«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оларды түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10459 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оларды түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – субъекті) инвестициялық бағдарламасы (жобасы) Қазақстан Республикасы дамуының басымдықтарын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, тиісті кезеңге жүйелерді қалпына келтірудің, реконструкциялаудың, жаңғыртудың салалық немесе жергілікті бағдарламалардың бекітілген көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізу үшін әзірленеді және энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға, жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Инвестициялық бағдарламада (жобада) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды олар табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және олардың шекті деңгейлерінің өсуіне алып келмеген жағдайда шарттарда іске асыруға, сондай-ақ бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражат айқындалады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы):
1) іске асыру мерзімдері бойынша – қысқа мерзімді (1 жылға дейін қоса алғанда), орташа мерзімді (1 жылдан астам және 4 жылға дейін қоса алғанда), ұзақ мерзімді (5 жыл және одан көп);
2) мәртебесі бойынша – республикалық және жергілікті;
3) іс-қимылдардың бағыттылығы бойынша – бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған субъектінің энергия үнемдеуін қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға, жаңа активтерін жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, негiзгi құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар болып бөлінеді.»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) инвестициялық бағдарлама – бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған табиғи монополия субъектінің энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға, жаңа активтерін жасауға, қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, негiзгi құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін субъекті уәкілетті органның ведомствосына және мемлекеттік органға:
1) 1-қосымшаға сәйкес субъектінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) субъекті жоспарлаған көлемін;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи монополия субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) тиімділігінің субъекті жоспарлаған тиімділігін көрсеткіштерін, оның ішінде мыналарды көздейтін - іске асырылатын технологиялық және техникалық іс-шаралардың тізбесін, оның ішінде технологиялық процесті және коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған басқару жүйелерін (болған кезде) көрсете отырып, субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарлама (жоба) тиімділігінің есебін;
3) сатып алынатын негізгі құралдардың, құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын көрсете отырып, баға деңгейлерін салыстырмалы талдауды, оның ішінде осындай жұмыстарды жүргізу қажеттілігін құжаттамалық техникалық растауды, жиынтық сметалық есептерді, әрбір объекті бойынша жеке объектілік, локальды және ресурстық сметаларды, бизнес жоспарды, прайс-парақтарды, шарттардың көшірмелерін, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттаманы (болған жағдайда) және т.б. қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға арналған инвестициялық шығындар туралы ақпаратты;
4) болжамды мөлшерді және алдын ала қаржыландыру шарттарын, оның ішінде қарыз ресурстарын (қарыз қаражаттары бойынша сыйақы, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемақылар, қарыз қаражаттарын қайтару мерзімдері мен шарттары) растайтын құжаттарды;
5) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық, жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінетін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылатын жағдайда, оны қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттарды;
6) егер субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін қарыз қаражаттарын тартуды субъекті жоспарламаған жағдайда, қарыз қаражаттарын пайдаланбаудың (оның ішінде шығындарды, нормативтік ысыраптарды одан әрі төмендету мүмкін еместігін растап) экономикалық тиімділік есебін;
7) субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) оны іске асыру кезеңінде оның тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) әсер ету болжамын, субъектінің болжанған тарифтік сметасын қоса бере отырып;
8) өңірлік электр желісі компаниялары үшін техникалық сараптаманың қорытындыларын;
9) «Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10958 тіркелген) нысан бойынша табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысы бекіткен, энергия аудиті қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса беріп өтінім ұсынады.
Ескертпе: осы тармақтың 9) тармақшасындағы талаптар «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері болып табылатын табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.
Субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және субъектінің мөрімен және басшысының не оны алмастыратын адамның, не құзыретіне бухгалтерлік есеп мәселелері кіретін басшысы орынбасарының қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және субъектінің мөрімен расталады.
Нормативтік техникалық ысыраптардың жоспарланған төмендеуін есептеу жөніндегі талаптар магистральдық теміржол желілері, теміржол көлігі объектілері бар теміржолдар, кірме жолдар, аэронавигация, порттар, әуежайлар, жылу энергиясын өндіру және онымен жабдықтау, су бұру салаларында қызмет көрсететін субъектілерге қолданылмайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарлама (жоба) мынадай өлшемшарттарды ескеретін іс-шаралар қамтылып әзірленеді:
1) салалық және өндірістік ерекшеліктерге қарай шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарын төмендету;
2) қаржылық-экономикалық тәуекелдерді барынша азайту;
3) субъекті әзірлеген және іске асыратын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік техникалық ысыраптар болған жағдайда оларды төмендету және (немесе) нормативтен тыс ысыраптарды жою;
4) қарыз қаражаттарын пайдаланған жағдайда қарыз алу және қарыз қаражаттарын қайтару схемаларын оңтайландыру;
5) ұсынылатын реттелiп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және (немесе) сапасын арттыру;
6) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін және энергияны коммерциялық есепке алу аспабын енгізу (оларды енгізу қажет болған жағдайда);
7) субъектінің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешегі болған жағдайда, оның деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар;
8) негізгі кұралдардың тозуын төмендету;
9) реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің барлық кезеңдерінде есепке алу аспаптарын технологиялық ерекшеліктерге байланысты орнату;
10) инвестициялық бағдарламаға (жобаға) енгізілген іс-шаралардың сапасын, тиімділігін, сенімділігін қамтамасыз ету;
11) энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыру.
Ескертпе: осы тармақтың 11) тармақшасындағы талаптар «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері болып табылатын табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.
Субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарлама (жоба) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шекті деңгейлері қолданылатын барлық кезеңге әзірленеді.»;
26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Субъектi неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға байланысты, сондай-ақ энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеуді қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесінде, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын өндірістік активтердің жоспарларын жасауға, оларды кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттайды.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 28 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 23 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ В. Школьник
2015 жылғы 25 қараша