Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 3-3/997 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 желтоқсанда № 12386 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына 
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 3-3/997 бұйрығымен  
бекітілген       

Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидалары

      1. Осы Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және селекциялық жетістіктердің жануарлардың шығарылған тұқымдарының, бір тұқым ішіндегі (аймақтық) және зауыттық типтерінің, зауыттық желілерінің, тұқымдас жануарлардың, құстар кростарының патентке қабілеттілігіне, сондай-ақ олардың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық шарттарына сәйкестігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау тәртібін айқындайды.
      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) байқаудан өткізу - болжанып отырған жаңа селекциялық жетістіктің патент қабілеттілігіне сәйкестігін тексеру;
      2) патентке қабілеттілігі - жануарлардың шығарылған тұқымдарының, бір тұқым ішіндегі (аймақтық) және зауыттық типтерінің, зауыттық желілерінің, тұқым топтарының, құстар кростарының жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық өлшемдеріне сәйкестігі;
      3) сараптама - болжанып отырған селекциялық жетістіктің негізгі селекциялық белгілер мен ең аз құрылымдық бірліктерге сәйкестігін бағалау;
      4) сипаттау (монография) - селекциялық жұмыстың мақсаттары мен шаруашылық-пайдалы, биологиялық, зоотехникалық, сыртқы тұрпаттық-бітімдік қасиеттерін, жануарларды күтіп-ұстау және азықтандыру шарттарын сипаттайтын нәтижелерді, өнімнің өнеркәсіптік өндіріс жағдайларына бейімділігін, шығару (жасау) әдістерін, байқаудан өткізуге ұсынылатын селекциялық жетістіктің генеалогиялық құрылымы мен экономикалық тиімділігін (немесе нағыз құндылық) ашатын мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктердің белгілері.
      3. Селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарауды Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган құратын Тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттік комиссия ұсынылған құжаттардың көшірмелерін тіркеуді жүзеге асырады.
      5. Патент беруге арналған өтінімнің көшірмесі түскен күннен бастап екі ай ішінде Мемлекеттік комиссия:
      1) селекциялық жетістік атауының дұрыстығын тексеруді;
      Селекциялық жетiстiктiң атауы селекциялық жетiстiктi бiр ізге түсiруге мүмкіндік беруге, қысқа болуға, сол немесе соған жақын зоологиялық түрдiң бар селекциялық жетiстiктерiнiң атауларынан өзгеше болуға тиiс. Ол тек цифрлардан ғана тұрмауға, қасиеттерiне, шығу тегiне, селекциялық жетiстiктiң маңызына, селекционердiң жеке басына қатысты жаңылыстырмауға тиiс, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келмеуге тиiс.
      Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді мемлекеттік комиссиялар сараптама ұйымынан өтiнiм материалдары келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмде жүзеге асырады.
      Тексеру нәтижелерін Мемлекеттік комиссия қорытынды түрінде ресімдейді және оны үш данада сараптама ұйымына осы Қағидаларға 1-қосымшаға (Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң атауына тексерудің оң нәтижесі туралы қорытынды) немесе 2-қосымшаға (Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң атауына сараптаманың теріс нәтижесі туралы қорытынды) нысан бойынша жолдайды;
      2) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес селекциялық жетістіктің жаңалығы бағалануды жүргізеді.
      6. Селекциялық жетістіктің жаңалығына бағалау өтініш беруші ұсынған құжаттарды талдау арқылы жүргізіледі.
      7. Мемлекеттік комиссияның өтінімді қарауы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 3-3/539 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9901 болып тіркелген) бекітілген мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу әдістемесіне сәйкес, ұсынылатын асыл тұқымды материалдың селекциялық жетістігінің патентке қабілеттілігіне, ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сараптама жүргізуді және байқаудан өткізуді қамтиды.
      8. Сараптама жүргізу мен байқаудан өткізу нәтижелерін алғаннан кейін Мемлекеттік комиссия бір ай мерзімде өтініш берушіні оның нәтижелері туралы хабардар етеді.
      9. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының, сондай-ақ тиісті шарттар жасасқан басқа да мемлекеттердің басқа ұйымдары жүргізген сынақтардың нәтижелерін және өтініш беруші ұсынған деректерді пайдаланады.
      10. Жүргізілетін селекциялық жетістіктің сараптамасы мен байқаудан өткізу нәтижелерін Мемлекеттік комиссия қорытынды түрінде ресімдейді және оны үш данада сараптама ұйымына жолдайды.
      Қажет болған жағдайда қорытынды селекциялық жетістіктің дұрыстығын сипаттайтын тиісті материалдармен (суреттер, схемалар, фотосуреттер) толықтырылады.
      11. Селекциялық жетістік патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келген кезде Мемлекеттік комиссия селекциялық жетістіктің ресми сипаттамасымен бірге қорытындысын жасап, сараптама мекемесіне жібереді, оның негізінде уәкілетті орган патент беру туралы шешім қабылдайды.
      12. Егер сараптама жүргізу кезінде селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталса, Мемлекеттік комиссия селекциялық жетістіктің қорытындысын жасап, сараптама мекемесіне жібереді, оның негізінде уәкілетті орган патент беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Өтініш беруші уәкілетті органға патент беруден бас тарту туралы шешімге оны алған күннен бастап үш ай мерзімде қарсылық білдіре алады.
      13. Өтініш беруші сараптамада қарсы қойылған барлық материалдармен таныса алады. Өтініш беруші сұрау салатын материалдардың көшірмелерін уәкілетті орган оған сұрау салу алынған күннен бастап бір ай мерзімде жолдайды.

