (өңірлер) рұқсат етілді.

Әуе кемесінің типі

Авиациялық жұмыс түрлері

Ұшу түрлері (ВҰҚ, ВҰАҚ, АҰҚ)

Тәулік уақыты













      ___________________________________________________________ ___________ _________

      (уәкілетті органның басшысы (қолы) (Т.А.Ә.)

      не ол уәкілеттік берген адам)

      МО

      Берілген күні 20__ ж. "___" __________

  Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
  Уәкілетті органның лауазымды
тұлғасына

Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің пайдалану
ерекшеліктеріне өзгерістер мен (немесе)
толықтырулар енгізуге арналған
өтінім

      ____________________________________________________________________
      (өтініш берушінің толық атауы)
      ____________________________________________________________________
      (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің пайдалану ерекшеліктері, дәлелді құжаттамаға (өзгерістер мен (немесе) толықтырулар)
      өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді сұраймын,
      ұшуды бастаудың жоспарланған күні: ___________________________________
      ____________________________________________________________________
      (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде авиациялық жұмыстарды орындауға арналған қолданыстағы куәліктің аяқталу мерзімі, сондай-ақ жаңа пайдалану жағдайларында ұшуды бастаудың жоспарланған күні көрсетіледі).
      Басшы ___________________________
      (лауазымы/қолы/күні)
      М.О. (бар болса)

Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке
өзгерістер енгізуге арналған құжаттар
тізбесі

      1. Әуе кемесін авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке енгізу кезінде өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтінім;

      2) әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      3) ұшуға жарамдылық сертификатының көшірмесі, радиостанцияға арналған рұқсат (лицензия), әуе кемесі тұрған жердегі шу бойынша сертификат;

      4) ұшуға жарамдылықты ұстау туралы мәліметтер;

      5) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету туралы мәліметтер;

      6) ұшу және техникалық құрам туралы мәліметтер;

      7) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының қызметкерлерінің алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерінің көшірмелері;

      8) ұшуды орындау жөніндегі нұсқауға, техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауына, техникалық қызмет көрсету бағдарламасына, ең аз жабдықтардың тізбесіне (MEL) тиісті өзгерістер мен толықтырулар.

      2. Экипажсыз жалға алынған әуе кемесінің авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлігіне енгізу үшін құжаттар тізбесі.

      Өтініш беруші экипажсыз әуе кемесін жалға алған кезде, осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:

      1) әуе кемесінің типі, моделі және сериялық нөмірі туралы мәліметтер;

      2) әуе кемесі иесінің тегі (атауы) және мекенжайы;

      3) тіркелген мемлекеті, ұлттық және тіркеу белгілері туралы мәліметтер;

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы шешімнің көшірмесі (басқа мемлекетте тіркелген әуе кемесін жалға алған жағдайда);

      5) әуе кемесінің пайдалану бойынша бақылауға, техникалық қызмет көрсетуге және ұшу жарамдылығын сақтауға жауапты тараптар, сондай-ақ жалға алу мерзімі көрсетілген әуе кемесін экипажсыз жалға алу туралы шарттың көшірмесі;

      6) ұшу орындалатын аудандар.

      3. Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

      4. Әуе кемелерін пайдалану тоқтатылған жағдайда, пайдаланушы бұл туралы уәкілетті органды дереу хабардар етеді, бұл аталған әуе кемелерін авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктен алып тастауға негіз болып табылады.