Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 26-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-02/924 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 26-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеруді жүргізудің тәртібін анықтайды.
2. Орманды шолып, тексеру жүргізу мерзімдері мен мақсаттарына қарай жоспарлы, жоспардан тыс және бақылама тексеру болып бөлінеді.
2. Орманды шолып тексеру жүргізу тәртібі
3. Орманды шолып, тексеруді мемлекеттік орман иеленушілер ұйымдастырады және жүргізеді. Оны жүргізу үшін мемлекеттік орман иеленуші ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен құрамында екі және одан көп адам болатын комиссия құрылады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орманды шолып, тексеру жүргізу кестесі бекітіледі.
4. Жоспарлы және жоспардан тыс орманды шолып тексерулер жүргізу кезінде комиссия құрамына: орман шаруашылығының барлық санаттағы инженерлері, орманшылар, орманшылардың көмекшілері, орман шеберлері, ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерімен айналысатын мемлекеттік орман иеленушілердің мемлекеттік инспекторлары мен басқа да қызметкерлері енгізіледі.
5. Орманды шолып, тексеру жүргізу мемлекеттік орман иеленуші ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен орманды шолу бекітіп берілген орман күтушінің қатысуымен өткізіледі.
6. Жоспарлы тексерулер барлық орман айналымдарында жылына екі рет:
1) көктемде - қар қабаты кеткеннен кейін, тексеруді 1 маусымға дейін аяқтай отырып;
2) күзде - қар жауғанға дейін, тексеруді 1 қарашаға дейін аяқтай отырып жүргізіледі.
7. Жоспардан тыс тексерулер орман айналымдарының мыналарға:
1) жұмыстан шығуына, басқа жұмысқа ауысуына, демалысқа шығуына, ауырып қалуы себепті жұмыста болмауына, іссаппарда және оқуда болуына;
2) орман күтушінің қанағаттанарлықсыз жұмысы немесе қызмет бабын теріс пайдалануы туралы өтініштерді тексеру қажеттілігіне байланысты бір орманшыдан екінші орманшыға берілген кезде жүргізіледі.
8. Жоспарлы тексерулерде орман тәртібін бұзушылық барынша көп анықталған орман айналымдарында бақылау тексерулері жүргізіледі.
9. Орманды шолып, бақылау тексеруін өткізу үшін мемлекеттік орман иеленуші ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен құрамында кемінде үш адам болатын комиссия құрылады.
10. Орманды шолып, бақылау тексерулерін өткізу кезінде оларға өздерінің құзіреті шегінде орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, облыстық атқарушы органдардың орман шаруашылығы құрылымдық бөлімшелерінің, өзге мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысады.
11. Орманды шолып, жоспарлы, жоспардан тыс және бақылап тексеру жасайтын комиссиялар:
1) ормандардың заңсыз ағаш кесуден қорғалуының қамтамасыз етілуін;
2) орман өрттерінің алдын алу және болдырмау, оларды дер кезінде байқау және жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын;
3) орман орналастыру және орман шаруашылығы белгілерінің, көрнекі насихат құралдарының, көріктендіру элементтерінің бүтіндігін;
4) орман екпелері жоспарының, оған қорғауға сеніп берілген мемлекеттік орман қорының учаскесі мен мүлік туралы мәліметтердің болуын;
5) орман күтушіге сеніп берілген мүліктің бар-жоғын және оның пайдалануға жарамдылығын, сондай-ақ оған бекітіп берілген көліктің, байланыс құралдарының, арнайы құралдардың техникалық жай-күйін;
6) орман күтушінің нысандық киімінің болуын және оның оны киіп жүру тәртібін сақтауын тексереді.
12. Жоспарлы, жоспардан тыс және бақылап тексерулерді өткізу кезінде тексерулер арасындағы кезеңде анықталмаған орман тәртібін бұзушылықтар ескеріледі.
13. Заңсыз кесілген ағаштардың түбірлері және орман тәртібін бұзу салдарынан зақымдалған ағаштар таңбаланады.
