Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 677 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 желтоқсанда № 12333 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның күшін жою көзделген – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.08.2018 № ҚР ДСМ-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10388 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 сәуірде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар):

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыздық белгілері (түсінің өзгеруі, бөгде элементтердің болуы) бар болған жағдайда дезқұралдар есептен шығару және жою актісі (еркін нысанда) ресімделе отырып есептен шығарылады және жойылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезинфекциялық құралдардың шығыны осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезинфекциялық ерітінділердің шығынын жоспарлау нормаларына сәйкес есептеледі.";

      Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2) Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 13.06.2018 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 13.06.2018 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _______________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 29 қазан



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 қазандағы
№ 677 бұйрығына
қосымша
  "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
2-қосымша

Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезіндегі дезинфекциялық
ерітінділердің шығынын жоспарлау нормалары

      1-кесте

Зарарсыздандыру объектісі

Өлшем бірлігі

Дезинфекциялық құралдың орташа саны

Ескертпе

Тұрғын үй-жайлардағы бет

1 м2 

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес

Күйдіргі ошағында екі рет өңдеуді есепке ала отырып, нормасы 2 литр

Киім-кешек

1 кг

Жұмыс ерітіндісінің 4 - 5 литрі


Ыдыс-аяқ және өзгелер

1 жиынтық

Жұмыс ерітіндісінің 2 - 3 литрі


Топырақ беті, қалдықтар

1 м2

Жұмыс ерітіндісінің 2 литрі

Күйдіргі кезінде 8 - 10 литр

Бөлінділер

1 кг немесе л

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес

Күйдіргі кезінде 0,5 литр

Тамақ қалдықтары

1 кг

0,1 кг



      Ескертпе: Ыдыс-аяқ жиынтығына мыналар кіреді: 2 тәрелке, стақан және табақшасы бар шыны аяқ, 2 қасық, шанышқы және пышақ.

      2-кесте

Объекті

Негізгі зарарсыздандыру объектілеріне арналған жұмыстың орташа көлемі

Үй-жай м2-мен

Киім-кешек килограммен (бұдан әрі – кг)

Ыдыс-аяқ жиынтығымен

Төсек-орын жабдығы кг-мен

Үй ошағы

200

5

3

30

Ұйымдастырылған ұжым (білім беру ұйымы, қарттар, мүгедектер үйі және басқалары)

450

50

50

100


      1. Ошақтарда дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын жоспарлау үшін мына формуланы пайдаланады:

      X = Q х (Х1 + Х2 + Х3 + Х4 + Х5), мұнда

      Х – дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілік (килограммен немесе литрмен);

      Q – дезинфекция саны (соңғы екі жылда орындалған дезинфекциялардың орташа саны);

      Х1 – беттерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      Х2 – киім-кешектерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      Х3 – бөлінділерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      Х4 – тамақ қалдықтарына дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      Х5 – ыдыс-аяқтарға дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      1) беттерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілікті есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х1 = 0,01 х ((N1 х К х (S1 + S2 + S3), мұнда

      N1 – бір шаршы метрге дезинфекциялық құрал шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      К1 – препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);

      S1 – дезинфекциялануға тиісті үй-жайдың ауданы (шаршы метрмен);

      S2 – дезинфекциялануға тиісті жабдықтың ауданы (шаршы метрмен);

      S3 – дезинфекциялануға тиісті басқа да объектілердің ауданы (шаршы метрмен);

      2) киім-кешектерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х2 = 0,01 х N2 х К2 х B, мұнда

      N2 – киім-кешектің бір килограмына дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      К2 – препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);

      B – дезинфекциялануға тиісті киім-кешектің көлемі (килограммен);

      3) бөлінділерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х3 = 0,01 х N3 х К3 х V, мұнда

      N3 – бөлінділердің бір килограмына немесе литріне дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      К3 – препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);

      V – дезинфекциялануға тиісті бөлінділердің көлемі (килограммен немесе литрмен);

      4) тамақ қалдықтарына дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х4 = 0,01 х N4 х К4 х O, мұнда

      N4 – тамақ қалдықтарының бір килограмына немесе литріне дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      К4 – препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);

      O – дезинфекциялануға тиісті тамақ қалдықтарының көлемі (килограммен немесе литрмен);

      5) ыдыс-аяқтарға дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х5 = 0,01 х N5 х К5 х P, мұнда

      N5 – ыдыс-аяқтың бір жиынтығына дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      К5 – препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);

      P – дезинфекциялануға тиісті ыдыс-аяқ жиынтықтарының саны (жиынтықтар).

      2. Дезинсекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілікті есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х6 = N6 х S6, мұнда

      Х6 – дезинсекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      N6 – бір шаршы метрге дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      S6 – дезинсекциялануға тиісті аудан (шаршы метрмен).

      3. Дератизация жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілікті есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х7 = N7 х S7, мұнда

      Х6 – дератизация жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      N7 – бір шаршы метрге дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      S7 – дератизациялауға тиісті аудан (шаршы метрмен).