Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 19.03.2018 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11076 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес туынды қаржы құралдары бойынша салық тіркелімінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомалары бойынша салық тіркелімінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бухгалтерлік есепте төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тіркелімі нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кредит (қарыз) бойынша және оған сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тізілімі нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес туроператордың қызметі бойынша салық тіркелімінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес табыстарды есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар жөніндегі салық міндеттемелерін, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі міндеттемелерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мен жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық міндеттемелерін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
11-1) осы бұйрыққа 11-1 қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның ауыл шаруашылығы өнімін жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан сатып алуын және оны өткізуін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысанын;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес салық тіркелімдерінің нысандарын жасау қағидалары бекітілсін.";
аталған бұйрықпен бекітілген салық тіркелімдерінің нысандарын жасау қағидалары мынадай мазмұндағы 13-тараумен толықтырылсын:
"13. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның ауыл шаруашылығы өнімін жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан сатып алуын және оны өткізуін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау.
74. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның ауыл-шаруашылығы өнімін жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан сатып алуын және оны өткізуін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің мөлшерін көрсетуге, сондай-ақ осы ауыл шаруашылығы өнімін өткізу мөлшерін көрсетуге арналған.
75. "1-бөлім. Сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімі бойынша" кестесін:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) 3-бағанда – ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
4) 4-бағанда – жеке қосалқы шаруашылық орналасқан мекенжай;
5) 5-бағанда – ауыл шаруашылығы өнімі атауының кодтары;
6) 6-бағанда – ауыл шаруашылығы өнімі сатып алған күн;
7) 7-бағанда – сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің саны/көлемі (кг/л);
8) 8-бағанда – ауыл шаруашылығы өнімінің сатып алу бағасы (теңге);
9) 9-бағанда – сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны;
10) 10-бағанда – ай басындағы салық салуға жатпайтын табыстың (республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 24 еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын(24 ЕТЖ)) қорытынды сомасы, теңге;
11) 11-бағанда – салық салуға жатпайтын табыстың (24 ЕТЖ аспайтын) сомасы, теңге;
12) 12-бағанда – жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталған жеке тұлғаның табыс сомасы;
13) 13-бағанда – ЖТС сомасы;
14) 14-бағанда – дайындаушы ұйымның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды растайтын құжаттың нөмірі;
15) 15-бағанда – дайындаушы ұйымның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанын растайтын құжаттың күні.
"2-бөлім. Ауыл шаруашылығы өнімін өткізу бойынша" кестесіндеде:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – ауыл шаруашылығы өнімі өткізілген тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмері;
3) 3-бағанда – ауыл шаруашылығы өнімі өткізілген тұлғаның атауы;
4) 4-бағанда – ауыл шаруашылығы өнімі атауының кодтары;
5) 5-бағанда – ауыл шаруашылығы өнімінің өткізілген күні;
6) 6-бағанда – өткізілген ауыл шаруашылығы өнімінің саны/көлемі (кг/дана);
7) 7-бағанда – ауыл шаруашылығы өнімін өткізу бағасы (теңге);
8) 8-бағанда – қосылған құн салығынсыз (ҚҚС) ауыл шаруашылығы өнімінің құны;
9) 9-бағанда – ҚҚС мөлшерлемесі;
10) 10-бағанда – ҚҚС сомасы (теңге);
11) 11-бағанда – ҚҚС ескере отырып, өткізілген өнімінің құны (теңге);
12) 12-бағанда – ауыл шаруашылығы өнімін өткізуді растайтын құжаттың (шот-фактураның) нөмірі;
13) 13-бағанда – ауыл шаруашылығы өнімін өткізуді растайтын құжаттың (шот-фактураның) күні көрсетіледі.
"3-бөлім. Ауыл шаруашылығы өнімінің қалдықтары бойынша" кестесінде:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – ауыл шаруашылығы өнімі атауының кодтары;
3) 3-бағанда – есепті кезең басында қалған ауыл шаруашылығы өнімінің саны/көлемі (кг/дана/л);
4) 4-бағанда – есепті кезең басында қалған ауыл шаруашылығы өнімінің қалған жалпы құны;
5) 5-бағанда – есеп кезеңде сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің саны/көлемі (кг/дана/л);
6) 6-бағанда – есепті кезеңде сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы құны;
7) 7-бағанда – есепті кезеңде өткізілген ауыл шаруашылығы өнімінің саны/көлемі (кг/дана/л);
8) 8-бағанда – есепті кезеңде өткізілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы құны;
9) 9-бағанда – есепті кезеңнің соңында қалған ауыл шаруашылығы өнімінің саны/көлемі (кг/дана/л);
10) 10-бағанда – есепті кезеңнің соңында қалған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны көрсетіледі.
