Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 688 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 желтоқсанда № 12510 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 70-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қағидалардың 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 56789 және 10 тармақтарын қоспағанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 688 бұйрығымен   
бекітілген       

Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін
жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр
қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті
сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап
тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-19) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидалар жылыту мезгілінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын барлық жылу электр орталықтарында аралас өндіру принципі бойынша қолдануға арналады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) жылу электр орталығы (бұдан әрі – ЖЭО) – электр энергиясын өндіріп қана қоймай, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясының көзі болып табылатын жылу электр станциясының бір түрі (бу және ыстық су түрінде, соның ішінде ыстық сумен жабдықтау және тұрғын және өнеркәсіптік объектілерді жылытумен қамтамасыз ету үшін);
      2) ЖЭО-ның технологиялық минимумі – персонал, жабдық, тұтынушы және қоршаған орта үшін электр станцияның қауіпсіз жұмыс шарттарын қамтамасыз ететін жекеменшік жабдығының ЖЭО-ның жылу қуатының берілген деңгейінде техникалық минимумды қамтитын минималды электр қуаты;
      3) жылу қуаты – уақыт бірлігінде жылу желісі бойынша берілуі және (немесе) өндірілуі мүмкін болатын жылу энергиясының көлемі;
      4) аралас өндіру – жылуы тұтынушыларды жылумен жабдықтау үшін қолданылған, толығымен турбиналы агрегатта өнделген будың арқасында алынған аралас (жылыту) циклы бойынша өндірілген электр энергиясы;
      5) режимдердің диаграммасы – қажетті жылу қуатының мөлшерін қамтамасыз еткен кезде мәжбүр электр қуатының мөлшерін растайтын құжат;
      6) циркуляция – жылу электр орталығының контурының жылу желісінің тікелей және қосымша су жаппай жұмсау мөлшерлерінің айырмасы;
      7) қосымша суландыру – жылу желісінің шығындарын толықтыру үшін судың жаппай жұмсалу көлемі, сондай-ақ ыстық сумен қамтамасыз ету;
      8) электр қуаты – электр желісіне жылу электр орталықтарының генерациялық қондырғыларымен (қондырғылар тобы) берілетін жиынтық активті қуаты.

2. Бірыңғай сатып алушы құрамына ЖЭО кіретін жұмыс істеп тұрған
энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін
ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы
шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау тәртібі

      5. Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар (бұдан әрі – шарттар көлемі) үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі ЖЭО берілген технологиялық минимумдардың мәндерінің қосындысы аталған энергия өндіруші кәсіпорын жеке тұтынатын электр қуатының тиісті жылға ең жоғарғы және құрамына ЖЭО (олармен берілген жылу жүктемесі көлемінде) кіретін энергия өндіруші кәсіпорындар генерациялық қондырғылардың тиісті жылға ең аз электр қуатының мәніне ең жоғарғы жоспарлық айырмасы сияқты анықталады.
      Құрамына ЖЭО (олармен берілген жылу жүктемесі көлемінде) кіретін энергия өндіруші кәсіпорындар тиісті жылға ең аз электр қуатының мәніне ең жоғарғы жоспары осы ЖЭО электр қуатының ең аз технологиялық жиынтық мәнімен анықталады.
      6. ЖЭО электр қуатының технологиялық минимумының мәні келесі формулаға сәйкес анықталады:

      мұндағы:
       – ЖЭО электр қуатының технологиялық минимумының мәні;
       – ЖЭО электр қуатының турбиналық агрегаттың технологиялық минимумының мәні.
      7. Шарттар мәні есепті жылдың әрбір айы үшін анықталады.
      8. Жылу кезеңін өту кезеңіндегі тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуді қамтамасыз етуге тартылған: өндірілген таңдаулары немесе жылуы бар ЖЭО турбаоагрегаттары үшін ғана анықталатын электр қуатының технологиялық ең аз мәні.
      Қажетті жылу қуатының мөлшері өткен жылыту маусымының сыртқы ауаның ен суық бескүндіктің орташа температурасына сүйене отырып (энергия өндіруші немесе «Казгидромет» РМК береді), өткен жылыту маусымының бекітілген температуралық графикқа сәйкес айналма және қосымша суландыру көлемі бойынша анықталады (энергия өндіруші ұйыммен, немесе жергілікті атқарушы органмен беріледі):
      Әр турбиналық агрегатқа қажет жылу қуатының есептік мәні келесі формулаға сәйкес анықталады:

      мұндағы:
       – әр турбиналық агрегатқа қажет жылу қуатының есептік мәні (Гкал/ч);
       – жылыту маусымы өтетін мерзімде тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге қосылған жылыту немесе өндірістік іріктеу бар турбиналық агрегаттар саны (дана);
      9. Қажетті жылу қуатының мәнін есептеу:
      1) ең суық далалық ауының өтіп кеткен жылу кезеңі (энергия өндіруші кәсіпорындармен ұсынылады) орташаландырылған температурасынан шыққан бекітілген өтіп кеткен жылу кезеңі температуралық кестесіе сәйкес (энергия өндіруші кәсіпорындармен ұсынылады) суландыру және циркуляциялар мәні бойынша анықталатын ЖЭО жылу қуатының қажетті мәні:

      мұндағы:
       – қажетті жылу қуатын есептеу мәні (Гкал/сағ);
       – жылуды суландыру демалысын мәнін есептеу (Гкал/сағ);
       – қайтқан судан жылу демалысы мәнін есептеу (Гкал/сағ);
      2) қайтқан судан жылу демалысы мәнін есептеу формулаға сәйкес анықталады:

      мұндағы:
       - температуралық кесте бойынша циркуляциялық су көлемі (т/ч);
       - температуралық кесте бойынша суландыру мәні (т/ч);
       - өткен жылу кезеңі ең жоғарғы дала суығының бес күндігі орташа температурасына сәйкес температуралық кесте бойынша (т/ч) тіке судың температурасы;
       - өткен жылу кезеңі ең жоғарғы дала суығының бес күндігі орташа температурасына сәйкес температуралық кесте бойынша (т/ч) қайтатын судың температурасы;
       - ерекше су жылу көлемі 4,2 кДж/кг*К тең;
      3) суландыру жылуы демалысын есептеу формулаға сәйкес анықталады:

      мұндағы:
       – жылуды суландыру демалысының мәні;
       - ең суық бескүндік бастапқы шикі суы.
      10. Жылу электр орталығының қажетті жылу қуатының мөлшері турбиналық агрегаттардың жылу қуаттарының физикалық жиынтық көлемінен асқан жағдайда электр қуатының технологиялық минимумының мәні алдыңғы жылыту маусымы үшін электр қуатының нақты максималды мәні бойынша анықталуы тиіс.