Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2017 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама беру қағидалары және оның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама берудің хабарлама нысаны және оның нысаны бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2017 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына 1-қосымша |
Нарық субъектіcінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарламаны және оның нысанын беру қағидаларын бекіту туралы
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2017 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
1. Осы Нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарламаны және оның нысанын беру қағидалары 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, Кодекстің 199-бабына сәйкес әзірленді және нарық субъектісінің әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама және оның нысанын беру тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2017 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2. Хабарлама бекітілген нысанға сәйкес хабарламасы бар тапсырыс хатпен монополияға қарсы органның ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) көрсетілген белгілердің бар екені туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жіберіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2017 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен3. Хабарлама ведомствоның қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді және мыналарды:
1) хабарлама жасалатын нарық субъектісінің атауын;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың анықталған белгісінің (белгілерінің), сондай-ақ нарық субъектісі бұзған құқық нормаларының сипаттамасын;
3) нарық субъектісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою үшін жасауы қажет немесе оны жасаудан тартынуы қажет әрекеттерді;
4) нарық субъектісі хабарламаны алған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен хабарламаны орындау және хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты ұсыну мерзімінен аспайтын;
5) хабарламаға қол қоюға уәкілетті адамның қолын;
6) ведомствоның елтаңбалы мөрін қамтиды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2017 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен4. Хабарлама мерзімі ұзартылмайды.
5. Алып тасталы - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2017 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен6. Аралық жауапты ұсыну немесе хабарламаның ішінара орындалғаны туралы ақпаратты беру оның орындалғаны болып есептелмейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 754 бұйрығына 2-қосымша |
Нысан
Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің әрекеттерінде(әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екені туралы хабарлама
(шығару күні) (шығару орны)
___________________________________________________________ негізінде
(Нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерінің
бар екені туралы монополияға қарсы органның лауазымды адамының
(адамдарының) қызметтік жазбасының күні және нөмірі көрсетіледі).
монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы мәліметтерді талдау нәтижесі
бойынша _____________________________________________________________
_______________________________________________________ әрекеттерінде
(Хабарлама объектісінің атауы көрсетіледі)
__________________________________________________________ анықталды.
(монополияға қарсы заңнаманы, сондай-ақ нарық субъектісі бұзған құқық
нормаларын бұзудың анықталған белгілері сипатталады)
Айтылғанның негізінде, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан
Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының 1-бөлігін басшылыққа
ала отырып,
ХАБАРЛАЙМЫН:
1. __________________________________________________________________
(Нарық субъектісі монополияға қарсы заңнаманы бұзуды жою үшін жасауға
тиіс (немесе оны жасаудан тартынуға тиіс) әрекеттер көрсетіледі).
2. Хабарлама тіркелген күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын
мерзімде орындалуға жатады.
Осы Хабарламаны орындамау, оны толық көлемде орындамау,
монополияға қарсы орган белгілеген оны орындау мерзімін бұзу
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу
белгілері бойынша тергеу тағайындау үшін негіз болып табылады.
Қосымша: қызметтік жазба ___ парақ.
Төраға ________________________________ _____________________________
(Департамент басшысы)
(қолдың және елтаңбалық мөр орны) (Т.А.Ә.(бар болған жағдайда))