Тексерулерді барлық санаттағы орман шаруашылығының инженерлері және бекітіп берілген таңбалары жоқ басқа мамандар жүргізген кезде таңбалау тексеруге қатысушы маманның таңбасымен жүргізіледі.
14. Орманды шолып, тексеру аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі дана акт жасалады.
15. Орманды жоспарлы шолып тексерулердің қорытындылары туралы есептерді мемлекеттік орман иеленушілер осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жоғары тұрған ұйымға және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне түсіндірме жазбамен бірге береді.
16. Орманды шолып, тексерулердің нәтижелері бойынша орман тәртібін бұзушылық анықталған жағдайда орман күтушіге 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес тәртіптік жаза қолданылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2017 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Бекітемін
мемлекеттік орман иеленуші ұйымның
басшысының тегі, аты, әкесінің аты ___________
20__ жылғы "__" ___________
______________________бойынша 20__ жылға арналған_________________
(мемлекеттік орман иеленушінін атауы) (көктем, күз кезеңі)
орманды шолып, тексеру жүргізу кестесі
№ | Мемлекеттік орман иеленуші бөлімшесінің атауы | Өткізу мерзімі | Тексеру жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | |||
2. |
Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Мемлекеттік орман иеленушінің атауы)
Ормандарды шолып, тексеру жүргізу актісі
____________________________________________________________________
(орманшылықтың немесе мемлекеттік орман иеленуші бөлімшесінің атауы)
№ ___ орман айналымын 20__ жылғы "__" _____ 20__ жылғы "__"
____- ға дейінгі аралықта
Мына құрамдағы комиссия:_______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тексерушінің лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты)
____________________________________________бұйрығы (өкімі) негізінде
(бұйрық шығарған лауазымды адам, бұйрықтың күні және нөмірі)
_____________________________________________________________________
(тексерілетін айналымдағы орманшының және ревизия кезінде
_____________________________________________________________________
болған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты және олардың лауазымы)
_______________________________________________ қатысуымен жоғарыда
көрсетілген орман айналымына тексеру жасады, бұл ретте мыналар
анықталды:
1. Тексерілетін айналымдағы орманшы____________________________
(кордонның, елді мекеннің атауы, мекен-жайы)
____________________________________________________________ тұрады.
Орман айналымының орталығынан қашықтығы ____ километр.
2. Орман айналымы мынадай нөмірлі орман орамдарынан тұрады:______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
барлық орамдар саны____, жалпы ауданы ____ гектар.
3. Орман тәртібін бұзушылықтар туралы актілермен ресімделмеген
заңсыз ағаш кесу (осы тексеру кезінде есепке алынған таңбаланбаған
түбірлер):
Ағаш тұқымының атауы | ||||||||
Түбір диаметрі, сантиметр | Саны, дана | Көлемі, м3 | Саны, дана | Көлемі, м3 | Саны, дана | Көлемі, м3 | Саны, дана | Көлемі, м3 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
4-ке дейін | ||||||||
4 | ||||||||
8 | ||||||||
12 | ||||||||
16 | ||||||||
20 | ||||||||
24 | ||||||||
28 | ||||||||
32 | ||||||||
36 | ||||||||
40 | ||||||||
44 | ||||||||
Барлығы ағаштар және әрбір тұқым бойынша олардың көлемі | ||||||||
Түбірімен босатылатын ағаш үшін ақының базалық ставкалары бойынша сүректің құны |
4. Тексеру кезінде айқындалған № ____ орман айналымы бойынша
заңсыз ағаш кесу туралы қорытынды деректер: барлығы заңсыз ағаш
кесу____ м3, түбірімен босатылатын ағаш үшін ақының базалық
мөлшерлемелері бойынша сүректің құны ____ мың теңге.