76. Егер салық тіркелімінде дұрыс емес деректердің көрсетілуіне жол берілген жағдайда, қателіктерді түзету салық тіркелімінің тек өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілетін жолдарының нөмірлері толтырылатын және көрсетілетін салық тіркелімінің нысанын (бұдан әрі – қосымша салық тіркелімі) толтыру жолымен жүзеге асырылады.
Салық тіркеліміне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу жіберілген қателіктің сипатына байланысты мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) салық тіркелімінің 1-бөлімі 2, 3, 4, 14 және 15-бағандарында, 2-бөлімінің 2, 3, 12 және 13-бағандарында және 3-бөлімінің 2-бағанында қателіктер анықталған жағдайда, қосымша салық тіркелімінде тиісті деректемелер көрсетіледі. Бұл ретте, егер қателік бір немесе бірнеше бағандарда орын алған жағдайда, қосымша салық тіркелімінде көрсетілген барлық бағандардың деректемелері көрсетіледі;
2) салық тіркелімінің 1-бөлімі 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-бағандарында, 2-бөлімінің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бағандарында және 3-бөлімінің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-бағандарында қателіктер анықталған жағдайда:
қосымша салық тіркелімінің 1-бөлімінің 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-бағандарында, 2-бөлімінің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бағандарында және 3-бөлімінің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-бағандарында салық тіркелімінің 1-бөлімі 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-бағандарында 2-бөлімінің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бағандарында және 3-бөлімінің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-бағандарында көрсетілген сомалармен салыстырғанда анықталған айырмасының сомасы көрсетіледі.
Салық тіркелімінің 1-бөлімінің 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-бағандарында 2-бөлімінің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бағандарында және 3-бөлімінің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-бағандарында мәнін азайтуға бағытталған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде қосымша салық тіркелімінің 1-бөлімі 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-бағандарында 2-бөлімінің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бағандарында және 3-бөлімінің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-бағандарында анықталған айырманың сомасы "-" алу белгісімен көрсетіледі;
3) салық тіркеліміне қосымша өзгерістерді мен (немесе) толықтыруларды енгізу қажет болған жағдайда, қосымша салық тіркелімі осы Ереженің 75-тармағына сәйкес жасалады. Бұл ретте, мұндай қосымша салық тіркелімінде өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілетін кезең үшін тапсырылған салық тіркеліміндегі соңғы жолдан кейінгі жолдың нөмірін көрсету қажет.
77. Егер бұрын қосымша салық тіркелімдері жасалған салық тіркеліміне қосымша салық тіркелімі жасалатын болса, онда соңғысы бұрын тапсырылған қосымша салық тіркелімдерін ескере отырып жасалады.
78. Қосымша салық тіркеліміне қосымша салық тіркелімін жасаған тұлғалар қол қоятын және салық төлеушінің мөрімен (бар болған жағдайда) куәландыратын жазбаша негіздеме мыналар:
1) салық тіркеліміне өзгерістердің мен (немесе) толықтырулардың енгізілу себептері;
2) дайындаушы ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізетін жеке тұлғаның ЖСН немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізілген тұлғаның ЖСН немесе БСН;
4) салық тіркелімдерінің өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілетін жолдарының нөмірлері;
5) жазбаша негіздеменің жасалған күні көрсетіле отырып қоса беріледі.
79. Ауыл шаруашылығы өнімдері атауының кодтары:
1 – сауын тірі ірі қара мал;
2 – тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар;
3 – тірі түйелер және түйе тектілер;
4 – тірі қойлар мен ешкілер;
5 – тірі шошқалар;
6 – тірі үй құсы;
7 – тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы;
8 – ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің, жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті;
9 – сауын ірі қара малдың шикі сүті;
10 – үй құсының жас немесе тоңазытылған еті;
11 – картоп;
12 – сәбіз;
13 – қырыққабат;
14 – баклажан;
15 – қызанақ;
16 – қияр;
17 – сарымсақ;
18 – пияз;
19 – қант қызылшасы;
20 – алма;
21 – алмұрт;
22 – айва;
23 – өрік;
24 – шие;
25 – шабдалы;
26 – қара өрік;
27 – ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойдың, ешкінің түтілген жүні, терісі, иленбеген былғарысы.";
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 11-1 қосымшасымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетi (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялану үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 561 Бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2015 жылғы 15 ақпандағы № 271 бұйрығына 11-1-қосымша |
нысан
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуын және оны өткізуін есепке алу бойынша салық тіркелімі 1. Дайындаушы ұйымның БСН______________________________________
2. Салық төлеушінің атауы (дайындаушы ұйымның)_________________
3. ай: _________________ жыл: _________________________________
1. Бөлім. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу бойынша | |||||||||||||||||||||||||||
№ п/п | Жеке тұлғаныңЖСН | Ауыл шаруашылығы өнімін сататын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Жеке қосалқы шаруашылық орналасқан мекенжай | Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы (кодтары көрсетіледі) | Сатып алу күні | Саны (көлемі) (кг/дана/л) | Бағасы, теңге | Жалпы құны | Ай басындағы салық салуға жатпайтын табыстың қорытынды сомасы (24 ЖАК-тен аспайтын), теңге | Салық салуға жатпайтын табыстар сомасы (24 ЖАК-тен асырмай), теңге | ЖТС сомасы, теңге | ЖТС ұсталатын табыс сомасы, теңге | Құжат № | Құжат күні | |||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |||||||||||||
Жиыны | х | х | х | х | х | х | х | х | х | х | х | ||||||||||||||||
2. Бөлім. Өткізілген ауыл шаруашылығы өнімі бойынша | |||||||||||||||||||||||||||
№ р/с | БСН/ЖСН | Тұлғаның атауы | Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы (кодтары көрсетіледі) | Өткізу күні | Саны ( көлемі) (кг/дана/л) | Бағасы, теңге | ҚҚС есептелмегендегі құны, теңге | ҚҚС | ҚҚС ескерілген құны, теңге | Құжат (шот-фактура) № | Құжат (шот-фактура) күні | ||||||||||||||||
мөлшерлеме, % | сумма, тенге | ||||||||||||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | |||||||||||||||
Итого | х | х | х | х | х | х | х | х | х | х | х | х | |||||||||||||||
3. Бөлім. Ауыл шаруашылығы өнімінің қалдықтары бойынша | |||||||||||||||||||||||||||
№ п/п | Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы (кодтары көрсетіледі) | Есепті кезеңнің басындағы ауылшаруашылық өнімдердің қалдығы | Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу | Ауыл шаруашылығы өнімін өткізу | Есепті кезеңнің соңына ауыл шаруашылығы өнімінің қалдығы | ||||||||||||||||||||||
Саны (көлемі) (кг/дана/л) | жалпы құны, теңге | Саны ( көлемі) (кг/дана/л) | жалпы құны, теңге | Саны ( көлемі) (кг/дана/л) | жалпы құны, теңге | саны (көлемі) (кг/дана/л) | жалпы құны, теңге | ||||||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | ||||||||||||||||||
Итого | х | х | х | х | х | х | х | х | х |
анықтама:
салық нысаны күнделікті әрбір жеке тұлға бойынша толтырылады және осы а/ш өнімі бойынша бөлек жүргізіледі
осы салық нысаны бөлек хронологиялық тәртіпте толтырылады
* Ауыл шаруашылығы өнімінің атауының коды:
1 - сауын тірі ірі қара мал; 2 - тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар; 3 - тірі түйелер және түйе тектілер; 4 - тірі қойлар мен ешкілер; 5 - тірі шошқалар; 6-тірі үй құсы; 7 - тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы; 8 - ірі қара малдың, шошқалардың, қойдың, ешкінің, жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті; 9 - сауын ірі қара малдың шикі сүті; 10 - үй құсының жас немесе тоңазытылған еті; 11 - картоп; 12 – сәбіз; 13 - қырыққабат; 14 - баклажан; 15 - қызанақтар; 16 - қияр; 17 - сарымсақ; 18 - пияз; 19 - қант қызылшасы; 20 - алма; 21 - алмұрт; 22 - айва; 23 - өріктер; 24 - шие; 25 - шабдалы; 26 - қара өрік; 27 - ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойдың, ешкінің түтілген жүні, терісі, иленбеген былғарысы.
_________________________________________________
басшының қолы (салық төлеушінің), Т.А.Ә., мөрі
_________________________________________________
(бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы
_________________________________________________
(Салық тіркелімін жасауға жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)
_________________________________________________
(салық тіркелімі жасалған күн)