Ескерту. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 11.08.2018 № 16-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 557-бабы 3-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тізбесі бекітілсін.
2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Қ.Жаңбыршин |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 15-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген |
Салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тізбесі
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитеті
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері.
2. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары және олардың орынбасарлары.
3. Ішкі аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы және оның орынбасарлары.
4. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік аудит топтарының жетекшілері, бас консультант-бас мемлекеттік аудиторлары.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының мүшелері.
2. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары.
3. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің бас инспектор-бас мемлекеттік аудиторлары, бас маман-бас мемлекеттік аудиторлары.
4. Ішкі аудитті және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары, бас инспекторлары және бас мамандары.