5. Заңсыз ағаш кесулердің барлық түбірлері, тексеру кезінде
___________________________бедерімен таңбаланды______________________
(таңбаның түрін көрсету) (бедерді түсіру)
6. Анықталған бұзушылықтар: (орман тәртібі бұзылған орындарды
көрсету - орам, телім, түрі, көлемі):________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Орманшыға сеніп тапсырылған мүліктің болуы және пайдалануға
жарамдылығы, сондай-ақ оған бекітіп берілген көліктің, байланыс
құралдарының, арнайы құралдардың техникалық жай-күйі_________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Орманшыға берілген қару мен оқ-дәрінің, жеке қорғану
құралдарының жай-күйі және күтіп ұсталуы:____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Орман айналымы екпелері жоспарының және паспортының болуы___
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Нысанды киімнің бар-жоғы және күтіп ұсталуы________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Комиссияның қорытындысы және тұжырымдары: _________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қолдар:_______________________________________________________
(тексеру жүргізушілердің қолы, аты-жөні және тегі)
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
(тексерілетін адамның қолы, аты-жөні және тегі)
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
(қатысушылардың қолы, аты-жөні және тегі)
Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
_________________________________ облысы бойынша 20__ жылға
арналған мемлекеттік орман иеленуші жөнінде орманды шолып,
тексеру туралы есеп
Бөлімшелердің атауы | айналымдар саны | Тексеру кезінде хаттамасы толтырылмаған өз бетімен ағаш кесу анықталды | Тексерулер аралығында заңсыз ағаш кесуге хаттама толтырылды | |||||||
жоспар бойынша | іс жүзінде | көлемі, м3 | залалдың мөлшері, мың теңге | анықталған адамдарға | анықталмаған адамдарға | |||||
жағдайлар | көлемі, м3 | залалдың мөлшері, мың теңге | жағдайлар | көлемі, м3 | залалдың мөлшері, мың теңге | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы
Хаттама жасалған заңсыз ағаш кесулер жиыны | Тексеру кезеңіндегі барлық заңсыз ағаш кесулер | заңсыз кесілген сүректердің хаттамаланған көлемінің % | секвестрленген сүрек,м3 | заңсыз кесілген ағаштың хаттамаланған көлемінің секвестрі % | Өзге орман тәртібін бұзушылықтар | |||||||
көлемі, м3 | залалдың мөлшері, мың теңге | көлемі, м3 | залалдың мөлшері, мың теңге | Барлық орман тәртібін бұзушылықтар | Өз бетімен мал жаю | Өз бетімен шөп шабу | ||||||
жағдайлар саны | залалдың мөлшері, мың теңге | жағдайлар саны | залалдың мөлшері, мың теңге | жағдайлар саны | залалдың мөлшері, мың теңге | |||||||
12 | 13 | 14 | 15 | 161 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
кестенің жалғасы
Орман тәртібін бұзушылықтар бойынша істердің қозғалысы | Тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдар | |||||||||
әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар | айыппұл салынды, мың теңге | сотқа берілген істер | соттар қарады | Қызметінен босатылды | қызметі төмендетілген | қызметі жоғарылағаны | жаза қолданылды | алғыс жарияланды | сыйлық ақы берілді | |
құқық қорғау органдарына бере отырып | құқық қорғау орындарына бермей | |||||||||
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 |
Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
_________________________________ бойынша ___________ормандарды
(мемлекеттік орман иеленушінің атауы) (көктем, күз кезеңі)
шолып, тексерудің материалдары бойынша 20 _________________және
(көктем, күз мерзімі) 20__жылдары заңсыз ағаш кесу туралы есеп
Мемлекеттік орман иеленуші бөлімшесінің атауы | Жылдар көктем___ күз___ | Заңсыз ағаш кесу, м3 | Заңсыз ағаш кесуге хаттама жасалды, м3 | Орман тәртібін бұзушылықтар бойынша істердің қозғалысы | Секвестрленген сүрек | Былтырғы жылмен салыстырғанда заңсыз ағаш кесу көлемі | Басқа тәртіп бұзушылықтар | ||||||||
барлығы | оның ішінде хаттама жасалғаны | % | анықталған адамдарға | анықталмаған адамдарға | Құқық қорғау органдарына берілген істер | сотқа берілгеністер | м3 | Хаттама жасалған заңсыз ағаш кесу мөлшері % | +,- м3 | % | жағдайлар саны | нұқсан мың теңге | нәтижесі +, - жағдайлар саны | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |