"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 27 қарашадағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 желтоқсанда № 12343 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, 2007 жылы 11 шілдеде № 104 (1307) «Заң газеті» газетінде және Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жылы наурыз-сәуір) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:
      64-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның тіркелген акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты;».
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және заңнамада белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет Министрінің
      міндетін атқарушы                            З.Баймолдина