Селекциялық жетістіктердің
патентке қабілеттілігіне 
сараптама жүргізуге    
арналған өтінімді қарау 
қағидаларына        
1-қосымша          

Мекенжай _______________                          Бекітемін
________________________                   Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы                  Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ауыл шаруашылығы                      Тұқымдарды сынақтан өткiзу және
министрлігі                              сапасын анықтау жөнiндегi
Тұқымдарды сынақтан өткiзу           мемлекеттiк комиссияның төрағасы
және сапасын анықтау                 ________________________________
жөнiндегi мемлекеттiк                  (тегі, аты және әкесінің аты
комиссиясы                          (жеке басын куәландыратын құжатта
                                              бар болса), қолы
                                      20_____ ж. «____» _____________

Нысан            

Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң
атауына сараптаманың оң нәтижесі туралы
қорытынды

Тексеру
жүргізудің
негізі


Берілген
күні


Селекциялық
жетістіктің
болжамды
атауы


Селекциялық
жетістіктің
атауы


Өтініш
беруші
(лер)


      Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауына берілген өтінім материалдарына сараптама жүргізу нәтижесінде олардың «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген талаптарына сәйкес келетіндігі белгіленді.

Басқарма басшысы




(қолы)

(тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

сарапшы




(қолы)

(тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

Селекциялық жетістіктердің
патентке қабілеттілігіне 
сараптама жүргізуге    
арналған өтінімді қарау 
қағидаларына        
2-қосымша          

Мекенжай _______________                          Бекітемін
________________________                   Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы                  Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ауыл шаруашылығы                      Тұқымдарды сынақтан өткiзу және
министрлігі                              сапасын анықтау жөнiндегi
Тұқымдарды сынақтан өткiзу           мемлекеттiк комиссияның төрағасы
және сапасын анықтау                 ________________________________
жөнiндегi мемлекеттiк                  (тегі, аты және әкесінің аты
комиссиясы                          (жеке басын куәландыратын құжатта
                                              бар болса), қолы
                                      20_____ ж. «____» _____________

Нысан            

Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң
атауына сараптаманың теріс нәтижесі туралы
қорытынды

Тексеру
жүргізудің
негізі


Берілген
күні


Селекциялық
жетістіктің
болжамды
атауы


Селекциялық
жетістіктің
атауы


Өтініш
беруші
(лер)


      Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауына берілген өтінім материалдарына сараптама жүргізу нәтижесінде олардың «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген талаптарына сәйкес келмейтіндігі белгіленді.

Басқарма басшысы




(қолы)

(тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

сарапшы




(қолы)

(тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)