Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 591 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет мнистрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12503 болып тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2015 жылғы 27 қарашадағы  
№ 591 бұйрығымен      
бекітілген        

Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 22.11.2016 № 608 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы басшысының орынбасары;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің басшысы;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметі басшысының орыбасары;
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі;
      әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, персоналды басқару қызметінің, заң қызметінің басшысын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметінің басшысы;
      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы;
      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің басшысы;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, персоналды басқару қызметінің, заң қызметінің басшысын қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы;
      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметінің бас консультанты – мемлекеттік аудиторы.
      Ескертпе:
      Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдардың атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолданылады, сондай-ақ қызметкерлердің функционалдық міндеттерін негізге ала отырып, өзге лауазымдар атаулары теңестіріледі.