БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесі қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4993 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 184 (1213) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесі қызметінің үлгі ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) педагогтік кеңесі (бұдан әрі - педагогтік кеңес) қызметінің тәртібін айқындайды.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редацияда жазылсын:
«3. Білім беру ұйымының педагогтік кеңесінің құрамына: білім беру ұйымын басқарушылар құрамы, барлық оқытушылар мен оқу-көмекші персонал, сондай-ақ негізгі кәсіпорындардың, мекемелердің өкілдері, білім алушылар және ата-аналар жұртшылығының өкілдері, сондай-ақ келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі кіреді.»;
5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Педагогтік кеңес жұмысын ұйымдастырудың тәртібі».
2. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Д.Ж. Каленова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов