РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9846 болып тіркелген 2014 жылғы 18 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережеде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Комитеттің функциялары:
1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңына сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру (бұдан әрі – Заң);
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында алынған ақпаратты талдауды жүзеге асыру;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
4) соттың қылмыстық іске қатысты сұратуы бойынша іс жүргізуіндегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар бойынша қажетті ақпаратты жіберу;
5) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сұратулары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беру;
6) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операция туралы мәліметтер мен ақпараттарды, осындай операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберу;
7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірлігін және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
10) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорыту, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
11) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;
12) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша іс-шаралар өткізу;
13) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және жұмыс топтарының қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу;
14) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша Заңның мақсаты үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін айқындау;
15) тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша қаржы мониторингi субъектiлерiнiң түрлерi бойынша клиенттi тиiсiнше тексеру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесін айқындау;
16) Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жіберу;
17) күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттігінің жоқтығы туралы шешім қабылдау және оны күдікті операция туралы хабарлама берген қаржы мониторингі субъектісі мен мемлекеттік органға электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізу;
18) олар терроризмді қаржыландыруға бағытталды деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау және оны Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;
19) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, олар терроризмді қаржыландыруға бағытталды деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияларды тоқтата тұру қажеттігі туралы шешімдер берген құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарды банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының уақытша тоқтатылғаны туралы хабардар ету;
20) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті шешімі алынған кезден бастап үш сағат ішінде оны қаржы мониторингі субъектісіне жеткізу;
21) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көрсетілген кірістерді тәркілеу саласында шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастық жасау;
22) Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін жасау;
23) қаржы мониторингіне, сыртқы барлау уәкілетті органына жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну тәртібін сыртқы барлау уәкілетті органымен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп анықтау;
24) шет мемлекеттiң құзыреттi органының сұратуы бойынша жүзеге асырылатын қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру туралы ақпараттар, мәліметтер мен құжаттар беру;
25) ақпараттарды, мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тарту негiздерiн көрсете отырып, шет мемлекеттiң сұратушы құзыреттi органын бас тарту туралы хабардар ету;
26) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адвокаттарды қоспағанда, Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асыру;
27) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адвокаттарды қоспағанда, Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;
28) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
29) Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
30) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның мүлкі, оның ішінде заңды тұлғаларда оқшауланған мүліктің анықталғаны туралы мәліметтерді мұндай мүлікке тыйым салу туралы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына беру;
31) Заңның 12-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны жүргізу не жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
32) ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы өтінішті қарау;»;
33) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».
15-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржы мониторингі субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратуға;
2) күдікті операция белгілері анықталған жағдайда үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтату туралы шешім шығару;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сұрату бойынша немесе дербес түрде шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органымен ақпарат, мәліметтер мен құжаттар алмасуға;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) өз қызметі процесінде алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және сақталуын қамтамасыз етуге;».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнама белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінеде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың отызыншы және отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов